Өмірің өз қолыңда тәрбие сағаты

Раздел Классному руководителю
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Өмірің өз қолыңда»

Мақсаты: Оқушыларға әлемді алаңдатып отырған нашақорлық, СПИД, арақ, темекі сияқты зиянды әрекеттердің белең алып бара жатқандығын ескерте отырып, оны болдырмаудың алдын-алуға тәрбиелеу. СПИД ауруы туралы түсінік беру. Оларды жаман әдеттерден сақтандыру. Жас балғындарды мектеп партасынан -ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге, СПИД ауруының алғы шарттарын болдырмауға баулу.

Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, ойындар, сахналық көрініс.

Көрнекілігі: Қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, суреттер.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.

2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

- Балалар, біздер сынып сағаттарымызда зиянды әдет, жат қылықтан аулак болып, жұқпалы аурулардан сақтану туралы оқып, үйреніп келеміз. Қайғылы жағдайға апарып соқтыратын:алкаголь ішімдіктеріне үйір болу, темекі тарту және СПИД ауруы туралы не білеміз? Олар адам денсаулығына қандай зиян келтіреді?

Сонымен, бүгінгі сынып сағатымыз «Өмірің өз қолыңда» деп аталады. Өздеріңіз білесіз, қоғам дамыған сайын, еліміздің жағдайы жақсарған сайын көлеңкелі жақтарымызда байқалып келеді. Оған өздерің күнделікті өмірден көріп жүрген оқиғалар куә.

Арақ, темекі, нашақорлық, СПИД деген індеттер пайда болды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімі бойынша 1 желтоқсан Дүниежүзілік СПИД-пен күрес күні деп аталады. Сонымен бірге қоғамдағы басты індет темекі, арақ, нашақорлық болып отыр.

3. Қазір біз «Балалық» теңізіне ақ кеме арқылы саяхатқа шығамыз. Теңіздің арғы жағында «Үлкен өмір» елінде «Азамат» атты алып терек бар. Бірақ жолдағы араларды қарақшылар мекендеген. Егер сендер өздеріңе берілген сұрақтарға жауап бере алмасаңдар, ақ кеме қарақшылар қолына түседі. Егер дұрыс жауап берсеңдер, «Үлкен өмірдегі» алып терек «Азаматқа» аман-сау жүзіп барасыздар.

Оқушылар сұраққа жауап берген кезде ақ кемені жылжытып отырады.

4.Сұрақтар:

1. СПИД ауруы дегеніміз не?

2. Арақ пен темекі адам үшін қауіпті ме?

3. Не себептен балалар темекі шеге бастайды деп ойлайсың?

4. Есірткі қолданып, оны тартқан адамдарды заңға тарта ма?

5. «Салауатты өмір салты» дегенді қалай түсінесің?

- Жақсы, балалар, сіздер «Азамат» атты алып терекке жеттіңдер. Енді тақтаға қарайықшы, ненің суретін көріп тұрсыңдар?

- Темекінің суретін көріп тұрмыз.

Темекі әр түрлі ауруларды туғызатын, еңбекке қабілетін жоятын, денсаулықты әлсірететін, адам баласының өмірін қысқартатын жегі құрт. Темекінің түтіні шегушінің өзіне ғана емес, сондай-ақ айналасындағыларға да қатерлі. Бір ғана шылымқордың шеккен шаласынан бір мезгілде оныңайналасында отырған 4 адам бірдей зәбір шегеді екен. ХХ ғасырда ттемекінің салдарынан 100 млн. Адам көз жұмған.

  • Тақтадағы келесі суретке назар аударайық. Нені көріп тұрсыңдар?

  • Дұрыс айтасыңдар. Арақтың суретін көріп тұрмыз. Қазақ халқының осыған дейін көрген қасіреті- кешегі кеңес үкіметі тұсындағы аштық, қуғын-сүргін, жерді де, елді де тоздырған тың көтеру экология тағы басқалар. Сол апаттардың бәрінен де қауіптісі, адамзаттың санасын улаған жауыз қасірет бар, ол - арақ. Бұл адам баласының өзі тілеп алатын, өзі сатып алатын айықпас дерті.

5.Өлең оқу. Қымыз

Ей, нәлеттер, аулақ кеткін, аулақ кет!

Өз түбіңе жексұрын-ау өзің жет.

Адамзаттың есімін сен қор қылма,

Райымбек баба атынан садақа кет!

Ұрпағымның санасын улатпаймын,

Бар денесін жауызға жаулатпаймын.

Кет деген соң, тфу, кәпір кет енді,

Қазағымның жүрегін жаралатпаймын.

Кет,кет, кет!

  • Шынында да, балалар қазіргі таңда қымыз бен боза, шұбат, айрандар сирек кездеседі., ал керісінше, арақтан аяқ алып жүргісіз болдық. Арақ ішкен адам аңға, хайуанға айналады. Барлық қайғы сол арақтан басталады. Сондықтан, бос уақытта спортпен шұғылданып, кітап оқумен айналысқан тиімді де пайдалы.

6. Сөзжұмбақ шешейік.

ХХ1 ғасыр індеті (СПИД)

Спирт ішімдігі құрамындағы зат (алкаголь)

Заңмен жазаланатын қоғамға жат қылық ( қылмыс)

Көп таралған ауру (туберкулез)

Маскүнемнің сусыны ( арақ)

Темекідегі улы зат ( никатин)

7. Мақал-мәтел айту.

Денсаулық - зор байлық.

8. Өлең оқу.

Жігерің бар, талабың бар, қайратың,

Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын.

Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып,

Өмірің бар алда әлі солмайтын.

Кесір сумен санаңды сен улама,

Көкірек қапқан көк түтінге жолама.

Өзіңді қорға, ортаңды қорға, ағайын.

Саулық керек, өмір керек адамға.

Ей адамзат!

Өмір керек саған да, маған, оған да,

Есіңде сақта, осыны ұста жадыңда.

Жас өмірің ерте солсын демесең,

Кесірлерден бөлек жүргін алшақта.

Пешенеге жазылған ғұмырыңның

Тамырына, ұрпағым, балта шаппа!

9.Қорытындылау

Дені сау адам өмірде көп жасайды екен. Шығыста: сау дене, азат ақыл, адал көңіл үшеуімен бақытты болады деген нақыл сөз бар. Сол айтқандай дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсіңдер.


© 2010-2022