Тәрбие сағаты Алтын күз

Раздел Классному руководителю
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алтын күз
1 - жүргізуші: Армысыздар, ұлағатты ұстаздар!
2 - жүргізуші: Бармысыздар, жадыраған жас достар!
1 - жүргізуші:

Алтын күзге арналған
Кешімізді бастайық..!
2 - жүргізуші:

Армысың сары алтындай Алтын күзім»
Күн нұрын төккендей боп жарқын жүзің.
Қарсы алып біз өзіңді тұрмыз міне,
Алтын күзде болсын деп молшылығың.

1-жүргізуші:
Күз - жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз - байлык, молшылық. Күз дегеніміз - қауырт еңбек кезеңі. Олай дейтініміз, бұл мезгілде жеміс - жидек, астың пісіп жетілуі, күзде мал да, аң мен құстар да қоңданып, семіреді. Күзде қыс қамы жасалады, сондықтан адам да, жануарлар да, өсімдіктер де қысқа әзірлік жасайды.

2-жүргізуші: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.

1-жүргізуші:

«Жапырақтар» биін қабыл алыңыздар .
Би: «Жапырақтар» 3-сынып қыздары

2-жүргізуші: Подстепный №1 мектебінің 3-ші және 4-ші сынып оқушыларының қатысуымен өтілетін « Берекелі, Алтын күз!» атты кешімізге қош келдіңіздер

1-жүргізуші: Кешіміз сайыс түрінде өтеді. Әр сыныптан екі оқушы қатысады.

Сайысымызға баға беруші әділқазы алқасымен таныстырамыз:

2-жүргізуші:

Ендігі кезекте сайыскерлер келіп өздерінің өнерлерін көрсету үшін реттік нөмірлерін келіп таңдайды.Ортаға әр жұптың ұлдарын кезекпен келіп алуға шақырамыз.

Сайыс 5-турдан тұрады.

1-тур.Таныстыру. Оқушылар өздерін таныстырады, сән үлгісін көрсетеді. ( «5», «4», «3» балл)

1-жүргізуші:

2-тур . Алдын ала дайындап әкелген күз өнімдерінен салат дайындап,оған ат қойып, жасалу жолын түсіндіреді. ( «5», «4», «3» балл)

3-тур. Жұмбақтар шешу сайысы.Слайд арқылы жұмбақ беріледі. Әр жұп жұмбақтың шешуін табады. Бір дұрыс жауап «5» балл тұрады. ( «5», «4», «3» балл)

2-жүргізуші:

4-тур. Көкөністер мен жемістерден әртүрлі бейнелер жасайды. Оқушылардың қол шеберлігі, тапқырлығы сыналады. ( «5», «4», «3» балл)

5-тур. Киім үлгісін көрсету. Оқушылардың жүру мәнері,сахнада өзін ұстауы, талғамы, үлгісінің тақырыпқа сай келуі бағаланады.

1-жүргізуші:

1-тур. Таныстыру.

Сайыскерлер де келіп тұр танысуға,

Бойындағы бар дарынды дарытуға.

Іркілместен сахнаға келіп жетті,

Әдеппен, ізетпен танысуға.

Әділқазылар алқасынан «Таныстыру» кезеңіне берген бағаларын сұраймыз. №1 жұптың бағасы , №2, №3, №4, №5

2-жүргізуші:

2-тур . «Ас - адамның арқауы» демекші, келесі кезекте, алдын ала дайындап әкелген күз өнімдерінен салат дайындап,оған ат қойып, жасалу жолын түсіндіреді. ( «5», «4», «3» балл)

Ән: «Қазақ жігіттері» 4-сынып

Әділқазылар алқасынан 2-ші турдың «Ас мәзірі » кезеңіне берген бағаларын сұраймыз. №1 жұптың бағасы , №2, №3, №4, №5

1-жүргізуші:

3-тур. Жұмбақтар шешу сайысы.Слайд арқылы жұмбақ беріледі. Әр жұп жұмбақтың шешуін табады. Бір дұрыс жауап «5» балл тұрады. ( «5», «4», «3» балл)

№1 жұпқа тапсырма, №2 жұп жұмбақ шешеді, №3, №4, №5

Әділқазылардан 3-ші тур «Жұмбақтар шешу » сайысынан жинаған ұпайларын айтуды сұраймыз. №1 жұптың бағасы , №2, №3, №4, №5

2-жүргізуші:

4-тур. «Өнерлі өрге жүзер - демекші,келесі сайысымыз қол өнер сайысы. Көкөністер мен жемістерден әртүрлі бейнелер жасайды. Оқушылардың қол шеберлігі, тапқырлығы сыналады. ( «5», «4», «3» балл)

Берілетін уақыт 5-минут. Жұмысты әділқазылардың алдына апарамыз.

Ән : 4-сынып оқушылары

Әділқазылардан 4-ші тур « » сайысынан жинаған ұпайларын айтуды сұраймыз. №1 жұптың бағасы , №2, №3, №4, №5

1-жүргізуші:

5-тур. Сән үлгісін көрсету. Оқушылардың жүру мәнері,сахнада өзін ұстауы, талғамы, үлгісінің тақырыпқа сай келуі бағаланады.

Піскен кезде құлпынай,
Қандай тәтті шіркін - ай.
Қарай бергің келеді,
Дүркін, дүркін, дүркін - ай. дей отырып, ортаға 3- «а» сынып сайыскерлерін шақырамыз

Құлпынай бейнесінде.

2-жүргізуші:

Теңбіл - теңбіл қарбызды
Тентек Серік жарғызды.
Сонан соң оны жеді,
Жеді де былай деді:
- Сүйек болмаса, еті
Неткен тәтті - деді.

3 «ә» сыныбының қатысушыларын шақырамыз
Қарбыздар жұбы.

1-жүргізуші:

Алма: Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім.
Жерге сілкіп түсірме,
Ісіп кетер маңдайың.
4 «а» сыныбының бақ өнімдерін шақырамыз ...

2-жүргізуші:

4 «ә» сыныбы

1-жүргізуші:

Бір сабақта көп түйме,

Жей алмайсың көк күйде.

Санап қара қанша,

Оның аты ... (Шие)

Мен моншақты шиемін,
Құмарсыңдар білемін.
Кетіп қалып жүрмесін,
Тамағыңа сүйегім.

Мен шиемін,шиемін

Иіліп басымды иемін.
4 «к» сыныбы

Шие жемісін ша

Әділқазылардан 5-ші тур « Сән үлгісі » сайысынан жинаған ұпайларын айтуды сұраймыз. №1 жұптың бағасы , №2, №3, №4, №5

2-жүргізуші:

Ортаға сайысқа қатысушы оқушыларды ,биылғы жылы пісіп өнген күзгі өнімдерді шақырамыз.

Сөз кезегін әділқазылардан « Берекелі, Алтын күз!» атты сайысымыздың қорытынды ұпайларын айтуды сұраймыз.

Бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздарын марапаттау және өз бағаларын берулерін сұраймыз.

№1, №2, №3, №4, №5

Бас жүлде: «Күз ханшасы - 2015», «Күз патшасы -2015» номинациясының иегерлері, тәж тапсыру

«Өнерлі», «Шебер» , «Зерделі» аталымдары бойынша марапатталады.

2-жүргізуші:

«Алтын күз» мерекесіне дайындаған сайысымыз аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рақмет.

1-жүргізуші: балалардың орындауында ән «Күз жомарт» әнін қабыл алыңыздар.

Хор: 1. Тоңазып,атырап

Көп жеміс піседі

Сарғайып жапырақ ,

Саудырап түседі.

Қ-сы.

«Күз жомарт» дейміз, біз

Жемісін жейміз біз.

2.Үстінде егінжәй

Салқын жел соғады.

Гүл,шөбі белдің, сай

Қуарып, солады.



© 2010-2022