Сыныптан тыс шара: Махаббат тілі - ортақ тіл

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Танбаева Надежда Шукировна

А.М.Горький атындағы

мектеп-лицейінің қазақ тілі мен

әдебиеті пәні мұғалімі


Сыныптан тыс сағаты: Махаббат тілі - ортақ тіл

Сынып: 9-11

(Музыка Маххабат дастаны Төлеген Мұхамеджанов)

Жүргізуші:

Тіл деген - алып мұхит түбі терең,

Піспегі толқын шашқан күбі ерен.

Қадірін тілдің сұра сақаулардан,

Көзіне жас алып бір күбірлеген.

Тіл деген - жарық жұлдыз аспандағы,

Арманның қиял жетпес баспалдағы.

Қадірін тілдің сұра мылқаулардан,

Көлінен ұшпай қалған қасқалдағы.

Тіл деген - адастырмас темірқазық,

Өрісі магнитінің өмірге азық.

Қадірін тілдің сұра кереңдерден,

Сөйлеуді арман еткен көңіл жазып.

Жүргізуші:

Қадірін бұл тілімнің ұққандарға,

Сыр сандық - баба жыры сақталғанда.

Өшпейтін өрнегі бар ғашықтықтың

Бүгіннің Қозы менен Баяны да.

Видео Қозы мен Баян «... Басталыпты махаббаттың дастаны» дегенге дейін

Қойылым: Қозы-Көрпеш-Баян Сұлу.

9 «Ә» сыныбы «Қозы-Көрпеш-Баян сұлу» жырынан қойылым:

  1. Автор сөзі оқылады:

  2. Қозы мен Баянның балалық шағы.

  3. Есейген кездері

Қанеке: Жерге қарап қалған осы да?!

Осы кезде Баян жүгіріп келіп:

-Әке! Әке

Қарабай:

-Бұл сенбісің Баян? БаянбысыҢ?

Баян сықылықтай күліп:

-Баянмын!

Қарабай:

-Мал қайда, ойбай-ау, мал қайда?

Баян:

  • Малың айдауда, жауың байлауда, әнекей келе жатыр!

Осы кезде Қарабай қызын итеріп жіберіп:

-Мың жылқы құрғыр, түгел ме, әйтеуір?

Баян жылап кетіп қалады. Қарабайдың бәйбішесі:

  • Баянның маңдайынан сүйіп, бір иіскесең ауызың күйіп қалар ма еді?! Алдыңнан еркелеп шыққанда кеудесінен итермесең нең кетер ед?!

Қарабай кемпірді итеріп құлатады.

Ауыл елшісі келіп батыр бала туралы айтып береді. Қозы келіп:

-Армысыз, ардақты ата!

Осы кезде м алды ұрлаған адамды алып келеді. Баян:

-Жауды байламай келуге белім бармады. Байлап босағаңызда шірітсеңіз де, босатсаңыз да өз еркіңізде!

Қаарабай: -Сый сұрайсың ба, өтінішіңді айт!

Қозы:

-Сый сұрамаймын ата. (Баянға қарап) Бикеш, тапсырмаңызды орындасам қайтайын.

Қарабай:

-Дұрыс, батырға мал көптік етеді, дүниеге қызықпағаның жақсы, бар! Кет!

Баян:

-Батырым, аз күн аялдап, демалсаң қайтеді.

Қозы:

- Аз күн түгілі, көп жылдарға қалар едім, әттең, анам жалғыз қалып еді.

Қарабай:

-Бара берсін, шешем қалып еді деп тұр ғой.

Жау Қозыға қарап:

-Батыр, саған ренішім жоқ.

«Әсем сұлу Ақбаян» деп жатқанда Қозы жүгіріп келіп:

-Қай Баянды айтып жатырсың?

Жау:

-Мына тұрған Баян да.....

Үнсіздік, әуен.

Баян:

Сорым ба, бағым ба, Баян екенім де рас! Сорым ба, бағым ба, Қарабайдың қызы екенім де рас!

Екеуі үйленейін деп шешеді. Екеуі бірге:

-Шеше, батаңызды беріңіз.

Абай «Татьянаның хаты» ән, «Евгений Онегин» видео

2-жүргізуші:

Адамзаттың барлығына ортақ тіл- музыка тілі мен махаббат тілі. Өткеннің құнарын, ардақты айбынын, көркем байлығын жеткізуші де - құдіретті тіл. «Мен қазақпын» деп жырлатқан да, «Айналайын» деп жұбатқан да, «Ғашығым» деп аялаған да - тіл!

Талай ақын жырлап өткен ғажапсың,

Бақыттысың, бүгінгі күн азатсың!

Өзің айтқан сезімнің адалдығын

Кеудесінде еліңнің бір жандырдың!

Абайды да сөйлеттің сол сезіммен,

Қазақ деген сахараның баласын!

Іңкәр дүние жарқырап содан бері

«Ғашықпын!» деп жар салады әр күнге!

9 «Б»сынып - А. С. Пушкин «Евгений Онегин» қойылымы.

1-жүргізуші:

«Амал жоқ - қайттым білдірмей,

Япырмау, қайтіп айтамын?

Қоймады дертің күйдірмей,

Не салсаң да тартамын.

Музыка П. И. Чайковский. «Евгений Онегин»

Онегин мен Татьянаның диалогы

Музыка (видео ромео+джульетта)

Жүргізуші:

Шын ғашықпын, шын ғашықпын сол адамға
Мен болмасам, бола ма сол аман ба?
О, тәңірім неткен жан едің
Жүрегің еттен бе алде қоладан ба
Шын ғашықпын несіне оны жасырамын
Әр бір алтын ғой бір тал шашы маған
Сырымды айтып ән арқылы өзіңе
Сүйдім сәулем құлақ салшы сөзіме.

Видео Ромео и Джульетта «Воплощение мечты - это ты» дегенге дейін

Музыка бала 9 А класс У. Шекспир «Ромео и ДЖУЛЬЕТТА»

Видео «Ғашықтық»

Жүргізуші: Ғашықтық тілі-тілсіз тіл.

Оның тілі барша халыққа ортақ, барша адамзат оны түсінеді, өйткені ғашықтық ғаламаты бар адамға ортақ. Асылдың асылын, арманның ұшыр биігіне жеткізетін, қанат бітіріп, қиялыңа қиял, жаныңа қуаныш сыйлайтын Асқақ сезімді жеткізер Айбынды тіліміз аман болсын! Назарларыңызға рахмет!















Сценарий фестиваля ко Дню Языков народа Казахстана


«Язык любви-един для всех»

Подготовила: Танбаева Н. Ш.

Провели: МО казахского языка и

МО гуманитарных предметов

Участвовали: 9-е классы

















22 сентября 2015 года

© 2010-2022