Сценарий агитбригады по ПДД (на каз. языке)

Предлагаемая разработка является авторской . Рассчитана на учащихся 5-8 классов, участвующих в конкурсе по ПДД. В сценарии имеются стихи и песни , посвящённые соблюдению и пропаганде правил дорожного движения среди детей, небольшая сценка. В небольших стихах говорится о том, с какого возраста и на какой транспорт можно садиться. Текст известных казахских песен обработан и соответствует заявленной теме.
Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сценарий агитбригады по ПДД (на каз. языке)Алматы облысы Қарасай ауданы

« Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі

сайысының агитбригада сценарийі

Шығармашылық топ :

Арыстанбек Диана

Мусина Дания

Сейдахметова Мадина



Мақсаты:

-мектеп оқушыларының, әсіресе бастауыш буын балаларын Жолда жүру ережелеріне үйрете отырып, құқықтық сауатын арттыру.

-жол қозғалысы кезінде әр-түрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға дағдыландыру.

- өзін-өзі тануға, басқаруға,бір-бірін сыйлауға үйрету.

Қатысушылар:

Жүргізуші - Арыстанбек Диана

Алма - Еланова Дана

Бағдаршам - Мусина Дания

Инспектор - Арыстанбек Диана

Зуылбек - Аукенов Нурдаулет

Баланың әкесі - Жаныбекұлы Сұлтан

Көлік жүргізушісі - Кусаинов Бауыржан

Ескерту белгісі- Сейдахметова Мадина

Тыйым салатын белгі - Маратова Наргиза

Анықтама белгісі - Мусина Дания

Көрсеткіш белгісі - Кусаинов Бауыржан

Реквизиттер:

Бағдаршам (жарығы реттелетін), инспектор макеті (қолының қимылы реттеледі), «Бағдаршам» буклеті, үш түсті галстук, реттеуші таяқтары, полицей фуражкасы, машина макеті, жол белгілері бейнеленген тақтайшалар.

Фонограммалар:

Көлік соғылғандағы дыбыс, полиция сиренасының дыбысы , «Сәулем», «Жаса, Қазақстан!», «Замандастар»әндерінің минусы.

Бағдарлама жоспары:

Жургізуші, басқа қатысушылардың сөзі- 2-4 м.

Скетч -3м.

Ән - 5м.

Алманың хикаясы

(Алма көшеге шығып, скакалкамен секіріп бара жатады)

Автор : Алма кетті жылдамдап

Көше бойын жағалап.

Кім Алманы қорғайды?

Жол апатынан сақтайды?

(Алдынан Бағдаршам шығады)

Бағдаршам: Тоқта! Сақтан ! Жол ашық!

Жүрме жолға таласып!

Бағдаршам : Мен тұрғанда тәртіп бар

Тек тілімді ұғып ал.

Жолға шықсаң далаға

Жол оңай деп санама.

Ережені әрқашан

Қатаң ұста санаңда.

Жасыл жарық -жолың ашық,жүр дейді

Сары жанса- дайындыққа кір дейді

Қызыл жарық жанып тұрса алдыңда

Тапжылмастан бір орында тұр дейді.

(Алма қолын сілтеп тыңдамай кете береді, сонда Автоинспектор алдынын шығып қолынан ұстап алады)

Қыздар шығып Алманың қолынын ұстап ән айтады

Сапар шексек сізбен біз

Сан көлікке мінеміз.

Троллейбус пен трамваймен

Автобуспен жүреміз.

Көлік,көлік,көліктер,

Көліктерге мінеміз.

Қиылыс, көшелермен

Тынбай күнде жүреміз.

Қайырмасы:

Байқа,байқа,Алма,

Көшелерден өткенде.

Қарап алып сол жаққа

Өте бергін, тартынба,

Жол ортаға келгенде

Қарап ал сен оң жаққа

Тек сонан соң,

Тек сонан соң,

Өтіп ал сен ар жаққа.

(Осы кезде велосипед қоңырауы естіледі, велосипедпен бала келеді, тежегішті басып, тоқтай қалады.)

-Әй, жолда бәрің неқылып иіріліп тұрсыңдар? Велосипед келе жатқанын көрмейсіңдер ме? Қағып кетсем қайтесіңдер, ә?

Автоинспектор: -Велосипедің болғаны жақсы екен. Ендеше, біздің жолда жүру ережесіне арналған жиынымызға хош келдің. Ол ережелерді сенің де білуің керек.Балалармен таныс бол.Атың кім өзіңнің?

-Менің атым - Зуылбек. Велосипедпен ылғи зуылдап жүремін.Сосын балалар мені осылай атап кеткен.Ал, мына белгілер көшеде қаптап тұр, мен оларды біліп қайтем?Велосипедті мен бұларсыз-ақ зуылдатам. (Қызыл жолақпен көмкерілген дөңгелек белгідегі велосипедті көреді)

- Әй, мынау қандай белгі? Мынау менің велосипедім емес пе? Мен үшін жасалған белгі ме?

Автоинспектор: - Ия, Зуылбек, сен үшін.Бұл белгінің аты- «Велосипед жүрмейді!»

Зуылбек: (таң қалып) Жүрмейді? Тапқан екенсіңдер! Зуылбектің велосипедінің жүрмейтін жері жоқ, білдіңдер ме? Мен үшін көше де, саяжай, арық, аула, бақ, гүлзарлар да бәрі ашық. Әлгі ... сендерше айтқанда қандай, қалай еді? «Зеленый свет», «Жасыл жарық».

(Сақтандыру белгісін ұстаған балаға жақындап, жан-жағына қарайды.)

-Мұны да белгі дейді-ау. Әй, көшеге пәтер үшін жылу батареясы не үшін керек?

Автоинспектор: (күліп) Зуылбек-ау, бұл да тағы саған керек белгі. Айталық, сен велосипедпен зуылдап келесің дейік. Қарсы алдыңнан осы белгі кездесті. Ендеше, алдыңда « Шлагбаумы бар, темір жол бар»- деген сөз. Ұқтың ба?

Зуылбек: А-а-а , (қолын сілтеп) Бұл белгінің де қажеті бола қоймас, салдырлап-гүлдірлеп поезд жеткенше зу етіп өтіп те үлгіремін.

(Адам сұлбасы салынған нұсқау белгісінің жанына тоқтай қалады.)

-Ал, мына белгі не үшін керек?

Автоинспектор: Қара, «Адамдар өтеді».

Зуылбек: Велигім тұрғанда мұны қайтем. (Велосипедін келген жағына бұрады) Қой, мен зуылдайын.Бұл белгілерді түгендеймін деп тұрғанда жолымнан қалармын.Сау болыңдар, балалар! Сау болыңыз, ағай! (Кетеді)

Асығыпты көшеде

Жел болып ол ұшыпты

. (Алдынан көлік шығып қағып кетеді)

Машинаның астына

Зуылбекжан түсіпті.

(Соғылған көлік дыбысы)

Өшіп қалған отындай

Жатыр бала сәл жанып

Шоферда тұр дел-сал боп

Жүзін қара тер жауып.

(Көлік жүргізушісі басын еңкейтіп тұрады)

Әкесі кеп еңкілдеп

Бала үстіне құлады.

Екі иығы селкілдеп

Өксіп-өксіп жылады.

(Әкесі келіп, баласын жоқтайды)

(Сиренаның дыбысы) (Әкесі баласын көтеріп алып кетеді)

Инспектор: Қыршыннан өмір қиылды

Неге бұлай болады?!

Ортақ еді Жол Ереже

Үлкен-кіші бәріне.

(Алма қорқып Бағдаршамның артына тығылады)

Бағдаршам: Ал , Алма, айтарға сөзің бар ма?

Сен куә болған оқиғадан ойыңа түйгенің бар ма ?

Алма: Кешір мені, Бағдаршам.

Сенікі жөн әрқашан.

(Бағдаршамды құшақтайды)

Ата-ана, ұстаздың

Енді тілін аламын.

Жол жүргенде бұлжытпай

Орындаймын айтқанын.

Бағдаршам : Менің басқа да көмекшілерім бар.Оларды сен күнде кездестіресің, себебі олар- жол белгілері.Қанеки, сені жаңа достарыңмен таныстырайын.

Жол белгілерін ұстаған оқушылар ортаға шығады

Ескерту белгісі : Хабарлайтын қауіпті

Оң сапарды жолдаған.

Маған қарап адамдар

Сәтсіздікке қалмаған!(Мадина)

Тыйым салу б.: Мен бәріне әрқашан

Тыйым салып тұрамын.

Қауіп болса алдыңда,

Жібермеймін бір адым (Наргиза)

Анықтама б.: Белгімін мен көрсетер

Жылдамдық пен бағытты.

Ой-шұңқыр мен бұрылыс,

Қатер менен қауіпті.(Дания)

Көрсеткіш б.: Сен баратын сапардың

Жақынын да құшағын

Үн-түнсіз-ақ жол сілтеп

Мен көрсетіп тұрамын.(Бауыржан)

Автоинспектор: Балалар! Сендер бұл белгілерді біліп жүріңдер. Ал, енді жас ерікшеліктеріне байланысты қауіпсіздік ережелерін мына отырған балалардың есіне тағы бір рет салып өтейік.

Шіркін-ай, жасым 12-ге толғанда

Отырамын көліктің алдыңғы орындығына.

Ал 14-ке толғанда

Велосипед тебемін мен жолда.

Тезірек өтсе 1-2 жыл

16-ға да толармын,

Мотошлемім басымда.

Мотоцикл астымда.

Уақыт өтер жүгіріп,

18-ді толтырып

Темір тұлпарға ер салу

Рұқсат етілер Ережесімен жол жүру.

( Инспектор ,Бағдаршам , басқа қатысушылар)

Ал, сіздерге, халайық,

Тілейміз біз денсаулық!

Аман-есен болыңдар,

Жолдың Заңын бұзбаңдар!

Барлық қатысушылар ортаға шығып патриоттық әндерді орындайды

«Жаса, Қазақстан!» әніне жазылған

Жарқын көңіл жайсан мінез жастармыз

Жолда жүру ережесін жырлаймыз

Жас ұландар айбыны асқақтап

Болсын ашық жол!

Инспектормыз мектеп көшін бастаған

Жасымасын жас ұрпақ, жас бала

Жол сақшысы қызмет етіп тұрғанда

Қауіп төнбейді

Қайырмасы:

Жаса, Қазақстан!

Жаса, Жол полициясы!

Артта қалсын жол апаттар қайғылы

Жаса, Қазақстан!

Жаса, жол сақшылары!

Күндіз-түні қауіпсіз жол сыйлаған

Жаса, Қазақстан!

Жаса, Жас ұлан тобы!

Әрқашанда биік болсын тұғырың

Жаса, Қазақстан!

Атамекен тұрағым

Көк аспанда желбіресін байрағың!

«Замандастар» әніне жазылған

Біз дәуірдің мөлдіреген жастары едік

Жолда жүру ережесін үгіттедік

Үлкен-кіші- баршаңызға білу керек

Жолда жүру тәртібін

Қайырмасы:

Көлік мініп, қиылыста тұрғаныңда

Жүргіншіні өткізіп жібер жол басына

Бағдаршамға қара!

Реттеушіні тыңда!

Сонда ғана қауіпсіздік орнайды





© 2010-2022