Өзін-өзі тану пәні сабақ 7-сынып

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Жданов орта мектебі

Мерзімі 14.11.15ж.

№ 15

Тақырып : «Аялай біл, сен деп соққан жүректі»

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: Барлығынан жақсылық көру, шыншылдық, жақсыдан жаманды ажырата білу.

Мұғалім: Ермұханова Т.А.

Сынып 7

Оқушылар саны 5

Сабақ мақсаты: Оқушыларға ананың ақ сүтін ардақтауды, ана махаббатының шексіз екендігін сезіндіру арқылы ақиқат құндылығын ашу.

Міндеттері:

-оқушыларға шыншылдық, жақсыдан жаманды ажырата білу туралы түсінік беру;

-оқушылардың шыншылдық, барлығын жақсы көре білу қасиеттерін дамыту;

- Барлығын жақсы көре білуге, шыншыл болуға тәрбиелеу;

Ресурстар: Слайдтар, дәйексөз, әндер жинағы.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Тыңыштық сәті (Нұрға бөлену)

Баяу әнмен айтылады.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақ барысын талдау:

3.Дәйексөз



«Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді»
В.Г.Белинский

Дәйексөзді оқимыз, мағынасын ашып талдаймыз.Оқушылар есте сақтап қалу үшін бір неше рет қайталаймыз. Дәйексөзді дәптерге жазу.

4.Әңгімелесу

«Соқыр ана» видеосын көрсету

Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады.
Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу - бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.
Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Кейбір балалар арасында, өз ата-анасын жөндеп сыйламайтын, еңбегінің қадірін білмейтін, айтқан тілін алмайтын балалар да кездесіп қалады. Мұндай бала өсе келе ата-ананың борышын өтемек түгілі, екі жүзді сұрхия адам болып шықпасына кім кепіл. Ылайым балалардың тәрбиесі адам қызығарлықтай болып өсе берсін дегім келеді.

Сұрақтар:

  • Мазмұнына -«Соқыр ана» видеосын көргенде қандай сезімде болдыңыздар?

  • Құндылықтарға - Аяулы анадан жақсылықты көріп, сезіп бағалайсыздар ма?

  • Өмірмен - Айналадағыларға қалай қуаныш сыйлауға болады ?

5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушыларды меңгерген құндылықтардың күнделікті өмірдегі маңыздылығын түсініп, қолдана білуге үйрету мақсатында тапсырма беру

«Аялай біл, сен деп соққан жүректі» тақырыбына сурет салып, қорғау I топ.

«Аялай біл, сен деп соққан жүректі» өлең шығару II топ.

6.Топпен ән айту.

«Ана туралы жыр» өлеңін айту.

7.Үй тапсырмасы

«Аялай біл, сен деп соққан жүректі» тақырыбына шығарма жазып келуге беріледі.

8.Соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка ырғағымен көздерімізді жұмып, бүгінгі сабақтағы айтылған жақсы қасиеттерді жүрегімізге түйіндейік. Көздерінді ашуға болады. Сабаққа рахмет.


© 2010-2022