Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр тақырыбына арналған бейбітшілік және келісім сабағы (9-сынып)

Раздел Классному руководителю
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚР Білім және ғылым министрлігі

Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия



Бейбітшілік және келісім сабағы


Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр тақырыбына арналған бейбітшілік және келісім сабағы (9-сынып)

Сабақтың тақырыбы: «Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр»

Сыныбы: 9 «а»

Сынып кураторы: Умбеталиева С.Н.


Атырау, 2015 ж.

Сабақтың тақырыбы: «Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр»

Сабақтың мақсаты - қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, тағаттылықты, этносаралық және мәдениетаралық коммуникацияны дамыту, оқушылардың ой-өрісін кеңейту, қазіргі Қазақстан туралы білімін тереңдету.

Көрнекілік құралдар: мемлекеттік рәміздер, «Менің Отаным - Қазақстан» стенді, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларынан үзінділер (слайдтар), кітап көрмесі, фото көрме. Патриоттық тақырыпқа деректі бейнефильмдер мен бейнероликтер.

Музыкалық көркемдеу: қазақстандық патриоттық әндер

Сабақтың барысы:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Мұғалім сөзі: Оқушылар, біздер елімізбен мақтанамыз. Қазақ еліне еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар Қазақстан тәуелсіздік алды. Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті. Сессияда Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын «Бүкіл халықтық өкілдік!» деп атады. Көреген Ұлт Көшбасшысының ұлы мақсатын сессияның аты да әйгілеп тұр: «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр»! Елбасы сессияда сөйлеген өз сөзінде: «Бір халық» - бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер, «Бір ел», бұл - барлығымыз үшін ортақ Отан. «Бір тағдыр», бұл - біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер! Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді. Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Ендеше, Ассамблея - барша қазақстандықтың мүддесі! - деген болатын.

Айхан: 1986 жылы 16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

Әсем: Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды. Біз: «Мен - қазақстандықпын, өз елімде мен үшін барлық есік ашық!» - деп айта алатын әділетті қоғам құрып жатырмыз. Бүгінде біздің азаматтар үшін барлық есік, барлық мүмкіндік, барлық жол ашық. Біз көппіз және бәріміз - бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу - әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой. Біз бірлік пен татулық құндылықтарын қоғамның іргетасына, қазақстандық ерекше толеранттылықтың негізіне айналдырдық. Біз осы құндылықтарды қазақстандықтардың әрбір болашақ буынына аялай ұсынуымыз керек. Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты. Біз бәріміз бір атаның - қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу - ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. «Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі.

Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр тақырыбына арналған бейбітшілік және келісім сабағы (9-сынып)

Мұғалім: Оқушылар ендігі кезекті ойынға берейік. Тақтада сөзжұмбақ берілген. Сөзжұмбақтың жауабынан «Жолдау» сөзі шығу керек.

1. Әлемдік сөзінің синонимі (жаһандық)

2. Отағасының антонимі (отанасы)

3. Ата-ана тәрбиелейді? (бала)

4. «…-біздің табысты болашағымыздың негізі» (Ұлт денсаулығы)

5. Тіл дамуы, сақталуы үшін қандай қаріпке көшпекпіз? (латын)

6. Ел ертеңі жарқын болу үшін не істеу керек? (Білім алу)

Мұғалім:- Ендеше, балалар, бүгін Жолдау туралы әңгімелесеміз. Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы -балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне -«Бала тәрбиелеу-болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды. Білім- барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып, Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ. Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы- біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы - Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз. Елбасымыз биылғы дәстүрлі «Қазақстан - 2050» Стратегиясы Жолдауында жарқын болашаққа айқара жол ашты. Ондағы ең өзекті мәселенің бірі, бірегей қазақ тілімен 2025 жылы латын әліпбиіне көшу жайы көпшілікті ерекше қуанышқа бөледі. Тәуелсіз ұлт болудың ежелгі шарттары: өзіне тән тілі, сенетін діні, салт-дәстүрі, жазуы, басқа ерекшеліктері болу . Енді алдымызда Жолдауда айтылған өркениетті дамыған 50 елдің қатарына жету бағыт - бағдарына ілесу, үлес қосу ісі тұр. Латын қарпіне көшу сол өркениет шыңында тұрған 50 елге жақындастыра түсіп, олармен қоян -қолтық бәсекелесуге жаңа негіз қалайтыны сөзсіз.

Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр тақырыбына арналған бейбітшілік және келісім сабағы (9-сынып)


Бейнебаян «Мәңгілік ел»

-Балалар, Қазақстан туралы өлеңдер оқып, елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде. Ендеше өнерімізді ортаға салайық.

Дархан: Арыстандай айбаттым.
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтың
Қанша жұлдыз жайнаттың.
Қанша бұлбұл сайраттың,
Қазақстан ардақтым.

Райгүл: Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам әлемге танылды анық.
Шырқадым ән ұранды бар дауыспен,
Арманым ата заңым қабылданып.
Сәуле шашқан алтын түсті күні бар,
Екпіндеген қыран құсты үні бар.
Ою басқан мөп - мөлдір көк аспандай,
Қазағымның желбіреген туы бар.

ҚР Мемлекеттік рәміздерін таныстыру (презентация арқылы оқушылар ортаға шығып мемлекеттік рәміздерді таныстырады)
Мұғалім:- Оқушылар, Отан, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз?
1 - оқушы: Отан от басынан басталады.
2 - оқушы: Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
3 - оқушы: Отансыз - адам, ормансыз - бұлбұл.
4 - оқушы: Отан оттан да ыстық.
5 - оқушы: Отан үшін отқа түс күймейсің,
Арың үшін алыссаң өлмейсің.
Ақбұлақ: Мерейім - нұрлана бер,азат Күнім,
Көрейін бақытымның азаттығын.
Тауымды тамылжытқан бостандықтан
Танылды бар әлемге қазақ бүгін.
Құттысың тәуелсіздік - киелі күн!
Құт күшім -егемендік иелігім,
Уақыттың биігінен шуақ төгіп,
Бақытым - еркіндік боп үйілер күн.
Ән: Камешова Данагүлдің орындауында «Елім менің»

Қорытынды: - «Ойын» «Мен президент болсам, халыққа Жолдауым…» Оқушыларға өз ойларын айтқызу.

Ән: «Көк тудың желбірегені». (Бейнебаян тыңдалады)

Мұғалім: Біз 21-ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенеміз. Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады. Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын! Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! -деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымызды аяқтаймыз.

Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр тақырыбына арналған бейбітшілік және келісім сабағы (9-сынып)

© 2010-2022