Бұрымды қыз

Тақырыбы:  «Бұрымды қыз»   Мақсаты: Ең шашы ұзын қызды анықтау. Қазақ қызына тән мінез-құлықты дәріптеу. Салт-дәстүрімізді білу,  құрметпен қарау. Эстетикалық тәрбие беру. шығармашылық-іскерлігін арттыру.  Сахнада өзін ұстау, мәдениетті сөйлеу, өз ойын жеткізіп айта алу. Ісмерліктерін байқау.   Көрнекіліктер:  «Бұрымды қыз», қанатты сөздер, шарлар,фото суреттер т.б.   Сайыстың өту барысы:                                                 Әсем ән жіберу 1-жүргізуші:   Армысыздар құрметті асыл жанды ұстаздар! 2-жүргізуші:   Сайыскерлерді демей келген ата-аналар, оқушылар! 1-жүргізуші:   Иә, көптен күткен көктем де келді, көктем мен бірге аналардың, қыз-келіншектердің мерекесі бірге келді десейші. 2-жүргізуші :  Осындай жақсы мезгілдің бастауы болған құрметті аналар, қыз-қызғалдақтар сіздерді төл мерекелеріңізбен, гүл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! 1-жүргізуші:  Осы  байқау  5-6-7 сынып  оқушы  қыздар арасында:  мектеп аруын анықтау мақсатында  қыз сыны байқауын өткізгелі отырмыз. Бұл байқау  қыздарымызға  эстетикалық  тәрбие беруді көздейді. Өйткені қыздарға  жан сұлулығымен  қоса тән сұлулығы  бірдей  болғандығы жарасады. Сондықтан  ибалы, инабатты  қыздарымыз көбейе берсін деген ниетпен  «Бұрымды қыз » сайысын бастауға рұқсат етіңіздер! 2-жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып,                        Келеді міне ортаға толқып тасып.                        Аруларын сыйлаған, халқым менің,                        Көңілді қошеметпен қарсы алайық!   1-жүргізуші: Аңқылдаған ақ көңілмен,                       Гүлдей жайнап әдемі қыз.                       Озамын деп нық сеніммен                       Шықты ортаға Гүлназым   2-жүргізуші: Шашы ұзын, көрікті қыз тағы бар,                        Қанеки бәрің бері қараңдар.                        Дидары атқан таңдай арайлы,                        Қарсы алайық бұрымды қыз Айымжанды   1-жүргізуші:                       Қара шашты, қос бұрымы жарасқан,                       Қыпша белі тал шыбықтай бұралған.                       Қарсы алайық  Гүлнараны  қошыметпен,                       Өнерімен көрерменді таңғалдырған.       2-жүргізуші:                      Еңбек сүйгіш, ерінгенге жаны қас,                      Бір жұмысты екі істеп сабылмас.                      Ашық қабақ, Бота көзді, сұлу қыз,                      Ақерке  ер жүрек қыз табылмас   1-жүргізуші: Ән салуға жалықпайды Шаршамайды, сірә бір Перизаттың сан өнері бар, Сырын терең ұға біл.   2-жүргізуші: Көптен күткен қыздар келді арайлы, Келесісі кім деп жұртым қарайды. Бұрымды қыз Жансезімнен әрдайым Қуаныш пен шаттық күлкі тарайды. 1-жүргізуші: Ұстазын анасындай құрметтеген Жаны мөлдір, ісі жоқ дүрмекпенен. Назерке  қыз ұстазының айнасы ғой Сегіз қырлы, бір сырлы болсам деген    2-жүргізуші: Ал,халайық, аруларға тамсанайық, Қыз қылықты дегенге ән салайық. Атына заты сай аруларға Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.   1-жүргізуші: Асқар анау аталар, Салиқалы аналар. Ұрпағың бұл тағы бір, Бұрымды қыз атанар. 2-жүргізуші: Уа, арулар, арулар! Ешкімнің жоқ алалар. Ару болу үлкен сын, Оны қазың бағалар. Әділқазылар алқасымен таныстыру
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Бұрымды қыз»

Мақсаты: Ең шашы ұзын қызды анықтау. Қазақ қызына тән мінез-құлықты дәріптеу. Салт-дәстүрімізді білу, құрметпен қарау. Эстетикалық тәрбие беру. шығармашылық-іскерлігін арттыру. Сахнада өзін ұстау, мәдениетті сөйлеу, өз ойын жеткізіп айта алу. Ісмерліктерін байқау.

Көрнекіліктер: «Бұрымды қыз», қанатты сөздер, шарлар,фото суреттер т.б.

Сайыстың өту барысы:

Әсем ән жіберу

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті асыл жанды ұстаздар!

2-жүргізуші: Сайыскерлерді демей келген ата-аналар, оқушылар!

1-жүргізуші: Иә, көптен күткен көктем де келді, көктем мен бірге аналардың, қыз-келіншектердің мерекесі бірге келді десейші.

2-жүргізуші : Осындай жақсы мезгілдің бастауы болған құрметті аналар, қыз-қызғалдақтар сіздерді төл мерекелеріңізбен, гүл мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

1-жүргізуші: Осы байқау 5-6-7 сынып оқушы қыздар арасында: мектеп аруын анықтау мақсатында қыз сыны байқауын өткізгелі отырмыз. Бұл байқау қыздарымызға эстетикалық тәрбие беруді көздейді. Өйткені қыздарға жан сұлулығымен қоса тән сұлулығы бірдей болғандығы жарасады. Сондықтан ибалы, инабатты қыздарымыз көбейе берсін деген ниетпен «Бұрымды қыз » сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып.

Аруларын сыйлаған, халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

1-жүргізуші: Аңқылдаған ақ көңілмен,

Гүлдей жайнап әдемі қыз.

Озамын деп нық сеніммен

Шықты ортаға Гүлназым

2-жүргізуші: Шашы ұзын, көрікті қыз тағы бар,

Қанеки бәрің бері қараңдар.

Дидары атқан таңдай арайлы,

Қарсы алайық бұрымды қыз Айымжанды

1-жүргізуші:

Қара шашты, қос бұрымы жарасқан,

Қыпша белі тал шыбықтай бұралған.

Қарсы алайық Гүлнараны қошыметпен,

Өнерімен көрерменді таңғалдырған.

2-жүргізуші:

Еңбек сүйгіш, ерінгенге жаны қас,

Бір жұмысты екі істеп сабылмас.

Ашық қабақ, Бота көзді, сұлу қыз,

Ақерке ер жүрек қыз табылмас

1-жүргізуші:

Ән салуға жалықпайды

Шаршамайды, сірә бір

Перизаттың сан өнері бар,

Сырын терең ұға біл.

2-жүргізуші:

Көптен күткен қыздар келді арайлы,

Келесісі кім деп жұртым қарайды.

Бұрымды қыз Жансезімнен әрдайым

Қуаныш пен шаттық күлкі тарайды.

1-жүргізуші:

Ұстазын анасындай құрметтеген

Жаны мөлдір, ісі жоқ дүрмекпенен.

Назерке қыз ұстазының айнасы ғой

Сегіз қырлы, бір сырлы болсам деген

2-жүргізуші:

Ал,халайық, аруларға тамсанайық,

Қыз қылықты дегенге ән салайық.

Атына заты сай аруларға

Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.

1-жүргізуші:

Асқар анау аталар,

Салиқалы аналар.

Ұрпағың бұл тағы бір,

Бұрымды қыз атанар.

2-жүргізуші:

Уа, арулар, арулар!

Ешкімнің жоқ алалар.

Ару болу үлкен сын,

Оны қазың бағалар.

Әділқазылар алқасымен таныстыру

1.

2.

3.

Ән: «Қазақтың қыздары»

2-жүргізуші: Бүгінгі сайыстың шарттарымен таныстырайық

  1. Таныстыру. «Сұрасаң бұрымды қыз......» /Бұл кезеңде өзін-өзі ұстауы, мәдениеттілігі, сөйлеу мәнері, ойын жеткізе білу қабілеті бағаланады./

2. «Салт-дәстүрді білесің бе?» сұрақтарға жауап беру

3 «Өнерлі -өрге жүзер» өз өнерлерін көрсету.

4 «Ұзын шаштың формуласы» / Бұл кезеңде шаш күтімі, сусабындарға жарнама жасау.

5 «Ою ойғанының ойы ұшқыр» Қағаздан ою түрлерін жасау.

  1. «Қыздарға әсемдік жарасады» Бұл кезеңде шашқа сәнді жасау.

1-Жүргізуші: « Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын.

Камшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?» деп Абай атамыз жырлағандай байқауымыздың бірінші кезеңі таныстыруға берелік

Әділқазы бағаларын береді.

2-жүргізуші:

Қыз емес қыздың аты-қызыл алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,

Халқымның сақтай білген игі салтын,-дегендей екінші кезең. «Салт-дәстүрді білесің бе?» сұрақтар суырып жауап беру.


Тұсау кесу деген не?/Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тезжүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым.Сәбиге арнайы ала жіп дайындалады/

Қыз- қонақ

Шілдехана деген не?/Жаңа туған нәрістенің құрметіне жасалатын той./

Гүл өссе, жердің көркі, қыз өссе, елдің көркі.

Базарлық деген не? /Алыс сарпарға саяхатқа шыққан адамдар жерлестеріне, досына, көрші-көлемдеріне сыйлықтар әкеледі. Оны базарлық деп атайды. /

Қызы бардың назы бар.

Сүйінші деген не? /Қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші, сүйінші!» деп келеді. Үй иесі қалағаныңды ал,-дейді немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. /

Қыздың көзі қызылда.

Қырқынан шығару деген не?/ Сәби дүниеге келгеннен қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық бір қасық су құйып шомылдырады.Сәбидің қарын шашын алынып, оны сәбидің өзінің киіміне матаға орап тігіп қояды./

Қызым үйде, көзі түзде.

Отпен аластау деген не? /бесікті, босағаны немесе үйді отпен аластау халықтың ертеден үзілмей келе жатқан ырымдарының бірі.Баланы бесікке саларда отпен қару, жас отауды отпен аластау жын-шайтан иектемесін, пәле-жәледен сақтасын деген ізгі ниеттен туған/

Қыз - қырық шырақты.

Айдар деген не? /Ер баланың төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ араластырып өріп қояды. Мұны -айдар деп атайды/

Қыз-ауылдың көркі, жігіт-ауылдың серті

Әділқазы бағаларын береді.

Ән:

1-жүргізуші. Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Бүгінгі қыз сынынан бәйге алуға,

Арулар аянбай- ақ жан салыпты. - өз өнерлерін көрсету

Әділқазы бағаларын береді

2-жүргізуші:

Бұрымды қыз сайысы

Тәрбиелі, мәнді де.

Шашты күтіп өсіру

Қыз баланың сәні де

Бұл сайыста аруларымыз ұзын шаштың өсіру формуласымен таныстырып,ұзын шашты өсірудің құпиясын ашады және сусабындарына жарнама жасайды.

Әділқазылар бағасын береді


1-жүргізуші:

Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан

Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан.

«Шеше көрген тон пішер»деген рас,

Қыздарымыз шебер қолға араласқан,-

дей отыра «Ою ойғанының ойы ұшқыр» қыздарымыздың қағаздан ою түрлерін жасау.

Ою жасап болғанша шаш туралы айта кетейік

1-Жүргізуші:-Әр нәрсеге мән бере қараған ойлы халқымыз сұлудың көркі -шаш, шаштың көркі шаштеңге деп есептеген.Ұлт мәдениетінде әр бойжеткенді шашы мен бойына қарап бағалаған.

2-Жүргізуші:- Иә, дұрыс айтасың. Шаш тек сұлулық пен мәдениеттілік белгісі ғана емес, ол-әйелдер қауымының, яғни Хауа ана мен Бибі Фатима анамыздан бастап берілген алланың айрықша сыйы, құрметі, сәні, еншісі. Шолпы, шашбау, шаштеңге, шашқап-сол сый құрметке сай, әрі әйелдің әсем табиғаты мен нәзік жаратылысына лайықталған қазақтың талғампаздық үлесі, әрі ұлттық сыр-сыйпаты.

Енді қыздарымыз дайын болса, сөз кезегін берейік

Әділқазылар бағасын береді

2-жүргізуші: Сұлу қыздар, ару қыздар, бұрымдылар,

Шашты кеспей күтіп оны қараңдар.

Қыздың көркі шаш екенін түсініп,

Өріп қойып шаш үлгісін жасаңдар,-дей отыра «Қыздарға әсемдік жарасады» бөлімінде шашқа сән үлгісін жасау.

Қыздарымыз шашқа сән үлгісін жасағанша шаш туралы мәліметті жалғастырайық

1- Жүргізуші:-

Шашқа тағатын және оның сәнін келтіріп, мәнін арттыратын, сәндік бұйымдардың ішіндегі асылы -шолпы. Шолпы сәндік үшін ғана емес, шашты өсіретін әрі ұзартатын, желді күнде көтеріп кетпес үшін де тағылады. Әсем, сәнді шолпыларды тек қыз-келіншектер ғана таққан, егде әйелдер тақпаған.

2-Жүргізуші:Шолпының түрлері өте көп: қоңыраулы шолпы, үзбелі шолпы, тізбелі шолпы, сағат баулы шолпы, моншақты шолпы, қозалы шолпы,сылдырмақ шолпы, көзді шолпы.Сұлу шашқа тағылған шолпылар қыз-келіншектер жүрген кезде күн сәулесіне шағылысып, көздің жауын алады. Иесі қозғалғанда, олар әсем дыбыстар шығарып, сұлу қыз, кермаралдай керілген келіншектердің әсем жүрісіне үн қосып, ару сын мен сыйпатын одан әрі ажарлай түседі.

1-Жүргізуші: Қазақ халқы әйелдердің сұлу шашын ертеден-ақ жоғары бағалаған. Осыған байланысты әдет-ғұрыптар, тыйымдар туған. Шашыңды отқа тастама, шашыңды жайма, шашыңды қима деген тыйымдар бар. Жас әйелдің шашын маңдайдан айырып, екі бұрым етіп өрген соң оның арасын бір сүйемдей етіп ұшынан бір-біріне жалғайды, бұл «жұбымыз жазылмасын» деген ақ тілек белгісі. Ал, қыздар бұрымын дара өреді, бір-біріне жалғамайды.

«Қыздарға әсемдік жарасады» бөлімін тамашалайық

Әділқазы бағасын береді.

әдіқазылар бағаларын қорытындылап болғанша

Би: «Қара жорға»

2-Жүргізуші:- «Бұрымды қыз» сайысымыз да мәреге келіп- жеткен сияқты. Бұрымы ұзын, өзі шебер, нағыз қазақтың қызын саралап шығару сәтте келіп жетті. Олай болса ендігі кезекте сөз кезегін әділқазы алқасына береміз.

Марапаттау:

2- Жүргізуші:- : Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам?!

Осымен сайысымыз аяқталды. Көріп, тамашалағандарыңызға үлкен алғысымызды білдіреміз! Сау-саламатта болыңыздар!









Бұрымды қыз



Бұрымды қыз




«Бұрымды қыз» байқауына белсене қатысқан

Бұрымды қыз

«Бұрымды қыз» номинациясы бойынша

м а р а п а т т а л а д ы



Ұйымдастырушы Мектеп әкімшілігі

2012 жыл


Бұрымды қыз


Бұрымды қыз



«Бұрымды қыз» байқауына белсене қатысқан

Бұрымды қыз

«Өнерлі қыз» номинациясы бойынша

м а р а п а т т а л а д ы





Білімді Шеберлі Инабатты Сымбатты




Тұсаукесу деген не?

Қыз -....

Шілдехана деген не?

Гүл өссе, жердің көркі, ....

Базарлық деген не?

Қызы бардың ...

Сүйінші деген не?

Қыздың көзі....

Қырқынан шығару деген не?

Қызым үйде, ....

Отпен аластау деген не?

Қыз - ....


Айдар деген не?

Қыз-ауылдың көркі,...

Бұрымды қыз

Бұрымды қызӨ.Сахипов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп








Орындаған: Г. Сатанова

© 2010-2022