Аққудың қанатына жазылған жыр

    «Аққудың қанатына жазылған жыр» М. Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби-сазды кеш.   Мақсаты: М. Мақатаевтың өмірімен және шығармашылығымен таныстыру. Ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының идеясын ұғындыру. Поэзияны сүюге және оны мәнерлеп оқуға баулу, жырды жүрегімен түсіне білуге үйрету. Отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.   - Қара саз, қара шалғын өлеңде өстім,   Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің.   Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев   Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім, -   деп ақы...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


«Аққудың қанатына жазылған жыр»

М. Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби-сазды кеш.

Мақсаты: М. Мақатаевтың өмірімен және шығармашылығымен таныстыру. Ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының идеясын ұғындыру. Поэзияны сүюге және оны мәнерлеп оқуға баулу, жырды жүрегімен түсіне білуге үйрету. Отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

- Қара саз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім, -

деп ақынның өзі жырлағандай Мұқағали өлгенімен жез қылыштай жырлары өлгені жоқ.

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар, өлең сүйер, өнер сүйер қауым!

«Аққудың қанатына жазылған жыр» атты М. Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби-сазды кешке кош келдіңіздер.

  • М. Мақатаев «Ей өлең» оқитын 5 - сынып оқушылы Төлешова Ақжүніс.

  • М. Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келді. Ақынның азан шақырып қойған аты - Мұхаметқали, оны еркелетіп «Мұқағали» атап кеткен. Әкесі Сүлеймен осы өңірде алғаш колхоз ұйымдастырушысы. 1941 жылы соғыс басталғанда Мұқағали 10 жаста, әкесі өз тілегімен майданға аттанады. Калининград майданында болған шайқаста 29жасында ерлікпен қаза табады. Үш ұлымен қалған анасы Нағиманға ұлдарын өсіру оңайға түскен жоқ. Ақынды оқытқан - Нұрмолда, 1948жылы Нарынқол орта мектебін бітірген Мұқағали еңбекке ерте араласады. Әжесінің аты-Тиын, жары-Лашын Әзімжанова. Мұқағалидың алты баласы бар. Ақынның тұңғыш өлеңдері 1948 жылы жарық көрген.

  • М. Мақатаев «Арыз жазып кетейін» оқитын 5 - сынып оқушылы Бурабаева Қарақат.



  • Жігітінен қазақтың дос таба алмай,

Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын, - деп Мұқағали

Ф. Оңғарсыноваға жанын жеген қайғыны жырмен жеткізген.

  • М. Мақатаев «Фариза» оқитын 5 - сынып оқушылы Төлешова Ақжүніс.


  • Ақынның поэзиясына алғашқылардың бірі болып жол тілеген Әбділда Тәжібаев «Ғажап даналықтың бір көзі - Мұқағали поэзиясы. Бізде енді поэзия дәуірі басталды»

  • М. Мақатаев «Шеше, сен бақыттысың» оқитын 6- сынып оқушылы Махсут Гулайна.


  • Ақынмын деп қалай мен айта аламын,

Халқымның өзі айтқанын қайталадым,

...Күпі киген қазақтың қара өлеңін

Шекпен жауып өзіне қайтарамын... - деп ақын жырлағандай ақын өлеңіне тағы кезек берейік.

  • М. Мақатаев өлеңдерінен үзінді оқитындар

Қажағұлова Әсел, Алиев Алишер, Галиева Айдана.


  • Сондай - ақ ақынның бірнеше өлеңдеріне ән жазылған. Олар «Саржайлау», «Сәби болғым келеді», «Есіңе мені алғайсың», «Фариза», «Дариға домбырамды берші маған», «Бақытыңды жырлайды», «Бақыт деген».

  • М. Мақатаев ән: «Бақыт деген» орындайтындар 5-6 сынып оқушылары.


  • Жазбадың арзан ойлы жасық өлең,

Қашан да жасық жырдың бәсі төмен,

Жауладың жүректерін Жас өркеннің,

«Аққулар ұйықтағанда», «Бәсіремен».

«Жырлайды жүрек» және «Өмір дастан»

Көпшіліктің көңілін көзін ашқан.

«Соғады жүрек» пенен «Өмір өзен»,

Танытты ақынды өзі, сөзі де асқан.

Ақынның көзі тірісінде 11 кітабы, ал қайтқаннан кейін 12 кітабы жарық көрген. Олар: «Өмір - өзен», «Өмір-дастан», «Шолпан», «Жылап қайттым өмірдің базарынан», «Соғады жүрек», «Жырлайды жүрек», «Қош махаббат», «Аққудың қанатына жазылған жыр».

  • М. Мақатаев «Мен таулықпын» оқитын 6- сынып оқушысы Махсут Гулайна.

  • Ақынның поэмалары «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек» Осы «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан біз адамзат өмір бойы табиғат ананың жемісін аялы бесігінің сәбиі болып келеді. Сөйте тұра оны мәнерлеп қорғаудың орнына оған қастандық жасап, зақым келтіреді. «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ», демекші, адамдар өздерін өсіріп нәр берген табиғаттың жақсылығын ұмытып, жат істерге бой ұра бастайды. Ағылшын халқында «Жер бетінде тек бір ағаш пен бір көл қалғанда ғана өміріміздің бағасын түсінеміз», -деген сөздер бар. Соны поэмадан байқауға болады. «Жетім көлдің» сәнін кетіріп тұрған, халқымыздың қасиетті құсы - Аққу ару арқылы үлкен ойды білеміз.

  • М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» оқитын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кунирова Айсулу Тулегеновна .


  • М. Мақатаев ән: «Саржайлау» орындайтын 5 - сынып оқушылы Төлешова Ақжүніс.

Құрметті қонақтар! Осымен жыр Музасы - Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Аққудың қанатына жазылған жыр» атты әдеби-сазды кешіміз мәресіне жетті. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.


Өткізген: Январцев орта жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

Кунирова Айсулу Тулегеновна



© 2010-2022