Кітап - досым, кітап - ақылшым, кітап – қазынам

Раздел Классному руководителю
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кітап - досым, кітап - ақылшым, кітап - қазынам.

Мақсаты: 1. Кітап-сарқылмас рухани қазына, ақылшы дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.

2. Кітаптың адам өміріндегі маңызы ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.

3. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітапты күтіп ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ұлы адамдардың шығармалары, кітап көрмесі, нақыл сөздер, слайд.

«Кітапсыз-білім жоқ, білімсіз- күнің жоқ», «Кітап-көп ақылдың құйылған көлі».

Барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Психологиялық даярлық.

  2. Кіріспе әңгіме.

Мұғалімнің сөзі:

Кітап та алма ағашы,

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы,

Кітабының әр бетін,- деп Мұзафар атамыз жырлағандай, әдеби кітаптар және оқулықтар сендерге білім көзі рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде-ақ бүкіл адамзаттың мәдениетімен таныса бастаймыз. Бірақ рухани өмірімізде кітаптың алатын орны осымен тоқтап қалмайды. Алға басқан сайын кітап біздің айнымас досымыз серігіміз болып қала береді. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі өнеге, тәрбиелік әсер аламыз, оқыған, тоқығанын көп болса жеңбейтін жау, алынбайтын қамал болмайды жоқ, «Батыр бірді жығады, білімді мыңды жығар»-

Ендеше кітап біздің досымыз, ақылшымыз, рухани қазынамыз екен.

  1. Проблемалық сұрақ.

-Енді екі топ оқушылары, сіздерге мынадай сұрақ қойғым келіп тұр: «Кітап қайдан шығады және не үшін керек?»

1-оқушы: Кітап жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңіреді. Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Фабрика ол ағашты қағаз қылып шығарады. Содан соң оған авторлар жазады, сурет салады, баспахана суреттер мен жазуларды басып, кітап етіп шығарады.

2-оқушы: Кітап- заманымыздың өмірі ол кәріге де, жасқа да қажет. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Кітап біздің дүниетанымымызды кеңейтіп, рухани жан дүниемізді оятып, ертегі, әңгімелер мен сыр шертетін, біздің ақылшымыз.

3-оқушы: Қазақстан азаматтары білімді, мәдениетті, өнерлі болуы керек. Ол үшін терең білім, ғылым жаңалықтарын өткен тарихымызды өнерімізді оқып білуі керек. Кітап, қағаз ағаштан жасалады, ағаш- табиғат байлығы. Кітап жасау үшін көптеген мамандық иелері тынымсыз еңбек етеді.

4-оқушы: Біздің елімізде бірде-бір бала мектептен тыс қалмайды. Жалпыға бірдей білім беру туралы мемлекеттік маңызы бар «Білім туралы заң» қабылданған.

5-оқушы: Алғашқы кітап басып шығару ісі қолмен атқарылған. Адамдар кітап басатын, әріп теретін машинкаларды ойлап тапты. Қазіргі кезде кітап басып шығару ісі механикаландырылған.

6-оқушы: Елімізде кітап шығаруға, оны безендіруге көп-көңіл бөлінеді. Оған қыруар қаржы жұмсалады.

7-оқушы: Оқулықты жыртып, бүлдіруге болмайды. Өйткені әр кітап-Отан байлығы, аға-апаларымыздың еңбегі.

8-оқушы: Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Ол елді, жерді сүюге талапты кішіпейіл болуға, төзімділікке баулиды.

9-оқушы: Кітапты біздің қоғамның әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады. Одан ақыл кеңес, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алады. Кітап- біздің рухани жан азығымыз, досымыз!

Кітап туралы өлең оқу (5-оқушы)

  1. Топтастыру.

  2. Поэзия минуты

  3. Мақал-мәтел, жұмбақ.

  4. Психологиялық рефлексия

  5. Қорытынды

Мұғалім: Иә, балалар, сендер үшін тыным таппай кітапхана сөрелерін жаңа кітаптармен толтырып жүрген кітапханашы апайға сөз берейік.

Кітапханашы сөзі: Кітап туралы мақал-мәтелдердің мағынасын ашу. Кітап адам баласының ақыл- ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал, білім мен тәрбие көзі. Ол-адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі. Кітап басу үрдісі тоқтаусыз жетіле беруде. Ғылым мен техника шарықтап дамыған кезде, баспалар мен полиграфия комбинаттары, компьютерлендірілді. Халқымыз кітапты аса құрметтейді және оған үлкен мән береді. Сондықтан да «Кітапсыз білім жоқ, білімсіз күнін жоқ», «Кітап-білім бұлағы, білім өмір шырағы» дейді.



© 2010-2022