Сценарии на тему Болашақты нұрландырған - Тәуелсіздік

Раздел Классному руководителю
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сценарии на тему Болашақты нұрландырған - ТәуелсіздікСыныбы: 10 Күні: 15.12.2014ж

Тақырыбы: «Болашақты нұрландырған - Тәуелсіздік»

Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік туының желбіреуіне үлес қосқан ата - бабаларымыз, аға -

апаларымыздың ерліктерін насихаттау, өз халқының тарихына сын көзбен

қарап саралай білетін саналы азамат ретінде қалыптастыру. Оқушыларды

отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Өз ұлтының тарихын сүюге,

дамытуға, қорғауға тәрбиелеу.


1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған «Болашақты нұрландырған - Тәуелсіздік» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 23 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін де және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

2-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

Тәуелсіздіктің түп тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта қоймас. Десек те 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек. «Түбін білмеген - тексіз» дейтұғын қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар арманынан туындап жатқан жоқ па?

Оқушы: 1916 жылы Патша жарлық етті: 19 - 45 жас арасындағы қырғыз - қайсақтар майданға алынсын деп.

Он алтыншы жылында 26 маусымда

Алашты қара түн басты,

Найзағай ойнап от шашты.

Жарлығы шығып патшаның,

Ел сенделді, ер састы.

Ежелгі кек оянып,

Көтеріліп жұрт, дауласты

Өз еркімен, бар малымен көшіп - қонып, жаз жайлауда, қыс қыстауда отырған қазақ бар малын етке өткізіп, кәсібінен айырылып аштық жайлады. 1930 жылы аштықтан 313 мыңнан астам адам өлді. 1931 жылы 755 мыңға жетті. 1932 жылы 769 мыңнан астам, жалпы 1931 - 33 жылдар аралығында 2,1 млн қазақ қырылды. 1 млн -нан астам адам республикадан тыс жерге көшіп кетті.

Оқушы:

1937 жыл. Мағжан , Ілияс, Бейімбет шіркін, солар тірі болғанда қазақ әдебиеті әлем әдебиетінің алды болатын еді

Қырылмаса аштықтан байырларың,

Жазықсыз құрбан қылып шыбын жанын.

Қазақ деген қандай ел болар едік,

Көркейтетін байлығымен әлем сәнін.



1 - жүргізуші: Әлия мен Мәншүк халық үшін егіз есім бір ұғым. Москваның Бабушкино Белый қаласын Молодой Тут Шадина деревняларын Невель Ленинград қалаларын қорғауда үлкен ерлік көрсетті.

Мәншүк пен Әлия байтақ елдің бостандығы жолында шыбын жанын пида етті,ал тарих оларға өз төрінен орын берді. Әлия мен Мәншүк есімі мәңгі жадымызда... Олардың бейнесі ерлігі келесі жылдарға ғасырларға бізбен бірге...

1941 - 1945 жылдар. Ұлы Отан соғысы

Әлия мен Мәншүк

(Музыка ойналады)

Ақтолқын, Феруза

Әлия: Біз сіздердей жаңа ашылған гүл едік,

Жерге бақыт, елге бақыт тіледік.

Отан ана, отқа түсіп жатқанда

Біздер ме едік, үй бағатын тірі өлік.

Мәншүк:Отан-ана жылағанда шерленіп,

Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт.

Қара бұлтты қақ жарайық дедік те,

Қолымызға қару алдық ерленіп.

2-жүргізуші:

1986 жылы Алматының бас алаңында желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. 1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.

16 - желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы қаіретті күн еді. Бұл қаіретті күн Қайрат, Қайыркелді, Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік күні еді.

1986 жылы Алматыда болған желтоқсан оқиғасының жаңғырығы алыс жатқан Алтайға да жеткен еді. Өскемен қаласының көкірегі ояу студенттерді де Ушанов алаңына қарай сап түзеп, өлең айтып шеру тартқан. Солардың арасында небәрі 16 жастағы өжет қыз Сәбира Есімбекқызы Мұхамеджанова да бар еді.

Көрініс: Өр мінезді өжет қыз.

Қатысқандар: Күлшар: Сәбираның анасы - 50 жаста.

Ырыс - хат тасушы келіншек - 35 жаста.

Сәбира - 16 жастағы пед.училище 1 курс студенті

Пед.училище мұғалімі - 40 жаста.

Студенттер - 2 ұл.

1 көрініс

(Күлшар апай мектепке келе жатады. Алдынан хат тасушы Ырыс кездеседі).

Ырыс: - Апай, Сәбираның оқу орнынан телеграмма бар.

Күлшар: (Абдырап) - Не дейді, тыныштық па?

Ырыс: Білмедім, әйтеуір «Балаңыздың жағдайына байланысты тезірек жетіңіз» - депті. Мына жерге қол қойыңыз. (Қол қояды, хат тасушы кетеді).

Күлшар: (Сахнада үрейлі кейіпте өз-өзіне сөйлейді). Не үшін шақырды екен?

Пед.училищеде жиналыс болады деп еді, соған ба? Не істесем екен? Қой, бұл тұрысымнан ештеңе шықпас. Директордан сұранып ертеңгі жолға жиналайын.

2 көрініс:

(Пед.училище деген жазу ілініп тұру керек)

(Екі студент ұл өздері әңгімелесіп келе жатыр)

1: Ұл: Алматыдағы жағдайды естідің бе? Біздегіден де қиын болыпты ғой, иә.

2: Ұл: Иә, естідім. Үндеме, әне бір кісі келе жатыр. (Күлшар апай қолында ауыр сөмкесі бар, алдарынан шығады).

Күлшар: - Сәлеметсіздер ме, қалқабастар? Пед.училищенің общежитиесы осы арада ма?

1-студент: Иә, міне, келдіңіз.

Күлшар: Рахмет, қалқабастар. Осы общежитиедан Сәбира Мұхамеджанова деген 1-курс студентін шақырып бересіңдер ме?

Студенттер: Жарайды, апай. (Студенттер кетеді).

(Сәбира шығады). - Мама! (Бас салып құшақтайды). Қалдарыңыз қалай? Папамның қалы қалай?

Күлшар: - Бәрі жақсы. Өз қалдарың қалай? Телеграмма алдық. Неге шақыртқан? Соған бола келдім ғой.

Сәбира: - Сіздерге телеграмма барды ма? (Таңғалады). Сіз жолдан шаршап келдіңіз ғой, жатып дем алыңыз.

Күлшар: - Қой, әкебас дем алмай-ақ қояйын. Мына азықтарыңды орналастыр. Не үшін шақырғанын білейін.

Сәбира: - Жарайды, жүріңіз (Кетеді)

(Сахна жабылады)

3 көрініс:

(Сахнада пед.училищенің ішкі көрінісі. Сәбираның кураторы, қазақ әйелі. Сәбира мен Күлшар келеді. Сәлемдесіп отырыңыз деп орын береді).

Мұғалім: - Сізді шақырған себебіміз, мына балаңыз өрескел тәртіп бұзды. Балаңыздың тәртібіне көңіл бөліп, дұрыс тәрбие бермегенсіз. Осы қаладағы нашақорлар мен маскүнемдерге еріп алаңға шықты. Өзіңізді ауыл мұғалімі деп естідік. Сонда мұны қалай түсінуге болады?

Күлшар: - Қойыңдар, қарақтарым, менің баламнан ондай бұзақылық шығуы мүмкін емес.

Сәбира: - Сіз өзіңіз оқу орнының мұғалімі бола тұра ауыл мұғаліміне қалай өтірік сөйлейсіз. Мен ешқашан ондай іске барған емеспін. (Жылайды, жыламсырып ызалықпен сөйлейді). Мама, сіз сенбеңіз. Бәрі жалған, 3-4 күн болды, маған, бәрімізге осындай жала жабылғалы. Рас, мен алаңға шықтым. Студенттерді бастап алып барған да мен. Бірақ, ондағы ойым, маскүнемдер мен нашақорларға ерді деген жалаға қалу емес. Тіпті, ондайлар болған да жоқ. Тек студенттер ғана.

Күлшар: - Не үшін шығып едің, жарығым-ай?

Сәбира: - Өзімнің ұлтымның болашағы үшін шықтым. Мен группамның старостасымын. Екі күн сабаққа бармай, группамды бастап апарған менмін.

Мұғалім: - Сәбира, сен оқушы емессің, сен студентсің. Заң орнына бермей тұрғанда нашақорлар мен бұзақыларға еріп алаңға шықтым деп түсініктеме жаз.

Сәбира: - Жазбаймын.

Мұғалім: - Неге жазбайсың? Жазбасаң заң алдында жауап бересің. Оқудан шығасың.

Сәбира: - Бәрі де жалған жала, бұлай жала жабылып жүргенше оқудан шығып кеткен жақсы. (Шығып кетеді).

Мұғалім: - Міне, балаңыздың өрескел, бұзақы қылықтары бар. Бұлар әлі жас, ештеңе білмейді. Сіз дұрыстап түсіндіріңіз. Түсініктемесін мойындап жазсын.

Күлшар: - Қайдан білейін… Менің баламның өтірік айтуы мүмкін емес. Тіпті, үйде жүргенде де бала болып өтірік айтқанын көргенім жоқ. Мен өзім 5 бала тәрбиеледім. 3 ұл, 2 қыз. Солардың ішінде Сәбираның орны ерекше болды. Халықтың баласын тәрбиелеген ауыл мұғалімімін. Мектептегі де, үйдегі де тәрбиесін білемін. Ондай өрескел қылық көрсететіндей болған жоқ.

(Екі қыз жылап, жүгіріп келеді).

- Апай, Сәбира 4-ші қабаттың терезесінен секіріп кетті. (Барлығы абдырып, Күлшар апай жылап): - Қарағым-ай, жазықсыз жала жабылып, қыршын өмірің қиылды-ау, қайтейін… Сүт кенжем-ай, бұл не істегенің? Не жазығың бар еді? Өлтірді ғой, өлтірді…

1986 жылғы желтоқсан оқиғасы туралы бейне көрініс.

1 - жүргізуші:

16 желтоқсан. Қазір бұл қазақ үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. Енді, міне осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата - бабаларымыздың үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.

Оқушы: Тәуелсіз ел тарихы!
Ерте заман,о бастан қазақ халқы,
Ел болуға талай ғасыр шайқасты
Үйсін,сақтар ғұндардың патшаменен батыры,
Еуропаның төріне,даңқы өрлеп жайғасты,
Алла бізге сыйлады еркіндік пен елдікті,
Оған қоса берген ғой сабырлық пен теңдікті
Зар заманда бірігіп,жұдырық пен найзасы
Қорғады ғой өле-өлгенше басқа ұлт пен теңдікті.
Еділ патша ұрпағы Абылаймен жалғасып,
Елдік үшін күрестік тайсалмастан сан ғасыр
Бастан кешкен зар заман,отаршылдық езгісін,
Болашағы елімнің,бүгінгі ұрпақ көрмесін!!!

2 - жүргізуші:Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан - елім менің


Ән «Қазақ елі» орындайтын Елемесов Есенболат

Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді.
1991 жылы желтоқсанның 1-де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады.
1999 жылы тұңғыш Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев қайта сайлайды, ал 2005 жылы желтоқсан айының төртінші жұлдызында болған сайлауда ел қалауымен Н.Ә.Назарбаев тағы жеті жылға сайланды.
1992 жылы 4 -маусымда Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны» туралы Заңға қол қойды.
1991 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.
1994 жылы 30-маусымда қазақ халқының екінші қыраны-ғарышкер Талғат Мұсабаев ағамыздың аспан көгіне 6 айлық сапарға аттанғанын мақтанышпен айта аламыз.
1993 жылы, 13-қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.Ал,2006 жылы қарашада қолданысқа жаңа үлгідегі теңгелер енгізілді.
1995 жылы ақыл - ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толғанын ЮНЕСКО көлемінде атап өттік.
1995 жылы 30-тамызда Ата Заңымыз қабылданды.
1996 жылы 16 желтоқсанда Алматыда Тәуелсіздік ескерткіші ашылды. Ал, 2001 жылы Тәуелсіздіктің 10 жылдық мерекесі атап өтілді.
1997 жылы Астана Ақмола қаласына көшірілді.
1997 жылы «Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып белдгіленді
1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы»болды.
1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» болып белгіленді.
2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы» болды.
2002 жыл «Денсаулық жылы»деп белгіленді.
2003-2004 жыл «Ауыл жылы» болып саналды.
2005 жыл Дүниежүзі қазақтары үшін құрылтай болды.
2006 жылы Қазақстандағы Пушкин жылы болды.
2006 жыл Ресейдегі Абай жылы деп саналды.
2006 жылы 6-қаңтарда әнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Н.Ә.Назарбаев жазған «Менің Қазақстаным» атты ҚР жаңа мемлекеттік әнұраны бекітілді.
2010 жылы ҚР ҰҚЫҰ Саммитіне төрағалық етті.Осы саммитте Астана декларациясы қабылданды.

2010 жылдың 31 желтоқсанда және 2011 жылдың 7 қаңтар аралығында VII Қысқы Азия Ойындары Астана -Алматы қалаларында өтті.

2012 жылғы 27 қаңтар Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты

2012 ж 14 желтоқсан «Қазақстан-2050» Стратегиясы -қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
2014 ж Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ».

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауы


1- жүргізуші:

Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным - бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

Хор: «»

2 - жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған «Болашақты нұрландырған - Тәуелсіздік» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне де келіп жетті.
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!









«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол - «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті«,- деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық - тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл - Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады. Түркі тарихын, көне түркі мұраларын зерттеуші филология ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлының «MANGI EL» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналында: «Мәңгілік ел - түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк (Тұй-ұқық) негізін қалаған идея...» - екендігін жазған [1, 20-21 бб.]. Елтеріс Құтлық қаған екінші Түрік қағанатын құрғаннан кейін Тоныкөк «Мәңгілік ел» идеясын қолға алды. Мәңгілік ел - мақсаты түрік елінің билігі деп осыдан 13 ғасыр бұрын мәңгілік идеясын ұсынған. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін жасап, мәңгілік ел саясатын Көк Түріктер іске асырды. Сол идея, сол мұрат бүгінгі қазақ елінің бас ұранына айналуда.«Күл тегін» жазуының қазіргі қазақ тілінің нормасына келтірілген Ғұбайдолла Айдаровтың нұсқасында: «Көктегі түркі тәңірісі, түркінің қасиетті жер-суы былай депті: Түркі халқы жоқ болмасын дейін, халық болсын дейін...» - деген жолдар бар [2, 63 б.]. Бұл жерде елдің тарих сахнасынан кетпей, сақталуын тілейді. Мәңгілік ел дегеніміз - мемлекеттің ғасырлар тоғысында, ірі державалар арасында бәсекеге төтеп беріп, өзіндік қорғаныс саясатын ұстану деп түсінуге болады. Орхон өзенінің бойында Түрік қағанатының Ордабалық деген астанасы болған. Қағанаттың хан ордасы мемлекеттің ішкі ядросы. Оны қорғайтын арнайы полиция(тұрғақ деп аталған) және оған қоса тұрақты әскер (шерік деп аталған) пайдаланылды. Ішкі қорғаныс деп атаған екінші шеңбер белдеуін түрлі тайпалар қорғап тұрды. Үшінші шеңберде он-оқ Түркештер тұрды. Қырғыздар, Кидандар, Татабилер, Таңғыттар, Басмылдар да үшінші шеңбердің қорғаушысы болды. Осы үш шеңбер тұтас империяны қорғап тұрды. Түріктер осы 3 шеңберді орнатып болған соң, «Мәңгілік ел» идеясын нық бекемдейді. Ғұлама ойшыл, сазгер, қобыз жасаушы Қорқыт бабамыздың өлімге қарсы тұрып, мәңгі өмірге ұмтылуы, тек Қорқыттың ғана емес, сол замандағы билеушілердің елдің мәңгі өмір сүруін қалағандығын білдіреді. М. Әуезов Қорқыттың мәңгілік өмір туралы толғаныстарының негізгі философиялық түйініп аша келіп, оның болашақ ұрпақ үшін дүниетанымдық маңызы зор, мәңгілік мұра екенін атап өткен. Қазақ халқы арасында тараған аңыздардан Қорқытты бірде айтулы күй атасы ретінде көрсек, енді біразында ол өлім атаулыға қарсы шара іздеген қамқоршы ретінде көрінеді. Қорқытты мәңгі өмірді іздеген, бақилық болғысы келмеген деген түсінікті, халқына жерұйықты іздеген Асан Қайғымен түсіндіруге болады. Асан Қайғы өз халқы үшін ең қолайлы, ең құнарлы жерді іздегендігі белгілі. Утопиялық көзқарастағы Асан қайғының жерұйықты іздеудегі мақсаты, халқының жайлы жерге қоныстанып, болашақта мәңгі ел болуын қалаған. Көрнекті еуразияшыл ғалым, тарихшы-этнолог Л.Н.Гумилев «От Руси к России» атты еңбегінде: «Еуразия құрлығы үш рет біріктірілді. Алғашында оны Ұлы Түркі қағанатын құрған көне түріктер біріктірді. Түріктерден кейін Шыңғыс хан бастаған монғолдар, кейіннен Ресей өз қолына алды» - дейді.[4, 382 б.] Л.Н.Гумилев еуразия құрлығының бірлігі, мәңгілігі туралы ойын көне түріктерден бастайды. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қалыптасып жатқан Еуразиялық идеясының негізінде Ресейлік емес, түріктік ынтымақтастыққа қол жеткізіп, көне түріктердің мәңгілік ел идеясының өміршеңдігін дәлелдеуіміз керек.«Тұтас түрік елі» идеясынан «біртұтас Түркістан» идеясына дейінгі бабаларымыздың атқарған істері едәуір. Елбасы Түрік бірлігі идеясын тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап көтеруде. Ел азаматтары мен Қазақстан саяси элитасының ұлттық идеология қалыптастыру жолындағы ойларын Елбасы сараптады. «Біртұтас Түркістан идеясы», «Түркістан конфедерациясы», «Еуразиялық одақ идеясы», «Қазақстандық ұлт идеясы», «Жерұйық», «Атамекен», «Қазақ Елі идеясы» сынды ұғымдар арқылы мемлекет құрушы қазақ халқы мен тарихи тағдыр тоғыстырған ұлттарға ортақ боларлық идея, мемлекеттік мәнге ие боларлық идеология қарастырылды. Мәңгілік Ел идеясы -қазақ ұлтының мақсат-мүддесіне және елімізді ортақ Отан еткен жүз отыздан астам ұлттар мен ұлыстардың ұлттық идеясына негізделген идеология болатынына сенуге болады. Еуроцентристік көзқарас бойыншатүркі тілдес халықтардың ынтымақтастығына деген сын айтушылар көп. Түркі интеграциясын Т. Рысқұлов пен М.К. Ататүрік бастаса, кейін нақты практикалық шараларды қолға алған ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың шешуші саясаты өз жемісін берді. Н.Ә. Назарбаевтың түрік халықтарының бірлігін нығайтудағы тарихи рөлінің қаншалықты маңызды болғанын аңғаруға болады. Қазақстан Халықаралық «Түрксой» ұйымына қолдау көрсетіп, түрік дүниясының барын бағалап, жоғын түгендеуге жол сілтеді. Халықаралық аренада Қазақстанның беделі нығайған сайын, түрік мемлекеттерінің бірлігі идеясы ашық әрі табанды насихаттала бастады. Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Тарихтың алға қойып отырған өктем талабы әрбір түрік еліне әртүрлі салада саяси, экономикалық, мәдени және гуманитарлық тәсілдермен бірігу проблемасын шешудің бәріне бірдей тең институттық тетіктерін жаппай-тұрмай іздестіруді міндеттейді» [3, 120 б.], - дей отырып, түрік мемлекеттері интеграциясының тиімді жолдарын іздеу қажеттілігін көрсетті. Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2000 жылы 14-желтоқсанда латын алфавитіне көшу мәселесіне қатысты өз пікірін білдіре келіп, өте мұқият дайындықтан соң латын алфавитіне көшетінімізді айтты. Бұл жерде Тоныкөк негізін салған «Мәңгілік ел» идеясын қалпына келтіруші, жандандырушы Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың қазақ халқына славяндық кириллица емес, түркі тектес бауырларымыз қолданатын латын қарпіне көшудің қажеттілігін айтты. «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Түркі халықтары жұмылған жұдырықтай болып біріккен кезде геосаяси өмірге тең құқықты субъект ретінде ықпал ете алады, мәдени әлемдегі өзара қарым-қатынастарда қайдағы бір енжар, ынжық элемент ретінде емес, өзгелермен терезесі тең тұлға ретінде бой көрсете алады. Бұл бағыттағы алғашқы игі қадам ортаазиялық одақтың құрылуы болды. Оның шеңберінде біздің бәрімізге ортақ мәдени ұқсастығымызды жете сезіну арқылы деңгейіміздің көтеріле түсетіні сөзсіз» - деп түрік бірлігінің болашағына зор үмітпен қарады [3, 121 б.] Қазіргі кезде, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүргізілген түркі тілдес мемлекеттерді жақындастыру саясаты, елімізді Орталық Азияның көшбасшысына айналдыру идеясы өз жемісін берді. Оған Түркістандағы Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің ашылуы, 2009 жылы Түркияның «Түрік ошақтары» қоғамдық ұйымынан Н.Ә.Назарбаевқа «Түркі әлеміне қызмет» марапатының берілуі, Астанада Түркі академиясының ашылуы, сонымен қатар, Анкара қаласындағы «Генчлер» саябағына Н.Назарбаев ескерткішінің орнатылуы, Түркия Президенті Абдулла Гүлдің Президент Н.Назарбаевты «түркітілдес халықтардың көшбасшысы» деп бағалауы - Елбасының түркі әлемін біріктіру, экономикалық және мәдени салаларды тығыз байланыстыру жолындағы тарихи еңбегіне берілген әділетті баға болды. Елбасының түркі интеграциясы жолындағы қызметінің мақсаттарының бірі - экономикалық ынтымақтастыққа негізделген. 2012 жылдың 12-желтоқсаны күні Түркия астанасы Анкара қаласында Лев Гумилевтің 100 жылдығына орай өткен «Лев Гумилев және оның түркологиялық ғылыми мұрасы» атты конференцияда Алтайлық түркітанушы Беликовтың: «Бүгін Мая күнтізбесі бойынша тұтас бір кезең аяқталып, түркі жұртының дәуірі басталды!» - деген жалынды сөздері барша түркі халықтарын дүр сілкіндіріп, ертеңге деген ерен сенім ұялатып отырғаны аян. ХХІ ғасырды Түрік мәдениетінің ғасыры болады деп болжам жасаушылардың қатары күн санап артып келеді. Осы орайда Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары, түркітанушы ғалым Дархан Қыдырәлі: «Енді осы Еуразиялық кеңістікті толтыра беруіміз керек. Түріктің бойындағы пассионарлық қасиет қайта оянуда. Түркі мәдениетінсіз, түркілік санасыз, түркі тарихынсыз Еуразия кеңістігін елестету мүмкін емес. Ежелгі түркілер, сақтар мен скифтер, ғұндар мен қыпшақтар Еуразияның ен даласын еркін қоныстанған. Бүгінгі түсінікпен алғанда, Алтын Орданы да Еуразиялық мемлекет деп атауға болады. Біздіңше, Шыңғысхан идеялық тұрғыда ұлы түркілік идеяны көтеріп, қос мұхиттың арасын мекендеген халықтың жадындағы тарихи сананы қайта жаңғыртқан», - дейді. Белгілі тарихшы, 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымов бастаған қазақтардың көтерілісі жайында диссертация жазған ғалым Елтоқ Ділмұхамедовтың қызы Эльза Ділмұхамедова Л.Н.Гумилевтен сұхбат алады. Лев Николаевич Гумилев «Қазақтың пассионар тұлғасы кім?» деген сұраққа: «Ол, әрине, хан Кенелерің» деп жауап беріпті. Эльза Елтоққызы «Қазақстанды алда не күтіп тұр?» деп сұрайды. Сонда ол: «Қазақстанда таяу уақытта мықты серпіліс, пассионарлық дүмпу болады» деген екен. Бұл жерде Л.Н.Гумилевтің этностардың өмір сүруі теориясы бойынша әрбір ұлт, әр халық 1200-1500 жылдай өмір сүреді. Осы кезеңде халықтың туып, өсіп-өркендеп, даму шыңына жететіні, содан соң біртіндеп құлдырап құрдымға кететіні дәлелденген. Осы эволюциялық үрдіске 1500-дей жыл кетеді екен. Ал Қазақ хандығы ХV ғасырдың ортасында құрылды. 14 ғасырдың орта шенінде қазақ халқы пайда болады. Соған қарағанда, халықтың даму жолының шырқау шегіне жақындап қалдық деп ойлаймын. Эльза Ділмұхамедова Гумилевке тағы да бір сұрағын қойып, «халықтың күшейіп бара жатқанын қалай білуге болады?» дейді. Сонда ғалым: «Оның белгісі сол жерде алқалы жиындар өтеді. Халық пассионарлық болып жатса, тарихын зерттейді. Пассионар тұлғалар көбейеді. Алдымен бір адам туады, ол өз ойларымен екінші адамның ойын қозғайды. Және адам баласының ойына келмейтін биік мақсаттар қойып, елді жұмылдырып, соған қол жеткізеді. Міне, пассионар халықтың белгісі осындай» деген екен [5]. Гумилевтың айтқан сөздері жаңа дәуірге қадам басып жатқан Қазақ елінің қазіргі жағдайымен тұспа-тұс келеді. Гумилевтың «алқалы жиындар өтеді» дегені түркі ұрпақтарының ынтымақтастық жолында атқарып жатқан шаралары болса, «тарихын зерттейді» дегені түркі академиясының құрылуы және де 2013 жылы 5 маусымдағы М.Тажиннің ұлттық тарихты зерделеу бағдарламасының жариялануы, сонан кейін, «бір адам туады» дегені Ұлт Көшбасшысының дүниеге келуі, сонымен қатар, «адам баласының ойына келмейтін биік мақсаттар қойып, елді жұмылдырып, соған қол жеткізеді» дегені Елбасының Қазақстан 2030 стратегиясын мерзімінен бұрын аяқтап, дамыған 30 елдің қатарына кіру бағытын алға қоюы деуге болады. Көне түркілердің «Мә .гілік Ел» идеясы үш негізден тұрады: оның біріншісі - көне түркі жазба ескерткіштеріндегі «Мәңгілік Ел» идеясы, екіншісі - Әл-Фарабидің «Қайырымды қалада» философиялық шығармасында, әсіресе, бұл идеяның теориялық-методологиялық тұрғыдан тиянақталуы және үшіншісі - Жүсіп Баласағұнның осы идеяны негіздеген «Құтты Білік» дастаны. Тоныкөк ескерткішінде мемлекеттің тұрақты болуы үшін билікті ұстап отырған қаған мен ақылгөй дана бірауыздылығы, сөз бен істің ажырамауы, елдің тұтастығы үшін ынтымақтың, барлық күштердің ұйытқысы болу қажеттігі түп нысана ретінде айтылады. Түркі халқының елдігінен айырылып, қағансыз қалып, тағы да басқаларға бағынып, одан қайта көтеріле бастағаны, жаңа қаған отырғаннан кейін елдің басын біріктіру шаралары, яғни «түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, түркі елі үшін қызыл қанын ағызып, қара терін төккені, күш-қуатын бергені» паш етіледі.Осының бәрі кейінгі ұрпаққа да үндеу ретінде айтылғаны көрінеді. Сонымен қатар, бұл жерде «Мәңгілік Ел» ұғымы, тәуелсіздік рухы, азаттық идеясы бір-бірімен үндесіп тұр. Әл-Фараби ежелгі грек философиясы мен шығыстың мұсылман ілімдерін байланыстыра отырып, түркі дүниесінің «Мәңгілік Ел» философиясының теориялық негіздемесін жасап берді. Ғалым «Мәңгілік Ел» теориясының негізгі ережелерін «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Мемлекет билеушінің нақыл сөздері», «Азаматтық саясат» шығармаларында баяндайды. Бақытқа жету жолында адамдардың арасындағы қайырымдылық пен түсінушілік, бір-біріне көмек беру, достық пен бейбітшілік, тәрбие мен тәлім - Әл-Фарабидің тұтас әлеуметтік-саяси теориясының ажырамас бір бөлігін құрайды. Мемлекет пен қоғамның кемелденуі туралы әлеуметтік-саяси теориясында мемлекет басқарушылары мен сол қоғамда өмір сүретін адамдардың да ұстануы тиіс мемлекетті басқарудың императивтері мен механизмдері көрсетілді. Сондықтан, бұлардың бәрі қазіргі таңда түркітілдес мемлекеттердің ұлттық құндылықтары ретінде саналуы тиіс. Фараби мемлекеттің міндетін және оның ішкі және сыртқы міндеттерін толық анықтап береді. Сыртқы міндеті ретінде мемлекеттің қайырымды қала тұрғындарын немесе мемлекетті сыртқы жаулардан қорғау, яғни күшті қорғаныс ұйымдастырумен жүктеледі. Ішкі міндеті ретінде мемлекеттің өз халқының бақытқа жетуі үшін көрнекті шараларды іске асыру керек: олар - әділеттілікті орнату, халықты оқыту, оларды керекті ғылыммен толықтыру, адамгершілікке тәрбиелеу, қайырымдылықты тарату және ең жақсы бақытқа жеткізетін әдеттерді бойға сіңіру. Қалған мәселелердің бәрі - экономикалық және саяси мәселелер - негізгі міндетке бағынады, яғни адамдардың бақытқа жетуі олардың рухани жетілуіне тәуелді. «Құтты білік» дастаны Қарахан мемлекеті түріктерінің тілінде жазылғаны белгілі. Жүсіп Баласағұн «Құтты білікті» 1069-1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» шығармасы, араб-парсы әдебиетінің көшірмесі емес. Дастанда X-XI ғасырлардағы Жетісу жерінде тұрған тайпалардың салт-санасы, әдет-ғұрыптары, наным-сенімдері көп жырланған. «Құтты білік» кейіпкерлерінің есімдері де бұрынғы тәңірілік дін нанымдарына қатысты. Басты бейне Күнтуды - әділ ел басшысының рәмізі. Бұл бейне «Күлтегін» («Түркі қағанаты туралы сөз») жазуларынан басталып, әл-Фараби мен Қожа Ахмет Иассауи армандаған түрік мәдениетіндегі үлгі, мұрат тұлғаның бастысы. Жүсіп Баласағұнның басты кейіпкер қылып Күлтегінді көрсетуі түркі мәдениетін жалғастырушы, мәңгілік ел бағдарының қолдаушысы екендігін айқындайды. XVIII ғасырда Қазақ хандығының басын қосып, Айдаһардай Қытайдың аузына түсірмей, ақырған аюдың тырнағынан аман алып қалған Абылай ханның саясаты түркілік мәңгілік ел идеясын жандандырушы тұлғаның ерлігі. Шығыстағы ежелден дұшпанымыз қытайлар жоңғарларды қазақ жеріне айдап салып, сол арқылы қазақ жерін де, жоңғарларды да өзіне қарату еді. Осы соғыста не қазақ, не жоңғар, болмаса екеуі де құруы керек екендігі алпауыт елдердің жаттанды саясаты еді. Бірақ қазақ елі аман қалды. Қазақтың бақытына орай Абылай хандай дара тұлға тарих сахнасына келді. Нәтижесінде бұл соғыста қазақ емес, жоңғар 1758 жылы тарих сахнасынан мүлдем жойылып кетті. Ел басына түскен үлкен қиыншылықтан Абылай хан бабамыз елді біріктіріп, жұмылдырып, соның арқасында қазақ елін аман сақтап қалды. Ендеше, Абылай хан елді біріктірген ұлы тұлға және «мәңгілік ел» идеясын жалғастырушы екендігін мақтанышпен айтуға болады. Мәңгілік Ел - жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының салынуы «Мәңгілік Ел» идеясының мелекеттік идеологияға айналғандығының бір дәлелі. «Мәңгілік Ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылды. Осыдан кейін, «Мәңгілік Ел» «Алла Тағаланың елі, халқы» дегенді білдіреді және мемлекет пен ұлттың уақытпен шектелмеген тұмары болады деуге толық негіз бар. Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні - мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті. Мәңгілік Ел ұлттық идеясы дегеніміз - өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы хақ мұраттарымыз! Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Бас редактор: Ерлан Сыдықов. «MANGI EL» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналы, - Алматы, «Pride Print», баспасы, 09.2013. - 108 бет. 2. Күлтегін Тоныкөк: Ежелгі түркі рун жазбалары (Әдеби нұсқасын жасаған Қадыр Мырза Әли..) - Алматы, «Өлке» баспасы, 2001. - 144 бет. 3. Назарбаев Н. Ә. Тарих толқынында. - Алматы, «Жібек жолы» баспа үйі, 2010. - 232 бет. 4. Гумилев Л.H.От Руси к России. - М: ООО «ИздательствоАСТ», 2002. - 392 с. 5. Зиябек Қабылдинов. Астана ақшамы, Тегі асыл ел тарихын түгендейді, 10.02.2014ж. 6. «АСЫЛ МҰРА» түркі антологиясы. - Астана: Сарыарқа, 2012. - 568 б. 7. Сыздықов С.М., Селиверстов С.В., Сыздықова Ж.С., Джаферсой Н., Кара А., Қабылдинов З.Е. Н.Назарбаевтың еуразиялық идеясы және түркі кеңістігі. Ұжымдық монография. - Астана, «Сарыарқа» баспасы, 2011. - 404 бет.(орыс тілінде) 8. Тоғысбаев Б., Сужикова А. Тарихи тұлғалар. - Алматы, «Алматыкітап» баспасы, 2005. - 368 бет. 9. Ханкелді Әбжанов, Зардыхан Қинаятұлы, Дихан Қамзабекұлы, Гүлшат Нұрымбетова, Абдулкадыр Ювалы.Түркі әлемінің көшбасшылары: өткені мен бүгіні. I кітап. Ұжымдық монография. - Астана, «Сарыарқа» баспасы, 2011. - 456 бет. "Мәңгілік ел" - Халықаралық ғылыми-көпшілік журналы, Бижанов А.С., студент, ғылыми жетекші: А.Ғ. Ибраева т.ғ.д., профессор Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ.

Источник: e-history.kz/kz/contents/view/2416
© e-history.kz

Үстіміздегі жылдың сәуір айында Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде алдағы уақытта «Мемлекеттік құрылыстың одан арғы 100 нақты қадамы» атты Ұлт Жоспарын ұсынатынын айтқан болатын. Жақында Елбасының бұл жоспары халықтың назарына Ұлт Жоспары - «100 нақты қадам» деген тақырыппен ұсынылды.

Ұлт Жоспарының кіріспесінде: «100 нақты қадам» - бұл Жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда Ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары» екені атап көрсетілген. «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Индустрияландыру және экономикалық өсім», «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» деп аталатын бөлімдерден тұратын ресми құжаттың өн бойында мемлекет дамуының алдағы уақыттағы 100 нақты қадамы айқындалған.
«100 нақты қадам» елімізде «2050 - Стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап беретін болады. Жоспардың негізгі мақсаты «аурулардың сыртқы белгілерін» сылап-сипап қою емес, оларды «жүйелі емдеу» болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды» делінген бағдарламалық құжаттың 1-қадамы - Мемлекеттік қызметке қабылдау ресімдерін жаңғыртуға арналған. Онда: Мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталуы тиіс екені атап өтілген. 2 қадамда «Төменгі лауазымдарға кандидаттарды реттеу және одан әрі лауазымдық өсу іскерлік қасиеттер негізінде жүзеге асырылуы тиіс» деген міндет қойылып отыр. 3-қадам туралы айтатын болсақ, мұнда: «Қазақстан республикасының мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің рөлін арттыру» мәселесі бойынша орындалуы тиіс міндеттер жан-жақты баяндалған.
Ұлт Жоспарының 4, 5, 6 және 7 қадамдарында мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданушылар үшін Міндетті түрде сынақ мерзімін ендіру. Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын қызметінің нәтижесіне байланысты өсіру; Еңбекақыны нәтиже бойынша төлеуге көшу. Мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық еңбекақыларына өңірлік үйлестіру коэффиценттерін қосу міндеттері бойынша нақты тапсырмалар жазылған.
Ауыстырылатын мемлекеттік қызметкерлерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде оларға жекешелендіру құқығынсыз қызметтік пәтерлерді міндетті түрде беру (8-қадам); мемлекеттік қызметкерлерді тұрақты түрде оқыту жүйесін заңды түрде бекіту - үш жылда бір рет олардың кәсіби шеберлігін арттыру (9-қадам); мемлекеттік қызметкерлерді мансаптық жоғарылату үшін конкурстық негізге көшу (10- қадам); шетелдік менеджерлерді, жекеменшік сектордың жекелеген мамандарын, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарын мемлекеттік қызметке жіберу (11-қадам); жаңа этикалық ережелерді енгізу. Мемлекеттік қызметтің жаңа Этикалық кодексін жасау (12-қадам) міндеттері мен оларға қатысты нақты мәселелер еліміздегі мемлекеттік қызмет саласын жаңа деңгейге көтерері сөзсіз.
Жемқорлыққа қарсы күрес - Елбасы саясатының басым бағыттарының бірі. Бұл мәселе Ұлт Жоспарының 13-қадамында - жемқорлыққа қарсы күресті күшейту қадамында көрініс тапқан. Сонымен қатар Ұлт Жоспарында Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылдау 14-қадамда, Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылданғаннан кейін іс басындағы мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестаттаудан өткізу мәселелері 15-қадамда сипатталған.
Ұлт Жоспарында сондай-ақ азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру (16-қадам), судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайту (17-қадам), «Оқуды және сот тәжірибесі арасындағы өзара байланысты күшейту үшін сот төрелігі институты мемлекеттік басқару академиясының құрылымынан бөлінуі керек» (18-қадам) деген міндеттер қойылған.
Бүгінде елімізде сот саласын жетілдіруге байланысты көптеген іс-шаралардың атқарылып жатқаны белгілі. Осы орайда Судьялардың есеп беру тәртібін күшейту; судьялардың жаңа этикалық кодексін жасау және т.б. мәселелер Ұлт Жоспарының 19-қадамында көрсетіліп отырғанын айта кеткеніміз жөн. Құжаттың 20, 21, 22-қадамдары сот саласына арналған.
Инвестициялық даулар бойынша жеке сот істерін жүргізуді құру; Дубай тәжірибесі бойынша Астана қаласында «aifc» халықаралық арбитраждық орталығын құру; шетелдік және халықаралық соттардың үздік стандарттары бойынша сот істерін жүргізуді қамтамасыз ету үшін Жоғарғы сот жанынан беделді шетелдік судьялар мен заңгерлер қатысатын халықаралық кеңес құру; Сот ресімдерін оңайлату және сот процестерін жеделдету үшін азаматтық-құқықтық даулар жөніндегі соттарға прокурордың қатысуын қысқарту және т.б. маңызды мәселелер Ұлт Жоспарының 23, 24, 25, 26, 27, 28-қадамдарында көрініс тапқанын айта кеткеніміз жөн.
Құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру, жергілікті полиция қызметін құру, жол полициясы қызметкерлерінің этикасы және өзге де мәселелер 29, 30, 31, 32-қадамдарда келесі міндеттер бойынша айқындалып отыр.
Бас бостандығынан айыру орнынан босаған және сынақтан өту қызметіне тіркелген азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру; мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамыту шеңберінде пенитенциярлық инфрақұрылымды жаңғырту; ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу; жер кодексіне және басқа да заң актілеріне өзгерістер енгізу және өзге де көкейкесті міндеттер Ұлт Жоспарының 33, 34, 35, 36, 37, 38-қадамдарында көрініс тапқан.
Ұлт Жоспарында белгіленген тапсырмалар еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуын одан әрі жетілдіру мәселелері қамтылған. Мәселен, мемлекеттік монополиядан біртіндеп бас тарту; құрылыстың сметалық құнын анықтаудың ресурстық әдісін енгізу; кеңестік кезеңнен бері қолданылып келе жатқан құрылыстың ескірген нормалары мен ережелерінің орнына еурокодтар жүйесін енгізу; электр энергетикасы саласын қайтадан құру тәрізді өзекті міндеттер бүгінгі күн талабымен орайлас келіп отыр.
Бағдарламалық құжатта сондай-ақ ет өндірісі мен өңдеуді дамыту үшін стратегиялық инвесторларды тарту; экономиканың шикізаттық емес салаларындағы орта бизнестің нақты көшбасшы компанияларын қолдауға бағытталған «ұлттық чемпиондар» белсенділігін жүзеге асыру; ғылымды қажет ететін экономиканың негізі ретінде екі инновациялық кластерді дамыту; өндіріске инновациялар енгізу жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру тетіктері бар «ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» заң әзірлеу. Қазақстанды халықаралық көлік-коммуникациялық ағымдарға интеграциялау сынды ауқымды мақсаттар мен міндеттер 61 және 76-шы қадам аралығында көрініс тапқан.
Аталған міндеттердің жүзеге асырылуы ел келешегінің кемел болашағының жарқын болуына негіз болары сөзсіз. Мемлекет басшысы ұсынып отырған Ұлт Жоспары - 100 нақты қадамына енген: «Экономиканың алты негізгі саласы үшін он алдыңғы қатарлы колледж бен он жоғары оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына тарату», Назарбаев университеті тәжірибесін ескере отырып, жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кезең-кезеңімен кеңейту; Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын алға жылжыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу және жүзеге асыру; «Нұрлы болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру және т.б. міндеттер кеңінен атап көрсетілген.
«Іске асыру тетігі» деп аталатын бөлімде бес жұмыс тобынан жасақталған жаңғырту жөніндегі Ұлттық Комиссия құрылғаны туралы айтылған. Ұлттық комиссия бес институттық реформаны кезең-кезеңімен орындауды келісілген басқару бойынша жүзеге асыруы, тұжырымдамалық шешімдер қабылдап, іс-қимылдың нақты жоспарын айқындауы тиіс екені және өзге де жайттар атап көрсетілген.

Дамудың іргетасы - патриотизм

Бүгінгі күні Қазақстанның алдына қойып отырған басты мақсаты - әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына қосылу. Адамзат баласы дамып-өркендеудің үлкен бір шыңына жеткен сынды көрінетін ХХІ ғасырда даму, алға жылжу қай ел үшін де, соның ішінде Қазақстан үшін де оңайға соқпасы анық. Сондықтан, құжатта атап өтілгендей, мемлекеттігімізді нығайтып, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызу үшін беріктік қорын жасап беруге бағытталған осы «100 нақты қадам» жоспары көпшілік тарапынан қолдау тауып отыр.

Нақты көрсетілген 100 қадамның ішінде 85-қадам - «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеу. Елімізде өткен жылы қабылданған Қазақстан Республикасының мәдени саясат Тұжырымдамасында жаңа мәдени саясаттың стратегиялық басым бағыты - «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы екені атап көрсетілген болатын. Облысымыздың мәдениет саласының қызметкерлері жыл сайын, орта есеппен алғанда, 20 мыңнан астам мәдени-көпшілік шара ұйымдастырады екен. Бұл шаралардың әрқайсысын өткізуде ұлтты біріктіруге, мемлекеттілікті нығайтуға қызмет ету, жас ұрпақ тәрбиесіне үлес қосу сынды асқақ мақсаттар көзделеді.

Қай мемлекеттің де өркендеп-дамуына азаматтарының Отанға деген сүйіспеншілігі, патриотизмі іргетас болады. Осы орайда 89-қадамда мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына Мәңгілік Ел құндылықтарын енгізу жөнінде айтылған. Біз «Болашақ - жастардікі» дейміз. Расында, алдағы жылдарда елді дамытатын да, сол дамыған дәуірдің жемісін көретін де - жастар. Жастарымыздың білімді, денсаулықтары мықты болып өсулері үшін ғана емес, сонымен қатар, олардың өз елінің шынайы патриоттары болып ержетуі жолында тер төгу бүгінгі аға буын өкілдері үшін зор міндет деп білемін.
Гүлсім Қаратаева,

гілік Ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман - тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық», - деді Н. Назарбаев.

Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі - Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық. Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ - Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы - Мәңгілік Ел!

Мемлекет басшысы Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары - «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы етіп алғандығын айтты. « Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл - әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана - Мәңгілік Ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек».

««Қазақстан 2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, сүйікті халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін, Елдігіміз Мәңгілік!», - деді Мемлекет басшысы.

Все права защищены.

При использовании материалов strategy2050.kz в любых целях, кроме личных, гиперссылка на веб-сайт strategy2050.kz обязательна.

При использовании материалов strategy2050.kz:

- в печатных изданиях или в иных формах на материальных носителях - бумага, пленка и т.п., пользователь обязан в каждом случае указывать, что источником материалов является веб-сайт strategy2050.kz;

- в Интернете или иных формах использования в электронном виде, пользователь в каждом случае использования обязан размещать гиперссылку на главную страницу веб-сайта strategy2050.kz «strategy2050.kz».

МӘҢГІЛІК ЕЛ - МЫҢЖЫЛДЫҚ МӘНІ БАР ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ИДЕЯ













2-жүргізуші:

1986 жылы Алматының бас алаңында желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. 1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.

16 - желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы қаіретті күн еді. Бұл қаіретті күн Қайрат, Қайыркелді, Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік күні еді.

1986 жылы Алматыда болған желтоқсан оқиғасының жаңғырығы алыс жатқан Алтайға да жеткен еді. Өскемен қаласының көкірегі ояу студенттерді де Ушанов алаңына қарай сап түзеп, өлең айтып шеру тартқан. Солардың арасында небәрі 16 жастағы өжет қыз Сәбира Есімбекқызы Мұхамеджанова да бар еді.

Көрініс: Өр мінезді өжет қыз.

Қатысқандар: Күлшар: Сәбираның анасы - 50 жаста.

Ырыс - хат тасушы келіншек - 35 жаста.

Сәбира - 16 жастағы пед.училище 1 курс студенті

Пед.училище мұғалімі - 40 жаста.

Студенттер - 2 ұл.

1 көрініс

(Күлшар апай мектепке келе жатады. Алдынан хат тасушы Ырыс кездеседі).

Ырыс: - Апай, Сәбираның оқу орнынан телеграмма бар.

Күлшар: (Абдырап) - Не дейді, тыныштық па?

Ырыс: Білмедім, әйтеуір «Балаңыздың жағдайына байланысты тезірек жетіңіз» - депті. Мына жерге қол қойыңыз. (Қол қояды, хат тасушы кетеді).

Күлшар: (Сахнада үрейлі кейіпте өз-өзіне сөйлейді). Не үшін шақырды екен?

Пед.училищеде жиналыс болады деп еді, соған ба? Не істесем екен? Қой, бұл тұрысымнан ештеңе шықпас. Директордан сұранып ертеңгі жолға жиналайын.

2 көрініс:

(Пед.училище деген жазу ілініп тұру керек)

(Екі студент ұл өздері әңгімелесіп келе жатыр)

1: Ұл: Алматыдағы жағдайды естідің бе? Біздегіден де қиын болыпты ғой, иә.

2: Ұл: Иә, естідім. Үндеме, әне бір кісі келе жатыр. (Күлшар апай қолында ауыр сөмкесі бар, алдарынан шығады).

Күлшар: - Сәлеметсіздер ме, қалқабастар? Пед.училищенің общежитиесы осы арада ма?

1-студент: Иә, міне, келдіңіз.

Күлшар: Рахмет, қалқабастар. Осы общежитиедан Сәбира Мұхамеджанова деген 1-курс студентін шақырып бересіңдер ме?

Студенттер: Жарайды, апай. (Студенттер кетеді).

(Сәбира шығады). - Мама! (Бас салып құшақтайды). Қалдарыңыз қалай? Папамның қалы қалай?

Күлшар: - Бәрі жақсы. Өз қалдарың қалай? Телеграмма алдық. Неге шақыртқан? Соған бола келдім ғой.

Сәбира: - Сіздерге телеграмма барды ма? (Таңғалады). Сіз жолдан шаршап келдіңіз ғой, жатып дем алыңыз.

Күлшар: - Қой, әкебас дем алмай-ақ қояйын. Мына азықтарыңды орналастыр. Не үшін шақырғанын білейін.

Сәбира: - Жарайды, жүріңіз (Кетеді)

(Сахна жабылады)

3 көрініс:

(Сахнада пед.училищенің ішкі көрінісі. Сәбираның кураторы, қазақ әйелі. Сәбира мен Күлшар келеді. Сәлемдесіп отырыңыз деп орын береді).

Мұғалім: - Сізді шақырған себебіміз, мына балаңыз өрескел тәртіп бұзды. Балаңыздың тәртібіне көңіл бөліп, дұрыс тәрбие бермегенсіз. Осы қаладағы нашақорлар мен маскүнемдерге еріп алаңға шықты. Өзіңізді ауыл мұғалімі деп естідік. Сонда мұны қалай түсінуге болады?

Күлшар: - Қойыңдар, қарақтарым, менің баламнан ондай бұзақылық шығуы мүмкін емес.

Сәбира: - Сіз өзіңіз оқу орнының мұғалімі бола тұра ауыл мұғаліміне қалай өтірік сөйлейсіз. Мен ешқашан ондай іске барған емеспін. (Жылайды, жыламсырып ызалықпен сөйлейді). Мама, сіз сенбеңіз. Бәрі жалған, 3-4 күн болды, маған, бәрімізге осындай жала жабылғалы. Рас, мен алаңға шықтым. Студенттерді бастап алып барған да мен. Бірақ, ондағы ойым, маскүнемдер мен нашақорларға ерді деген жалаға қалу емес. Тіпті, ондайлар болған да жоқ. Тек студенттер ғана.

Күлшар: - Не үшін шығып едің, жарығым-ай?

Сәбира: - Өзімнің ұлтымның болашағы үшін шықтым. Мен группамның старостасымын. Екі күн сабаққа бармай, группамды бастап апарған менмін.

Мұғалім: - Сәбира, сен оқушы емессің, сен студентсің. Заң орнына бермей тұрғанда нашақорлар мен бұзақыларға еріп алаңға шықтым деп түсініктеме жаз.

Сәбира: - Жазбаймын.

Мұғалім: - Неге жазбайсың? Жазбасаң заң алдында жауап бересің. Оқудан шығасың.

Сәбира: - Бәрі де жалған жала, бұлай жала жабылып жүргенше оқудан шығып кеткен жақсы. (Шығып кетеді).

Мұғалім: - Міне, балаңыздың өрескел, бұзақы қылықтары бар. Бұлар әлі жас, ештеңе білмейді. Сіз дұрыстап түсіндіріңіз. Түсініктемесін мойындап жазсын.

Күлшар: - Қайдан білейін… Менің баламның өтірік айтуы мүмкін емес. Тіпті, үйде жүргенде де бала болып өтірік айтқанын көргенім жоқ. Мен өзім 5 бала тәрбиеледім. 3 ұл, 2 қыз. Солардың ішінде Сәбираның орны ерекше болды. Халықтың баласын тәрбиелеген ауыл мұғалімімін. Мектептегі де, үйдегі де тәрбиесін білемін. Ондай өрескел қылық көрсететіндей болған жоқ.

(Екі қыз жылап, жүгіріп келеді).

- Апай, Сәбира 4-ші қабаттың терезесінен секіріп кетті. (Барлығы абдырып, Күлшар апай жылап): - Қарағым-ай, жазықсыз жала жабылып, қыршын өмірің қиылды-ау, қайтейін… Сүт кенжем-ай, бұл не істегенің? Не жазығың бар еді? Өлтірді ғой, өлтірді…

1986 жылғы желтоқсан оқиғасы туралы бейне көрініс.

Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным - бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

Тәуелсіз ел тарихы!
Ерте заман,о бастан қазақ халқы,
Ел болуға талай ғасыр шайқасты
Үйсін,сақтар ғұндардың патшаменен батыры,
Еуропаның төріне,даңқы өрлеп жайғасты,
Алла бізге сыйлады еркіндік пен елдікті,
Оған қоса берген ғой сабырлық пен теңдікті
Зар заманда бірігіп,жұдырық пен найзасы
Қорғады ғой өле-өлгенше басқа ұлт пен теңдікті.
Еділ патша ұрпағы Абылаймен жалғасып,
Елдік үшін күрестік тайсалмастан сан ғасыр
Бастан кешкен зар заман,отаршылдық езгісін,
Болашағы елімнің,бүгінгі ұрпақ көрмесін!!!

© 2010-2022