Классный час на тему Желбіре, Жеңіс Алауы!

Раздел Классному руководителю
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Б.Момышұлы атындағы

Алматы Республикалық

«Жас Ұлан» мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Қалниязова А.Қ.


Мектепішілік шара

«Желбіре, Жеңіс Алауы» Ұлы Жеңістің 70 жылдығына және

ҚР Қарулы күштері күніне арналған мерекелік шара


Ән. Тёмная ночь

(Сахна соғыстың бейнесімен безендірілген. Ортада тау, оң жағында блендаж, сол ақ қайың ағшы орнаталады. Оқушы «Тёмная ночь» әнін орындайды. Сахнаның ортасынан қолына шырақ ұстаған оқушылар сахнаға қарай көтеріледі. Слайдта документальді фильм жүріп отырады, кадр тоқтағанда төрт оқушы сахнаға шығады)

Ведущий 1: Жеңімпаздар ұрпағы! Ұлы Жеңіс ардагерлерінің ұрпағы. Бұл ұлы адамдар басынан талай қиын кезеңдерді бастан кешті.

Ведущий 2: Это радость тех, кто четыре года, долгих четыре года войны мечтал об этом дне, шел к этому дню.

Ведущий 3: Қараңыздар ұлы Жеңіс алып берген батырларға! Қараңыздар соғыстан аман есен оралғандарға! Бұл қуаныш жасы ғана емес, жүрегімен шын жылаған халықтың нағыз көз жасы

Ведущий 4: О двадцати семи миллионах своих сыновей и дочерей скорбит народ в этот день.10 секундный кадр

1-жүргізуші:

Армысыздар! Құрметті ұстаздар, офицер мырзалар, тәрбиеленушілер!

Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Ендеше, бүгінгі «Желбіре, Жеңіс Алауы» деп аталатын Ұлы Жеңістің 70 жылдығына және ҚР Қарулы күштері күніне арналған мерекелік шарамызға кош келдіңіздер!

2-жүргізуші:

Добрый день дорогие друзья!

Течет река времени, уже 70 лет минуло с того страшного дня, когда настежь распахнулись огромные двери войны. Много воды утекло с тех пор, заросли шрамы окопов, исчезли сажонных городов, выросли новые поколения, но в памяти человеческой 22 июня 1941 года осталось не просто как роковая дата, а как рубеж и начало отчета долгих 1418 дней и ночей!

  1. жүргізуші:

Жеңіс күні - Ұлы күн! Ол - қайтқандарға ескерткіш, тірі қалғандарға - марапат.

Аға ұрпақтың ерлік даңқын ұмытпау және оған тағзым ету- біздің азаматтық парызымыз.

біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ.

2-жүргізуші:

4 часа утра 22 июня 1941 года.

Уже сражалась Брестская крепость, уже фашисты бомбили Киев, Львов, Минск, по дорогам страны уже шла война.

1418 дней и ночей были яростной борьбой со злом ради торжества добра!

Сегодня мы оглядываемся на те сороковые - роковые, на трагические, огненные, горькие 4 года войны , и хочется сказать:

Поклонимся великим тем годам!

Поклонимся живым и мёртвым, бессмертным и бесстрашным, и тем, кто принял бой на рассвете 22 июня 1941 года, и тем, кто, пройдя через всю войну, добил врага там, откуда война началась - в поверженном Берлине.

«Танцплощадка танцуют пары»
Звучит мелодия «Рио - Рита». На танцплощадке танцуют нарядно одетые молодые люди (три пары), они тихо беседуют, смеются. На лицах - выражение безмятежной радости, в глазах - счастливый блеск. Мелодия внезапно обрывается, сменяясь нарастающим воем авиабомб, разрывом снарядов. Девушки в ужасе закрывают головы руками. Юноши пытаются заслонить их от страшных ударов. Все разбегаются.
(Звучит Голос Левитана о объявлении войны
За сценой голос диктора радио)
22 июня, в 4 часа утра, без объявления войны гитлеровская Германия вероломно нарушила границы Союза Советских Социалистических республик.
Небольшая группа людей напряженно слушает сообщение, стоя у репродуктора.
Звучит песня В. Лебедева - Кумача «Священная война»

Поэзия. КЕНЖЕБАЕВ ЕРАСЫЛ домбырамен «Көңіл толқыны» күйін тартып отырады.

10 оқушы дөңгелек шар тәрізді тұрып өлең оқиды.

Біздер жеңдік! 2,5 мин

1-оқушы

Біздер жеңдік! жоқ болып, жаралы боп.

Біз куандық алдымен қаралы боп

Қарсы тұрдық аждаһа алдында біз

Туған жердің аязы, бораны боп,

2-оқушы

Біздер жеңдік,намысты жібермедік.

Аждаһаны кезінде шідерледік.

Қорламасын дедік біз екінші рет,

Тыныш жатқан бір елді бір ел келіп.

3-оқушы

Біздер жеңдік қарумен, түренмен де,

Көгімізден қан тамды түнергенде,

Өзімізді запаста ұстадық Біз,

Әкемізді майданға жібергенде!!!

4-оқушы

Біздер жеңдік:анамыз ақтай солды,

Мамық төсек қайғыдан тақтай болды.

Майдансыз біз шайнаған бір түйір нан,

Кеудемізде қадалған оқтай болды!!!

5-оқушы

Болды!,.

Болды!..

Бәрін де білесіңдер,

Бұл Жеңісті әркім де үлесім дер.

...Аждаһалар тіріліп келе жатыр!

Сақтаныңдар, Адамдар!

Күресіндер!!!

6-оқушы.

Жасылмен бояп қойған ба?

Жап-жасыл таудың бөктері

Қырлар да, мынау ойлар да

Жап-жасыл болып көктеді.

Соғыстың соңғы көктемі.

7-оқушы

Көп болды, жасыл тауларға,

Жап-жасыл бұлттар төккелі,

Әкелді шуақ бар маңға

Соғыстың соңғы көктемі.

8-оқушы

Соғыстың соңғы көктемі

Көп болды нұрын төккелі.

Жап-жасыл анау аспан да,

Аспан да, сірә көктеді.

9-оқушы

Бойына таудың асылып,

Шұғыла тұрды, көк меңі.

Қызғанып, гүлін жасырып,

Қылтанақтар да көктеді.

Соғыстың соңғы көктемі.

10-оқушы

Жап-жасыл шыбық талдағы,

Орманның жасыл шекпені.

Қуанта, бірақ, алмады,

Сонау бір үйді шеттегі

Соғыстың соңғы көктемі....

1-жүргізуші: Хроника Катюша

И не зря про путь к Берлину пели-

Как он был нелегок и не скор,

Песни с ветеранами старели

Но в строю остались до сих пор.

1-Ән. Катюша. Онтай Берік

Оқушылар жауға аттанып бара жатқан сияқты парад құрып әнді орындайды.

(Презентация Катюша)

1-жүргізуші: Ұлы отан соғысында жеңіс оңайлықпен келмеді. Талай ардақты азамат елі, жері үшн жанын аямады. Соның бірі, бірі емес бірегейі - қазақтың Бауыржан батыры. Б.момышұлы бз үшін ең бірінші патриот, еліне адал, қаһарман ұлы. Қызыл армия Москва түбінде Гитлерлік басқыншыларды алғаш рет жеңді. Бұл шайқаста Бауыржан Момышұлы басқарған батальон ерліктің тамаша үлгісін көрсетіп, жауды ойсырата жеңді. Осы ерлік жолдарын кеңесу үстіндегі көріністі тамашалаңыздар!

КӨРІНІС: «Отан үшін отқа түс».

(шағын бөлмеде қабырғадағы картаға мұқият қарап, генерал тұрады).

Генерал: Қап! Мына фашист иттің тікендей қадалып тұрғанын қарашы! Соқыр ішектей созылып тұрғанын лағалеттің. (осы кезде Бауыржан кіреді)

Бауыржан: Бұйрығыңыз бойынша келіп тұрмын жолдас генерал!

Генерал: Ах, соғыс, соғыс! Майдан, қырғын арпалыс, қылшылдаған аяз, қасарысқан дұшпан. Осының барлығына шыдау керек.

Бауыржан: Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тік тұрып өлген артық емес пе?! Шыдаймыз, жеңеміз жауды!

Генерал: Капитан Момышұлы, сізге батальоныңызбен бірге Москва түбін жаудан азат етуді бұйырамын.

Бауыржан: Құп болады жолдас генерал.

«Бауыржан Момышұлына» - Бекмұхамет Санжар

2-жүргізуші:

Ужасы войны нельзя было пережить без веры в победу, надежды и любви. Любовь согревала сердце фронтовиков, заставляла яростней бороться и защищать своих любимых, матерей, детей.

Ән. Смуглянка. Сахнаның ортасында от жағылған оттың айналасында оқушылар әр түрлі іс-қимылдар жасап отырады (хат жазып, ойланып, мылтық тазалап, жарақатын емдеп т.б) сахнаның төрінде презентация фильмнен үзінді қойылады. 10 оқушы жартылай отырып ән салады.

Смуглянка -Құдайбергенов С. - 10 А

Танец -10 Б, 10 В

На русском чтецы:

Байгулбеков -10 В

Булгаков 10 В

Серик Нурман -10 Б

Расул Гамзатов - Клятва сыновей:

С головами поникшими
Над отцами погибшими
Встали мы.

Над легендой повитыми
Их могильными плитами
Встали мы.

Им, как будто бы мысленно,
Тихо мы и не выспренне
Говорим:

"Листья вашего дерева,
А не серая тень его -
Это мы!

Эхо вашего голоса,
Зерна вашего колоса -
Это мы!

Битв минувших не отблески,
А законные отпрыски -
Это мы!

Меж годами посредники,
Вашей славы наследники -
Это мы!

Всех имён ваших словники,
Ваших кровников кровники -
Это мы!

Ваших помыслов вестники,
Вашей правды наместники -
Это мы!

Ваших давних наветчиков
Превратили в ответчиков -
Это мы!

Продолжение повести
Вашей чести и совести -
Это мы!

Ваших судеб защитники,
Не лохматые битники -
Это мы!

Ваших дум воплощение
И грехов отпущение -
Это мы!

Верность вашим обличиям,
Верность вашим обычаям -
Мы храним!

Верность вашему воинству
И мужскому достоинству -
Мы храним!

Верность вашему мужеству
И великому дружеству -
Мы храним!

Верность вашей душевности
И святой вашей верности -
Мы храним!

Сами ставшие взрослыми,
Вам клянёмся мы веснами,
Светом собственных глаз

И огнём над метелями,
Хлебом и колыбелями -
Быть достойными вас!"

І жүрг.: Соғыс кезінде оқ атылмады демесе, ауылдағы тіршіліктің қиындығы майдандағыдан кем болған жоқ. Аналар мен балалар, ақсақалды аталар бәріне төзді. Таңның атысынан күннің батысына дейін ферманың жұмысымен әскерлерге арнап шұлық тоқыды. Соғыс кезінде ауылдағы жас балаларда жан-тәнімен майданды қару-жарақтандырып отырды. Сол балалардың тыныс-тіршілігі туралы мектеп тәрбиеленушілерінің драмалық қойылымын тамашалаңыздар.

Көрініс. Жаралы гүлдер. Авторы С.Жүнісов

Жайлап «Журавли» әні орындалып тұрады. Сахнада кабинет ортада плакат «Родина мать-зовет» қолынан қаны тамып тұрған фашистің суреті, стол орындық. Орындықта военком қалың ойда отырады. Арлы-берлі жүреді (0,5 секундай жай музыка содан бірден соғыс музыкасы қойылады). айт-два деп бес-алты балалар шулап кабинетке кіреді.

Военком: Вольно! Ал сөйлеңдер, болашақ жауынгерлер (ұсқындарына қарап жымияды).

Қасым: Жолсдас капитан! Бәріміз де өз еркімізбен әскерге сұрана келдік.

Бақыт: Неміс басқыншыларымен соғысамыз.

Военком: Мылтық ата білесіңдер ме?

Бәрі де: Білеміз білгенде қандай.

Қасым: Мен жолдас капитан, ұшып бара жатқан үйректі көздемей атып түсіре беремін.

Военком: Жау саған үйрек емес. Мылтық ата білсең оны алып жүре де білесің ғой.

Қасым: Ехе, мылтық түгілі бір қап бидайыңызды иыққа салып қайқаңдай жөнелгенде......Сіз менің күшімнен қорықпаңыз.

Военком: Мылтықты жай көтеру бар да, Берлинге дейін жеткізу бар.

Қасым: Енді мылтық орта жолда тастап, Берлинге өлең айтуға бармайтын шығармыз.

Военком: Тіл бар, балақай, тіл ұзын. Бірақ бой қысқа.

Қасым: Сіз менің бойыма қарамаңыз. Соғыс басталғалы шөгіп қалған бойды кемітіп қайтесіз. Әкеңіз, ағаларыңыз майданға кетіп, бар үйдің жұмысы мына мойныңызға түссе, сіз де өспей қалар едіңіз.

Балшекер: Мұны біз Пинин Короткий дейміз.

Қасым: Бойым аласа демесеңіз, осылардың бәрінен үлкенмін. Жас деген біраз жерге келіп қалды ғой.

Военком: Нешедесің? Нешінші кластасың?

Қасым: Он алтыдан...... он... сегізге кеттік.

Қасым: (күмілжіп). Жетінші класта.Жолдас капитан, биыл бір класта үшінші жыл отырмын.Сабақ жағына кінәліміз.

Военком. Үш жыл?! оһо, Жо-жоқ, жаман оқушы- жақсы солдат бола алмайды.

Қасым. жолдас капитан, үш үйдің жұмысы мойнымда. оның үстіне колхоз жұмысы. Шөп шабу, егін ору, шым ою, қыста мал жайлау, ең арты диірмен тартуға дейін менің мойнымда.Оқуды қай жерде оқимын.Ал, немістерге септік жалғауы мен көбейту амалын айтуға бармайтын шығармын.

Бақыт. жолдас капитан, мен жақсы оқимын. Мені әскерге алыңызшы.

Военком. Сен нешедесің?

Бақыт. Он төрттемін

Военком. Жоқ,сен тым жассың.

Қасым. Айттым ғой сендерді, алмайды деп,жассыңдар. Мына мен болсам бір сәрі.

Бақыт. Иә,деген жасқа қарамайды. Украинада бізден жас балалар соғысып жүр емес пе?

Военком. Олар неміс қолында қалған балалар- партизандар.

Бақыт. Маған партизан болса да бәрібір. бірақ әкемді көре алмаймын ғой онда.

Военком. Әкең қайда?

Бақыт. Соғыста. Екінші Украина майданында. Бес ай болды хат келмегелі.

Военком. Фамилиясы кім?

Бақыт.Мәмбетов

Военком. (селк етіп) Мәмбетов?

Бақыт.Білесіз....Соңғы рет командирі мақтап жазған хатты апама өзіңіз әкеп бергенсіз.

Военком. (даусы жарықтанып) Иә,иә, білемін. Папаң ең алдыңғы қатарлы солдат.Өте мақтаулы азамат. (Сөзді бұрып) Сенің атың кім?

Бақыт.Бақыт

Аплаш. Мұны біз Сыбызғы дейміз. Сыбызғыны шебер тартады.Өзі де қурайдай ғой.

Балшектер. Және ақын өзі. Немістерте шығарған өлеңі де бар.

Военком. Қане, айтшы, Бақыт өлеңіңді

Бақыт. Онша мықты емес,жолдас капитан.

Военком. Сонда да тыңдайық.

Қасым. Бақыт слушай мой команда!

Бақыт. (алға шығып).Енді....(күмілжіп) сіз сұраған соң айтайын:

Немістер-қанға жеріген,-

Адамның етін жегіштер!

Айн,звай,драй

Болсам да мен сыбызғы-қылдай қурай,

Қолымда екі пұттық пулеметпен

Сендерді жоқ қыламын шөптей турай.

Неміс-неміс-колбаса,

Мен турайын сен аса!

Аталар салған батырлық жолда

Айнымай біздер тұрамыз,

Отанға кірген аш қасқыр-немістерді куамыз.

Жауыздардың бастарын жұлып, тістерін қағамыз,

Өз жерінде-қойдай бәрін қырамыз!

Айн,звай,драй

Біздердің салтымыз солай!

Неміс-неміс-колбаса,

Мен турайын сен аса!

(Қолында драу қамшы, бір көзі ақиған шыны көз әскери киімді Баттал тұлан жетіп келді.Балалар военкомның артына тығылды.Баттал өлең оқып тұрған Бақыттың құлағынан бас салды.)

Баттал (құлағын бұрап). -Оһ дизертир, менен бәрібір құтыла алмайсың. Қазір әкеңе танытайын.

Бақыт. Құлағым-ай, құлағым-ай

(Военком арашаға түседі)

Баттал (қамшысын көтеріп). Қане, бәрің де алдыма түсіңдер!

Военком. Тұра тұр. Соншама не боп қалды?

Баттал. Оны мыналардан неге сұрамайсың.Жұмысты тастап, осында қашып келген,қарай гөр. Күз болса мынау. Қырау түсе бастады. Егін жиналмай жатыр.Оһ дизертилер.Соғыста бұлай қашса, әкем болса да табан аузында, так сказать, атып тастар ем.

Военком. (жұмсақ үнмен).- балалар, шынында да бұларың жарамаған екен. Сендер ғой майданға барамыз деп, жұмыстан қашып келіп тұр екенсіңдер ғой.

Қасым. Егін даласы- майдан даласы емес.

Баттал. (ұмтылып). Көрсетейін мен саған майдан даласын (военком тағы арашалап ортасына түседі.) Қарашы тілі мен жағына сүйенуін. Мұның шегедей болып майданшылына не бересің.

Балташ. Сонда немене, айыр,тырнауыш арқалап жүре бермекпіз бе. Барамыз майданға.Әкелерімізден ардақты емеспіз.

Баттал. Куатит енді!

Военком. Балалар, сендер бір нәрсені түсінбей тұрсыңдар. Мұндағы айыр,күректе соғыстағы мылтық. Егін даласы да-екінші майдан.

Баттал. Бұларға не мәймеңке керек. Давай, алға түсіңдер. Табандарыңды тіліп тұрып так сказать күні-түні жұмысқа салмағын бар ғой. Көздеріңе көк шыбын үймелетем!

Военком: (Даусы ащырақ шығады). Жолдас летейнат!

Баттал: Әй, маған әкіреңдеме. Сендей капитанның талайын, орысша айтқанда, видали.

Военком: (Балаларға). Жауынгерлер, в одну шеренгу становись! Смирно! (балалар әскерге алатындай қуанысып, тез стройға тұрады). Равнение на середину! Балалар, сендер тылдағы жауынгерлерсіңдер. Сендердің ағаларың, майданда қан кешіп жүр. Оларға жылы киім, оқ-дәрі, нан керек. Оны дайындайтын тылдағы біздер. Сендер бала да болсаңдар, бар жұмысты атқаратын азаматсыңдар. Тылдағы көмек-сендердің қолдарыңда. Отан сендерге қарап отыр. Қазір сендердің оқу оқып, доп қуып жүретін кездерің. Бірақ оны уақыт көтермейді. Талай балалар мен деревнияларымыз фашистердің қолында. Жау елімізге баса-көктеп кіріп келеді. Егер олар тез шегінсін, жеңілсін десеңдер, жұмыстарыңа барыңдар. Бұйырамын. Қане, смирно! Направо! В плечо вперед, шагом марш!

Баттал: Запивай! (Балалардың соңдарынан ілесе береді).

Военком: Сіз тұра тұрыңызшы. (Балалар ән айтып шығып кетеді)

Военком: Сен балаларға тым қатал екенсің.

Баттал: Немене олардың аузына еміздік салу керек шығар. Қазір бір дән жерде жиналмай қалса білемісің-оның аты Отан алдында, орысша айтқанда, преступление. Қазір балаларды мәймеңкелеп, үлкендерге жарамсақтанатын уақыт емес.

Военком: Ол түсінікті. Әйтпесе, баланың аты бала ғой. Былай алдап жұмсамайсың ба?

Баттал: Алдап! Төбеңе шығып ойнақтасың дейсің бе?

Военком: Жасыңдағы әпербақандығың әлі қалмаған екен.

Баттал: Мұныңда қалай түсінуге болады. Соғысқа барып жуасып барып қайтпадың дегенің бе?

Военком: Байқа балаларды ызалы етіп алма.

Баттал: Өзімде де бір түйір нерві қалған жоқ. Соғысқа бармаған сендер не білесіңдер. Мына бас адам басы ма, қойдың басы ма (өз басын өзі нұқиды). Ал мына көз ненің көзі? Мен немістерге басымды қой басының орнына табаққа сылып, так сказать асатқан шығармын мүмкін.

Военком: Сен Бақыт деген баладан кешірім сұрауын керек.

Баттал: Кешірім? Тип-титтей баладан ба?

Военком: Ол енді бір үйдің сүйенетін сүйеніші, елінің арқа тұтар азаматы!

Баттал: Бір үйдің азаматы???? Әкесі тірі тұрғанда

Военком: Оның әкесі майданда қаза болды.

Бақыт: Әкем...... Трау-трау 1мин

Тырналар туралы өлеңін оқиды. Сахнадан жайменен солдаттар шығады. (соғыс даусы) Солдаттар арасынан жараланған әкесі шығып ұлына арнап өлең оқиды. (Оқтың даусы керек) Оқ тиіп қаза болады. (Шошитын музыка) Бақыт шошынғандай сыңай танытып, әкелеп келіп соңғы сөзін оқиды. Ескерткішке гүл қояды.

Бақыт:

Болмасын соғыс, болмасын,

Жармасын ешкім бомбасын.

Оқ болып ұшып қорғасын,

Тіршілік гүлі солмасын

Болмасын соғыс, болмасын,

Әлемді бақыт торласын

Ақ қанат кептер жаһанға

Тыныштық жолын жолдасын....

Гул шоғын қояды....

2-жүргізуші:

Тем, кто шёл в бой за Родину, выстоял и победил ….

Тем, кто был сожжён в бухенвальдских печах,

Тем, кто на речных переправах шёл, словно камень, ко дну.

Тем, кто навеки, безымянный канул в фашистском плену,

Тем, кто ради правого дела сердце был отдать готов,

Тем, кто под машины ложился вместо понтонных мостов.

Всем тем, кто ушёл в бессмертие и победил, посвящается наш вечер

«..Темная ночь..» әні - Теміргалиев Темірлан -10 Ж

.

ОҚУШЫ:(В.Суслов)

Мы чашу горя выпили до дна.

Но враг не взял нас никаким измором

И жизнью смерть была побеждена

И победили человек и город!

Год сорок второй...

Полгорода лежит в земле сырой

Неугасима память поколений

И память тех, кого так свято чтим,

Давайте, люди, встанем на мгновенье

И в скорби постоим и помолчим.

Ұлы Отан соғысы құрбандарын еске алу үшін 1 минут үнсіздік жариялаймыз

Давайте почтим память всех погибших за Родину минутой молчания.

МИНУТА МОЛЧАНИЯ!!! Презентация

1-жүрг: Ұлы Отан Соғысының жеңіспен аяқталғанына міне 70 жыл болды. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Иә, уақыттың тарихы атты өз төрешісі бар. 1945 жылдың 30 сәуірінің кешінде 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен - Рақымжан Қошқарбаев. 4 жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды. 9 мамыр - Жеңіс күні. Бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келмеді. Иә аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне - 70 жыл.

2-жүргізуші: И все-таки долгожданный день пришел. 9 мая 1945 года-день Победы, день всенародного ликования, радости, но радости со слезами на глазах: 27 миллионов жизней стоила нам эта победа.

Песня «День Победы» Хроника

Ахметов С.

1-жүргізуші. Ер қорғайтын, ер ағалар

Ардағымыз, арымыз

Ерлер тойын, елдің тойын,

Қарсы аламыз бәріміз!

7-мамыр -Қазақстан қарулы Күштерінің туған күні.


  1. Жүрг: Атыңнан айналайын, егеменді ел,
    Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
    Мерейің құтты болсын, Ұландарым!
    Ғасырдың тойы болшы келе берер!

Мектеп ұжымы Мектебіміздегі барлық ер азаматтарымызды, рота, взвод офицер тәрбиешілерімізді мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Келесі орындалар ән шашуымызды қабыл алыңыздар

ӘН:

2-жүргізуші

Пусть служба и работа не всегда проста,

Мы вам желаем жить, любить, трудиться,

А если улыбнется Вам счастливая звезда,

То и до генерала дослужиться.

Поздравляем Вас с праздником-

Днем защитника Отечества!

2-жүргізуші.

Я стать военным пожелал,

Все волновались. Я мечтал:

«А вдруг я буду-генерал!»

Ну что ж, курсантом уже стал.

Родители гордитесь мной

А мне дорогой лишь одной:

Отчизну на словах любить.

Ничто, ей надобно служить.

И если надо-защищать

И даже жизнь свою отдать.

А в день защитника страны

Всех поздравляем отдуши!

І жүрг.:
Бізге бүгін керек емес ертегі,

Ертегіні өз басымда шертеді

Тарих керек - іргетасы халықтың,

Іргетассыз қаланбайды ертеңі

Дегендей Біз ҚР-ның барлық сарбаз-ұландарымызга амандық, денсаулық тілейміз. Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын.

1-жүргізуші:

Біз бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы елміз. Елімізде және жер бетінде мәңгілік тыныштық орнасын!

1-жүргізуші: Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы және Қазақстан Республикасы әскерінің құрылған күні құтты болсын! Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз. Елімізде бейбітшілік болсын! Айбынды азаматтарымыз аман болсын!


© 2010-2022