«Ғасыр қасіретін арқалаған арыстар» әдеби-сазды кеш

«Ғасыр  қасіретін  арқалаған арыстар» әдеби-сазды  кешМақсаты:  Әдеби-сазды кеш  өту  барысында  жас ұрпақты елін, жерін,  Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, Қазақстандықтардың  ерліктерімен  таныстырып, ой-өрісін дамыту. Оқушыларды  үлкен  адамдарды  сыйлай білуге,  оларды  қадірлеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі:  бейнематериал, үнтаспа, гүлдер, шарлар. 1-жүргізуші   -Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Келісемін____________ Бекітемін_______________ Тәрбие ісінің меңгерушісі Мектеп директоры Н.В.Тегай Г.С.Журсумбаева









«Ғасыр қасіретін арқалаған арыстар»

атты әдеби -сазды кеш





өткізілетін күні: 23.10.2014ж сағат 16.00

Өткізген: 8«А», 9«А» сынып жетекшілері М.Г.Сатенова , А.Ч.Арипбекова

















2014-2015 оқу жылы

«Ғасыр қасіретін арқалаған арыстар» әдеби-сазды кеш
Мақсаты: Әдеби-сазды кеш өту барысында жас ұрпақты елін, жерін, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерліктерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

1-жүргізуші- Ботагозина Мадина

2-жүргізуші- Сепбосынова Әмина

Көрнекілігі: бейнематериал, үнтаспа, гүлдер, шарлар.

1-жүргізуші

-Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан да ұмытпақ емес. Әлемді дүрсілкіндірген оқиға 1941 жылы маусымның 22-де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 мамырда бұл оқиға Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 70 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығы.

2-жүргізуші

Қырғын соғыс, қан жылатқан заман - ай
Халқым сиреп, талай қыршын қиылды - ай,
Жан түршігер ауыртпалық көрсек те
Бар тілегім, ұрпағым болсын аман - ай - демекші, қазіргі біздің амандығымыз үшін отқа кеуделерін тосқан ардагерлеріміз жайлы айта кетуді жөн көрдік. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты. Осы соғыста Кеңес Одағының басқа республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында 1 млн. 870 мың қазақстандықтар болған.

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар! Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына арналған «Ғасыр қасіретін арқалаған арыстар» атты әдеби - сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады.

2-жүргізуші: Иә, содан бері 70 бейбіт жыл артта қалды. 1945 жылы 8-мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап, қол қойды. Ал, 9 мамыр күні бұрын-соңды болмаған 1000 зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Міне, Жеңіс күні осылай келген еді. Бүгін сол Ұлы Жеңіске қарумен, қаhармандығмен ат салысқан майдангерлер салтанатты кешіміздің құрметті қонағы. Осы кісілер біздің арамызда отыр: Ұлы Отан Соғысының ардагері - Сакенов Ошақбай атамызға сөз береміз.
Би «Синий платочек»

2-жүргізуші: Жаңғыртып әнмен аспан кеңістігін,
Халқымыз қуанышты тегіс бүгін
Жауды жаншып, Отанды азат еткен,
Құрметтеп қарсы алады Жеңіс күнін,-деп ақын жырлағандай, біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ. Әрбір көктем бізді ойша осынау ұмытылмас күнге 1945 жылдың 9-мамырында қайта оралды.

1-оқушы- Берікқызы Аяжан Мы здесь с тобой не потому, что дата.
Как злой осколок память, жжет в груди.
К могиле неизвестного солдата
Ты в праздники и будни приходи.

Он защищал тебя на поле боя
Упал, не шагу не ступив назад.
И имя есть у этого героя
Великой Армии- простой солдат

Пламя ударило в небо, ты помнишь, Родина?
Тихо сказала: «Вставайте на помощь...» Родина
Славы никто у тебя не выпрашивал, Родина!
Просто был выбор у каждого-Я или Родина.

2-оқушы- Бахтова Айдана «Жеңіс» деген - жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы,
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Шынында бұл-оралған мыңнан бірің,
Бақ нұрына жүзіңді туған күнің
Жеңіс күні өзіңдей көзі тірі,
Майдангерлер бәріңнің туған күнің.

Қара бұлтқа оранбасын күн көкте,
Барлық халық бейбіт өмір сүрмекте
Отанының бақыты үшін мерт болған
Батырларды есіңде ұста, құрметте!

70 жыл бейбіт көктем таң атқалы,
70 жыл шуақты күн таратты әнін
Елімде сонан бері 70 рет
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Соғыста өлгендер тек оралмадық.

1-жүргізуші: Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні,
Жақсы үміттің шырағы жанды міне!
Аспан бетін қаптаған қара тұман
Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні!

Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті!
Жер бетінен жамандық мүлдем үрікті!
Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз,
Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.

2-жүргізуші: Не забыть нам этой даты,
Что покончила с войной.
Победителю- солдату,
Сотни раз раз поклон земной! Вот 70 лет отделяют нас от суровых и грозных лет войны. Но время никогда не изгладила из памяти Великую Отечественную войну. В сердцах людей она жива, потому что до сих пор еще не залечены раны, не иссекла боль, не забыты те, кто отдал жизнь за Великую Победу, живут среди нас ветераны.
1-жүргізуші - Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет етуден аянба деген даналар. Ел басына күн туған кезде намысынан халқының жаратылған, жауға қарсы ұмтылған батырлар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Қазақ батырлары: Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов, Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова. "Ел дегенде емiренiп, жұрт дегенде жүгiнiп қызмет еткен" және туған халқына азаматтық үнi жеткен аяулы жандардың мәртебесi қашан да биiк!

1-оқушы- Қабыкенов Ерсін

Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 - 10 маусым 1982) - 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген.

Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик. Соғыс кезінде жеке басының қаһармандық ерлігімен және ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен ерекше көзге түседі. Бірнеше рет жау қоршауынан жауынгерлерін аман-есен алып шығады. Мәскеу түбіндегі шайқастағы ерлігі сол кездің өзінде Одақ көлеміне аңыз болып жайылады. Осының негізінде орыстың белгілі жазушысы А.Бек «Волоколамское шоссе» (қазақшасы «Арпалыс») повесін жазды. Бұл шығарма кейін бірнеше тілге аударылады.

2- оқушы Абдихатова Әдемі

Қаһарман -намысынан халқының жаратылған

Мың құбылып тұрса-дағы бар маңы, Адамзатты алға бастар Ар заңы! Мір оғындай Момышұлы Бауыржан - Туа біткен туралықтың тарланы.

Әрбір сөзі жас ұрпаққа - тағылым, Бойға жиған ақылы мен сабырын, Өмір бойы шындық үшін күресіп, Жалғандықтың тіліп түскен тамырын!

Жүру үшін тура жолдан бұрылмай, Ар мен Намыс бірге туған ұғымдай. Біздер үшін рухы биік Бауыржан Батырлық пен Ақиқаттың туындай!

Ұшқыр ойды от-қайраққа жаныған, Туған елді өз үйім деп таныған, Жалындаған жастар керек еліме Батыр баба қасиеті дарыған!

3-оқушы- Кенжебеков Ернур

Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов - Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері. 1922 жылы 5-тамызда Сарыарқаның кең-байтақ даласында, Ақмола облысының өзен-көлі тасыған, емдік суы атқылаған Майбалық ауылында туған.

1940 жылы Саратов әскери-авиация мектебінде, екі жыл оқып, сержант шенімен бітірген соң, Чкаловтағы бомбалаушы ұшқыштар мектебін аяқтайды.

1942 жылы майданға аттанады. Соғыста 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы - Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. Талғат Бегилдинов 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, соғыста небір көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман-есен оралған соң, әскери әуе академиясын аяқтайды. Қазақстанның әскери-әуе күштерінде түрлі басқару қызметінде болады. 1956 жылы денсаулығына байланысты демалысқа шығады. КСРО Жоғарғы Кеңесінің үш мәрте депутаты болып сайланады. 1957 жылдан 1970 жылға дейін азаматтық авиацияны басқарды.

1968 жылы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтын бітіріп, мемлекеттік құрылыс саласында да қызмет атқарып, әсіресе, Алматыдағы небір тамаша зәулім ғимараттардың бой көтеруіне атсалысады.

Ән - Төлеуов Ардақ

1-жүргізуші: Сен неткен Отан-анам, ғажап едің,
Әсемдеп көркем тілмен жазар едім,
Болашақ ұрпағының бақыты үшін,
Жайнай бер, ұлы Отаным-қазақ елім.

2-жүргізуші: Вспомним всех поименно,
Сердцем вспомним своим
Это нужно не мертвым-
Это нужно живым.

1-жүргізуші: Ұлы Отан соғысында еліміздің тәуелсіздігі мен халқымыздың бақыты үшін ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етіп, 1 минут үнсіз тұрып еске түсірейік.

2-жүргізуші: Шығыстың қос шынары .
Әлия, Мәншүк қайсар гүлі қазақтың.
Ерлігіне таң қаламын ғажап тым.
Солар төккен қызыл қанның арқасы,
Қазақстан аспанында азат күн.

Ат ауыздығымен су ішкен, ер етігімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты.
Мәншүк пен Әлия туралы естелік әңгіме (әңгіме барысында Әлия мен Мәншүк туралы бейнематериал көрсетіледі)

1-оқушы- Абдихатова Әдемі 2-оқушы- Ерназарова Гүлнұр

1-оқушы: - Иә, кеудесін оққа төсеген қазақтың қарапайым қызы Мәншүк қас дұшпанынан елін қорғаған еді. Ол анасын, туған жерін қатты сағынғанда, қолы қалт босағанда анасына жазған сағыныш хаттары бір толастаған емес. Бұл 1943 жылдың күз айы болатын.

- Қымбатты әпкетай! Сізді түсімде көрдім. Жалпы қазіргі өміріміз көңілді: фашистермен қару тілінде келіссөз жүргізіп жатырмыз. Жеңіспен оралған соң айтатын нәрсе көп-ақ. Қолыңызды қатты қысып, құшып сүйемін. Қызыңыз Мәншүк. Менің майдандас жолдастарым сәлем айтып жатыр.

Мәншүк 1922 жылы дүниеге келген. Шын аты- Мәнсия. Анасы еркелетіп Моншақ деп атап кеткен. Мәншүктің әкесі дәрігер болған. Мәншүк кішкентай кезінен «дәрігер боламын» деп әкесіне еліктеп өскен. Мәншүк соғысқа өз еркімен аттанғанда 19- ға жаңа шыққан талдырмаш, пысық, жігерлі қыз еді.

Ұлы Отан соғысы басталған кезде Алматы медициналық институтында оқып жүрді. Майданға аттанғанда анасы «Жолың болсын, Моншағым!» деп шығарып салады.

Елімді қолыма қару алып қорғаймын деп алдыңғы шепке сұранады. Сөйтіп, қабырғасы қатпаған Мәншүк пулеметші болып шығады

1942 ж. тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты.

Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.

2-оқушы: - Әлия Казачиха деревниясы үшін болған ұрыста асқан батылдық көрсетеді. Әлия өзі жараланғанына қарамастан «Алға!» деп атой салып, жау траншеясына басып кіреді. Осы ұрыста Әлимя оққа ұшады. Ол кезде Әлия 19 жасқа толмаған кез еді. Әлияның денесі осы селоға батыр, жауынгер зиратына қойылған. Сол жерге ескерткіш орнатылған. 1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған, ал 1935 ж. бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды. Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері - Артекке жіберіледі. 1943 ж Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған. Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды.

Сөйтіп, Әлия, Ару Әлия, қаһарман Әлия бізге «Отаным», «елім» деп соққан жүрегін мирас етті.

«Әлия» әні Бейсенбаева Сәния

1-жүргізуші: Ағалар саптан шықпасын,
Аналар қабақ шытпасын,
Бақытқа жетіп бар адам,
Сәбилер тыныш ұйықтасын,- дей отырып, ардагер аталарымызға-әжелерімізге келгендеріне рахмет айта отырып, жылда осы Жеңіс күні біздің арамызда мейрамдай берулеріңізге тілектеспіз.

2-жүргізуші: Он сегізде соғыс атты от кешкен, Жараланып жас денесін оқ тескен, Аталарым, ардагерлер, болшы аман, Зейнетін көр бейнетіңнен мол кешкен. Келешек ұрпағының бақыты үшін, Батырлықпен қорғаған жаудан жерін. Ардагерлер, ұзақ өмір сүріңдерші, Арамызда ардақ болып жүріңдерші! Қызығын сыйлаған бұл дүниенің Ардагер аталарға мың алғыс! Сіздердің құрметтеріңізге ән « День Победы»

2-жүргізуші: Міне, ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз. Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын!

Осымен бүгінгі Ұлы Жеңістің 70 жылдығына «Ғасыр қасіретін арқалаған арыстар»атты әдеби-сазды кешіміз аяқталды. Назарларыңызға рахмет!





© 2010-2022