Сынып жетекшілер сайысы ( ұстаздарға)

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Үздік сынып жетекші- 2015»


Мақсаты: Сынып жетекшілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Қымбатты ұстаздар! Барлығымыз білетіндей жас ұрпақты тәрбиелейтін тұлғалардың бірі ата-анамен бірге ұстаз, соның ішінде сынып жетекші.

Бүгінгі сайыста бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім- тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін, жас та болса ұстаз деген атқа лайық сынып жетекшілеріміз сайысқа түскелі отыр. Құрмет пен қошемет көрсетіп, сынып жетекшілерді ортаға шақырайық.
Шақырып жарыстарға сан салалы,
Жетекшілер тобы бәріңе жар салады.
Ту етіп достықпенен татулықты,
Сайыстың мүшелерін қарсы алайық.
Реукенова Райгүл-10ә сынып жетекшісі

Есқуатова Айнұр -5а сынып жетекшісі

Сүлейменова Айгерім -7а сынып жетекшісі

Дайрабаева Айшолпан 3а сынып жетекшісі

Ақ қазы мүшелері, армысыздар!
Қош кепсіз, есен сау бармысыздар?
Сіздерге үміт артқан жетекшілер,
Әділдікпен төрелік айтыңыздар.
Әділдікпен баға берер ұстазға,
Әділдікпен қара қылды жаруға,
Әділқазы алқаларын сайлайық.
Үздіктерді таңдап бүгін алуға- деп әділқазы мүшелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Мектеп директоры: Ибраева.Г

Мектеп әдіскері: Тәжіғұлова.Б

МДТЖО:Ахметова.А

Эстетикалық бірлестік жетекшісі: Жакупбекова.Р

Бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі:Есқалиева.Р

ІІ-тур. ТАНЫСТЫРУ.
Бүгінде озық- дәстүр, салт-сананы
Берік ұстап, сүйетін от панасын.
Ұстаздар кетсін өзін таныстырып.
Қуантыпмына отырған көрерменді .- деп сайысымыздың бірінші шарты, ата салтымыздан қалыптастып қалған «Сәлем- сөздің анасы » дегендей сайыскерлереміз өздерін- өзі таныстыруға кезек берейік.

ІІІ тур тест


ІУ- тур. Педагогикалық жағдаят
Қане ұстаздар пікірлесіп қарайық,
Қилы-қилы ойды ортаға салайық.
Сан-салалы асыл ойлар тоғысып,
Толғандырған жайды шешіп алайық.
Талас тусын жарқын ойлар жарқылдап,

Шағылыссын найзағайдай шартылдап.
Бойда қайрат, алда арман шақырған,
Қолдан әсем жалын атқан жастық шақ- дегендей сайысымыздың келесі турын бастайық. Сынып ұжымымен , жалпы баламен жұмыс жасау барысында кездескен психологиялық жағдаяттардан шығу тапқырлығы мен ақылдылығын сынайтын сәт те келіп жетті.
(Сайыскерлерге карточка алып, сол карточкадағы жағдаятты шешу ұсынылады. Ойлануға 3 минут.)

Өскелең ұрпақты терең де сапалы біліммен сусындатып жүрген ұстаздар қауымының тәуелсіз елдің алдағы игілігі үшін қосар үлесі мол. Шығармашылық шыңдалуға әріптестермен тәжірибе алмасуда осындай байқаулардың өтуі жаңашылдыққа, ізденіске жетелейді. Сондықтан да осындай байқауды жылда өткізілуі дұрыс деп есептеймін.

© 2010-2022