«Бақытты жанұя – бақытты ел» жанұялық спорттық сайысы

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бақытты жанұя - бақытты ел» жанұялық спорттық сайысы

Мақсаты: Спортық ойындарды ойнай отырып спортқа қызығушылығын арттыру. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Шапшаңдыққа, ептілікке баулу.

Көрнекілігі: Шарлар, газеттер, әндер, медальдар, грамоталар.

Керек құралдар: Кішкене шарлар, доптар, шеңберлер, кедергілер, үлкен доптар, скакалкалар, қаптар, асықтар.

Өтілетін орын: Спорт зал

Барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі


Жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, қонақтар қадірменді ата-аналар және оқушылар «Бақытты жанұя - бақытты ел» апталығына орай ұйымдастырылып отырған жанұялық спорттық сайысын ашық деп жариялаймыз

(ҚР гимні орындалады)


Жүргізуші:

Ал құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер

Сайысымызды бастамас бұрын сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1. Акимова А.М
2 Тураров А.Т.
3. Сеитова Ж.Ж
Спорттық сайысымыз әр кезең сайынын 5 баллдық жүйемен бағаланады.

Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!

Би флешмоб
Олай болса ортаға

  1. «_______________»

  2. «_______________ »

  3. «________________»

  4. «_______________» топтарын ортаға шақырамыз.

Сайысты бастамас бұрын бағдарламамен таныстырып өтейін.
1-тапсырма «Таныстыру»

2-тапсырма «баскетбол добымен жүгіру эстафетасы»
3-тапсырма «Қосаяқ» допты аяқтың ортасына қысып секіру.
4- тапсырма «Допты алып жүру себетке лақтыру»
5-тапсырма « Тасмал» Ойынны
6-тапсырма « Гимнастикалық төсеніштен аунап түсу скакалкамен секіріп келу»
7-тапсырма «Қаппен секіру»
8-тапсырма «Асық ойындары»

9-тапсырма «Арқан тартыс»

1-тапсырма«Таныстыру»

« » тобы ортаға шығады.
Тобының ұраны:
« » тобы ортаға шығады
Топтың ұраны:
« » тобы ортаға шығады
Топтың ұраны:

« » тобы ортаға шығады.

2-тапсырма ««баскетбол добымен жүгіру эстафетасы» допты алып жүруіп барып келу жаттығулары.

3- тапсырма «Қосаяқ» допты аяқтың ортасына қысып секіру допты аяқтың ортасына қысып секіріп бару және допты қойып скакалкамен секіріп келу.
4-тапсырма «Допты алып жүру себетке лақтыру» доп ты алып жүріп келіп себетке бірлет лақтырып салу , қай топ көп гол салса сол команда жеңеді.
5-тапсырма « Тасмал» Ойынның шарты:

Команданың барлық мүшесі бірге қатысады. Анасы мен әкесі қолдарын баланы отыратындай ыңғайлы етіп,баланы көтеріп кедергілерден өту арқылы жүгіру.

Нәтижесі мәреге бірінші жету.

6-тапсырма Гимнастикалық төсеніштен аунап түсу скакалкамен секіріп келу»

7-тапсырма «Қаппен секіру» қапты киіп алып секіріп мәреге жету , қапты шеше салып артқа жүгіріп келу.

8-тапсырма «Асық ойындары» асықты шеңбер ішіне шашып қойып асыққа таласып жйнап алу, қай команда көп асық жинаса сол командаға ұпай көп беріледі ойыншылар бір-бірден таласады.

9- тапсырма «Арқан тартыс»

Ән

Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайтын да уақыт келіп жетті.

Олай болса сөз әділқазылар алқасына беріледі.

Жеңімпаздарды марапаттау.

I орын
II орын
III орын

Жүргізуші:

Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт денген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші сайысымызда өз мәресіне келіп жетті.

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар бүгінгі сайыска алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет.Бүгінгі жеңістеріңізбен құттықтаймын. Баршаларыңызға денсаулық тілеймін. Осымен сайысымыз аяқталды. Келесі кездескеше сау болыңыздар!



© 2010-2022