Лекция на казахском языке Оқушы білімін бағалау және бақылау

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Оқушы білімін бақылау және бағалау

Жоспары:


  1. Оқыту роцесінде білімді бақылау және бағалаудың маңызы, қызметі.

  2. Білімді бақылау мен бағалаудың түрлері, әдістері және формалары.

  3. Қазіргі оқыту жүйесіндегі білімді бақылау және бағалаудың жаңа технологиясы.

  4. Оқыту жүйесіндегі білімді бақылау және бағалаудағы немқұрайлықты жою.

Оқыту процесінде оқушының білім, білік, дағдысын есепке алу бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есетеледі.

Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оның дұрыс ұйымдастыра білуі көптеген жағдайда оқу- тәрбие процесінің табысты болуының кепілі.

Ол үшін мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықта отыруы тиіс.

Бұл бағытта оқушылардың сабақтар жүйесіндегі білім, білік, дағдыларын есепке алу,бақылау және бағалаудың маңызы ерекше.Бақылаудың көмегімен теормялық білімді меңгерудегі сапа, білік пен дағдының қалыптасу дәрежесі анықталады. Осы тұрғыда білім, білік, дағдыны есепке алу және бағалау мәселесіне теориялық және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше. Бақылаудың тақырыптық түрін ұйымдастырудың практикалық мәселелері Т.Горбунов ,Е.С.Березняк, В.И.Иващенко, Е.И.Перовский, С.Ф.Суховский ғылыми педагогикалық еңбектерінде талдаған.Бақылауды ұйымдастыру жекелеген әдістемелік мәселелері жайында М.Р.Львов,А.П.Пышкалов т.б. талдау жасаған. Осылардың негізгі қаралып отырған педагогикалық мәселенің теориялық аспектісі жеткілікті дәрежеде зерттелген деп қорытынды шығаруға болады. себебі, есепке алу, бақылау, бағалауды ұйымдастырудың мәні .Олардың оқу- тәрбие процесіндегі қызметі, формалары мен тәсілдері анықталған.

ІІ. Оқу сапасын тексерудің 5 балдық жүйесі. Оқушылар білімдерінің нақтылы дайындық дәрежесін барлық жағдайда дұрыс көрсетпеген. Ондағы кемшілік оның жеткілікті түрде ішкі және сыртқы кері байланысы қамтамасыз ете алмауында. Осының нәтижесінде оқыту процесінің саасын арттыруда мұғалім әр кезде бағалау жүйесін дұрыс қолана білуі тиіс. Дегенменде бүгінгі таңда оқыту теориясында бақылау мен бағаның мәні тәсілдері жайлы әлі де болса ортақ пікір қалытаспай отыр.Бақылау кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді.Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу әректінде бақылау жасау қызметін атқарады.Олардың творчестволық күшімен қабілетінің дамуына ықал етеді. Бағалау , оқытудың құрамдас бөлігі. Бағалау бір нәрсеніңдеңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының оқу таным әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгерілуі дайындық деңгейме дамуын білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал. Келесі кезекте білім, білік, дағды бақылау және бағалау қызметіне тоқталамыз.

Ол негізгі 3 жақты сипатта болып келеді.

  1. Білім беру;

  2. Тәрбиелеу;

  3. Дамыту.

Білім беру қызметі негізінде оқушылар жаңа білімдерді қабылдайды. Бұрын алған білімдерін толықтырады.

Тәрбиелік қызметі оқушыларды жүйелі түрде жұмыс істеуге үйретеді. Бақылаудың нәтижесінде олар күнделікті сабаққа үзбей дайындалады.

Дамыту қызметінің мңызы сол оқушылар өз бетінше оқу тапсырмаларын орындауда жаңа білімдерді қабылдайды, қорытынды жасайды, баяндамалар әзірлейді, хабарламалар жасайды.

Бағалау да 3 топқа бөлінеді:

  1. Хабарлаушылық

  2. Басқарушылық

  3. Тәрбиелеушілік.

І топ өз алдына белгілеп қоюшылық бағдарлаушы, бақылаушы болу керек. Әрбір баланың көрсеткіштері мен өлшемдеріне мұғалім мен оқушылардың арқа сүйеу жағдайлары іске асады.

ІІ топ. Ұйымдастырушылық, реттеушілік, дәлдеп түзетушілігі болуы керек.Осы топты жүзеге асырудың қажетті шарты бағадағы көрініс тек қана оқытудағы қл жеткізген нәтиженің мөлшері ғана емес, сонымен бірге сапасын белгілейтін көрсеткіш.

ІІІ топ. Қалыптастырушылық, дамытушылық,ынталандырушылық болуы керек.Бұл топтың қызметінің нәтижесін нақты бейнелей білуді.

Білімдік бақылау.

Педагогика ғылымы саласында бақылаудың, көптеген түрлері кең тарағанПрфессор Ж.Б.Қоянбаев ,Р.М.Қоянбаевтың педагогика оқулығында ол тақырыптық тараулар бойынша оқтын-оқтын және қорытынды бағалау деп бөлінген.

Күнделікті бақылау: Оқыту процесінде күнделікті қолданған сабақ барысында оқушылардың оқу танымдылық әрекетіне басшылық жасайды.Ол ішгкі және сыртқы байланыс жан -жақты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.Соның негізі оқушының келесі оқу әрекетіне ықал етеді. Күнде бақылау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі оқушылардыщң сынып немесе үй тапсырмасын өз бетінше орындауға деген қызығушылығы жауапкершілік сезімін ынталандыруда үлкен маңызға ие болады.

Тақырыптық бақылау: оқу бағдарламасындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі.Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге мұғалім жаңа тақырыптық кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады. Кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелерді оқушылардың есіне салады. Барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау роцесінде тақырыптық және тарау бойынша барлық нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойы алған теориялық тәжірибелік білімдері анықталады. Сонда қорытынды бақылаудың негізгі емтихан және оқушылардың жылдық үлгірім бағалары болады.Емтиханмен жылдық үлгірім бағаларынан педаогикалық кеңестің шешіміне байланысты қорытынды бағалар шығарылады. Баға білімді есепке алу ғана емес, ол тәрбиелік құрал . Сонда оқушы білімін бағалауда немқұрайлылыққа салынуға болмайды. Баға балл есебінде көрсетіледі.

Қазіргі кезде білім беру саласының құрылымында сапасын оқу-танымдық әрекет анықталатын 5 балдық жүйелер қолданылады.

«5» - Оқу материалын толық дәл логикалық бірізділікпен айтылған жауапқа қойылады.

«4»- Оқу материалын толық дәл біледі, бірақ болар - болмас кемшілігі бар жауапқа қойылады.

«3»- жауабы негізі дұрыс, бірақ толық емес.Біліміндегі кейбір проблемалар еске алынбаған жауапқа қойылады.

«2»- Оқушы жауабында қателер, білімінде кемшілігі бар жауақа қойылады.

«1»- Тексерілген оқу материалы бойынша білімі жоқ толып жатқан өрескел қателер үшін қойылады. Емтихан оқушылар білшімін қорытынды тексерудің және бағалаудың арнаулы формасы. Емтихан 1944 жылы енгізілген.

Білімді ашық бағалау идеясы.

Лекция на казахском языке Оқушы білімін бағалау және бақылауЛекция на казахском языке Оқушы білімін бағалау және бақылауЛекция на казахском языке Оқушы білімін бағалау және бақылауЛекция на казахском языке Оқушы білімін бағалау және бақылауЛекция на казахском языке Оқушы білімін бағалау және бақылауЛекция на казахском языке Оқушы білімін бағалау және бақылауЛекция на казахском языке Оқушы білімін бағалау және бақылау

Лекция на казахском языке Оқушы білімін бағалау және бақылауЛекция на казахском языке Оқушы білімін бағалау және бақылауЛекция на казахском языке Оқушы білімін бағалау және бақылауЛекция на казахском языке Оқушы білімін бағалау және бақылауЛекция на казахском языке Оқушы білімін бағалау және бақылау


Бағалау.

Бұл белгілі бір материалдық маңызын бағалай білуі, белгілі бір мақсатқа байланысты өзіндік пікір айта білуі, оның дәлелденуі, логикалық факторлармен ұштасуы ескерілуі керек. Бағалау көрсеткішін анықтай білу, бұл көрсеткіш алдындағы 5 көрсеткішті бағалауға мүмкіндік береді.




Лекция на казахском языке Оқушы білімін бағалау және бақылау






Зекенова Рима

№220 орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

© 2010-2022