Сынып сағаты Мен сенің өмірінің жалғасымын

Раздел Классному руководителю
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мақсаты:

Жанұядағы әке мен бала арасындағы байланысты нығайту, ата - ана, ұстаз, оқушы арасындағы ынтымақтастықты жақсарту, оқушыларды ата - аналарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Ата - ана мен, оқушылармен, ұжымдық, топтық жұмысты жүзеге асыру, отбасы тәрбиесі туралы ой - пікірлерін ортаға салу.

Көрнекіліктері: даналық нақыл сөздер,

Анадан өнеге көрмеген қыз жаман,

Атадан өнеге көрмеген ұл жаман.

Халық даналығы

«Ата - ананың тәрбиесі - бала мінезінің іргетасы».

«Бала нені білсе, жастан, ұядан - өле - өлгенше соны таныр қиядан».

Жүсіп Баласағұн.

«Тәртіптің ең тамаша мектебі - отбасы».

С. Смайлс.

«Балаға сіңірген ата - ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды.

Балаға деген махаббатқа ешбір махаббат теңдес алмайды, ол өле - өлгенше суымайтын махаббат».

Ғабиден Мұстафин.

«ХХІ ғасырда отбасы тату, өнерлі болуы тиіс»

Н.Ә. Назарбаев.

Техникалық құрал: компьютер,

Түрі: ойтолғау.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

І. Мұғалім:

- Қайырлы күн, құрметті қоңақтар, ата - аналар, шәкірттер! Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге аттанамыз. Қалай ойлайсыздар, ол қандай әлем болуы мүмкін? Қане, ойланып көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет? Бұл шағын мемлекеттің аты «Жанұя» екен. Бүгін тақырып та осы жанұя, отбасы жөнінде өрбімек.

Ән: «Әке»

Орындайтын: «Жанұя» үйірмесінің мүшесі Батала Шыңғыс.

Алдарыңызда шырқалған әсем ән жолдарында айтылғандай, ата - аналар мен оқушылар бірлескен «Мен сенің өміріңнің жалғасымын...»- атты ой толғау алаңына қош келдіңіздер.

Ата - ана - бәйтерек, бала - жапырақ деген дана сөз бар. Бәйтерек өз тамырынан қоректік заттар алып, оны жапырақтарына жеткізеді. Жақсы ата - ана да бәйтерек сияқты. Отбасында бала нені көріп өссе, соны бойына сіңіреді. Бала тәрбиесінің ең үлкен мектебі - ол өзінің отбасы.

ІІІ. Ой шақыру: «Әке деген кім?» Оқушылар өз ойларын ортаға салу.


  1. оқушы:

«Әкесіз бала - панасыз балапан» - дейді халқымыз. Әрбір баланың әке алдында борыштары мен парыздары, міндеттері бар. Әке алдындағы міндеттер: тілін алу, сөзін тыңдау, ізет көрсету, әдеп сақтау.

Парыздар: балалық міндеттерді орындауды дәстүрге айналдыру, әкеңе көмекші, демеуші, сүйеуші болып, оны әрқашанда қуанышқа бөлеп отыру, кәмелетке жеткен соң әкеге қызмет көрсетіп, қартайғанда асыраушысы болу, әкенің еңбегін өтеу.

2-оқушы:

Әкені сыйламаған балада адамдық сезім жоқ. Ол - бақытсыз. Өйткені ондай балада адамгершілік мейірім, қайырым болмайды. Әкенің алдында дауыс көтермей, дөрекіленбей сөйлеу қажет. Ол жасқаншақтық емес кішіпейілділік, әдептілік болып табылады.

3-оқушы:

Әрбір бала, алдымен, әкенің берген тапсырмасын орындап, содан кейін ғана алдына қойған мақсаттарын орындай бастауы тиіс. Әкенің тапсырмасын орындауға шамасы келмесе, ол әкеден кешірім сұрайды.

4-оқушы:

Әкеге баласы имандылығын, тазалығын, ұқыптылығын, еңбексүйгіштігін көрсете білсе, ол - әкенің қуанышы, бақыты. Әке дәстүріне мұрагер болу - парыз.

5-оқушы:

«Әке тұрып, ұл сөйлегеннен без» - дейді халқымыз. Мінсіз әке болмайды, әкені мінеу, сыпайы сынау достық, әдептілік, сыйластық дәрежеде болу керек. «Әкесінен артып» туған бала әкесін төбесіне көтеріп, құрметтей біледі. Әсіресе бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Сондықтан ол әрқашанда ол өзінше әрекет жасау үшін әкемен ақылдасып отырады.

Сынып сағаты Мен сенің өмірінің жалғасымын...Отбасының тірегі

ӘСынып сағаты Мен сенің өмірінің жалғасымын...Сынып сағаты Мен сенің өмірінің жалғасымын...Сынып сағаты Мен сенің өмірінің жалғасымын...ке: Ұрпағы үшін асқар тау

Мәуелі бәйтерек

Ақылшы, отбасының пірі

«Бала деген кім?» Ата - аналар өз ойларын ортаға салу.

ІV. Құпия хат:


  1. Әке отбасының тірегі. Ұрпағы үшін асқар тау.


  1. Әкем ішіп - келіп отбасы шырқын бұзады. Анам көз алдымда қартайып барады. Қолдан келер шара жоқ


  1. Әке асқар тау, алып қорған мәуелі бәйтерек. Мен әкемді мақтан етем.


  1. Өмір сүргім келмей. Отбасым өзгелердей бақытты емес. Жанға жылулық жүрекке мейірімділік сыйламайды.

«Соқыр ана» туралы монологты тыңдау.

Ән: «Ана»

Орындайтын: «Жанұя» үйірмесінің мүшесі Жеңісбай Елдос.

V. Ендігі кезекті «Мақалдың жалғасын тап» ойынына берейік.

Мақал - мәтелдерді күнделікті тұрмыста жиі қолданып, айтып жүрміз. Мақал - мәтел нақыл сөздер бізді жақсылыққа, адамгершілікке, ізгілікке жетелейді. Жамандықтан, надандықтан жирендіреді. Олай болса мен мақалдың басын айтамын, сіздер жалғасын табуларыңыз керек.

Ата - аналарға:

Әдепті бала ата - анасын мақтатар

(Әдепсіз бала ата - анасын қақсатар)

Ата сүтін ақтамағанды

(Ешкім мақтамайды)

Әкесі тұрып ұл сөйлегеннен без,

(Шешесі тұрып қыз сөйлегеннен без.)

Үйінде ұл - қызы бардың

(Көгінде сөнбес жұлдызы бар)

Биікке шықсаң көзің ашылады,

(Жақсымен жолдас болсаң, көңілің ашылады.)

Оқушыларға:


1.Жығылып жатып (сүрінгенге күлме)

2. Күлме досыңа (келер басыңа)

3.Әдепті бала - арлы бала. (Әдепсіз бала - сорлы бала)

4. Ауру қалса да, (Әдет қалмайды)

5. Ұяда не көрсең, (Ұшқанда соны ілерсің)

VІ. Презентация.

Бүгінгі « Мен сенің өміріңнің жалғасымын...» тақырыбымызда бала әкенің атын шығараты дәлел ретінде «Отбасы - алтын ұя» тақырыбы бойынша «Жанұя» үйірмесінің мүшесі, 9 - сынып оқушысы Бөлендина Айманның дайындаған ауылымыздағы көпбалалы және үлгілі, өнегелі отбасыларының бірі Едресовтар жанұясымен таныс болыңыздар.

(Ата - аналар, оқушылар осы презентация бойынша өз ойларын ортаға салады.)

VІ. Әр отбасының тәрбиелеген балалары осы Едресов Жұмаш атаның балалары сияқты, ата -ананың борышын ақтай білсін деген тілекпен біз сіздермен келесі кезекте

Өлең оқылады: Мектебіміздің математика пәнінің мұғалімі Ләззат

Өмірғалиқызы

Ән: «Әке»

Орындайтын: Қуанышқызы Інжумаржан

Алфавиттің «А» тұрады басында,

Әрқашанда «Ә» тұрады қасында.

Байқадың ба «Б» тұрады үшінші,

Ал, осының сыры неде түсінші?

«А» деген ол - аналар ғой ардақты

«Ә» деген ол - әкелер ғой салмақты

«Б» деген ол - балалар ғой әдемі,

Біздің үйде үшеуі де кәделі.

Алшақ кетпей сондықтан да расында,

Тұрады олар алфавиттің басында

Мұғалім:

Ардақты ата - аналар! Ұл - қызымыздың саналы тәрбие мен сапалы білім алуына күш салайық. Ұлағатты ата, асқар таудай әке, парасатты ана бола білейік.

«Ел болу үшін - бесігіңді түзе» деген ел сенімін ақтап, ата даңқын шығарар тәуелсіз еліміздің болашағын алға апарар, білімді, парасатты ұрпақ тәрбиелеу, ұлы парызымыз деп білейік.









«Ата - ананың

бала мінезінің


«Бала нені білсе,

өле - өлгенше соны

тәрбиесі -

іргетасы».

жастан, ұядан -

таныр қиядан».

Жүсіп Баласағұн.

© 2010-2022