Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінен тыс жұмысы Интеллектуалды ойын

Раздел Классному руководителю
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінен тыс жұмысы

Тақырып: Интеллектуалды ойын

Мақсаты:
1.Білімділік:
1. Оқушылардың бойындағы мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті
одан әрі дамыту, оны әрқашан құрметтеуге баулу.Оқушылардың білім деңгейін байқау
Өз отбасын, Отанын сүйіп, әдепті болуына бағыт-бағдар беру
2.Дамытушылық: сөйлеу дағдысын дамыту, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, танымдық деңгейін көтеру.
3.Тәрбиелік: туған жерінің мәдениетіне, қазақ тіліне құрмет сезімін тәрбиелеу.

Қатысушылар: орыс тілінде оқитын 5-7сынып оқушылары

Көрнекілігі: бейнефильм, слайд, қима қағаздар,суреттер

I Ұйымдастыру кезеңі

1 Оқушылар екі топқа бөлінеді /10оқушы жеребе тартады/

2 Топқа бөлінген соң, топтың атауын және ұранын ойластырады

«Мұрагер»

Ұран: «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа»

«Атамекен»

Ұран: «Құссыз көл жетім, елсіз жер жетім»

II Танысу бөлімі

Әр оқушы өзі туралы әңгімелейді

III «Полиглот»

Үстелде орыс тілінде қима қағазда жазылған сөздерді алып, қазақшаға аудару/кезекпен/

Сөздер: Родина, семья, суверенный, родители,наука, дружба,единство, народ,ученый,талант,независимый, символы,трациции и обычаи,президент,земля предков, пословицы,состязание акынов,столица.

IV «Мақал-мәтелдер» сайысы /Слайдта жазылған, кезекпен аяқтайды/

Мектеп кеме - ... Жүз сом ақшаң болғанша, .. Отансыз адам- ... Ақыл азбайды, ... Күш білімде, ... Оқу- білім бұлағы, ... Тазалық-... Жақсымен жолдас болсаң,жетерсің мұратқа ... Көп сөз-көмір, ... Жеті жұрттың тілін біл, ...

V «Бәйге» Сұрақ-жауап

1топтың сұрақтары:

-Қазақтың тұңғыш педагог-жазушысы кім? - Ұлттық аспабын ата? - Қай жылы Қазақстан тәуелсіздігін алды? - Заттың атын білдіретін сөз табы? - Қазақтың батыр қыздарын ата? - Неше септік жалғауы бар? - Есімдіктің түрлерін ата?

2топтың сұрақтары:

  • Қазақ халқының ұлы ақыны кім?

  • Тұңғыш қазақ ғарышкерін ата?

  • Шығыстың Аристотелі кім?

  • Ұлттық валютаны ата?

  • Мемлекеттік тіл қандай тіл?

  • Тәуелсіздік күні қашан?

  • Қазақтың қасиетті күні?

VI «Ойла да тап!» Жұмбақтарды шешу /кезекпен/

Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады.

Сырты жасыл қатты
Іші қызыл тәтті.

Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.

Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.

Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.

Сумен кірді ашады,
Өзі судан қашады.

Мұрты бар, сақалы жоқ,
Тоны бар, шапаны жоқ.

Аяғы бар,басы бар,
Арқасында тасы бар.

Қолы жоқ сурет салады, Тісі жоқ тістеп алады

Үш көзді батыр
Жолды аңдып жатыр.

VII «Бұл не?» /бейнефильм бойынша жұмыс/

Бесбармақ,шұжық, айран, бауырсақ, жент, құрт, жетіген, қымыз, шұбат, сәукеле, қамзол, мәсі, домбыра, тақия.

VIII «Кім көп сөз құрастырады?»

Балабақшалар

IX Қорытындылау

© 2010-2022