Тәрбие сағаты Желтоқсан жұлдыздары

Раздел Классному руководителю
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты Желтоқсан жұлдыздарыТәрбие сағаты Желтоқсан жұлдыздарыТәрбие сағаты Желтоқсан жұлдыздарыЖелтоқсан жұлдыздары

Мақсаты: Елін, жерін, тілін құрметтейтін, өз отанын сүйетін азамат қалыптастыр, от жүректі өжет мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу. Патриоттық сезім қалыптастыру.

Көрнекілігі: Желтоқсан құрбандарының суреттері, кітап көрмесі.
І Ұйымдастыру бөлімі:
- Балалар, біздің тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толып отыр?
- 21 жыл толып отыр.
- Желтоқсан оқиғасына неше жыл толып отыр?
- 27 жыл.
- Тәуелсіз мемлекет ретінде біздің қандай рәміздеріміз бар?
- Туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар.
- Біздің президентіміз кім ?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Мемлекеттік тіліміз қай тіл ?
- Мемлекеттік тіліміз қазақ тілі.
- Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз.Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.

Желтоқсан оқиғасы өзінің қайсарлығымен, алға қойған мақсат-мұратымен, тіпті жіберілген кемшіліктерімен де әрбір адамның есінде мәңгі сақталады.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған бақытты да, қайғылы күн еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де көңілден де кетер емес.
Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың
ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастардың ерен еңбегі ұрпақтан-ұрпаққа үлгі.

Осыдан 20 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман ойме барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаев апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.

Гульназ: Желтоқсан-заман толғағы байтақ даланың,
Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың.
Қайрат, Ләззат пен Сәбира
Құрбаны болған жаланың.

Айжол: «Нашақор» деп «ұлтшыл» деп,
Қазаққа күйе жаққан күн.
Базары кетіп бір күнде,
Қайғыға халық батқан күн.

Сәбираның оқу орнында ата-анасын шақырып үлкен жиналыс өткізеді. Ұзақ кінәлап, жала жауып «Қызыңыз тентекгенсіз» деген ұстаздарының сөзі жанына аяздай батты Ақ самайлы анасын аяды.
Күтпеген жерден: «Бәріне кінәлі мен, жазалаңдар мені. Оларды оқу орнынан қумаңдар! Шеруді де мен ұйымдастырдым. Бәріне мен жауап беремін» ,- деп кесіп айтқан сөзінен жиналғандар сілтідей тынды. Сәбира жиналысты тастай, сыртқа қарай жүгіре жөнелді.
Сол бойымен намысшыл қыз жатақханасының бесінші қабатынан секіріп кетті. Оның өмірі ерте үзілді. Семсердей өткір айтқан сөздері ол оқыған оқу орнынан бірде бір қазақ қызын қудалатпай, оқуынан қудырмай, жала жапқызбай сақтап қалды.

Аянна: Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның!
Міне, өмірден тағы бір қыршын жас қызғалдақ осылай кеткен еді.Алматы музыка училищесінің студенті Ләззат Асановаға өзін-өзі өлтірді деген өтірік жала жабылған еді. Тексере келе Ләззаттың алаңда болғаны анықталады.

Еркін: Қаймықпады ызғарынан, бұлтынан
Қалтыратты империя іргесін.
Халықтардың бостандыққа ұмтылған,
Бастап берді бір көшін.
Көрініс қойылады.

Түн.Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі,бірақ бұл түн өзгеше түн еді. Себебі бұл түнде қаланың кез-келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып-соғып, өлімші халге жеткізді. Осындай қатігездікті көрген, оларға араша түсем деп, жүргендердің бірі Қайрат Рысқұлбеков еді.

Айжол: - Ұстаңдар бұзақыны! Әкетіңдер, жауып тастаңдар!
- Савицкиді өлтірген сен бе?
Еркін: Жоқ, мен емес.
Айжол: - Сен өлтірген. Мойныңа ал!
Еркін: - Мен өлтірген жоқпын, өтірік жала жаппаңдар!
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты құрбандық
Атам десең, атыңдар!»

КСРО Жоғарғы кеңесі Президиумының шешімі мен 1988 жылғы 28 сәуірдегі указымен Қайратқа кешірім жасалып, 20 жыл бас бостандығынан айыруымен ауыстырылды.
Алайда, бұл хабар Қайратты қуанта алған жоқ.
Қайраттың хаты үнтаспадан жіберіледі.

«Міне, өздерің естігендей ату жазасын 20 жылға ауыстырды. Бұл әрине, біреуге қуаныш, біреуге азап. Өз басым бұл үшін қуанғам жоқ. Өйткені, асыл анашым, түсініңізші! Мен сорлы бұл тас зынданда жазықсыздан жазықсыз еш отырғым келмейді. 11 ай ішінде қайғы-қасіреттен әбден жүйке тамырым жұқарды. Әбден шаршадым. Сол себептен 20 жыл бойы өз-өзімді қинағым келмейді.»

1988 жылы 21 мамырда Семей қаласындағы түрменің 21- камерасында Қайрат 21 жасында «өзін-өзі өлтірді» деген атпен құпия түрде қаза тапты.

Аянна: Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула! Лаула! Желтоқсанның мұзға жанған алауы!
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы!

Гульназ: Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өркендер ақталады.
Ер намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады.
Желтоқсан жұлдыздары Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаhарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззаттарға ақтау жөніндегі анықтама қағаздары берілді.

Аянна: Болсын осы ар алдында сөз ақтық,
Қан мен намыс болса бойда қазақтық.
Қайтпас қайсар қасиетті күреспен,
Алыппыз біз мәңгі теңдік,азаттық.

Желтоқсан оқиғасы Қарат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхаметжанова, Ләззат Асанова тәрізді батырларымыздың бар екенін дәлелдеп берді.
Ендеше , сол желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алайық
Арада төрт жыл өткен соң 1990 17-желтоқсанда сол алаңға ескерткіш тақта қойылды.

Еркін: Серпіп бұлтты басқан елдің бар мысын,
Туды күнім әділетті арлы шың.
Алыс жолдан зарықтырып, шаршатып
Келдің бе сен, Азаттығым, армысың!
Осы оқиғадан кейін арада 5 жыл өткенде 1991 жылдың желтоқсан айының 16-сы күні қазақ елі шынайы тәуелсіздік алды. Биыл, міне, 15 жыл толып отыр.
Тәуелсіздік, бұл-басымызға қонған бақ, бақыт.

Гульназ: Көп ұлтпыз бірлігі зор, бір туысқан,
Шеңгелін сала алмас ар дұшпан.
Жасай бер еркіндікке қолы жеткен,
Тәуелсіз егеменді Қазақстан!
Жауқазын ерте көктемде қар астынан шығатын нәзік гүл. Қар еріп, күн қатты қызғанда, тез қурап кетеді. Желтоқсан құрбандарының да өмірлері осы жауқазынның өміріндей қысқы болды.

Айжол: Бас алаңда ел жосқан,
Жастар қаны жуған түн.
16 желтоқсан-
Тәуелсіздік туған күн!
Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.

Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.

Гульназ: Көк аспанда тулардың
Желбіреген күні - бұл,
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні - бұл.

Айжол: Жұпар шашқан гүлімнің
Жаңа ашылған күні - бұл.
Менің ана тілімнің
Бағы ашылған күні - бұл.
Еркін: Дүбірлетсін өңірді
Дүбірлесін дүлділі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын бұл - күні!
Тәрбие сағаты әнұранмен аяқталады.

Тәуелсіздік - тұғырым

Тақырыбы: «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» ашық тәрбие сағаты

Мақсаты: Қазақстан Республикасының жеткен жетістіктері туралы оқушылардың білгендерін ортаға салу. Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге қорғауға, сақтауға құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Туған жер туралы қанатты сөздер. Отан туралы оқушылар салған суреттер.

Барысы:

Әнұран орындалады Оқушылар әуенмен сыныпқа кіреді.

1.Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім: Құрметті оқушылар. «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» деп аталатын ашық тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.

Біз бұдан бұрын Отан, туған жер туралы тәрбие сағаттарын өткенбіз. Кәне ,еске түсірейікші.

-Біз қай мемлекеттің азаматымыз ?

-Ұлтымыз кім ?

-Тіліміз қандай ?

-Республикамыз басқа елдерден несімен ерекшеленеді ?

-Тәуелсіздік деген не ?

-Тәуелсіздікті қай жылы алдық ?

-Қазақстан Республикасының жері туралы не білеміз ?

Қазақстан Республикасының жер көлемі 2417,3 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни республикамыздың териториясына жеті мемілекет сияды. Жер көлемі жағынан БҰҰ 180 мемлекеттің ішінде 9- шы орында, ал ТМД елдері бойынша 2- ші орында. Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес, олар Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан. Елімізде 135 ұлт өкілі тұрады.Қазақстан 14 облыс, 85 іроі қалалар бар. Ел ордасы-Астана қаласы.

Қазақстан туған елім,

Алтын бесік-Ақ ордам.

Даңқың сенің арта берсін,

Елім менің жаңарған.

Мұғалім: Біздің еліміздің байлығы туралы не білеміз ?

Біздің Қазақстан Республикасы өте бай мемлекет. Бізде алтын, темір, мырыш ,күміс, көмір, мақта, газ, мұнай, бидай, яғни бір сөзбен айтқанда Менделеев кестесіндегі 150 элементтің 99 элементі Қазақстан жерінде кездеседі. Қазақстанда 6000-нан астам пайдалы қазбалар бар.

Ей,қазақтың ұланы,

Болғайсың дала қыраны.

Жер-суын қорғау бабаның,

Емес пе еді басты ұраны!

Мұғалім: Оқушылар әр нәрсені, әр затты, тіпті керемет нәрселерді адамдар қолынан жасап шығарады.Мен сендерден сұрағым келіп тұр, рәміздеріміздің авторларын білесіңдер ме ?

Әнұранның авторы кім?

Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Ә. Назарбаев.

Тудың авторы кім?

Ш.Ниазбеков.

Елтаңбаның авторы кім?

Ж.Мәлібеков, Ш.Уәлиханов.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз республикадеп жарияланды.

Далада думан, қалада думан жыр бүгін,

Ғасыр бойы аңсай да күткен бұл күнім.

Жасай бер, жаса асқардан аса әрқашан,

Кеудеме әкеп қалдырған бақыт бұлбұлым.

1992 жылы Тәуелсіз Қазақстанға бір жыл толды. Осы жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды.БҰҰ мүше болып кірді.

1993 жылы 15 қарашада «Ұлттық валюта күні» деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.

1994 жылы қазақ ғарышкері Т.Мұсабаев «СоюзТМ-6» ғарыш кемесімен көкке самғады.

1995 жылы 30тамызда ҚР -ның «Ата заңы» қабылданды.

Сұрақ. Заң дегеніміз не? Ата заңымызда неше бап бар?

1996 жылы 20 қаңтарда ҚР- ның Парламентінің 1- сессиясы болып өтті.

1997 жылы « Қуғын-сүргіндерді еске алу жылы» деп аталды.

Оқушы Абай туған, Сәкен туған,

Құрметте достым, қазақтың жерін.

Қамбаға жылда мол астық құйған,

Қазақстан Республикам менің.

1998 жылы 6- мамыр Астана күні. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды.

1999 жылы 10 қаңтар Президент сайлауы өтті. ҚР ның Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.

2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Шежірелі Түркістанға 1500 жыл толды.

Сұрақ Түркістан қаласы қай облыста ? Неге шежірелі қала дейміз?

2001 жыл XXI ғасыр бастамасы. Осы жаңа ғасыр тұсында Тәуелсіз мемлекетімізге 10 жыл толды.

2002 жыл «Денсаулық жылы» деп аталды.

2003-2005 жылдары «Ауыл жылы» деп жарияланды .Осы жылдары біршама іс-шаралар жасалды .

2004 жылы « Қазақстан-Ресей» жылы болып , көптеген шаралар өткізілді .

2005 жылы Ресейде Абай жылы аталып өтті.

2006 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 15 жыл толды. Атақты желтоқсан көтерілісіне 20 жыл толды.Орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкин жылы Қазақстанда өтті.

Өмірімізді , өзімізді көріп,

Әнімізді, жырымызды тыңдап,

Ерлігімізге, тірлігімізге қарап.

Өзімізді, сөзімізді тыңдап.

Бұл «қазақ» дейді.

Біз- қазақпыз,

Есігі ашық, төрі кең,

Жылап өттік жылдар өмір өрінен

Жетер енді, желпінейік, қарайық,

Мына өмірге иегердің көзімен.













Конституция - ұлттың ең маңызды құжаты

Мақсаты: Ата Заңның бағасын білу, оқушыларды еліміздің басты құжатын құрметтеуге үйрету.

Барысы.

Жүргізуші: Адамзат баласының өмір сүруі белгілі бір заңдылықтарға бағынатыны сияқты ғаламшарды мекен еткен әр мемлекеттің де негізгі заңы болуы шарт. Ол заңның барлық тілдердегі мойындалған атауы-Конституция.

Еліміз 1995 жылы өзінің талғам -талқысынан өткен басты құжаты Конституциясын жүрек қалауымен қабылдады. Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды.

Қастерлі құндылығымыздың қағидаттарын бұлжытпай орындаудың нәтижесінде біз қысқа мерзімде мызғымас мемлекетімізді орнатып, Тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік.Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі ретінде біздің бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасы болды.

Конституция мемлекеттік биліктің қайнар көзі халықтың өзі екенін айқындады. Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Осы мерейлі межеге биыл 16 жыл толып отыр.

«Ата Заңым» қуатым, сенім, мақсат, мұратым!

«Ата Заңымыз -айдынымыз,

Әскеріміз-айбынымыз»

Конституция күніне орай көптеген шаралар ұйымдастырылды. Соның ішіндегі басты оқиға Қазақстан Республикасының Президенті, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Қазақ елі» монументі жанындағы алаңда өткен Конституцияның 16- жылдығына арналған әскери шеру болды. Қатысушылар алдында сөз сөйлеген Елбасы қазақ тарихында Ата Заңның алатын орны, оның қазіргі мемлекетіміздің дамуына қосып келе жатқан үлесі, Конституцияның тарихи мән-маңызы туралы айта келіп, елімізде Тәуелсіздігімізді жариялаған кезден бері атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы мақсат-міндеттерге кеңінен тоқталып өтті. Осы ретте Конституцияның 16 жылдығы аталып жатқан күннің мемлекетіміз үшін мерейлі меже, айрықша маңызды күн болып саналатыны, Ата Заңымыздың еліміздің арайлы азаттығымыздың айнымас айғағы, жарқын болашағымыздың бұлжымас бағдары екені, ол еліміздің алтын арқауы, толағай табыстарымыздың бастау қайнары болып саналатыны атап көрсетілді.

«Конститутция-біздің асқақ абыройымыз»

Конститутция -кемел келешектің кепілі.

Ата Заңымыздың қабылдануы, мемлекеттік рәміздеріміз Елтаңба, Туымыз бен Әнұранымыздың бекітілуі, ұлттық валюта теңгенің енгізілуі Қазақстан мемлекетінің қалыптасуының аса маңызды кезеңдері болды. Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі- өнегеге айналды. Конститутция -біздің асқақ абыройымыз, Қарулы күштер -ашық аспанымызды қорғайтын айбынды абыройымыз!

Біздің Негізгі заң -бұл біз бірлесіп жаңа қоғам, жаңа мемлекет, жаңа экономика тұрғызып жатқан сенімді іргетас.Қысқа мерзімде біздің еліміз болашаққа серпінді секіріс жасады. Біздің көз алдымызда еліміздің жаңа тарихы қалыптасуда.

Ұшар басында алып самұрығы қанат қаққан «Қазақ елі» монументі -бабаларымыздың «Мәңгілік ел орнату»идеясына қойылған ескерткіш-белгі. Халқымыздың өткені мен болашағын жалғап тұрған, оның мәңгілік мұраты мен асыл арманы бейнеленген бұл алаң -еліміздің басты алаңы. Конститутция біздің тәуелсіздігімізді нығайтты, мемлекетті және бүкіл қоғамды берік етті.Сондықтан да біздің ортақ парызымыз -негізгі заңға құнттылықпен қарау, оны өз Отанымызды, өз тарихымызды құрметтегендей құрметтеу.

Әрбір қазақстандықтың Конститутциясының мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, сонымен бірге жеке өзі, өз отбасы мен өз балалары үшін де мәнділігін бағалай білу, өз міндеттемелерін қастерлеп сақтап орындауы маңызды. Конститутция біздің басты құндылығымыз Тәуелсіздікті, бейбітшілік пен тұрақтылықты ғасырларға бекітті. Барша мемлекеттік институттардың, әрбір қазақстандықтың парызы-осы құндылықтардың қырағы күзетінде болу.

Сұрақ беріледі.

1.Тәуелсіз алғаннан кейін Қазақстанның тұңғыш Конститутциясы қай жылы қабылданды?

( 28-қаңтар 1993 жыл ﴿

2.Қазан төңкерісінен кейін Кеңестер құрамындағы алғашқы Конститутция қай жылы қабылданды?

( 1924 жылы ﴿

3.Уақыт үдерісіне сәйкес Ата заңымызға қай жылы түзетулер еңгізілді?

(1998 және 2007 жылдары ﴿

4.Конститутцияға 2010 жылы қандай толықтырулар еңгізілді ?

( Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына ерекше үлес қосқан елдің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа заң жүзінде «Елбасы» деген атақ бекітілді.﴿

5.Қазақстан Республикасы Конститутциялық Кеңестің төрағасы кім? ( Игорь Рог ﴿

6.1996 жылы «Фемида» заңгерлер одағы құрылды. Осы одаққа қанша мемлекеттің заңгерлері кіреді?

( 12 мемлекет ﴿

7. «Фемида» сыйлығы биылғы жылы кімге берілді?

(Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа ﴿

8. Елімізде қанша этнос пен діни қауымдастық бар?

( 140 этнос пен 46 діни қауымдастық бар﴿

Қорытынды

Мұғалім: Биыл Конститутцияға 16 жыл. Осы уақытта еліміз әр түрлі діни, саяси және экономикалық түйткілдердің шешімін тауып, талай сындарлы жолдардан өткеніне қарамастан өзінің ішкі Тәуелсіздігін сақтай білді. Елбасының салихалы саясатының арқасында ұлтаралық келісім, қоғамды тұрақтылықпен қамтудың өзіндік моделі жүзеге асырылып келеді. Саясат, экономика, білім, спорт, мәдениет жағынан әлемнің кейбір іргелі елдерін қуып жетіп, тез танылып үлгерді. Елдің жаңа даму кезеңі мемлекетке де өзгерістер, тың идеялар мен жетістіктер әкелді, бұл алдағы жаңа кезеңге жол ашуда. Мемлекетіміздің тұрақтылығына, экономикамыздың өркендеп дамуына, өркениетті ел ретінде танылуына тек Конститутциямыз кепіл бере алады. Бейбіт елдің бақытты халқы түп-қазығымыз Ата заңымызды ардақтасақ, еліміз әлі -ақ талай белестерді бағындырып жетістіктерге жететіні сөзсіз.

Ата заңың-мерейің,

Мәртебең мен беделің.

Ата заңмен өркендеп,

Өсіп, өрлей берейін!

Оқушының мектептегі ішкі тәртіп ережесі


Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету,заң алдындағы жауапкершілікті арттыру,ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу,саяси сауаттылыққа баулу;
Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету;
Оқушылар бойында демократиялық көзқарас қалыптастыру;
Құқықтық нормативтік актілерді орындай білуге,құрметтей білуге үйрету,адамгершілікке, елжандылыққа,құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу;оқушылардың ойлау,тыңдау,өз ойларынеркін жеткізе алу мәдениетіндамыту,шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,Қазақстан Конституциясыкітапшасы,Бала құқықтары туралы Конвенция,Бала құқығын қорғау туралы тұжырымдама.
Кіріспе.
Мұғалім:Құрметті мұғалімдер, оқушылар!

«Сен және сенің құқығың» атты онкүндік аясында «Оқушының мектептегі ішкі тәртіп ережесі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізілгелі отырмыз.
Ата заңның1 бабының1-тармағында»Қазақстан өзінің ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі,құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы,құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орныктырады деген.
Адам құқығына үлкен үлестерін қосқан Ш.Монтескье,И.Кант,Т.Джефферсон сияқты
Ойшылдар адам құқықтарының негізгі ережелерін алғаш рет анықтап белгілеген. Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би,Әйтеке би,Қазыбек би және Абай адам құқықтары мен
Бостандықтарын қорғаған.Адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін, денсаулығын,тыныштығын біздің мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.Ал Ата Заңымыздан басқа тікелей балалардыңқұқығын қорғайтын Заң бар ма?
1989 жылдың 20-қарашасында Бала құқықтары туралы ковенция қабылданып,1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев»Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қойды. Енді осы мәселе төңірегінде өздерің құқықтық білімдеріңді кеңейтуге уақыт келді.
Ібөлім «Бала құқығы- асыл қазына».ІІ бөлім «Құқық -әділет пен парасат жолы». ІІІ бөлім «Құқықтық сауаттылық - заман талабы».
ІҮ бөлім «Сандар сөйлейді.

ІБөлім. Баланың негізгі құқықтыры мен міндеттері.
8-бап.Әрбір баланың денсаулығын сақтауға құқығы бар.
9-бап.Әрбір бала туған сәтінен бастап аты, әкесінің аты, тегі, ұлты және азаматтығы болуына құқылы.
10-бап.Әрбір баланың өмір сүруге,жеке басының бостандығына,қадір-қасиетіне жәнеөміріне қол сұғылмауға құқығы бар.
11-бап Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмірге араласуға құқығы бар.
15-бап.Әрбір баланың білім алуға құқығы бар.
ІІ бөлім «Құқық -әділет пен парасат жолы».
1- оқушы.Конституция-ерікті елдің құқы
Конституция ерікті елдің құқы,
Адам құқы,алдымен ердің құқы.
Мемлекетім жан-жақты дәйектелген,
Конституция-алтын заң,елдің құты.
Ол бойынша бекіген бостандығым,
Ол бойынша сақталған сөз сандығым.
Ол бойынша тілім де мемлекеттік,
Қуаттайдымұны бар достар бүгін.
Ол бойынша сайлаймын,сайланам да,
Ол бойынша біртұтас бай далам да.
Сансыз ұлттың өкілі бірордада,
Тең құқылы барлығы айналамда.
Қалауымша оқимын,білім алам,
Еңбек етем,қартайсам тыным алам.
Емделемін ауырсам заңды түрде,
Өз елімде қастерлі, құрметтімін,
Қорламайды ешкім де тілдеп қырын.
Тәртіп бұзсам немесе қылмыс қылсам,
Заң алдында жауапқа міндеттімін.
Баға жетпес құным бары,
Еркін шыққан ерекше үнім бары,
Елтаңбалы жығылмас туым бары-
Алтын заңда айтылған мұның бәрі.
2-оқушы.Ғұрпымыз бар ел сенген,
Дәстүрлері ең ізгі.
Әділдікпен өлшенген,
Заңымыз бар негізгі
Бас иетін бар адам
Әрбір сөзі салмақты
Қорғар бәле-жаладан
Ата заң бұл ардақты!
2.Құқық әлемінен көрініс.
3.Ұлылардан қалған асыл сөз.
1-оқушы: Жер бетіндегі адамдар арасындағы тәртіп орнату үшін заңды қолдану шөлге жауған жаңбырдай қайырымды.
385-Хадис(Мұхаммед Пайғамбар)
2-оқушы:Заң-жер бетіндегі құдай жасаған нәрселердің ішіндегі ең қасиеттісі. И.Кант.
3-оқушы:Қазақ халқы-ең бейбіт халықтардың бірі. Шоқан Уәлиханов.
4-оқушы:Әр заманның өз рәсімі,өз салты бар. Біздің замандағы салт әркім құқына таласу болады. Жылау салты артта қалды.
Әлихан Бөкейхан.
5-оқушы:Ата Заң әркімнің бойтұмары болып оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз. Нұрсұлтан Назарбаев.
6-оқушы:Заң-мемлекеттің тоғыз қабат тор көзді сауыты.
Шерхан Мұртаза.
7-оқушы:Әділ заң-аспан тірегі.
Жүсіп Баласағұн.
Жағдаяттарға байланысты сұрақтар.
14 жасарБолат үйінде сыныптастарымен туған күнін атап отырғанда масаң күйінде әкесі келіп жолдастарының көзінше балағаттап,ұрып-соға бастайды.Осы кезде Болат не істерін білмей әкесін итеріп жібереді. Әкесі тәлтіректеп барып басынпешке ұрып құлап түсіп қайтыс болады.( Жағдай сарапқа салынады.)
Мақал-мәтелдер: «Тәрбиелі-тәртіптің құлы,
Тәртіп елдің-құлы»(Бауыржан Момышұлы)

ІІІ бөлім «Құқықтық сауаттылық - заман талабы».
1. Құқық деген не? (Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы)
2. Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Декларацияны қандай ұйым қабылдады?
(БҰҰ).
3.БҰҰ-ның мақсаты не?(Әлемде бейбітшілікті сақтау,адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау).
4.Бала құқығы туралы Конвенцияға Қазақстан Президенті қай жылы қол қойды?
(1995 ж.Нью-Иорк қаласында156-мемлекет болып қол қойды).
5.Қазақстан Республикациясының азаматтары қандай білім алуға міндетті?(орта).
6.Қазақстанның әрбір азаматының ең басты құқығын ата.(әркімнің өмір сүруге құқығы бар).
7.Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заң қашан қабылданды?
(2002 жылы 8-тамызда).
8.Заң бойынша бала деп кімді атайды?(18 жасқа толмаған адам).
9.Бала құқығы туралы Конвенция қашан қабылданды?(1989 жылы 20- қарашада).
10.Әлемде ең алғаш конституция қай елде жазылған? (АҚШ-та).
11.Адамның ешкім қол сұғуға болмайтын құқығы не?(Бостандық).
12.Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жас шамасы(16 жас,ерекше ауыр қылмысқа 14 жастан тартылады).
13.Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы қашан қабылданды?(1948 жылы 10-желтоқсанда).
14.Қай жастан бастап жасөспірімдердің еңбекке араласуға құқығы бар?(14 жастан).
15.Қазақстандағы ең қымбат қазына (адам).
16.»Жеті жарғы» заң жинағының авторы (Тәуке хан).
17.Қазақстан БҰҰ-ға қашан мүше болды?(1992 жылы).
18.Ө¬з тағдырыңды өзің шешудің тарихи мүмкіндігі(тәуелсіздік).
19.Отанға деген сүйіспеншілік (патриотизм).
20.Баланың құқығы туралы заң неше тарау, неше баптан тұрады?(10 тарау,53 баптан).
ІҮ бөлім «Сандар сөйлейді.
1-маусым-Балаларды қорғаудыңхалықаралықкүні.
20-қараша-Дүниежүзілік балалар күні.
10-желтоқсан-Адам құқығы күні.
10-желтоқсан 1948 жылы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын БҰҰ қабылдады.
1959 жыл Әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу декларациясын жариялаудан бастады.
1979 жылы-Балалардың халықаралық жылы өтті.
20-қараша 1989жылы БҰҰ-да Бала құқықтары туралы конвенция қабылданды.
28-қаңтар 1993жылы Қазақстанның Конституциясы қабылданды.
8-маусым 1994 жылы Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы конвенцияны бекітті.
30-тамыз 1995 жылы Қазақстанның Конституциясы бүкілхалықтық референдумда екінші рет қабылданды.
Қорытынды: Құметті оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымызда өзіміздің құқығымыз бен міндетіміз және құқық туралы білетін білімімізді ортаға салдық. Біздер өз ойымызды еркін айтуға, өзгелерден білгіміз келгенін сұрау құқығын жүзеге асырдық.. Қазақ ұлты қайырымдылықты,ымырашылдықты қолдайды. Еліміздің бірлігі мен білімділігі келешек ұрпақ үшін үлкен міндет жүктейді.





Сынып дарабозы

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Мақсаты:Оқушылардың білімділігін арттыру, өз ойын айта білуге үйрету

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, шарлар

Жүргізуші:

Біз бүгін сыныбымызда «Сынып дарабозы» атты тақырыпта ашық тәрбие сағатын өткелі отырмыз. Тәрбие сағатында біз сыныбыздан дара шыққан 4 оқушыдан ұстаздарымыздың берген білімін бағалау мақсатында өткелі отырмыз. Сайысымызда барлық пәндерден бірнеше сұрақтар қойылады.

Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады.

І. Таныстыру

ІІ. "Кім көп біледі?

ІІІ. "Тіл -өнер"

ІV. Жеті жұмбақ

V. Көркемсөз

Олай болса сайыскерлерімізді таныстырып өтейін.

  1. Азамат Ақерке

  2. Ғалым Әділ

  3. Әлімхан Назерке

  4. Орынбасар Мағжан

Олай болса сайыскерлер сіздерге сәттілік тілеймін!

"Кім көп біледі?

  1. Киіз үйдің жабдықтарын ата?

  2. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата?

  3. Қазір қандай жыл?

  4. Қазақстанда алғаш ғарышқа ұшқан кім?

  5. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні?

  6. ҚР Әнұранының сөзін жазған кімдер?

  7. Бірінші маусым қандай мереке?

  8. Абайдың шын аты

  9. Күй атасы кім?

  10. Ел басқару саласында ең жоғары лауазым?

  11. Қазақстан Республикасының ұлтаралық тілі?

  12. Көкжиектің неше тұсы бар?

  13. Атақты күрес шебері?

  14. Ұлы Отан соғысы қай жылдар аралығында болды?

  15. Қазақстан даласында алғаш мектеп ашқан ұлы ағартушы кім?

  16. Атақшы суретші?

  17. Сидней олимпиадасында жеңіске жеткен атақты боксшы?

  18. Ұлттық салт - дәстүрлерді ата ?

  19. Ең үлкен үш таңбалы сан

  20. 100 жыл -

ТІЛ - ӨНЕР

  1. Жаны жақсы ағаның,

Етегін баспа, жолын қу

Болайын деген ----

Бетін қақпа, белін бу

(бала, - мальчик, bay)

2. Жақсының аты өлмейді

Ғалымның ---------- өлмейді

(хат - письмо - letter)

3. Жаман аттан аяғым артық

Жаман -------- таяғым артық

(дос - друг - sviend)

4. Үй үстінде алтын тас,

Алайын десем табылмас

(жұлдыз - звезда - star)

5. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі

(көктем - весна - spring)

6. Футболшының алаңдағы ойын заты

(доп - мяч - ball)

7. Шағын мемлекет

( отбасы - семья - family)

8. Жеті қазынаның бірі

20 ұпай - Тарих пәнінен. Қазақ билерін ата

30 ұпай - Жаратылыстану пәнінен.

Жер шарында неше материк бар Атап бер

20 ұпай

Арнайы сұрақ

Атасы: Немересіне бос бөшкені көрсетіп:

- Мына бөшкенің ішінде не бар? - деп сұрады.

Немересі үңіліп қарап:

- Ешнәрсе жоқ қой, -деді

- Жоқ балам мұнда бәрімізге керекті зат бар.

Атасы нені жұмбақтап тұр.



(Ит - собака - Clog)

ЖЕТІ ЖҰМБАҚ

20

30

20

30

20

40

40

30

40




30 ұпай - Орыс тілінен. Сколько падежей в русском языке?

20 ұпай - Қазақ тілі пәнінен. Фонетика нені зерттейді

40 ұпай - Ағылшын тілінен. Present Continuous Tense қалай жасалады. Мысал келтір.

40 ұпай - Биология пәнінен. Жұқпалы аурулардың алдын алудың негізгі жолы.

30 ұпай - Әдебиет пәнінен. Балалар, аманбысың шырақтарым - өлеңінің авторы

40 ұпай - Арнайы сұрақ. Қандай бөшкеге су құюға болмайды.

Келесі шартымыз көркемсөз оқу.

Осымен сайысымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет!













Шын дос - таусылмас қазына

Сабақтың мақсаты: оқушыларды шынайылыққа, адамгершілікке,әдемілікке, қарапайым болуға тәрбиелеу. Достық сезімі өмірде олардың бірін-бірі қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, біріне бірі тірек, медет болуынан, қам-қайғысыз кезде ғана емес, әсіресе қиын-қыстау күндерде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінетінін ұғындыру.

Көрнекілігі: ұлы адамдардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру .

Әнұранды орындау (слайд 1)

- Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. (Оқушылар достарына арнап бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған тілектерін айтады.

II. Оқушыларға тақырыпты ашу сұрақтары: (слайд 2)

1)"Дос деген кім?" сауалына сызба арқылы жауап беру.

2)Досың бар ма? Ол қандай?

3)Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?

4)Досыңыздың басына қиындық түсті, не істейсіз?

5)Достық жасқа байланысты ма?

6)Жақсы дос, жаман дос қандай болады?

7)Досыңды неге теңер едің?

8)Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?

9)Сіз үшін ең маңызды мәселе?

10)Менің достарым көп болу үшін не істеуім керек?

ІІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі, достық туралы әңгіме. (слайд 3)

Достық - адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы.

Достық - адамның, өмірдің өзіндей сан бояқты, көп қырлы, қасиетті, сондықтан бірер сөзбен оның анықтамасын беру мүмкін емес.

Екі дос ертегісін тыңдау (слайд 4)

Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.

Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасына апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:

- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбастап берер малым-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, - дейді.

Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:

- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, - дейді.

- Ол не? - дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.

- Маған сенің көздерің керек? - дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып аламын.

- Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, - дейді.

Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді.

Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.

Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады.» деп түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.

Қай кезде, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау қажет. Ф.Франклин айтқандай, досты асықпай таңдау қажет.

Достықтың негізі - достардың өмірге көзқарастары мен түсініктерінің ұқсастығы, бірлігі.

Дос қандай болу керек? (слайд 5)

жомарт

адамгершілігі мол

қарапайым

мейірімді

кешірімді

адал

ДОС төзімді

ақылды

сабырлы

салмақты

кек сақтамайтын

IV. Мақал-мәтелдер (слайд 6)

1) Білімдімен дос болсаң,

Сасқанда ақылын айтар.

Білімсізбен дос болсаң,

Топ ішінде бетін қайтар.

2) Дұшпан біреу болса да аздық етер,

Досың мың болса да аздық етер.

Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең.

Заттың жаңасы жақсы,

Достың ескісі жақсы.

1-оқушы: Дос адам артық сұрамайды.

Махмұт Қашқари.

2-оқушы: Дос достың кемшілігін кешіре береді.

Жүсіп Баласағұн.

3-оқушы: Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас. Абай.

4-оқушы: Екі ердің достығы асулардан асырар,

Екі елдің достығы ғасырлардан асырар.

Мұзафар Әлімбаев.

5-оқушы: Қоссыз қазақ болса да,

Доссыз қазақ болмаған.

6-оқушы: Дос табу оңай - сақтауы қиын,

Жау табу оңай - тоқтауы қиын.

Жүсіп Баласағұн.

V. Жағдаяттан шығу: (слайд7)

Екі дос арасындағы түсініспеушілікті бейнелейтін көріністі көрсету.

А) Ортадағы орындыққа бір оқушы отырады. Қалғандары сол оқушының ұнамды жақтарын айтады.

Ә) «Менің досым» тақырыбы бойынша әр оқушы өзінің досы жайлы айтады.

VI.«Жалғастырып көр» ойыны (слайд 8)

а)Әрбір адамға дос керек. Өйткені...

ә)Менің сыныптастарыма немесе досыма тілегім...

б)Сыйластық бар жерде...

VII. Сауалға жауап іздеу. (слайд 9)

1.Біздің сынып қандай?

2.Сынып оқушылары арасында сыйластық, достық қатынас орнаған ба?

3.Хаттарға жауап:

А)Сен асығып барасың, ешқандай кешігуге болмайтын кездесуің бар. Досың саған тез келіп кетші, бір жағдаймен өте қатты қысылып тұрмын деді. Сенің әрекетің.

Ә)Досың қатты ауырып ауруханада жатыр. Өте қымбат дәрілер керек. Оның жағдайы жоқ. Сен не істер едің?

Б)Сенің ең жақын досың жағымсыз қылық істеді. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің?

В)Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің?

Г)Анаң сабақтан қайтқанда нан ала кел деп ақша берді. Сені үйдегілер күтіп отыр. Түскі тамаққа нан келеді деп. Досың да анасы нан ала кел деген ақшасын жоғалтып алып не істерін білмей тұр. Не істейсің?

VIII. ҚОРЫТЫНДЫ :

Ризамыз бүгінге біз,

Ризамыз бүгінге біз.

Ризамыз бүгінге біз,

Ризамыз қазірге.

Ризамыз3 бүгінге біз,

Ризамыз3 қазірге.











Әдептілік - адам көркі

Мақсаты:әдептілік,имандылық туралы ұғымдарын кеңейту,әдептілік сақтауға,үлкендерге құрмет,кішіге ізет көрсетуге,өзара сыйластыққа,жақсыдан үйренуге,балаларды жаманнан жиренуге тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар:үлестірмелер,ойындар,плакттар.

әдісі:талдау,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

Кіріспе:Жирен жаман әдеттен,үйрен жақсы әдеттен-дейді халық.әдепті болу үшін иманды,кішіпейіл,кпшіл болу қажет.Әрбір адамның әдептілігі оның сөзінен,көзінен,өзінен байқалады.Иман жүзді,әдепті адам күндей күлімдеп,жарық дүниедей жадырап сөйлейді.халық әдебі «Сіз»-деген сөзден басталады...»

«Сіз»-деген әдеп,

«Біз»-деген көмек.

«Әдептілік әліпесі»-авторы Е.Өтетілеуов.

Қарсы ал ерте күн көзін,

Төсегінді жина өзің.

Асықпай іш тамағыңды,

Жалама аяқ-табағыңды.

Пышақты ұста оң қолымен.

Шанышқыны сол қолымен.

Нанды үгітпе,қадірле,

Қабығымен бәрін же.

Саусағыңды сормағын,

Салдыр-салақ болмағын.

Салма ауызыңа инені,

Үзбе жұлқып түймені.

Ашуланбай,долданып,

Жауап бергін ойланып.

Құр бекерге қыстама,

Болмашыға бұртима.

Іштарлыққа жол берме,

Қыдырып,құр қаңғыма.

Сыйлап үлкен кісіні,

Қамқорлыққа ал кішіні.

Сақта көше тәртібін,

Бағдаршамның ал тілін!

Әдет қыл бұл ісіңді,

Тазалап жүр тісіңді.

Балалар,адам бойындағы қандай жақсы қасиеттерді білдіндер?

Мен қандай боламын?-(әр бала өз бойындағы қасиеттерді айтып,өзіне мінездеме беру)

Ойын:Қандай әдепті,әдемі сөздерді білеміз?

Ойын:Жалғасын тап (әдептілік туралы мақалдардың жалғасын тапқызу)

1.Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

2.Әдепті бала -арлы бала,

Әдепсіз бала-сорлы бала.

3.Әдептілік адам көркі.

Біз қандай да бір көңілімізге ұнаған жақсы нәрсені әдемі дейміз.Әдептілік туралы айтқан сөздердің барлығы жақсы қасиеттер.Ендеше әдептілік те әдемілік екен.Егер сен бала кезеңнен тәртіпті,әдепті бала болып өссең есейе келе ата-анаңнын,отаныңның мақтанышы боласың.Сенің табыстарың ата-анаң үшін шексіз бақыт.Ата-ана алдында шыншыл болып,өзіңнен үлкеннің ақыл-кеңесін тындау керек.Ұлы Абай атамыз:

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсан арқалан.

Сенде бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан-дегендей,сендерді ғажайып болашаққа шақырған.

Ал,енді қандай нәрсені «жаман»-деп түсінесіңдер?

Диограмма

«Әдепті бала»

Өнерлі

Ұқыпты

Іскер

Ақылды

Адамгершілігі жоғары

Әдепті

Ақкөңіл

Үлгілі

«Әдепсіз бала»

Ұқыпсыз

Дөрекі

Әдепіз

Лас

Өтірікші

Жауапсыз

Бұзық

Мейрімсіз

-Апаң сенің базардан,

Алма сатып әкелді.

Ең үлкенін жақсысын,

Саған тандап әперді

Не деп барып жеу керек?(рахмет)

-Байқаусызда біреуді қағып кетсең,

Не ағат сөз айтсан не деу керек?(кешіріңіз).

Сонымен балалар жақсы қасиеттер туралы тағы да ойларымызды тұжырымдайық.Балалар мен сендерге әзіл-қызықты өлең оқып берейік сабағымызды қорыта келе:

Күйші болуға болады,

Биші болуға болады.

Ерке болуға болады

Серке болуға болады.

Пысық болуға болады,

Кішік болуға болады.

Әкім болуға болады,

Ақын болуға болады.

Маман болуға болады,

Жаман болуға болады,

Айтпақшы,

Жаман болуға болмайды!

Ондай адам оңбайды!









СПИД - қатерлі індет

Сабақтың мақсаты:
Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын-алу,оның жұғу жолдарын одан сақтана,қорғана білу туралы түсіндіру.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке,
инабаттылыққа, ел жандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: газет-журнал деректері, пікірталас, мақал-мәтелдер.
Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.
2. Түгелдеу.

Кіріспе сөз:
Соңғы жылдары жер шары халықтарының назары ХХ ғасырдың отбасы аталған СПИД (иммунитет жетіспеушілік синдромы) дертіне аууда, қазірдің өзінде ондаған мың адамдардың өмірін жойған осы бір қатерлі ауру жайында жұмыр жердің түкпір-түкпірінде күн сайын хабар бермей отырған бірде-бір газет, журнал, теледидар немесе радио торабы жоқ.Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді.Сондықтан осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері,одан сақтану жолдары,аурудың алдын-алу және емдеу тәсілдерін білгеніміз жөн.
Сондықтан осы ауру туралы 9 сынып оқушылары сіздерге мәлімдеп береді.

СПИД вирусының қай жылы кім ашқаны туралы.
СПИД қоздырғышын немесе адамда иммунитет жетіспеушілікті туғызатын вирусты (ВИЧ-1) 1983 жылы француз ғалымы, вирусолог Л.Монтанье тапты. Ал 1984 жылы америкалық ғалым Р.Галло вирустың барлық қасиеттерін жан-жақты тексеріп жариялады.
Гүлмаржан: СПИД вирусы адам ағзасында қалай өмір сүреді?
Адам ағзасына енген ол қанның лимфоцит клеткаларының ішіне кіріп, клетканың генетикалық аппаратына жабысып тез көбейе бастайды.Осының әсерінен клетка жарылып өледі.Одан шыққан вирустар жаңа клеткаларға жабылып,өткен процестерді қайталайдыЛимфоцит клеткаларының осылай өле беруі салдарынан күндердің-күнінде ағзасында иммунитет жетіспеушілік пайда болады.Бұл жасырын кезең ондаған жылға дейін созылуы мүмкін.Айырықша еске салатын жай, осы жасырын кезең кезінде адам өзін аурумын деп есептемейді.Бірақ, ол өзімен қатынастағы адамдарға жұқпалы аурудың көзі ретінде СПИД-ті тарата береді.
Гүлдана: СПИД құрбаны (монолог).
- Уа, жаратылыс! Адамзатқа өмір берген құдіреттің қайнар көзі!Сен естисің бе мені? Сүт сәулелі мынау бір өмірдің бар қызығын көре алмай,арманда кетіп бара жатқан, жұмыртқадай жұмыр басты пенденің зарын тыңдашы бір сәт!
Өзімнен өзім сыр таптым,
Өле алмай жүрген сырқатпын.
Шіріген картоп сияқты,
Бұрышында қалған бір қаптың.
Өзімнен өзім тістенем,
Шарабым да тұр ішпеген.
Ұйықтайын десем қорқамын,
Көрмейтін сұмдық түс көрем.
(Тіршіліктен теперіш көрген жас жігіт егіліп жылап тұр.)
-Мен жағдайы әжептәуір отбасында дүниеге келдім.Әп деп өсе бастағаннан ештеңеден таршылық көргенім жоқ.Басқа балалар ішпегенді іштім, кимегенді кидім.ір сөзбен айтқанда,өте ерке болып өстім. әке-шешем бар дегенімді жасады.анда-санда әкем мен тентек болған кезде,айқайлап ұрса бастаса анам: «Ойбай,жалғыз балада нең бар?»-деп ара түсетін.
(Сонау балалық шағы есіне түскен жігіт жүзін қимастық сағыныш басып біраз үнсіз қалды.)
Әлпештеп алды анам алдымнан шығы,
Қасымнан кетпес қиғаш қадам шығып.
Ата-ана перуана боп перзенті үшін,
Күн кешер көрсетпе деп жаманшылық.
Ардақтап ата-анаңды сол секілді,
Қынжылтпай қызмет көрсет адамшылық.
Түседі еске кей кез бала кезім,
Бала кезім... кетуші ем дала кезіп.
Ақ қайынға шайқалған қараушы едім,
Қараушы еді мөлдіреген қара көзім.
- Иә, ата-анамның еркелеткені мені одан әрі құтырта түсті.Жетінші сыныпқа жеткенше екі-үш мектепке ауысып үлгердім.Неге дейсіз ғой.Тәртіпсіздігім үшін.Бір күні көрші подъезге жаңа отбасы көшіп келді.Олардың да мен секілді ұлы бар екен.Сонымен «іздегенге сұраған» дегендей,екеуміздің жұбымыз жазылмайтын болды.Оның менен айырмашылығы наша «дегшен» пәленің дәмін ерте татқан екен.Енді мен де шеге бастадым.Нашаның адам баласына әкелетін қасіретін ол кезде кім білген? Егерде білген болсам тіріде жолаймын ба?!
Тамырын умен суарып,
Денсаулық деген егістің,
Шірітіп апсың біразын,
Ғаламат қымбат жемістің.
Инемен таза денеңді,
Тесуге неге келісті?
Көк түтінмен уланып,
Ащы суды неге іштің?
Төсекке асыл азамат,
Ауру аеңдеп құлайсың.
Дәрігерлерді мазалап,
Не үшін енді жылайсың?
(Денесін сырқат сыздатқан жас жігіт жасаураған жанарын төмен салып,сөйлеп кетті.)
- Содан арада екі-үш жыл өтті.Бұл кезде мен темекісіз, есірткісіз тұра алмайтын дәрежеге жеттім.Өзім секілді достарым да көбейді.Олар арқылы сарғыш сұйық құйылған инеге де аңсарым ауды.Не құдіреті барын,сол инені көрсем аузымнан суым шығып,есім кететінБұл кезде әкем автомобиль апатынан қайтыс болды.Жалғыз анамның жиған-тергені есірткінің айырбасына кетті.Мен сол құлдырағаннан құлдырай бердім.Бірде қатты салқын тиіп ауруғанаға түстім.Дәрігерлер менің СПИД-пен ауыратынымды анықтапты.Төрт-бес жыл білмей жүріппін.
Таусылмақ дәм.Бітпек өмір-өзенім.
Менің-дағы жетті кетер кезеңім.
Оны көптен тарқамаған қайғы мен
Жүрегімнің мұң көзінен сеземін.
«Өлермін» - деп күңірінем,күйзелем,
Мені есірткі найзасымен түйреген.
Өз әлімше арман-көлде жүзе алмай,
Қанатымнан жараланған күйде мен.
-Соңғы кезде өмір-тірлік, табиғат, жаратылыс туралы көп ойланатын болдым.О, жаратылыс! Жарық дүние! Кеш мені! Шынында да адам өмірі ғажап екен ғой.Бір-ақ өмір! Осы бір-ақ рет берілген өмірінде қартайғанша жүріп, о дүниеге аттансаң арманың бар ма? Бұған кім кінәлі? Балалық па, шалалық па, әлде еркелік пе? Қазір ғой ішім жидіп күйіп кетеді,өкініштің улы запыраны бүкіл денемді қалтыратады.Бәрі кеш енді.
О, Жаратқан!
Жұмыртқадай жұмыр жер мен төңкерілген тайқазандай көк аспан! Сендер естисіңдер ме, мына менің зарымды? Айтыңдаршы,құтқаратын күш бар ма, мына мендей бейбақты.
(Мұңлы ащы әуен ойналады.)
Бұл тірлікте не тындырдым, не көрдім,
Құрбанымын СПИД деген кеселдің.
Ақтамай-ақ кетіп барам арманың,
«Жалғыз бала» деп өсірген әкемнің.
Кім кінәлі,аялаған анам ба?
Бар қажетті даярлаған қоғам ба?
Тек қана өзім кінәлімін сол үшін
Улы дерттің құрбаны мен болам да.
Жас жеткіншек!
Өздеріңе өлер кезде айтып кету борыщым,
Ауырсаңдар бұл кеселмен,
Дәрігер де бере алмайды қол ұшын.
Құтқаратын күш жоқ,онда әлсіз тірі өліксің,
Жат әдет пен темекіге, есірткіге жоламаңдар сол үшін!
Азалы да ащы әуен қайта ойнады.Жан төзгісіз азапқа түскен жас бейбақ аласұра дөңбекшіп,жерге құлайды.Бұл оның ақтық сөзі еді.
Гүлмаржан: СПИД-наркотикті егеушілердің инесі арқылы жұғады. СПИД-тен сақтану үшін не істеу керек?Мысалы: ішімдікке әуестік,токсикомандық, шылым щегу сияқты осындай заттардан аулақ болған жөн. Ол ойды да, бойды да өсірмейді. Қайта денсаулығыңды әлсіретіп,өмір жасыңды қысқартады.Ал, дені саудан, жаны саудан артық ештеңе жоқ.Байлық та, бақыт та сол емес пе?
Төлеген: ВИЧ, қазақша АИТВ-адамдағы иммунитет тапшылығы вирусы, жұқтырғандар және СПИД -пен ауыратындар саны өте жылдам көбеюде.Тіпті бұл дерт балалар өміріне де балта шабуда.
Айдана: Олардың арасында ауру жұқтырғандарды былай қойғанда СПИД-тен қайтыс болған ата-аналардың жетім қалған 15 жасқа дейінгі ұл-қыздарының саны 9 млн-ға жеткен.
Мейрамгүл: Еліміздегі ВИЧ жұқтырған азаматтардың саны 900-ге жетті.Оның ішінде СПИД-пен ауыратындар саны-25. тек Алматыда ВИЧ жұқтырғандар саны-38.
Талғат: СПИД ауруын тудыратын вирус-ВИЧ нәрестеге осы аурумен ауыратын ананың құрсағында жатқан кезінде немесе дүниеге келгеннен кейін қан арқылы,емізгенде жұғады.
Дархан: Кейде СПИД вирусын жұқтырған адамның қанынан ем ретінде сау балаға құйғанда да, бір рет қана қолданатын инені қайталап қолдану кезінде де жұғуы мүмкін.
Гүлдана: Ғасыр дерті - СПИД өршіп тұр.Баспасөз бетіндегі соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар саны 1159 болса, 30 адамның СПИД-ке ұшырағанын мәлімдеді. Оның негізгі ошағы Қарағанды, Теміртау, Алматы қалалары болып отыр.

Денсаулығыңды ойласаң (лото)
Жұмыр жерді мекендеген халықтың сонау, ерте заманнан бері айтылып,ғасырлар бойы сұрыпталып келген інжу-маржандай асыл да,даналы сөздері бар.Осынау ғибратты сөздер адамзат баласының денсаулығына зиянды әрекеттерді де жан-жақты қамтыған.Медицинада сөз құдіретінің шарапатына өлшеу жоқ.Азабын арқалатып діңкесіне тиген жаман әдеттен құтыла алмай,амалсыз көніп, медет, көмек тілеп алдына келген науқасқа дәрігердің тауып айтқан бір жылы сөзі тамаша қуат береді.
Иә, мақал-мәтелдер - ғасырлар бойы сұрыпталып, сұлуланып, салмақтанып, кемелденген сөз асылы, парасатты тәрбиеші, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті, есті емші де.
Карточкалар үлестіріледі. (мақал-мәтелдердің екінші бір бөлігі жазылған).
Бірінші бөлігін жүргізуші оқиды,екінші бөлігін тауып оқу керек.

1. Ішпеген,шылым шекпеген
Жасайды жылдар көптеген
2.Ұзартқың келсе ғұмырды,
Таста арақ пен шылымды.
3. Темекінің кермегі-
Еріккеннің ермегі.
4. Шарап-арақ ішіңе көшеді,
Ақыл шөлмек ішіне түседі.
5. Жабылады шарабыңды ішерде,
Бәле төнсе,жоқ араша түсерге.
6. Жасында темекісін будақтатқан,
Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан.
7. Адам арақты ішеді.
Ақыл арақты ішеді.
8. О басында өзің сақтан, сақ боп жүр,
Одан кейін өзгелерді сақтаңдыр.

Қорытынды: ТЕСТ
1. СПИД жұқпалы ма?
а) Иә
ә) Жоқ
2. СПИД вирусын не дейміз?
а) Кох талшығы
ә) Айде
б) А вирусы
3. Қай жылы СПИД вирусы ашылды?
а) 1983
ә) 1985
б) 1956
в) 1988
4. Ауру белгілері бірден біліне ме?
а) иә
б) жоқ
5. СПИД қандай жолдармен таратылады?
а) жыныстық жолдар арқылы
ә) қан арқылы
б) тағам арқылы
в) насекомдар арқылы
г) кір қол арқылы.
6. Қай континетте адамдар СПИД-пен ауырғанын білмеген?
а) Африка
ә) Азия
б) Америка
г) Австралия
7.Қазақстанда СПИД-пен ауыратын адамдар кімдер?
а) жастар
ә) балалар
в) үлкен адамдар
8.СПИД-ті қандай жағдайда дұқтыруы мүмкін.
а) норкомания
ә) әңгіме кезінде
в) темекі шегу
г) жезөкшелік
9.Дүниежүзілік СПИД-пен күрес күні?
а) 1 қазан
ә) 1 желтоқсан
б) 1 қаңтар
10 Қай ел СПИД-пен ауырған адамдарды басқа аралға апарып тастайды,оларға жағдай жасайды?
а) Жапония
ә) Канада
б) Қытай
в) Куба

Қорытынды:

СПИД адамзат алдында тұрған жаңа және қиын проблема ол тек медициналық қана емес,әлеуметтік проблема.Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының 4 басылымында барша жастарды салауатты өмір салтына шақырды.







Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде

Сабақтың тақырыбы: «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»
Сабақтың мақсаты: білімділік: Шылым шегудің, ішімдіктің, нашақорлықтың зиянды әсерлерін ашу, оның салдарынан туатын аурулар туралы оқушылар білімін арттыру; дамытушылық: оқушылардың өмірге, әсіресе адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін, аурудың алдын алуды үйрету. Жаман әдеттен бойларын аулақ салуын, оқушының санитарлық -гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру, дамыту. тәрбиелілік: Болашақ қоғамның салауаттылығы әр адамның денсаулығына байланысты екенін, денсаулықты сатып алуға болмайтынын, сондықтан «Ауырып ем іздегенше , ауырмайтын жол ізде » мақалын негізге ала отырып, оқушы бойында азаматтық жауапкершілік қалыптастыру, адамгершілікке , инабаттылыққа, ел жандылыққа баули отырып Отансүйгіш қоғамымыздың нағыз азаматын тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакаттар, суреттер, сызбалар, буклет, реферат.
Сабақтың түрі: Баспасөз-конференция сабағы.

Дайындық барысы:

Оқушыларға тақырыпқа сай материалдарды оқып жинастыру және «Темекінің зияны» , «Ішімдіктің зияны» , «Нашақорлықтың адам өміріне зияны» , «СПИД ғасыр дерті» атты реферат пен буклеттер жасау, қабырға газеттерін шығару, сурет салу, залды безендіру жұмыстарын тапсыру.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Кіріспе сөз. (мұғалім)

Өмір адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ , мәнді де сәнді өмір сүруінің негізі-оның денсаулығы. Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды , қайталанбас , жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі -адамның денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық экологиялық жағдай және адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер жатады. Осы жағдалар ішіндегі адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер деп отырғанымыз , бұлар: шылымқорлық, ішімдік, нашақорлық және тағы басқа.

Жас жеткіншек талшыбық секілді иілгіш , жел қайда соқса сол жаққа қарай бейімделеді. Қай ата-ана баласының тәрбиесіз , бұзақы болуын қалайды? Әйтсе де , жаман әдетке үйрену оңай. Енді осы зиянды әдеттер туралы әңгіме жүргізейік.

Бүгінгі тәрбие сағатында біз осы зиянды әрекеттер туралы әңгіме қозғап, солардан сақтану жолдарын қарастырамыз. Бүгінгі сабағымыздың жүргізушісі Жұбанова Ақдана. Сынып оқушылар 3 топқа бөлінеді.Ендігі сөз кезегін жүргізушіге береміз.

Жүргізуші.

«Денсаулық -зор байлық», «Дені саудың -жаны сау» деп халқымыз бекер айтпаса керек. Өкінішке орай, адамзатпен ХХІ ғасырға аузын арандай ашқан аждаһадай сұм ажалдың төресі «нашақорлық», «ішімдік», «темекі» бірге аяқ басты. Қаншама бейкүнә адамдар осылардың құрығына түсіп, дүние салып, талай ауруларға ұшырады. Сондықтан да, елімізде салауатты өмір сүруге дабыл қағып, әртүрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр. Осындай шараның бірін бүгін 10 «ә» сынып оқушылары «Ауырып ем іздегенше , ауырмайтын жол ізде» атты тақырыбында өткізгелі отыр. Сонымен тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Ендігі сөз кезегін «Шылымқорлыққа қарсы» тобына береміз.

Ұраны: «Темекіден түтін сорсаң улайсың, өзіңді-өзің жіпсіз байлап шырмайсың»

Стол үстінде мақалдар. «Темекі тегін келмейді, теңгеге келеді», «Темекі шеккенің , темір табытқа шеге қаққаның», «Дүниеде , тіпті дені сау адамның өзіне де темекімен түтіндеген ауада болудың зиянды екенін білмейтін ешкім жоқ» . (В.В.Вересаев)

Көрініс: Бір оқушы орындықта отырады. Екіншісі

Бұл отырған шылымқор , сорады кеп шылымды ол,

Қанша айтсаң да алмайды , «тартпа» деген тіліңді ол.

Қой десең де қоймайды , көк түтінге тоймайды,

Сора-сора уыты өн бойыңды жайлайды .

Кірпік әсте қақпайды , жөтел қысып жатпайды ,

Бірақ шылым сорғанда , аузы тыным таппайды.

Шылымсыз тек жүрмейді , жоқ боп қалса тілдейді,

Бірақ оның зиянын , білсе дағы білмейді.

Оқушы:

Европада темекі тарту Колумбтың ІІ экспедициясына қатысушылар (1499 жыл) Америкадан оралғаннан кейін 15- ғасырдың аяғында басталды. Үндістер «Кохобаң» деп атайтын өсімдік тұқымын испан монахы Рома Паноға әкелген. Алғашқы кезде темекі өсімдік ретінде Испанияда өсірілген деген болжам бар. Өкінішке орай , адам ағзасына өте зиянды өсімдіктің әлемге қалай тез таралғанын ешкім көз алдына елестете алмайды. Темекі түтінінің құрамында ағзаға зиянды 1200-дей зат бар. Оның ең зияндысы -никотин. Темекі тартатындардың темекі тартпайтындарға қарағанда өмірі 7-15 жасқа қысқа келеді. Әрбір 100 грамм темекі түтінінен 5-7 грамм қара күйе шығады. Демек , күніне бір қорап темекі тартқан адам жылына 700-800 грамм қара күйе жұтады. Ғылыми зерттеулер улы түтін адамның ми, сезім , тыныс жолдарын, ас қорыту, жүрек, қан тамырлары және жыныс мүшесінің қызметін бұзатындығын дәлелдеген.

Жүргізуші:

Енді біз әйелдер арасындағы темекі шегушілік туралы әңгіме қозғайық.

Оқушы:

Әйелдер ағзасына темекі ерлерге қарағанда көп зиян әкеледі. Егер әйелдер жүкті кезде шылым шексе, ол жатырдағы балаға әсер етеді, бала өлі болып та тууы мүмкін. Шылымқор әйелдердің 42% -ы бала сүю бақытынан айырылады.Олардың балалары аурушаң, әлсіз болады. Мынандай жағдай белгілі болған. Темекі кептірілген бөлмеге жас нәресте жатып қалып, ол бала бірнеше сағаттан кейін қайтыс болған. Шылымқор әйелдердің 30%-ы инфаркт миокарда ауруымен ауырады. Олардың терілері сұрланып, тістері мен саусақтары сарғайып кетеді.

Оқушы:

Кей балалар темекі тартуды есею деп санайды. Бірақ, олар өз денсаулығына өздері қылмыс жасаушылар.Темекіні тастау үшін баланың қайраты мен қажырлығы керек. Бос уақытын қызықты өткізіп, спортпен шұғылданса, темекіні тастау оп-оңай. Сонда ғана өзіңді-өзің орға итермейсің.

Ойлап қарасаң «шегу» деген сөзді 2-ақ сөзбен тіркестіріп айтуға болады: Азап шегу. Шылым шегу. Темекі құрамындағы никотиннің зиянды әсерінен ауыздың дәм сезуі нашарлайды, тіс уақытынан ерте бүліне бастайды. Темекінің салдарынан сілекей бездері де өзгереді. Бұған қоса ауызда сасық пайда болады. Сондай-ақ тілге, ерінге ,таңдайға жазылмайтын жара шығып , ол кейін ракқа айналуы мүмкін. Қысқасы , темекінің адам өміріне зияны көп. Ендеше, шылым шегу деген-азап шегу емес деп айта аламыз ба?

Оқушы:

Темекіні қоюдың әр түрлі әдістері бар.Темекіні бірден қойып кетуге немесе бірте-бірте күнделікті тартатын сигарет санын азайта отырып қоюға болады. Темекі тастағысы келгендерге арнап қазір құра-мында аздаған ғана никотині бар арнайы сағыздар шығарылуда. Сол сияқты темекіні өте қажет етіп тұр-ғанда қажеттілікті жоятын дәрілер , темекі тартқанда өзін жайсыз сезінетін, құстыратын дәрілер шығары-луда. Сол сияқты дәрігерлер психотерапия , ине қою , гипноз арқылы да темекіні қойғыза алады. Бұл әдеттен арылудың негізгі жолы шылымқордың ниетіне, тек өзінің ниетіне байланысты.

Қолдарына «Бронхит» , «Қатерлі ісік» , «Туберкулез» деген тақтайша ұстаған оқушылар шығады.

Оқушы: («Бронхит») Біз темекі тартатындарды жақсы көреміз.

Оқушы: («Қатерлі ісік») Біз темекі тартатындар қатарын көбейткіміз келеді.

Оқушы: («Туберкулез») Сендердің сандарынның көбейгені біз сияқты ауруларға өте жақсы.

Күрк-күрк көк жөтел,

Күркілдеген не жөтел?

Жасыңнан шексең темекі,

Түбіңе сенің сол жетер.

Түтінмен ыстап өкпені,

Никотин уын төккені.

Жүректің ұстап талмасы,

Мишықтың құрғап кеткені.

Салауатты өмір сүреміз.

Шекпеңіз енді темекі!

Схема бойынша ағзаға тигізетін әсерін баяндау , тапсыру.

Біз «Шылымқорлыққа қарсы» топ өзіміздің жинақтаған материалдарымыз осы.

Жүргізуші: ІІ топқа сөз береміз. «Ішімдікке қарсы»

Ұраны: «Болар бала кісілікке үйір, тозар бала ішімдікке үйір»

Стол үстінде нақыл сөздер:

1. «Маскүнем арын сатып ішеді»

2. «Мас болу өз бетімен жындану деген сөз» (Аристотель)

3. «Бұзықтың көбі мастықтан болады»(Л.Н.Толстой)

4. «Ішпесең -момын торысың,

Ішсең -елдің зорысың,

Отбасының сорысың»

5. Тазда бас бар, шаш жоқ,

Маскүнемде ауыз бар, бас жоқ.

Оқушы:

Маскүнемдік -алкоголь ішімдіктерін үнемі қолданудан және шектен тыс үйір болудан қанға сіңіп кететін дерт. Маскүнемдік тұқым қуалайды. Арақ барлық ішкі құрылысқа әсер етеді, оларды уландырады. Арақ ішу -адамның өз қолымен өз өмірін 15-20 жылға қысқарту болып табылады. Балалардың миының дамуының 40-60 пайыз артта қалу себебі - ата-аналарының маскүнемдігі. Арақ адамның қорғаныш күшін төмендетеді. Оны тоқтатпай жұқпалы аурулардан, оның ішінде туберкулез ауруынан құтылу мүмкін емес. Арақ ішетін адамның бес баласы болса , оның төртеуі ауру болып туылады. Ал төрт баладан есейгесін дені сау бала туатынына кім кепіл? Ішімдікке салынған адам отбасына ойран салады, алған жалақысын ішімдікке жұмсайды, үйдегі нәрсені бір шөлмек араққа сатады, әке-шешесінің зейнетақысына жармасады, жұмыс істемейді, еңбектен гөрі ойында арақ тұрып , тепсе темір үзетін азамат сенделіп көшеде жүреді.

Оқушы:

Ішімдіктің болашақ нәрестеге , бейкүнә сәбиге зиян екендігі сөзсіз. Арақ-шарап түгілі сыраның өзі іштегі нәрестенің кіндік тамырынан бір-ақ шығады. Баланың іштегі өлі немесе кемтар болып туылуы көбінесе осы жағдайларға байланысты. Соңғы зерттеу нәтижесіне зер салсақ , ішкен адамда алкоголь зардабы 21 күнге дейін жалғасатын көрінеді.

Оқушы:

Маскүнем адам ақылынан айырылып, қасындағы адамдарға зиянын тигізеді, оғаш қылықтар көрсетіп мазасын алады.

Көп қылмыстарды шарап ішкен адамдар жасайды. Жол апаттары да көбінесе ішкен адамның кінәсынан болады. Себебі мұндай жағдайда адам өте ызақор , кекшіл, ашуланшақ болады.

Оқушы: (екі оқушы)

- Кімде-кім өзіне өмір беріп , әлпештеп өсірген ата-анама қарыздармын деп білсе , соларға адал боламын десе,

- Арақ ішпесін!

- Кімде -кім сұлу қызға жар боламын десе ,

- Арақ ішпесін!

- Кімде -кім өз ұлына өнегелі әке боламын десе,

- Арақ ішпесін!

- Кімде-кім өз ортасына қадірлі адам боламын десе,

- Арақ ішпесін!

- Кімде-кім өз қоғамына пайдалы азамат боламын десе ,

- Арақ ішпесін!

Оқушы:

Спиртті ішімдікке болма әуес,

Күресу керек саған осы жолда.

«Денсаулық -зор байлық» деп бекер айтпас,

Өмірің ей, достарым,өз қолыңда.

Схема бойынша баяндау, тапсыру.

Жүргізуші:

Арақтың басқа да зиянды жақтары да жеткілікті. Ата-бабаларымыз ешқашанда ащы суды серік етпеген, ол кездегі адамдарға салауаттылық жайлы әңгіме өткізудің қажеті болмаған. Ойын-тойдың сәнін ашып, көркін келтіретін спорттық ойындар мен ән-жырдың шашылған шашуы небір дүбірлі бас қосулардың әрін келтіріп, адамдардың көңіл-күйін тасытқан.

Сонымен келесі топ «Нашақорлыққа қарсы»

Ұраны: «Есірткіге жолама, жетелейді молаға»

Оқушы:

Есірткі- бұл адамның көңіл-күйін , сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі.

Оқушы:

Есірткінің негізгі түрлеріне апиын, кокаин, көкнәр, марихуана, гашиш және тағы басқалар жатады. Барлығы да адам ағзасы мен психикасына әсер етіп , зақымдайды. Мұны «мидың қатерлі рагы» дейді. Егер ол асқынып кетсе, адам деградацияға, яғни дағдарысқа ұшырайды.Онда «мен» деген нәрсе болмайды, «балам бар-ау», «әке-шешем мен үшін жүгіріп жүр -ау» , «ел-жұртқа не деймін?» деген сұрақтарға есеп бермейді.

Оқушы:

Жасөспірімдерді құрыққа түсіру үшін таратушылар түрлі айла -шараға барады. «Бір рет иіскеп көр, одан ештеңе болмайды» , «Нашақор дегендер тамырға енгізеді, сен өйтпейсің , бұл жәй нәрсе, ұнаса көресің, ұнамаса тастайсың» деп әбден бастарын айналдырады. Адамды ә дегенде тәуелді етіп қояды. Бәрінің де әсер салдары бірдей. Бәрібір қанға түседі, бәрібір сана уланады. Көп шеккен адамның миы құрғап кетеді. Нашақорлар «иіскеген ештеңе емес , мұрынға тұрып қалады» деп қателеседі, тамырға салмасаң болды, зиянсыз деп ойлайды. Шын мәнісінде айырмашылық жоқ. Иіскеген кезде ләззат үшін 0,5 грамм қажет болса, тамырға салғанда 0,1 грамнан-ақ ләззат алады. Бірінші рет көргенде ләззат алады, сосын ағза тәуелді болып іздеумен өтеді. Қолданбаса ұйқысы бұзылады, буын-буыны сырқырайды. Сөйтіп, бара-бара тек ауырмау үшін іздейді.

Оқушы:

Есірткіні алғаш қолданар алдында, ең алдымен, ойлан. Ол ешқандай жақсылық әкелмейтінін ұмытпа. Егер сен қызық ретінде есірткі сатып алған болсаң, одан тез құтылуға асық. Танысың қанша жерден үгіт жүргізсе де қарсылық таныт.

Жүргізуші:

Кім мұндайды естіпті,

Есірткі жұртты есіртті.

Иіскеген жастардың

Жан -тәнін түгел кесіпті.

Сақ болайық , ағайын,

Қатерлі жау -есірткі!

Осындай жат әдеттер жаман ауруларға әкеліп соқтырады. Соның ішінде ғасыр дерті болып отырған СПИД ауруына тоқталайық.

Оқушы:

СПИД - әр әрпі бір ұғымды білдіретін күрделі сөйлем. Осының шығу төркінімен танысып көрейік.

Бұл орыс тілінде мынадай сөздерден қысқартылып алынған:

синдром - С, против - П, иммуно - И, дефицит - Д, ал қазақша баламасын қарастырсақ, онда «синдром» - қауіпті, қатерлі (өлім), «против» - тосқауыл немесе иммунитетке тосқауыл жасайтын, «иммуно» - иммунитет немесе қорғаныш қасиеті және «дефицит» - зәру, жоқ, табу, қиын деген, яғни орысша ұғымынан қысқарған «СПИД» сөзі «иммунитетке тосқауылды зарарлар синдромы» деген мағынаны береді.

СПИД ауруының қоздырушысы өте кішкене денелер - вирустар. Олар қарапайым клеткалардан да кішкене болады. СПИД кеселінің қауіптісі сол - ол адамның «жанды жеріне» үймелейді. Қазақ халқы адамның «жанды жері» деп жыныс мүшелерін, омырауын және жүрек, бауыр, бүйрек сияқты мүшелерді атаған. Міне, осы айтылған жеке мүшелерде СПИД вирустары тез өрбіп, бұларда кеселді ісік - рак ауруын тудырады.

Адам СПИД кеселінен өзі ғана зардап шегіп қоймай, басқа адамдарға да қауіп туғызады. СПИД вирусы үйелеген «жанды» мүшелерді емдеуге көп уақыт кетеді, себебі бірден ол айқын біліне қоймай, басқа ауруларды өзіне серіктес етіп, алғашқы дәрігерлік тексерулерде байқалмай басталатын апат ауруы.

СПИД ауруы адамға қалай жұғады және қалай сақтануға болады?

Қазіргі медицина ғылымының зерттеуі бойынша СПИД ауруымен ауырған адамнан екінші біреуге қан және жыныс жолдары арқылы беріледі. Ендеше СПИД вирусы еркектен жұғып, ал ұрпаққа, басқа адамға әйел арқылы таралады.

Сонымен қатар, бұл қауіпті аурумен сәбилер де, жасөспірімдер де ауруы мүмкін. Бұлардың мұндай науқасқа ұшырауына емханаларда ине салып, қан алғанда немесе дәрі еккенде шала қайнаған инені пайдалану себеп болады. Қазір мемлекет тарапынан, медицина ғылымының талабы бойынша халықты емдеуде тек бір рет пайдаланылатын дербес инелер (шприц) қолданылуы көзделіп отыр.

СПИД-пен ауырмау үшін алдын ала шаралар жасалынып, адамдар саналы түрде тәртіп сақтауы қажет.

Тазалық сақтау гигиенасын мұқият орындау - әр адамның өзіндік қасиетіне байланысты. Әрбір адам төсек-орнын, тіс жуғышын, сабынын, сүлгісін, ішкі киімдерін, тырнақ, шаш, сақал-мұрт алатын құралдарын жеке, дербес ұстауы керек.

Жол үстінде, туристік лагерлерде кез келген адамдармен қарым-қатынаста жеке бас гигиенасына ерекше назар аудару керек. Осы айтылған кеңестерді көңіліне түйген жас адам, мұндай аурудан аулақ болады.

Жүргізуші:

Осының нақты дәлелі ретінде бүгін біздің конференциямызға СПИД ауруына шалдығып, өмірден күдер үзіп келіп отырған «Жұмбақ кейіпкер» бар. Енді біз «Жұмбақ кейіпкердің » әңгімесіне құлақ түрейік .

«…Мен темекісіз, есірткісіз тұра алмайтын дәрежеге жеттім. Өзім секілді достарым да көбейді. Олар арқылы сарғыш сұйық құйылған инеге аңсарым ауды. Не құдіреті бар екенін білмеймін сол бір инені көрсем аузымнан суым ағып , есім кететін. Мен сол құлдырағаннан құлдырай бердім. Бірде қатты суық тиіп , ауруханаға түстім. Дәрігерлер менің СПИД -пен ауыратынымды анықтады.

4-5 жыл оны білмей жүріппін .

Таусылмақ дәм. Бітпек өмір өзенім.

«Өлермін» деп күңіренем, күйзелем,

Мені есірткі найзасымен түйреген.

Өз әлімше арман- көлде жүзе алмай,

Қанатымнан қырқылатын күйдемін.»

Жүргізуші.

Естіп отырсыздар оқушылар , «Жұмбақ кейіпкер» басына төніп тұрған қайғы мен өмірдің ащысын көріп , өмірден түңілген күй кешіп отыр. Осындай өмірге кейінгі кезде шыдай алмайтын сияқты. Сіздер қандай ойдасыздар? «Жұмбақ кейіпкерге» сұрақтарыңыз бар ма?

Сұрақ:

Сізді осындай жағдайға итермелеген қандай себеп болды және кімді кінәлай аласыз?

Жұмбақ кейіпкер.

Мен жағдайы әжептәуір отбасында дүниеге келдім, әп деп өсе бастағаннан ештеңеден таршылық көргенім жоқ. Басқа балалар ішпегенді іштім, кимегенді кидім. Бір сөзбен айтқанда өте ерке болып өстім. Әке -шешем барлық дегенімді жасады. Анда-санда әкем мен тентек болған кезде айғайлап ұрса бастаса анам «ойбай , жалғыз балада нең бар?» деп ара түсетін. Менің бұлай өмір сүруіме тек өзімнің еркелігім мен тентектігім және баршылық, мол ақша, қасымдағы өзім секілді достарым деп ойлаймын. Кейде осыған жол берген ата-анамның екі түрлі тәрбиесі себеп болды ма деп те ойлаймын.

Соңғы кезде өмір туралы , табиғат,жаратылыс туралы көп ойланатын болдым. Маған енді адамнан да , басқадан да көмек жоқ екенін сездім! Сондықтан сендерге айтарым , мен ішкен уды ішпеңдер, денелеріңді тесіп , өзіңді азаптама , мен жүрген ізбен жүрме демекпін!

Жас жеткіншек! Өздеріңе өлер кезде айтып кету борышым

Ауырсаңдар бұл кеселмен , дәрігер де бере алмайды қол ұшын.

Құтқаратын күш жоқ , онда әлсіз , тірі өліксіз,

Жат әдет пен темекіге, есірткіге жоламаңдар сол үшін.

Жүргізуші: Міне «Жұмбақ кейіпкер» әңгімесін тыңдап болдық. Енді әр топтан 1 оқушы шығып мына компьютердегі сұрақтарға , тапсырмаларға жауап беріңіздер. Салауатты өмір салты деген не? Сұрағына жауап беру.

Жүргізуші:

Міне, оқушылар әр адамның мәнді де, сәнді , өмір сүруі үшін денсаулықтың әсері ұшан-теңіз екен. Сондықтан да өмірлеріміздегі ең жарқын жастық шақтарымызда дендеріміздің саулығына бүгіннен бастап қамқор болайық. Жастық шақтарымыздың тамырына анаша, арақ, темекі балта болып шабылмасын! -деп өз сөзімді тәмамдағым келеді.

Барлығы:

Есірткі құрысын ,

Ішімдік жойылсын.

Дені сау қазақтың

Ұрпағы көбейсін.

Мәдениет өркендеп,

Табиғат көркейіп,

Қазақтың сымбатты

Ұл-қызы көбейсін!



Темекінің адам өміріне зияны

Сабақтың мақсаты:

1. Оқытып үйрету: оқушылардың бойында зиянды әдеттерге, атап айтқанда, алкоголь ішімдіктеріне, нашақорлыққа, темекі тартуға деген жиіркенішті ұғым қалыптастыру.

2 Тәрбиелік мақсаты: маскүнемдіктің, нашақорлықтың зардаптары. Маскүнем ата-аналардан туған балалар ұмытшақ, алаңғасар, халқымызға пайдасыз болып өмірге келетінін жете түсіндіру.

3. Дамыта оқыту: темекінің зиянына ғылыми дәлелденген деректер бойынша нақты фактілер мен түрлі түсті диафильмдер арқылы көз жеткізу.

Сабақтың көрнекілігі: 1. Жасөспірімдерге арналған ереже.

2. Темекіден болатын аурулар.

3. "Темекінің адам ағзасына зияны" тақырыпта түсірілген диапозитивтер.

4. Темекі тартуға қарсы ұйымдастырылған сурет көрмесі.

5. Ұлы адамдар сөзінен цитаттар.

6. Тақырыптарға байланысты суреттер.

7. 1974 жылы Бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы темекі тартумен күрестің тұтас жүйесін жасаған, соның шарттары.

Сабақтың түрі: пресс-конференция.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру. Кіріспе.

II. Пресс - конференцияға қатысушылармен таныстыру.

III. Темекінің шығу тарихы

ҮІ. Жас өспірімдердің, адамдардың темекі тартуының себептері.

Ү. Көрініс. Әке мен бала.

ҮІ. Темекіден болатын аурулар.

ҮІІ. Диапозитив.

ҮІІІ. Темекімен күрес.

IX. Темекіні тастауға бола ма? (дискуссия)

X. Темекі тартудың спортқа қандай әсері бар? (спорт маманы).

XI. Қорытынды.

XII. Ү-ҮІІ сынып окушыларының міндеттеме қабылдауы.

Пресс-конференцияға қатысушы мамандар:

1. Медицина ғылымынын докторы, академик.

2. Жас өспірімдер ісімен айналысатын милиция инспекторы.

3. Гимнастика мен аэробика маманы, еліміздің жастарьш эстетикалық, этикалық түрғыдан тәрбиелеуде көп жылдан бері қажымай-талмай еңбек етіп келе жаткан спорт маманы.

І-жүргізуші. Кіріспе.

- Қазіргі кезде елімізде темекі шегу және оған қарсы күрес жүргізу негізгі мәселенің біріне айналды. Темекіге әуесқойлық, әсіресе, жасөспірімдердің арасында қатты етек алып отыр.

П-жүргізуші. Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев барлық қазақстандықтарға жолдаған " Қазақстан -2030" бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті. Олар:

1 - бағыт. "Темекі шегуді тоқтату";

2 - бағыт. "Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес";

3 -бағыт. "Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес".
Бағдарламада былай делінген:

"Алкоголь мен темекінің адам өміріне зиянды екені дәлелдеуді қажет етпейді". Халықаралық тәжірибе бұл салада мемлекеттік саясатты жүргізудің алкоголь мен темекіге салық салудан бастап, бірнеше сабағын ұсынып отыр. Біз бұл мәселеде байыпты саясат жүргізуіміз керек".

Тілшілер:

1. "Дидар" газетінің қызметкері:

2. "Ақ Ертіс" журналының тілшісі.

3. Спорт маманы.

Пресс - конференция негізінен маман иелері мен тілшілер арасында сұрақ-жауап ретінде өтеді.

Сұрақтар:

1. Темекі тарту қай ғасырда, қай жылы басталды?

2. Темекі тарту туралы кітап көп дегенмен, темекі туралы ең алғашқы кітапты айтсаңыз?

3. Адамдардың темекі тартуының жалпы себептері неде?

4. Көрініске байланысты сұрақтар.

5. Дәрігер никотин деген сөз туралы айтты, никотин деген сөз қайдан шыққан?

6. Темекіден болатын ауруларды атап көрсетіңіздер!

Зиянды әдеттерге, алкаголь ішімдіктеріне үйір болу, нашақорлық, темекі тарту жатады.

Әділін айтсақ, бұлардың қайсысы болса да қайғылы жағдайға соқтыратын құмарлық кесел. Маскүнем ата-аналардан туған балалар ұмытшақ алаңғасар, халқымызға пайдасыз болып өмірге келеді. Ішімдік, нашақорлық, темекі адам организміне өте қауіпті. Бірақ біз бүгінгі шағын уақытымызда бүл мәселелерді бірден қамти алмаймыз. Сондықтан бүгінгі күніміздің тақырыбын "Темекінің адам ағзасына зияны" деген тақырыпқа арнасақ.

Құрметті балалар, темекіге байланысты сұрауларыңызды әр түрлі маман иелеріне ауызша, жазбаша тапсыруларыңызға болады. Оған дейін мен темекінің шығу тарихына тоқталайын.

Сұрақ. Темекі тарту қай ғасырда, қай жылы басталды?

Жауап. Темекі тарту ХҮ ғасырда 1496 жылы басталды. Алғаш темекі дәрі ретінде Испанияда бастады.

Сұрақ. Темекі тарту туралы кітап көп дегенімен, темекі туралы ең алғашқы кітапты айтсаңыз.

-Темекі тарту әдеті жайлы ең алғашқы кітапты Эрпандесу де Овьеда жазды. Ол Америка тұрғындарының адамгершілігі мен әдет ғұрыптары деп аталады. Онда қысқаша былай делінген. "Расанолла" аралында тұратын халықтың тым зиянды әдет-ғұрыптары, олар қасиеті жағынан меңдіуанаға ұқсас шөпті жандырғанда шыққан түтінді танаулары арқылы ішіне тартып мас болады. Онысы "тобоко" деп аталады.

Жүргізуші. Адамдардың темекі тартуының жалпы себептері неде.

-Адамдардың, әсіресе, жасөспірімдердің темекі тартуының себептері мыналарға байланысты:

а) топқа еліктеу, яғни, темекі тартпайтын жас қыз немесе бала топқа қосылу үшін солардың ыңғайына көніп, жаман өдетін бойына сіңіргісі келеді;

б) жеке ұнатқан адамына еліктеу бұл жерде темекі тартпайтын жас қыз немесе бала ұнатқан адамының жаман қасиеттерін бағаламауынан темекі тартуды өзі де бастауы мүмкін;

в) ересек болуға тырысу;

г) өмірдегінін бәрін байқап көруге тырысу;

д) ата-аналардың дұрыс тәрбие бермеуі мектеп жасындағы жасөспірімдердің көпшілігі темекінің зиянын білмегендігінен тартады.

Көрініс (Бала столда сабақ оқып отырады, әкесі келеді).

Әкесі: Ә-ә-ә, балам қалай сабақ оқып отырсың ба?

Дұр-ы-ы-ы-с Қалай сабағың жақсы ма?

Бала: Жақсы ғой папа, бірақ сені мұгалім мектепке келсін деді.

Әкесі: Немене? Тағы бір нәрсе бүлдірдің бе? Кәне әкелші күнделігіңді (күнделікті алып оқиды) балаңыздың тәртібі нашар, мектепке келіп кетіңіз. Сынып жетекшісі

- Әй, сенде бір жағымсыз иіс бар ғой, темекінің иісі шығады ғой.

Бала: Жо-қ папа, өзіңнен шығып тұрған шығар. Өзің тартқан шығарсың.

Әкесі: Көп сөзді қой, кәне тұр былай, (қалтасын ақтарып темекі, сіріңке шығарады).

Міне кере-е-е-мет. Сен енді темекі тарта бастағансың ба?

Бала: Жо-о-оқ папа, мамам салып қойған шығар.

Әкесі: Мен саған салғанды, тартқанды көрсетейін (белбеумен ұра бастайды).

Бала: Ұрмашы папа, ұрмашы ой-ой!

Мамасы: жүгіріп келеді. Әй-әй не болып қалды (баласын арашалап қорғап қушақтай бастайды).

Әкесі: Андағы ақмақтан сұра, не істеп жүргенін, енді темекі тартуды бастаған.

Шешесі: Балам-ау не дейді. Қашан тарттың, кім үйретіп жүр?

Бала: Көршінің баласы тартып жүр ғой, сол жақсы деген соң, сендер жұмысқа кеткенде тартып көргем.

Шешесі: Ә-ә-ә күнім сол, тартып көрген екен ғой (басынан сипайды).

Бала: Мама, алғаш аузым мен танауымды ашытты, түтінін будақтата шығардым.

Шешесі: Күнім сол, будақтата шығарады.

Бала: сөйтіп тағы сордым, сол кезде басым айналып кетті, түрімді көрейін деп айнаға қарай бергенімде, аяғым тәлтіректей бөлме іші шыр көбелек айналып кетті.

Шешесі: Әбден қиналған екен ғой шырағым.

Бала: Аяғымды әбден басып айнаға қарасам өзімді өзім танымай қалдым. Мама, көзім қасқырдың көзіндей алайып кетіпті.

Әкесі (балаға тағы ұмтылып): Сонда неге өле қалмаган екенсің.

Шешесі: Қой, қой деймін (Баласын қорғайды).

Бала: Мама, сосын әрең дегенде диванға отырдым. Жүрегім айнып, құсқым келеді, тұла бойым әлсіреп, демім бітіп, тұншығып кеттім.

Әкесі: Енді неғып тартып жүрсің.

Бала: Мама сосын диванға құлап ұйықтап қалыппын.

Әкесі: көрдің бе, мұның істеп жүргенін (тағы да ұра бастайды, енді неғып тартасың).

Бала (шешесіне қарап): Мама папам да тартады, тартса не болады. Қазір менің бұрынғыдай құсқым келмейді, басым айналмайды, көршінің баласы екеуміз күнде тартып жүрміз. Қазір мен одан да жақсы тартамын.

Әкесі: Ойбай-ой мектебіне, сыныбына, жетекішсіне не дейміз.

Шешесі: Тартпайды дей сал.

Жүргізуші: өздеріңіз көріп отырған сахналық көрінісінен темекі тартудың басты себептері, еліктеу, ересек болуға тырысу, өмірдегінің бәрін байқап көруге тырысу, әке-шешенің дұрыс тәрбие бермеуі, ең бастысы жаңағы Ерболдың темекінің зиянын білмеуінен екеніне көзіміз жетті. Ендеше, осыған байланысты мынандай сұрақ түсті.

Ербол темекіні алғаш тартқанда өте ауыр жағдайда болды, бұл ненің өсері? Бұл сұрақ дәрігерге арналыпты.

Дәрігер. - Ерболдың алғашқы күйі темекі тартудың бірінші фазасы деп аталады. Ербол алғаш тартқанда темекінің улы заты никотинімен уланады. Никотиннің темекіде болатын түсі сары сұйық зат. Суға және майға тез ериді, теріге тез сіңеді. Оны ауыл шаруашылығында зиянды жәндіктерді өлтіруге пайдаланады. Никотин нерв жүйесінің жансызданып қалуына әсер етеді. Никотин адамға өте қауіпті. Онымен уланғанда көз қарауытып, тамыр қысымы күшейеді, құсады, бұл кезең темекі тартудың бірінші фазасы.

Сұрақ . Әкесі келген кезде Ербол сіз айтқандай емес, ешнәрсе болмағандай айтады, ал соның алдында ғана темекі тартқан, тіпті қазір менің бұрынғыдай басым ауырмайды, құсқым келмейді деді ғой, осының себебі туралы не айтар едіңіз.

Дәрігер. Ол кезең темекі тартудың екінші фазасы. Ерболдың организмі никотинге біршама дағдыланды, біртіндеп оған деген құштарлықты арттырады, тартқысы келіп тұратыны содан.

Жүргізуші. Сізге көп рахмет, сұрауларыңыз бар ма?

Сұрақ Дәрігер никотин деген сөз туралы айтты, никотин деген сөз қайдан шыққан?

Тарихшы, ғалым. - Бұл сұрақка мен жауап берейін. Португалияның Париждегі елшісі Жак Никаның есіміне байланысты. 1560 жылы әйел патша Екатерина Медичидің басының сақинасы ұстағанда Жак Ника дәрі ретінде әкеліп берген. Міне, темекі осы кезден бастап алғаш емдік шөп ретінде пайдаланылған.

Жүргізуші: -Сізге рахмет, біз темекі тартудың себептерін, шығу тарихы жөнінде біраз мәліметгер алдық, енді біздің пресс-конференцияға қатысушыларымыз жасөспірімдердің көбі темекінің адам ағзасына зияны жөнінде көп біле бермеңді. Сондықтан құрметгі маман иелері енді темекінің зияны неде, осыған токталайық

Дәрігер. Бұл сұракқа темекі тартудьщ 3-ші кезеңі жатады, бұл кезенде темекі тартушы адам рахаттанғандай болады. Бірақ, темекі тартушы адам оньщ зардаптарын ұғына бастайды. Бұл кезеңде темекіге құныққан адам, темекі тартып алмаса ешнәрсе шеше алмайды, бөлме көк түгінге тольш, отырған жері темекі қалдықтары мен күлге үйіліп калады, жиі-жиі жөтеледі, кеудесі сырылдайды, аузы ойылады.

N1 диафильм. - Мына көріп отырғандарыңыз темекі тартпайтын, никотинмен уланбаған адамның таза өкпесі, ал мынау темекінің никотинімен уланған адамның өкпесі. Мұнда адамның өкпесі темекі ысынан әбден уланған. Осылай біртіңдеп рак ауруына шалдығуы мүмкін.

N2 диафильм. - Ал мына көріп отырғандарыңыз, темекі тартпайтын адамның тыныс жолы мен темекі шегетін адамның тыныс жолы. Темекі шегетін әбден үйренген адамның жөтелуі, кеудесінің сырылдап тұруы осыған байланысты.

N3 диафилъм. - Ал мынада темекі тартушыларда көп кездесетін ракка айланьш, әбден ісіген өкпе көрсетілген.

Сұрақ. Темекіден болатын ауруларды атап көрсетіңіздер.

Жүргізуші. Бұл сұраққа болашақ дәрігерлер жауап береді. Сіздер темекі тартудан болатын ауруларды түсіндірсеңіз.

- Стенокардия - темекі тартудың көп тараған қасіреттерінің бірі. Темекі тартудан болатын стенокардия ауруына шалдыкқандардың кеудесі қысылып әлсірейді. Бұл ауруға шалдыққандардың өмір қысқарады. Мұндай ауруға шалдықкан адамның өмірі қысқа болады.

- Эндартерит - темекі тартудан болатын ауру. Төменгі қан тамырларының біресе кеңейіп, біресе тартылуы осыған байланысты. Бұл ауру кезінде адамның жаны қатты қиналып, адам жүріп келе жатып еріксіз тоқтап, отыруға мәжбүр болады. Сәл тоқтап отырса ауруы басылады. 50-70 м жүрген соң қайта ауырады. Мүндай ауруға шалдықкан адамдардың қан тамырларынын кеңею қабілеті жетіспейді.

- Құрғак гонгрена - темекі тартудан болатын аурудың жалғасы. Бүл ауру кезінде жүрек бір калыпты қан айналымын қамтамасыз ете алмайды. Аяқтың башпайлары суланып, көгере бастайды, осыдан аяқ жансызданады, оны кесуге тура келеді.

- Ісік аурулары никотин уының тамырларға қатты әсер етуінен болады. Темекі түтінінің шамадан тыс әсер етуінен асқазан, ащы ішек ісік ауруына әсер етеді. Темекі тартушылар арасында өкпе рагы, көмей рагы өте жиі кездеседі. Мына көріп отырғандарыңыз таза асқазан, ал мынау көбінесе темекі никотинінен болатын жара түскен асқазан, осы жара біртіндеп үлғаяды. Бұл ауру темекі тартатын адамдарда көп кездеседі.

Ал мына көріп отырғандарыңыз темекі тартушыларда көп кездесетін, ракқа айналып, әбден ісетін өкпе көрсетілген. Мынау темекі ысы мен никотиннен болған ерін рагы. Ал мынау сау адамның көмейі. Мына көріп отырғаныңыз темекіден ракқа айналып шіри бастаған көмей.

Жүргізуші. -Бүгінгі пресс-конференция тақырыбына сай газетте былай деп жазылыпты.

Темекі тартатындардың 25 процентінің көңіл күйі төмен, 30 процентінің тыныс алуы қиындайды, 10 процентінің үйқысы қашады, дәрі-дәрмекке әуес болады.

- Сұрақ. - Темекі тартумен күрес туралы не айтар едіңіздер?

Тарихшы, ғалым. -Европа ХҮІІ ғасырда темекі тартумен күрес жүргізуді бастады.

Мысалы, Англияда темекі тартқаны үшін айыпталады, тұзақ салып, көшелерде дарға асты. Темекі тартуды тоқтату мақсатында адамдар арасында үрей туғызу үшін, аузында темекісі бар кесіп алған бастарды алаңға, жұртшылықтың көз алдында іліп қойды. 1860 жылы Францияда темекі тартушылармен қызу күрес жүргізілді. XIII Людовик темекіні сатуға тыйым салды, орыс патшасы 1634 жылы темекі тартушыларга өлім жазасын қолданды, түрмеге қамап, алыс жерлерге жер аударды.

Тілші. Бұған қосымша біздің ғасырымызда темекімен қалай күрес жүргізгені жөнінде мынандай факт бар.

1974 жылы Бүкіл дүниежүзін денсаулық сақтау үйымы темекі тартумен күрестің түтас бір жүйесін жасады. Онда мынандай шарттарға келісіпті.

1) Темекі түтініндей заттарды қораптарға көрсетіп жазу.

2) Кәмелетке толмағандарға темекі бүйымдарын сатуға тыйым салу.

3) Қоғамдық жүмыс орындарда темекі шегуге тыйым салу.

4) Темекі тартудың зияндылығын түсіндіру.

5) Темекі егілетін аймақтардың көлемін азайту.

Жүргізуші. Темекі тартатын жас пен тарпайтын жас арасында қандай айырмашылық бар?

Жауап. Темекі шегетін жас пен тартпайтын жас арасында айырмашылық өте зор. Темекі тартатың жас адамның кеуде клеткасының көлемі, өкпесінің, жетілуі темекі тартпайтын жас адамнан 25% артта қалған. Олар жиі суыққа ауырады. Өкпесінде сырыл болады. Осы айтылғандардың бәрі темекі тартудың басталғанына 2-ақ жыл болған адамдарда кездеседі.

Сұрақ: Темекіні тастауға бола ма?

Жауап: Болады, ең бастысы, ол адамның жеке басына байланысты. Темекі тартуды тастағандар алғаш қолайсыз жағдайды бастан кешіреді. Ашушаң болып, көңіл күйі төмендеп, темекіге әуестеніп түруы мүмкін. Әйтсе де, біраздан соң олардың жағдайы жақсарады. Темекі тартуды тастағандар оны мүлде үмытуы керек, ойына алмай тартатындардан аулақ болуы керек.

Сұрақ. Жастар темекі тартпауы үшін не істеу керек?

Жауап. Баланың бойында темекіге деген жиіркенішті ояту керек. Темекі тартатындар ересек, дербес, қажырлы адамдар емес, керісінше олардың ерік жігері мен өзін-өзі ұстауы толық жетілмеген адамдар екенін білу. Олардың көбі темекінің зиянын біледі, бірақ оны қоюға ерік жігері жетіспейді. Темекі тарту адам баласының үлкен кемшілігі.

Жүргізуші. Енді темекі тартудың спортқа қандай әсері бар екен, бұл сүраққа спорт маманы жауап береді.

Спорт маманы. - Темекі тартатын жас спортта үлкен табысқа жете алмайды. Никотин бойдағы қажыр-қайрат пен бұлшық еттің ширақтығын, қозғалыс сәйкестігін, шапшандықты, төзімділікті төмендетеді. Сондықтан темекі тарту жүзумен, бокспен, жүгірушіге, конькимен, шаңғымен шұғылданушыларға зиянын тигізеді.

Қорытынды. - Міне, балалар біздің темекінің зиянын білуімізге арналған уақытымыз таяу қалды, өздерінде байқап отырған боларсындар, темекі тартуға әуестенген мектеп жасындағы балалардың оқу үлгерімі төмен, алаңғасар болады. Темекідегі улы зат никотин нерв жүйесінін реттілігін бұзады. Сондықтан да темекіге әуестенген мектеп жасындағы балалар сабаққа көңіл бөлмейді. Улы газ баланың жұмыс, қабілетін төмендетеді. Темекіні тастап кету адамның өзіне байланысты.

Бұл қазақ халқы үшін үлкен қасірет болып отыр. Сондықтан қазір Егемендік алып, өз алдымызға шаңырақ тігіп, дамыған елдер Испан, Американ, Ағылшын елдерінің қатарына жетуіміз үшін темекімен үздіксіз күрес жүргізуіміз керек.

- Біз, 10 сынып оқушылары, осы конференциядан алған әсерімізді жинақтап келіп былай деп міндеттеме қабылдадық.

1. сынып оқушылары жасөспірімге темекінің зиянын үнемі түсіндіріп отырамыз.

2. Темекі тарту біздің ата-салтымызда болмаған, ал оны қазіргі кездегі шегушілер біздің халқымызға зияндық жасап отырғанын насихаттаймыз.

Бекіту сұрақтары:

1. Темекі тартумен күрес жүргізіле ме?

2. Темекі тартатын жас пен тартпайтын жас арасында қандай айырмашылық бар?

3. Темекіні тастауға бола ма?

4. Жастар темекі тартпауы үшін не істеу керек?

Салауатты өмір салты


Білімділік мақсаты: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы -денсаулықты сақтаудың басты жолдары -зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру.
Дамытушылық мақсаты: «Ауырып ем іздегенше, аурмаудың жолын іздегеннің» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: сызбала, оқушылардың газеттері, магнитафон, қолшатыр.
Сабақтың мақсаты:
1. оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйрену;
2. ой - өрістерін, сана, сезімдерінің, тілдерін, шығармашылықтарын дамыту;
3. адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан - жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
1. Мағынаны табу: Сұрақ -жауап түрінде әңгімелеу.

-Міне балалар, біз денсаулық туралы тегін әңгімелеп отырған жоқпыз, бүгінгі сабағымызда денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде ой өрбітеміз.

Біздің хажлқымыз «Деннің саулығы -бастың байлығы» - деп тегін айтпаған. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан.

Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау -ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен. Біздің дінімізде де денсаулығымызды сақтау жолдары туралы айтылады екен. Мысалы, мына бір жолдарды тыңдап көрейік.

Магнитофоннан тыңдау:
1. денім сау болсын десең -тамақты ішер алдында және ішіп болғаннан кейін қолыңды жу. Тамақтың берекесі де осында.
2. Тістеріңізді тазалап жүріңіздер, себебі ол пәктікке жатады. Пәктік иманға шақырады, ал иман жәннатта иесімен бірге болады.
3. Алла тағала пәк, ол пәктікті жақсы көреді, ол таза, тазалықты ұнатады. Үй жайыңызды, жүріп -тұратын жолдарыңды таза ұстаңдар.

(«Мың бір хадистен»)
-Енді, балалар біз де денсаулығымызды сақтау жолдарын қаншалықты білетінімізді екі топ боп сайысып, ортаға саламыз.

1. Топ оқушыларын екі топқа бөлу.

1- топ «Денсаулық»
Ұраны: «Денсаулық -зор байлық».

2- топ «Салауат»
Ұраны: «Салауатты өмір -денсаулықтың кепілі»

2. Әділқазылар алқасын сайлау, сайыс шартын таныстыру:

І Әр топ өздері шығарған газеттерін қорғайды.

ІІ Кластер құру.
ІІІ «Түсіп қалған әріптер». Берілген сөздерге әріптерді қою.
1- топ: Денсаулықты нығайту жолдары.

2- топ: Денсаулыққа зиянды әдеттер.
1- топ: 1. Д…… і (дәрі)
2. в…та…н (витамин)
3. ….ны…..у (шынығу)
4. с….ау……т (салауат)

2- топ: 1. Г…и…на (гигиена)
2.ту…ку….ез (туберкулез)
3. тұ……у (тұмау)
4. д… ау…. қ (денсаулық)

IV. «Тәрбие көзі - халықта». Екі топ денсаулық туралы мақал - мәтел жазып оқиды.
V. Шығармашылық тапсырма:
1- топ:
…………………………………………баламыз,
………………………………………….аламыз.
……………………………………………..
………………………………………….санамыз.

2- топ:
…………………………………………күлеміз,
………………………………………….жүреміз,
……………………………………………….
……………………………………………сүреміз.

Сайысты қорытындылау барысында оқушылар өнерін көрсетеді.
1-оқушы:
Жымысқы жау- арақ мынау.
Аңқылдаған жалпылдаған.
Аңқау жұртым қазағым.
Сенгіштіктің көнбістіктің,
Тарттың әдбен азабын.

VI Бекіту: Тренинг «Қолшатыр…»
-Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек? Оқушылар қолшатырдың әр бөлігіне қағазға өз ойларын жазып іледі.
Тренинг «Денің сау болсын десең…»
Бір оқушы «Денің сау болсын десең…» деп ортаға шығады. Қалған оқушылар осы сөйлемді толықтырып аяқтап, шеңбер құрайды.

VII Қорытынды:
Әділқазылар екі топтың ұпайын есептеп, алғыс хат табыстайды.











Менің сүйікті мамандығым

Мақсаты: оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру.
Өткізу формасы: дөңгелек үстел
Қатысушылар: 10-11- сынып оқушылары

1.Кіріспе сөз
Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн. адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12℅ -ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? «Мамандық - дегеніміз не?» Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Осы және тағы басқа мәселелер туралы бүгін ой бөлісеміз.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандайда бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

2. Пікірталас
1) «Маман иесі дегенді қалай түсінуге болады?»
2) Ата-аналарың отбасында сендер жақсы мамандық таңдауда үлкен азамат болып өсу үшін, өздеріне қандай мақсаттар қоюы мүмкін?
3) Алдағы уақытта қандай маман иесі болатыныңды, қандай бағытты, қандай оқу орнында оқитыныңды және де өзіңнің болашақ кәсіби қызметің туралы білесің бе? Осы туралы ойладың ба?
4) Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдай отырып, сен тіршілік ететін аймаққа қандай мамандықтар қажет.

3. «Ең жақсы» ойыны
Қазір сендерге мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелерін ұсынамын, ал сендер берілген мінездемеге сәйкес келетін мамандықты атайсыңдар.
Ең жасыл-------------(эколог, географ, бақташы)
Ең тәтті----------------(аспаз, кондитер)
Ең ақшалы------------(банк қызметкері,экономист)
Ең күлкілі----------------(клоун)
Ең жауапты ---------------- (сот, бухгалтер)
Ең салмақты------------------- (мұғалім, заңгер)
Ең қарым-қатынасы күшті----------- (бизнесмен)

4. Суретті тест
Қатысушыларға күн, бұлт, жаңбыр бейнеленген қағаздар таратылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, бір-біріне тілектерін сол берілген суреттердің біреуіне жазады.
Күннің суреті--------- жақсы, көңілді
Бұлттың суреті---------- орташа
Жаңбыр------------ төмен

Қорытынды
Әбунасыр Әл Фараби: «.... адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады»,- деген.









Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға мемлекеттік тілді білудің маңызы жайлы айту және оны құрметтеуге үйрету, ыңғайлас
салалалас туралы түсінік беру
ә) қазақ тілі туралы мақал-мәтелдер, өлең, тақпақ, нақыл сөздер айту арқылы оқушының сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.
б) оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, тілді құрметтеуге, тіл байлығын, маңызын түсіне білуге баулу
Сабақтың типі: Дәстүрлі
Түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, ой қозғау, венн диаграммасы
Көрнекілігі: слайдтар, оқулық, нақыл сөздер

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, орыс тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
а) Сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгелдеу
б) Назарларын сабаққа аудару
- Балалар, тақтаға назар салып қарайықшы. Тақтада әр түрлі суреттермен безендірілген мақал сөздер берілген, соны шешіп алып, мақалдардығ мазмұнына ой жүгіртейік.
Кіріспе.
Тіл дегеніміз - адаммен бірге пайда болып, қатар жасасып келе жатқан қоғамдық құбылыс. Бұдан біз тілдің адамнан айырылмас серігі екенін көреміз. Тіл арқылы адамдар бір-бірімен пікір алысып, өзара түсінісіп, оны қатынас құралы ретінде пайдаланып отырады. Әр адам өз ойын басқа біреуге тіл арқылы жеткізсе, біреудің ойын тіл арқылы түсінеді. Тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті, болмысы деуге болады. Халықтың тарихта қалуы тіліне, тілінің сақталуына байланысты. Мағжан атамыздың: «Жан көріністерінің ең қымбаты- ой, ой тілі -сөз. Тіл адам жанының тілмашы. Тілі кем болса, адамның қор болғаны…» деген сөзі дәлел деуге болады.
Сол секілді, қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз - қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз - тіліміз.
«Адамға екі нәрсе тірек тегі,
Бірі - тіл, бірі - ділің жүректегі», - деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.Біздің ана тіліміз - қазақ тілі. Біздің Отанымыз - Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар.
Тіл - халық тарихы, тіл - ұлттық қазына, тіл - біздің намысыз, арымыз, байлығымыз, барымыз. 1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының тіл туралы заңы қабылданды. Ол 1997 жылы қайта өңделіп шығарылды. Ол 6 тарау, 22 баптан тұрады. Оның 4-ші бабында Қазақ тілі - Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі делінген.
Біз енді, туған еліміздің тілін ардақтап, сол тілде сауатты жазып, ойымызды жеткізе білсек нұр үстіне нұр емес пе?
Міне, біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз қандай тақырып екен?
ІІ. Жаңа сабақ:
«22-қыркүйек тілдер мерекесі». Бүгін сол 22 қыркүйек.Грамматикалық
тақырыбымыз «Ыңғайлас салалас». Біз алдымен, грамматикалық тақырыбымыздан бастайық. Себебі біз мәтінмен жұмыс жасағанда да осы грамматика міндетті түрде қажет. Ең бірінші, ауызша сұрақтарға жауап берейік.
а) Грамматикамен жұмыс:
Сөйлем дегеніміз не ?
- Сөйлем қандай түрлерге бөлінеді?
- Жай сөйлем дегеніміз не?
- Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
- Құрмалас сөйлем неше түрге бөлінеді?
- Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
- Салалас құрмалас сөйлемнің қанша түрі бар?
- Енді балалар, біз сабақтас пен салаластың айырмашылығы қандай екенін венн диаграмасы арқылы түсіндіріп өтейік. (бір оқушы шығып жазады)
- Салаластың түрлері таныстырылып, оның ішіндегі ыңғайлас салаласқа тоқталамын.
ә) Сөздікпен жұмыс:
Мәнерлеп оқу
ә) ұлан-байтақ, мереке, жүлделі сөздерімен сөз тіркестерін құрау
б) Тілдер күні,ұлт, қызықты сөздерімен құрмалас сөйлемдер құрау
в) жариялау сөзін сөз құрамына талдау
Ұлан-байтақ - широкий
ұлт - национальность
Тілдер күні - день языков
жариялау - объевлять
тойлау - праздновать
ұйымдастыру - организовать
білгір - всезнающий
жүлделі - призовой
сайыс - состязание
мереке - праздник
қызықты - интересный
б) Мәтінмен жұмыс:
1. Мәтінді мәнерлеп оқу
2. мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап бере отырып, диалог құрастыру
3. Мәтінге ұқсастырып, құрмалас сөйлемдерді
қатыстыра отырып, қысқаша мәтін жазу
в) Тапсырмалармен жұмыс:
1. Мәтіндегі жай сөйлемдерден 3-4 ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем құрап, толық синтаксистік талдау жасаңдар.
Үлгі: 22 қыркүйек - Тілдер күні, бұл мерекені біздің мектепте қызықты
атап өтеді.
Талдау үлгісі: 2 құрамды ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем(жалғаулықсыз)
1 жай сөйлемі: жақты, жалаң, толымды
2 жай сөйлемі: жақсыз, жайылма, толымды
2. Тест тапсырмаларымен жұмыс:
1. Күн батты, тауды қара көлеңке басты.
А. Ыңғайлас салалас; D. Түсіндірмелі салалас;
В. Себеп-салдар салалас; Е. Талғаулы салалас;
С. Қарсылықты салалас; F. Кезектес салалас.
2. 22 қыркүйек қандай мереке?
А. Жаңа жыл D. Тіл мерекесі
В. Жеңіс мерекесі Е. Бірлік күні
С. Республика күні F. Ата заң күні
3. Балалар ертеңгі тамақтарын ішіп болды да, далаға қарай жүгірді
А. Жалңаулықты ыңғайлас салалас; D. Түсіндірмелі салалас;
В. Себеп-салдар салалас; Е. Талғаулы салалас;
С. Қарсылықты салалас; F. Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас.
4. Салалас құрмалас сөйлемнің неше түрі бар?
А. 3 D. 5
В. 1 Е. 7
С. 8 F. 6
5. Берілген жалғаулықтардың қайсысы ыңғайлас салалас ұүрмаластың жалғаулығы?
А. Бірақ, дегенмен, алайда D. Кейде, біресе, бірде
В. Өйткені, сондықтан, сол себепті, және Е. Да, де, және, әрі
6. Кем дегенде екі жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемді қандай сөйлем дейміз?
А. Күрделі сөйлем D. Құрмалас сөйлем
В. Жай сөйлем Е. Толымды сөйлем
С. Атаулы сөйлем F. Лепті сөйлем
7. Мемлекеттік тілді білу ….
А. Парыз D. Керек емес
В. Оқу Е. оқай
8. Тіл туралы заң ең алғаш қай жылы қабылданды?
А. 1997 жыл, шілде D. 1989 жыл, қыркүйек
В. 1991 жыл, маусым Е. 1989 жыл, маусым
ІІІ. Сергіту сәті
Жұмбақтар шешу
1. Жағалай-жағалай тас қойдым,
Жирен атты бос қойдым. (тіс, тіл)
2. Отыз екісі диірмен тартып,
Бір қапқа салады. (тіс, тіл)
3. Екі әскер соғысып жатыр,
Ортасында бір елші. (тіс, тіл)
4. Әрі сүйексіз,
Әрі тиексіз. (тіл)
5. Ақ тоғайдық ішінде
Кісінейді күрең тай. (тіл)
IV. Үй тапсырмасын беру:
"Мемлекеттік тіл - менің тілім!" ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдер қатыстыра отырып, шығарма жазып келу және ол сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау
V. Бағалау.



Туған өлкем, қандай көркем!

Мақсаты: Оқушыларға табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзіміз екенін, оларды қорғау, аялау ардақтау біздің міндетіміз екенін түсіндіру. Табиғат байлығы адамзат өмірінің баға жетпес асыл қазынасы, өмірлік қоры, болашақ ұрпаққа да осы қалпында, таза күйінде жеткізер мұрасы екенін ұғындыру. Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін, аяушылығын ояту.
Міндеті: - Табиғат туралы экологиялық білім және тәрбие беру.
- Туған өлкенің табиғатын аялауға баулу.
- Туған жердің сырын терең түсіне білуге үйрету
- Табиғат туралы ой - өрістерін дамыту.
Көрнекілігі: Табиғат туралы қанатты сөздер, табиғат көріністері, сазды сурет, гүлдер, шарлар.
Барысы:
Қазақстан Республикасының Гимні айтылады.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, қадірменді қонақтар №16 орта мектеп оқушылары дайындаған «Қазақстан - туған өлкем, табиғатың қандай көркем!» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.
Осынау кең - байтақ еліміздің шалқар көлдері мен асқар таулары, даласы мен алтын дәнді даласы, ақ күмістей қаласы, кенге толы өңірі мен малға толы өрісі бәрі болашақ ұрпақ, келешек азаматтары сендерге
өсиет болып қалады. Ал сол болашақ иегерлері, сендер қандай болуларың керек?
Бүгінгі тәрбие сағатындағы мақсатымыз:
табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзіміз екенін, оларды қорғау, аялау ардақтау біздің міндетіміз екенін түсіндіру. Табиғат байлығы адамзат өмірінің баға жетпес асыл қазынасы, өмірлік қоры, болашақ ұрпаққа да осы қалпында, таза күйінде жеткізер мұрасы екенін ұғындыру.

Оқушы: 1. Қазақстан - туған өлкем,
Табиғатың қандай көркем.
Көрсін деп күллі әлемге,
Жалауыңды желге желпем.
Көз алдымда көгілдір тау мұнартып,
Аспанымда аққудың әні қалқып.

2. Құшақтап бір өзіңді, туған далам,
Жатамын көк шалғында жаным балқып.
Тасып жатқан өзендер жағасынан,
Тарайды дән жұпары бар әлемге,
Қазақтың қасиетті даласынан.

3. Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғатты асыраушың, қамқоршың десең де болады. Ата - бабамыз: «Жер - қазына, су - алтын, мал - байлық» деп өсиет үстіміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланатын дәріміз, тыныс алар ауамыз, ішер суымыз - осылардың бәрі жомарт табиғаттың тартқан сыйы.
4. Сондықтан, алдымен табиғатқа сәлем берейік.
1 - оқушы: Армысың, алтын күн!
2 - оқушы: Көгілдір көк аспан!
3 - оқушы: Бармысың, құстарым!
4 - оқушы: Қанатты достарым!
5 - оқушы: Суларым таза ма?
6 - оқушы: Талдарым аман ба?
7 - оқушы: Бас ием тауларға
8 - оқушы: Жамылған қарларға,
9 - оқушы: Жайқалған даланы,
10 - оқушы: Табиғат - Ананы
11 - оқушы: Көруге сағынып
Бәрі: Келген біз балаңыз!

Оқушы: Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,
Жаның жайсаң жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің!

Оқушы: Кең дала көркемсің сонау жатқан,
Өзен, су, бұлақтарың мөлдір аққан.
Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен,
Әне, сол анам еді мені тапқан.

Оқушы: Ойласақ табиғат пен адам егіз,
Жылдың сол мезгілінен өзге неміз?
Табиғатсыз қоғам жоқ, болған емес,
Ал қоғамсыз табиғатты өлі деңіз.

Мұғалім: Пай, Пай, Пай! Қазақстан ардағым - ай!
Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,
Өлмейтін махаббатым, ардағым - ай.
Туған елім - сен қандай ыстық едің!

- Өз елім деп, өз жерім деп тебіренбейтін адам барма сірә! Жоқ! Олай болуы мүмкін де емес. Өйткені сен «Туған жер» деп соққан жүректерде мәңгі орын алған қасиетті даласың.
ХОР: «Туған жер» Б. Бейсенова.

Оқушы: Табиғаттың өзіндей,
Ерке нәзік сезімдей.
Үлбіреген гүл - ару
Күзетейік көз ілмей.

Оқушы: Нәзік гүлдер - әніміз,
Жайнап өссін бауымыз.
Еңсесі биіктеп барады,
Гүлдерге оранған тауымыз.

Оқушы: Гүлдер деген жыр - аңыз
Қолға ұстап шығамыз.
Сол гүлдерден сұлулық,
Тазалықты ұғамыз.

Оқушы: Кілемденіп құлпырып,
Жүздерінен нұр тұнып.
Өсе берсін, гүл - қыздар,
Биге қостық нұр қылып.

БИ: «Гүлдер»

КӨРІНІС:
Күннің күміс сәулесі мүлгіп тұрған әр гүлге бір төнеді. Жылы шуақпен желпіп, тербей оятады.
Күн: Оу, Раушан, түрегел! Әлемге жарық жайылды, құстар да оянды.
Раушан гүл: Қазір күн көке,.... қазір ақ сәуле.
Күн: Жауқазын, аш көк аспандай көгілдір көзіңді! Жәндіктер қыбырлап, құмырсқалар шапқылап жүр.
Жауқазын: Қазір ашайын көзімді қазір...
Күн: Қызғалдақ көтер басыңды, аш, алтын қауашағыңды! Көрсін қалын жұрт.
Қызғалдақ: Жарайды, қазір қауашағымның алтын бүрін жарқыратып ашамын.
Күн: Қырмызы шапақтың жылуы молайды, бүріспе! Гүлдердің бәрі ұйқыдан оянды. Сен де көрсет көркіңді!
Қырмызы: Қазір, алтын Күн!
Гүлдер:
5 Күніміз ашық болсын!
6 Жеріміз кең болсын!
7 Ауамыз таза болсын!
8 Суымыз тұнық болсын!
Бәрі: - Гүліміз жақсы өссін!

Мұғалім: Жердің көркі жасыл саялы,
Қамқоршы бол алақанмен аялы.
Табиғат жерге қандай көрік берсе, адам да өмірге сондай көрік береді. Сондай көрік пен сұлулықтан, жылылықтан тұратын табиғаттағы өсімдіктер мен суларды, жан - жануарлар мен құстарды сақтау, қасиетті жерімізді таза ұстау, аялау - біздің адами борышымыз.
Табиғатты қорғау - Жер ананы қорғау, табиғатты қорғау - өзіңді қорғау.

Оқушы: Тірі нәрсе шөп деген, көгал деген
Көкті жұлма, болады обал деген.
Ата - анамыз жыланға үйге келген,
Ақ сүт құйып басына жоғал деген...

Оқушы: «Ұя бұзба!» деймін мен балама,
Өсиетті қандай ғажап жан ана!
Тал - теректі тамырынан қиятын,
Тас жүректер әлі де көп арада

Оқушы: Қазақ халқы суды қадірлеумен қатар, «Жер - ырыстың кіндігі, Жер - байлықтың көзі» деп жерді өте жоғары бағалаған.
Мұғалім: Адамдар еңбектен нәр алған,
Үйреніп әр құстан, әр аңнан.
Жүруге, жүзуге, жүйткуге,
Және де самғауға жаралған.
Адам табиғат сұлулығынан әдемілікті, жарасымдылықты, кеңдікті, талғамды өз бойына сіңіреді. Көлдегі аққу тербелісінен би қимылдарын, бұлбұлдан ән салуды үйрене алады, жан - жануарлардан қамқорлық жасауды үйренеміз. Жалпы табиғаттың адамға сыйлар қуанышын үйренуге болады, сол үйренгенімізді өзіміздің басқа адамға қуаныш сыйлау әрекетімізден көре аламыз.

Ән: « Өз елім» Хор
Оқушы: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің.
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқын жетті.
Тәуелсіз Қазақстан - елім менің.
Оқушы: Ғажап қой сұлу көктем, жазың әне,
Тыңдарсың он жүректің сазын әлі.
Шіркін - ай жер жетпейді бір өзіне,
Қойнауың тұрған байлық қазыналы.
Оқушы: Сен неткен Отан - Анам ғажап едің
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін
Жайнай бер Ұлы Отан - Ұлы Отан - Қазақ елім!
Хор: Жаса мәңгі, Қазақстан!
Қорытынды.
Мұғалім: Туған еліміздің әр тасы, әр бұтасы, ең аяғы құбылмалы аспаны мен көшпелі бұлты да ата - бабамыздың бізге тастап кеткен баға жетпес аманаты. Сондықтан шаңырағы күннің шуағына бөленген, іргесі інжу маржанға толы, керегесі кең жайлау, байтақ, бай әрі сұлу жерімізді аялап, елімізді ардақтап өтейік. Атамекенімізді, Отанымызды мақтан етейік!
1. Отанды біз атамекен
Деп аялап атаймыз.
2. Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз.
3. Отанды жас, кәріміз де
Туған жер деп сүйеміз.
4. Өйткені онда бәріміз де
Туып, өмір сүреміз.
5. Отанды әркім анасындай
Қастерлейді, қолдайды.
6. Өйткені Отан баласындай
Бізді асырап, қорғайды.
7. Отан деген - атамекен,
Отан деген - туған жер.
8. Отан - ана, Отан - үлкен
Қазақстандай туған ел!
9. Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
10. Сенен бақыт тарайды,
Баршамызға Ұлы Отан.
11. Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан.
12. Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің сен, Отан.
13. Ортақ бізге бір Отан
Ортақ жердің байлығы.
14. Бақытты елде туған соң
Бақытты өмір сүреміз.
15. Ризамыз саған біз
Ұлы Отан анамыз.
Хор: « Атамекен»











Экологиялық білім мен тәрбие берудің өзектілігі

Экологиялық тәрбие және ағарту (Экологическое воспитание и просвещение) - адамды қоршаған табиғи ортаны ұғынып қабылдауға, табиғатқа ұқыпты қараудың қажеттілігіне сендіруге, оның байлықтарын жоғары саналылықпен пайдалануға дағдыландыру.[1]

Экологиялық ағарту. БҰҰ Қазақстанды экологиялық жағдайы өте нашар елдердің қатарына жатқызады. Қазіргі таңда табиғи байлықтарды пайдалану тонаушылықпен жүргізілуде. Қоршаған ортаны қорғау туралы, ерекше қорғалатын аймақтар туралы заңдар, қажетті нормативтіқ-құқылық базалар, экономикалық механизмдер болғанымен іс жүзінде ол заңдар, ережелер өз дәрежесінде жұмыс істемей жатыр. Мұның бір себебі, азаматтардыңэкологиялық мәдениеті деңгейінің төмендігі. Экологиялық мәдениет - бұл азаматтардың экологиялық сауаттылығы, ақпараттармен хабардар болуы, табиғатты тиімді пайдаланудың нормаларын күнделікті орындау белсенділігі мен сенімділігі.

Қазіргі кезде экологиялық білім беру және тәрбие мәселелері жалпы тәрбие беру мен білім жүйелері дамуының өзекті бағыттарының бірі. Экологиялық білімсіз қоғамдық экологиялық сана құру мүмкін емес.

Қоғамдық экологиялық сана қоғамның экологиялық проблемаларымен күресуде мықты фактор болып табылады. Мысалы, Жапония - табиғатты қорғау саясатында үлкен жетістіктерге жеткен мемлекет. 60-шы жылдардың соңындағы үлкен экологиялық қарсылықтар мемлекеттік табиғат қорғау жүйесін құруға алып келді. Ол кездегі жүргізілген саясат тек экономикалық өсуді ғана алға мақсат етіп қойып, қоршаған ортаның жайы еш ескерілмеді. 70-ші жылдардың бас кезінде қоғамдық пікірлердің қысымымен Ұлттық экологиялық стратегия іске аса бастады. Қазір Жапония экологиялық саясаты жағынан дүние жүзі бойынша алдыңғы қатарлы мемлекеттердің бірі. 60-70-ші жылдардағы АҚШ-тағы осындай жағдай да үкіметті экологиялық проблемаларды шешуге мәжбүр етті.

Экологиялық тәрбие - бұл адамдардың сезіміне, санасына, көзқарастарына әсер ету әдістері. Ол азаматтардың саналық деңгейінің артуына, табиғатқа қарым-қатынасының өзгеруіне, табиғат ресурстарына ұқыптылықпен, үнемшілікпен қарауға, оның жай-күйіне жаны ашып қарауға, табиғи ортада өзін өнегелі ұстауға әсер етеді.

Экологиялық тәрбие қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтып бірнеше деңгейлерде жүргізілуі керек. Жеке тұлғаның түзілуі негізінен отбасында жүреді. Сондықтан ата-ана баланың қоғамдағы негізгі мінез-құлық нормаларымен қатар, экологиялық мәдениеттің де негіздерін үйрете бастауы керек. Қазіргі кездегі ситуациялардан кейбір парадокстарды байқауға болады. Көбіне, балалардың экологиялық білімділігі ата-аналарының деңгейінен әлдеқайда жоғары. Ата-аналары мен балалары өздерінің зерттеулерінің нәтижелері бойынша, қоршаған ортаға ешқандай жамандық жасамай-ақ тіршілік ортасына белгілі бір дәрежеде зиян тигізіп жатқанымызды байқауға болады: қайта қалпына келмейтін табиғи ресурстарды оңды-солды шашудамыз, суды, ауаны ластаудамыз, көптеген тұрмыстық қоқыстарды шығарып жатырмыз. Табиғатты қорғауды өз үйіңнен бастауға болады - бұл суды үнемдеп жұмсау, оның ластануын төмендету, озон бұзатын заттары жоқ аэрозольдарды қолдану және т.б. Сөйтіп экологиялық мәдениеттің басы отбасында түзіле бастайды.

Одан кейінгі экологиялық тәрбиенің қалыптасуы қоғамның қатысуымен болуы керек. Бұл көбіне елдің басшыларына, олардың экологиялық мәдениетінің деңгейіне, қоршаған табиғи ортаны қорғау мақсаттарына қаншалықты көңіл бөлініп жатқанына байланысты.

Экологиялық тәрбие беруді әртүрлі жолдармен жүргізуге болады. Бұл жерде баспасөз ақпарат құралдарының (БАҚ) және Қоғамдық экологиялық ұйымдардың ролі зор. БАҚ бірінші болып экологиялық қолайсыз жағдайлар туралы дабыл қағып халықты құлағдар етіп отыруы керек. Осының арқасында халықтың экологиялық сана-сезімі өсіп, көтеріледі.

Экологиялық тәрбие экологиялық білім берумен толықтырылады.

Экологиялық білім беру - балабақша, орта мектеп, лицей, гимназия, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін жетілдіру мен ұйымдастырудың мемлекеттік жүйесі.

Экологиялық білім беру - бұл табиғатты пайдаланудың дайындау, іргелі негіздері ретінде жалпы экологияның теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі. Ол табиғатты қорғаудың теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі - табиғатты қорғау білімімен тығыз байланысты.

Экологиялық білім - қоршаған ортаны қорғау үшін қажетті білімді, әдетті, ептілікті, икемдікті қамтиды. Ол кәсіби мамандарды дайындауға ықпал етіп, кадрларға білім беру, оларды дайындау жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Заңдар бойынша экологиялық тәрбие мен білім берудің бәріне ортақ, кешендік және үздіксіз болуы қарастырылған.

Бәріне ортақ принципі бойынша экологиялық тәрбие мен білім беру қоғамның барлық мүшесін қамтуы керек. Экологиялық пәндерді оқыту жоғары оқу орындарының барлығында жүргізілуі керек. Алайда, жоғарыда айтылғандай, экологиялық ағарту жұмысы тек оқытумен ғана шектелмеу керек, бұл жерде баспасөз ақпарат құралдарының, қоғамдық экологиялық ұйымдардың да ролі зор.

Экологиялық тәрбие мен білім берудің кешендік принципі бойынша, әртүрлі екі процестің ғылыми негізделген әдістемелік талаптарды ескере отырып адамдардың санасына бірлесіп кешенді әсер етуі.

Үздіксіз принципі, азаматтардың, мамандардың, басшылардың кәсіби жұмысы барысында қоршаған ортаға, адамдар денсаулығына жағымсыз әсер етуіне байланысты экологиялық тәрбие және білім беру жүйесі бойынша өздерінің біліктілігін көтерудің құқығы мен міндеттерін білдіреді.

Сонымен, экологиялық тәрбие мен білім берудің негізгі мақсаты - қоғамдық сананы экологизациялау болып табылады. Экология міндеті - адамның тіршілік барысында қалыптасатын рухани ортасын сақтау. Ол өз кезегінде өмірдегі қоғамдық мәселелермен қатар, өзі тіршілік ететін ортаны басқаруды да белсенді, көрегендікпен шеше алатын жеке тұлғаның дамуына ықпал ету.

Экологиялық ақпараттар алуға және қоршаған ортаны қорғау саласында шешімдер қабылдауға қоғамның қатысуы бойынша Қазақстан қол қойған Орхус Конвенциясы халықтың экологиялық саясатқа қатысуына үлкен жол ашады.

Қазіргі таңда экологиялық дайындықтан өткен тәрбиешілердің жеткіліксіз болуына және оқу құралдары мен бағдарламалардың болмауына байланысты 323 000 бала экологиялық тәрбие беру жүйесінен шет қалып отыр. 3 млн-нан аса оқушылар оқитын республика мекетептерінде экология сабақтары жүйелі түрде өткізілмейді. Оқу процесінде пайдаланатын экология пәні бойынша оқулықтар мен оқу құралдары ескірген, қазіргі таңдағы Қазақстандағы экологиялық проблемалардың ерекшеліктерін көрсете алмайды. Осы күнге дейін елімізде экологиялық білім берудің біртұтас бағдарламасы және экологиялық арнайы мектептер, гимназиялар, лицейлер жоқ деп айтуга болады.

Жоғары оқу орындарында экологиялық білім беру біршама кәсіби деңгейде жүргізіледі. Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген жоғары оқу орындарында экологиялық пәндері бар факультеттер бар. Айта кетерлігі, халықаралық талаптар бойынша эколог-мамандарды даярлауда тек жетекші университеттер ғана есепке алынады.[2]

Жол ережесін білу-бәріне міндет

Мақсаты: Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс-жүзінде асыра білуге үйрету. Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету. Тәртіптілікке,ақ болуға,көшеде өздерін дұрыс ұсатап жүруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

2.Кіріспе сөз.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

-Балалар ,бүгінгі сабақта біздер жол жүру ережелер қаласына барамыз. Жол ережелер қаласындағы сендерге дайындап отырған тапсырмалары бар. Сендерді жол тәртібі бойынша білімдеріңді сынамақшы. Сыннан өтуге дайынбыз ба?

Ой қозғау.

-Ендеше ,балалар КЖТ дегенді қалай түсінесіңдер?

-Көшеде жүру тәртібі

-Көшеде жүру тәртібі деген түсінікті қалай түсінесіңдер?

жаяу жүргінші тротуар

машиналар бағдаршам инспектор қиылыстар жол белгілер

-Жол ережелер қаласының тапсырмаларын 3-топқа бөлініп ,сайысқа түсеміз.

1-оқушы: (бағдаршам болып киінген оқушы)

Бағдаршам аты

Көп көзі бар батыр

Тоқ болғанмен заты

Өзінде көп ақыл

Тұрады ол дәйім

Бұрышында жолдың

Қиып өткен сайын

Қарайтұғын балғын

-Сонымен балалар, біздер бағдаршамды «көп көзі бар батыр» екен дедік. Кім айтады бағдаршамның неше көзі бар?

-Ендеше біздің топтарымыз осы бағдаршамның көздеріне байланысты атауларын алып отыр. Қай топтың мүшелері тапсырмаларын дұрыс орындаса, «Үздік жүргіншілер» атағына ие болады.

Арманға алда күткен асығармыз,

Біз талай толқын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.

Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген.-деп сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.

1.Өз орынды тап!

2.Реттеуші инспектор қызметкерінің сауалы

3. Қала әліппесі (топ басшыларымен жарыс)

4. МАИ емтиханы

5. Сен білесің бе?

6. Шығармашылық жұмыс. (өлең құрастыру)

Таңдап алған бағдаршамның көздерінің белгілеріне лайықты ма екенін білейік

1-кезең бойынша «Өрнын тап» ойынын ойнаймыз. Әр топтан өздерінің шартты белгілерімен бағдаршамдағы орнын табады және топтарын қорғайды.

Қызыл топ

Сары топ

Жасыл топ

Мұғалім: -Бағдаршамнан басқа жолда кім тұрады? Реттеуші инспектор қызметкері ала таяғымен тұрады.

Келесі сайысымыздың бөлімі «Реттеуші инспектор қызметкерінің сауалы» . Өздерін қалап алған ұпай бойынша сұрақтарға жауап бересіңдер.

1. Мына белгі нені білдіреді? (Абайла,балалар!) 5 ұпай 2. Мына белгі нені білдіреді? (қозғалысқа тиым салынады) 5 ұпай

3.Сымға асылып,жүр асығып. ( троллейбус) 10 ұпай

4.Мына көліктер қалай аталады,көлік оқиғасына тап болған адамдар қандай телефондарға қоңырау шалады? ( Өрт сөндіру-01,жедел жәрдем-03 МАИ-02 ) 10 ұпай

5.Автобусқа қай есіктен мініп,қай есіктен түседі?( алдан түсіп,арттан мінеді) 15 ұпай

6. Жол белгілерін атқаратын қызметіне қарай неше топқа бөлінеді? (7 топқа) 15ұпай

-Балалар, жол ережелер қаласында да қала әлііппесі бар. «Жол белгілерді» қала әліппесі дейміз.

-Ендеше «Жол белгілер» бөлімізде топ басшылары сайысқа түседі. «Жол ережелері» қаласындағы жол белгілер бойынша білімдерін сыналады. Өздерін таңдап алған белгілер бойынша белгілерді тауып жинақтап МАИ бастығына тапсырасыздар.

Жол белгілерін тапқандарын тексеріп жіберейік:

Ескерту белгісі: Қып-қызыл үшбұрыш

Ескерту белгісі мен болам

Қауіптен сақ бол деп

Сәт сапар жолдаған.

Тыйым салу белгісі

Қызылмен боялған шеңберім аумақты,

Тыйымшыл белгімін,қаталмын,салмақты.

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,

Қауіп бар бағдарла,көз салып жан-жақта.

Нұсқау белгісі :Баратын жерінің бағыты тұрағын

Үн-түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын.

Күндіз де, түнде де от болып жанады

Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.

-Адамға машинаны жүргізуге қандай құжат керек? Жүргізуші куәлігі. Ендеше келесі 4-кезеңіміз МАИ емтиханы. МАИ етиханын сәтті тапсырсаңдар МАИ бастығы жүргізуші куәлігін табыс етеді.

4-кезең МАИ емтиханы. Сауалнама

1.Жүргіншілер деген кім?

А) машина жүргізетін адамдар В) көшеде жаяу жүрген адамдар

С) белгілер

2. Мына белгі нені білдіреді?

А) кіруге тиым салынады В) басты жол С) жол беріңіз!

3. Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола ма?

А) болады В) болмайды С) білмеймін

4.Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп,міну керек?

А) аялдамалардан В) кез-келген жерден С) дүкен алдарынан

5. Қала көшелерінде жаяу адамдар қандай жолмен жүруге тиіс
А) кез-келген жолмен В) тротуармен С) автомобиль жолдарымен

6. Қала көшелерінде велосипедпен жүруге неше жастан бастап рұқсат етіледі?

А) 10 В) 12 С) 14

7. Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл түспен белгіленген белгілер қандай ұғымды білдіреді?

А) ескерту белгілері В) көрсеткіш белгілер С) тыйым белгілері

8. Мына жол неше қозғалысты? А) 4 В) 2 С)1

9. Қай түс жанғанда машиналар жүреді?

А) сары В) жасыл С) қызыл

5-кезең «Сен білесің бе?». Бұл кезеңде берілген тапсырмаларды сандар,белгілер арқылы жауаптарын көрсетесіздер. Әр дұрыс жауапқа 5 балдық жүйемен бағаланады.

Велосипед жолы деген белгісін көрсет

«Р» деген белгі нені білдіреді ? Тиісті белгісін қой

Қызмет көрсететін белгілерді санмен көрсет.

Келесі соңғы 6- кезең «Шығармашылық жұмыс.» Жол ережесіне байланысты тірек сөздермен өлең құрастыру

Өлең құрастыру

---- балалар

----- тротуар

----- ұмытпа

----- сақта!

Жол тәртібі кімге керек-бірге ойланып көрелік,

Әрқайсысың қылығына әділ баға берелік.

Ережені жақсы білген ортаға шық жас ұлан,

Әділқазы алқаларда келесі сөз кезегі деп сөзді әділқазыларға береміз.

«Үздік жүргіншілерді» анықтау.

Қорытынды Қай көше,қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.

Жол жүру ережесі Заңды тәртіп,

Ол ортақ! Үлкен-кіші баршамызға.







Қарттарым - асыл қазынам

Мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт - дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.

Жүргізуші: Көп жасаған қария-

Ақылы теңіз дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі - соқпақ, сөзі - нәр.

Ата салты ардақты,

Әрбір сөзі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң,

Тістерсің бір күн бармақты.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Зымыраған сағат тілінің шексіз тықылдап соғуына мән бермеген біз уақыттың қалай жылдам өтіп кеткенін сезбей қалыппыз. Енді міне, алдымызда 1- қазан қарттар күні мерекесі жақындап қалды. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.

. Қарттар - біздің асыл қазынамыз. Бүгін мектебімізде қарттар күніне орай «» атты кеш өткізгелі отырмыз. Олай болса осында отырған аталарымыз бен апаларымыздың мейрамы құтты болсын! Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры Жанасбаев Жиренбай ағайға береміз.

Жүргізуші:

Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, инабат тағылымымен үлкендерге деген қарым-қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асырылуына байланысты. Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында.Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда.

Қарттар үйі - жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызды қамқорлыққа алатын, әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады және ол мемлекеттік мекеме.

Қартаю - биологиялық процесс, белгілі бір жасқа жеткеннен кейін организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі.

Қай жерде де ата-анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте жарамайды. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік құқы бар.

Бұл моральдік құқыны құрметтей білу керек.

Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке-шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол-үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса, қартайған ата-анасы оның отбасының құты болып табылады.

Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.

Ән: «Әке туралы жыр» орындайтын: Майлыбай Айнұр

1-оқушы: Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,

Қуат кетіп бара жатыр қартайып.

Отбасында, бала - шаға қасында

Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.

Көңіл жетім болмаған соң сыңары,

Жас баладай жаутаңдаған жанары,

Қайта - қайта қарағың кеп тұрады,

Қағыс естіп қалбақтайды баладай

Мәпелеңдер қарт біткенді аялап

Ниеті ақ, көңілі кең даладай,

Кімге болсын қарттық жетер аяңдап.

2-оқушы: Ақиқатты айқындап жариялар

Бара жатыр азайып қариялар.

Дауыл тұрса бүлк етіп толқымайтын

Бара жатыр сарқылып дариялар.

Неменеңе жетістің, бала батыр,

Қариялар азайып бара жатыр.

Бірі мініп келместің кемесіне,

Бірі күтіп әнеки жағада тұр.

Ақыл айтып жүрмесе қасымызда,

Сонда орнайды жетімдік басымызға.

Жалаңашқа шекпенін шешіп беріп,

Бір күлшесін бөліскен ашымызға.

Неменеңе жетістің, бала батыр,

Қариялар азайып бара жатыр…

3-оқушы: «Реніш» (Мұқағали Мақатаев)

Әй, балам - ай,

Шамалы - ау түсінігің,

Қандай болар, білмеймін кісілігің…

Жаңа ғана қайтқандай жерлеп мені

Жауар күндей қабағын түсіруін!

Әй, балам - ай, шамалы - ау түсінігің…!

… Жоқ, балақай!

Мен сендей боп өспедім!

Мына мінез - мінезім емес менің.

Адамдардан қарым алу үшін

Не көрмедім, өмірде не кешпедім.

Аяры жоқ адуын жауыздықтан

Алып шықтым арымды тамыздықтап.

Амалым не жастықтың кер тұлпарын

Тасқа қамап тастадым ауыздықтап.

Қиып түсер қыршын ем алмасы көп,

Қидым бәрін сен өксіп қалмасын деп.

Мінезің - ай, балам - ай, мінезің - ай,

Кетпегей - ді мерт етіп, жарға сүйреп.

Жүргізуші: Бабалар сөзі - кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен - билерден, ақын - жыраулар мен сал - серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы. Біздің ата - бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлықтай тамаша тәлім - тәрбие берерліктей өсиет сөздер бар.

Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдымен балаға тіл игеруге көмектеседі. Көшеде жүргенде ортадан үйренген қолайсыз сөздерге тыйым салады. Бұның бәрі - тәрбие. В. А Сухамлинский: «Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да қақысы бар. Бұл моральдық қақыны құрметтей біл »,- деп айтқан.

Би: Аққу биі

Көрініс:

Оқушы: Бүгін біздің сүйікті атамыз Мақалбай бізде қонақта. Ол бізге бар мейірін, бар ақылын төгіп келіп отыр. Мақалбай ата, ендігі сөз өзіңізде.

Мақалбай ата: Ата - анаңды құрметтесең,

Сенде жақсылық игілік көресің

Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер

Ата - бәйтерек,

Бала - жапырақ

Әке - асқар тау,

Ана - бұлақ,

Бала жағасындағы құрақ.

Қарияларды ардақтап өтсең, құрметтесең,

Қартайғанда сені де етер ізет.

Маған мынаны айтып беріңдерші, балаларым.

Дүниеде не қымбат?

Не қатты?

Не тәтті?

Жеті тойымсыз бен жеті жұрты атап беріңдерші?

Балалар жауабы тыңдалады.

Мақалбай ата: Бәрекелді, өздерің шеттеріңнен шешен екенсіңдер ғой!

Үлкендерді құрметтеуге арналған қандай мақал - мәтел білесіңдер?

Оқушылар жауабы тыңдалады.

1-оқушы: Үлкенге үнемі сәлем бер.

2-оқушы: Үлкенге қарсы шықпа

3-оқушы: Үлкеннің батасын қабыл ал.

4-оқушы: Атаға бөлінгендер адыра қалады.

Көпті қорлаған көмусіз қалады.

5-оқушы: Үлкен кісіні ренжітпе.

6-оқушы: Ауылыңда қария болса,

Жазып қойған хатпен тең.

7-оқушы: Кәрі келсе асқа,

Жас келсе іске.

8-оқушы: Кәрі, кәрінің сөзі - дәрі.

9-оқушы: Ақылды қария - ағып жатқан дария.

10-оқушы: Кәріліктің алды, жігіттіктің соңы.

11-оқушы: В. А Сухомлинский: «Қарттардың адамдық осалдықтарына кешірімді бола біліңдер»

12 - оқушы: Махмуд Қашғари: «жақсы үленді қадірлесе - құт болар.»

13- оқушы: Махмуд Қашғари: «кішілік пен кісілік - ұлылықтың белгісі»

14- оқушы Фарид - ад - дин Аттар: «қартайған шағыңда өзіңді басқалар құрметтеу үшін жас кезінде қауқары қайтып, сақал - шашы ағарған кісіге ізет қыл.»

15- оқушы: Өткен менен кеткенді,

Көп жасаған қарт білер. Шал ақын.

16- оқушы: А. Поп: «Кішіпейілдіктің кетімсіздігі - ақылдың жетімсіздігі.»

17- оқушы: Г. Плеханов: «Кішіпейілділік талаптылыққа тура пропорционал»

Мақалбай ата: Ал, балаларым, жарайсыңдар! Енді өздеріңе ақ батамды берейін.

Сабағыңды оқы беске,

Жақсылығың жетсін көпке

Балалар үйінің қуанышы бол,

Бауырыңның жұбанышы бол.

Сенімін ақта үлкендердің,

Түлесін көктеп мекенің!

Жүргізуші:

Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні - мәні бар.

Ұлықпан Хакім мың жасаған дейді, ешкім мың жасамайды, тек өсіп-өнген,

тәрбиелі ұрпағымен мың жасайды. Ия, ұрпағының өсіп, жетіліп, айналасына

үйіріп отырған көреген қарияда не арман бар?

Қазақтың басқа халықтардан айырмашылығы - "Ұрпағым" деп шыр-пыр

болатыны. Ол үшін көзсіз көбелектей отқа түсетіні. Бұл- біздің ең ұлы

ұлттық қасиеттеріміздің бірі. Ал ұрпақтың ата-ана алдындағы борышын

өтеу үшін жасап жатқан ынта-жігері мемлекеттік деңгейде қолдау тауып,

зейнеткерлерге жағдай жасау. Президентіміздің жыл сайынғы халыққа

жолдауында арнайы қаралып, оларға қамкорлық ел эканомикасының өсімімен

қатар өсіп келеді.

Ән: «Қариялар азайып бара жатыр» орындайтын:Аятбек Айдана

4-оқушы:

Атам менің әманда,

Әдепті жан бол деген

Атам сөзі санамда,

Жасы үлкенге жол берем.

Алдын орап кісінің,

Кесіп өтпе көлденең

Ізетімен кішінің

Сәлемдесіп қол берем

Атам менің әманда,

Кішіпейіл бол деген

Ата сөзі санамда

Мақтанбауды жөн көрем.

Қалдыратын ұлтқа

Жалған сөзге төзбеймін.

Жеткізеді мұратқа,

Тек шындықты көздеймін.

5-оқушы:

Атам менің әманда

Әділетті бол деген,

Ата сөзі санамда

Жүрмін тура жолменен

Ей, тәкаппар дүние

Маған да бір қарашы

Танимысың сен мені?

Мен қазақтың баласы

Атаң болса анаңмен

Алтыннан соққан қорғанмын

Санаң болса ақылды,

Ешкімнен кем болмадың

Інің болса мақалшы

Семсер қылыш білегің

Ақылды қыз, ақылды ұл-

Өкпе, бауыр, жүрегің.

6-оқушы:

Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!

Әр күлгенің бізге бақыт саналар

Еңбегіңді еш етпейтін өмірде

Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар

Ана мейір күн көзімен пара-пар

Тұла бойға қуат болып таралар

Өміріме шуақ шашып әрқашан

Көп жасаңдар аталар мен аналар!

Ән: «Ана» орындайтын:Пернебай Сәния

Жүргізуші:

Жас ұлғайып, кәрілік кезеңге аяқ аттау - қазақ қауымын қай уақытта да

ойлантып, толғандырған. Өзі де дәулетті әулеттен, не ішем, не кием деп бас

қатырмай ән қанатына тербелген Біржан сал:

«Әудем жер баса алмаймын аяғымнан,

Ұстаймын екі қолдап таяғымнан.

Кәрілік келіп қалдың қай жағынан?»-деп жырласа, Абай атамыз да: «Қартайдық,

қайғы ойладық, ұлғайды арман», - деп күңіренген.

Ащы айқайымен Сыр бойын ұйқыдан оятқан ер Нартай да:

«Қартайдым, елім, қартайдым,

Келе де береді жантайғым»,- демеп пе еді.

Ия, кәрілік дегенің, бажайлап көрсең, қуанышы аз кезең сыңайлы. Дегенмен өлі

арыстаннан тірі тышқан артық дегендей, бір- бірімізге ұзақ ғұмыр тілеп,

«жүз жаса», «жағың түскенше, жаманшылық көрме», «шөбереңнің алақанынан

су іш» деп жатамыз.

7-оқушы:

Қазақтар - « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу - біздің ата дәстүріміз.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір - қасиеті ше! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау - өз болашағыңды сақтау.
Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады.

8-оқушы:

Орыс жазушысы Лев Толстойдың «Қарт пен немере» мысалы естеріңде ме? Бір үйде төрт адам. Ата, бала, келін, немере. Кәрі кісі тәрелкені сындырып алады деп, келіні атасына тамақты темір табақпен береді. Бір күні шалдың немересі ағаш жоныпты.

Әке-шешесі:
-Балам, не істеп отырсың?- деп сұрайды.
- Ертең сендер қартайып, атам сияқты болғанда тамақ ішетін ағаш астау жасап отырмын, - депті баласы. «Әкесін сыйламағанды, баласы сыйламайды»,- деген бар емес пе? Ата-анаға қатыгездік жасаған адам дүниедегі ең күнәсі көп, адамдық ардан безген жан болып саналады. Қазақ халқында ондай пенделер қатаң жазаға, қатты қарғысқа ұшыраған.
Алайда, «Ананың көңілі - балада, баланың көңілі - далада», - демекші, өзінің перзенттік борышын түсінбеген, сөйтіп, ата-анасын жерге қаратып, көкіректерін қарс айырғандар бұрын да болған, қазір де жоқ емес.
9-оқушы:

Бүгінде кейбір жастар ата-анаға ақша жағынан қарасуды өздерінің перзенттік борышын өтегендік деп біледі. Мұны әке-шешесін аңыратып, ат ізін салмай кеткендер мен жалғыз басты қарттарын кәрілер үйіне тапсыруға дәті барған жүзіқараларға қарағанда адамшылыққа баласақ та, оның да оңып тұрмаған қате түсінік екені айқын.
Ата-анаға қажетті - баласынан күтері жалғыз материалдық жәрдем бе екен? Қайта, ата-анасы баласымен бірге тұруға болмаған күнде, жиі-жиі көрісіп, жүзбе-жүз отырып әңгімелесіп, мейірін қандыруды, баласын, келіні мен немерелерін көріп, көңілдері көншуін, олардың сый-құрметін көріп, тәңірге шүкіршілік етуді аңсамай ма?! Дүниеге бала әкеліп, оны азаптанып өсіріп, енді соның қызығын, қызметін көре алмай, тірідей суынып, қайырылмай кеткен баласын аңсай-аңсай, дүниеден өткен кәрі әке-шеше қайғысынан артық қайғы бар ма?!
Абайдың: «Баланың жақсысы - қызық, жаманы - күйік», - дейтіні содан шығар.
Ата-ананың сөзін сыйлап, құлақ асу, пікірлес болу отбасы тіршілігінің бір ғанибеті ғой. Сол арқылы-ақ бала ата-анасының мейірін өсіріп, өз ортасында төрден орын алуына көмектеседі. Керісінше, ата-ананың сөзін құлаққа ілмейтін, өзі тағы жөн білмейтін жетесіз бала олардың сағын сындырып, төрдегі басын есікке сүйрейді.

Жүргізуші:

«Бабаларым, рахмет сендерге!

Балаларым болмасын деп бос кеуде,

Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,

Өмірге мен мылқау болып енгенде

Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.

Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!





Әке-шаңырақтың негізгі тірегі

Мақсаты: Отбасындағы әке мен бала арасындағы қарым - қатынасты

нығайту, ұлттық салт дәстүрімізге байланысты әке орынының

ерекше екендігін ұғындыру, әкеге деген бала махаббатын ояту.

Әдісі:Тренинг,пікіралмасу.

Шараның жүру барысы

І-бөлім

1)Ұйымдастыру

Қатысушы ата- аналарды топқа бөлу

2) Баяндама "Бүгінгі таңдағы жанұядағы әкенің рөлі"Баяндамашы 11 «б»

сынып жетекшісі Жолдығулова.Т.

ІІ-бөлім

1.Ой-толғаныс кезеңі «Менің ойымша»

Қазіргі жастардың тәртібі, білімі ойландыратын мәселе, сіздің жастардың жарқын болашағы үшін қосатын үлесіңіз?(Ата-аналардың пікірлерін тыңдау)

І-ші кезең бойынша қорытындылау үшін сөзді мектеп директоры Марат

Гилаұлына береміз.

2.Мағынаны ажырату кезеңі

"Тәрбие отбасынан басталады "

І-топ

"Баламның қарны тоқ, көйлегі көк болса болды. Тәртібіне, оқуына қарайтын уақытым жоқ" дейтін ата - аналарға деген көзқарасыңыз қалай?

ІІ-топ

Үй шаруасына байланысты баласын сабақтан жиі қалдыратын ата- аналарға пікіріңіз қандай?

ІІІ-топ

Балаңыз алғашқа рет темекіге әуестігін байқатты сіз оған қандай кеңес бересіз?

ІҮ-топ

Жанұядағы баланы дұрыс жан-жақты тәрбиелеуге не нәрселер кедергі болуы мүмкін?

Осы бөлімді қорытындылау үшін сөз кезегі мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі Бисенова Нұрсұлуға жолданады.

3.Кезең Психологиялық жағдаяттар

І-топ

"Ура" әке мен "бес" алдым.Балаңыз өзінің алғашқы жетістіктері жайында қуанышы қойнына сыймай ата-анасына айтып жатыр. Жылдар өте берді, сіз мұндай қуанышты сөздерді барған сайын сирек естисіз. Сыныптан сыныпқа көшкен сайын үлгерімінің кеми беретіні неліктен деп ойлайсыз?

ІІ-топ

Балаңыз жақсы оқиды.Тәртіпті сыпайы болып өсіп келеді. Жаңа үй сатып алуыңызға байланысты оны басқа мектепке ауыстырдыңыз.Сабаққа белсенділігі төмендеген сияқты. Бұрынғыдай емес,ашуланшақ. Бірнеше рет себебін сұрағаныңызбен еш нәрсе айта қоймады.Енді не істейсіз?

ІІІ-топ

Қызыңыз мектептен келіп анасына "сізге маңызды бір нәрсе айтқым

келеді" десе, анасы "сенсіз де басым ауырып тұр, мазамды алма" депті.

Сіз не деп жауап берер едіңіз?

ІҮ-топ

Балаңыз жақсы оқиды.Тәртібі де жақсы.Бірде сынып жетекшісі уйге телефон соқты."Бүгін ұлыңыз сабаққа келмеді. Бұдан бұрын да бірнеше рет келмей қалған" деді. Сіздің оны мектепке жібермеген күніңіз болған жоқ.

Енді не істейсіз?

ІІІ кезең бойынша пікір айту үшін сөз мектеп психологы Умбетова Гүлмираға беріледі.

4.Кезең Топтастыру

(сынып оқушыларының пікірлерін тыңдау)

«Жастар біздің болашағымыз»дегенді қалай түсінесіңдер

5.Қорытындылау.

Абайдың жетінші, сегізінші, оныншы қара сөздерінде бала туралы, ақыл үйрену мен насихат тыңдау мәселелері сөз болды. "Жас бала анадан туғанда, екі түрлі мінезбен туады; біреу-ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар тәннің құмары….Біреу білсем…көзі көрген ,құлағы естігеннің бәрін сұрап,тыныштық көрмейді. Мұның бәрі-жан құмары,білсем екен,көрсем екен,үйренсем екен деген.Бұл қара сөзде қаралған бала тәрбиесіне негізгі көмекші бірден-бір ата-ана екендігі айдан анық.Бала болашағына негіз салушы ата-ана.











Мен және менің отбасым

Мақсаты: Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын күшейту жолымен бала мен ана арасындағы қарым-қатынастың ерекшелігін психологиялық жаттығулар, ойындар, тапсырмалар арқылы көрсете отырып, отбасылық тұрақтылықты нығайтуға үлес қосу; ата-ананың мектепке, мұғалімге деген сенімін күшейту;

Көрінекіліктер:Түрлі қағаздар, интерактивті тақта, сиқылы таяқша,

видео материалдар, слайд-шоулар.

Кіріспе (Мұғалім сөзі)

Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар, ата-аналар!

Бүгінгі өзіндік тәрбиелік мәні бар сабағымызға қош келдіңіздер!

-Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік әдеп, инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен сіздердің жекелеген отбасыларыңызда өркен жаюына, яғни,баланың ата-анасын жан жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып жүзеге асырып отыруларына байланысты.

Адам өмірінің мәні мен сұлулығы - баланың ата-анасын ардақтап., өзінің перзенттік қарызын бір сәт те есінен шығармауында.

Бала - ата-ана өмірінің жалғасы. «баламның табанына кірген шөгір менің маңдайыма кірсін.» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа қатер төнгенде «Өзімді алып, баламды аман қалдыр,»деп құдайға жалбарынған ата-ананың жүрегі не деген кең, не деген ерекше десеңші!

Бала тәрбиесінің қызығы мен қиыншылығы қатар жүретіні бәрімізге белгілі.

Сондықтан бәріңіздің отбасыларыңызға амандық ,тек жақсылық тілеймін.

1.Шаттық шеңбері

Енді келесі кезекте сіздерді шаттық шеңберіне шақырамын. Экранда көрсетілген балаңыздыздың есімі неге байланысты қойылғанын бір ауыз сөзбен айтып, сол есімнің бірінші әрпінен басталатын жақсы тілек айтуларыңыз керек.

- балам айдың жарығында дүниеге келгендіктен айдай сұлу болсын деп айсұлу қойған екен. Ай қабақты сұлу, ақылды болуларыңа тілектеспін.

- баламның есімін атасы Диана деп ********

- баламның есімін Ержан ер мінезді жан болсын дегені, жігіттер, сіздерге нағыз ер мінезді, қыз балаларға еліктей нәзік болуларыңа тілектеспін.

Әр тілектен соң 3 рет қол соғып қошеметтеп отырамыз.

2. «Біз бақытты жанұямыз» Суреттер әлемі

Ендігі кезекте тақтада балаларыңыздың өз отбасына байланысты салған суреттері бар, сол суреттерді кезепен тауып алуларыңыз керек. Ал балалар орындаңызға жайғасуға болады. (Музыка)

-Сонымен өз балаларыңыздың суретін табуда қаншалықты қиын болды?

- қандай белгісіне қарап таптыңыз? 3-4 анаға

3.Видео-ролик Құрал Айдана

-Кей оқушыларға өздігіне тапсырмалар берілген болатын. Шаршағанымызды басу үшін ортаға Айдананы шақырсам…

4. Слайд-шоу Диана

Ортамызда диананың анасы отыр. Диана бүгін сыныбымыздың , мектебіміздің , тіпті облысымыздың намысын қорғауға кетті десек те болады. Бүгін өзі болмаса да өз отбасы жайында дайындаған слайд -шоу материалын көріп тамашалайық.

-Дина апай, сіз қазір қандай сезімде отырсыз? Қандай әсер алдыңыз? Жалпы ана баласы бір қадам жанынан жырақ кеткенде қандай сезімде болатынын айтып жеткізсеңіз?

5. «Біз біргеміз»

Келесі тапсырмамызға көшейік

Қолдарыңызға фламастер, маркер алып алдымен аналарда ортаға шақырамыз.

Сіздер кез келген бір заттың суретті бастайсыз, музыка тоқтаған кезде сіз де тоқтайсыз.

Енді ортаға сол аналардың балаларын шақырамыз, сіздерді қошеметпен орындарыңызға жайғастырамыз.

Сіздер аналарыңыз бастаған суретті аяқтап және бір суретті бастап кетесіздер.музыка тоқтағанда тоқтатып, орындарыңызға жайғасып, аналар ортаға шығып суретті аяқтайды.

Суреттеріңіз көңіліңізден шықты ма?

Қандай әсер алдыңыз? Тапсырма несімен ұнады?

6.Тыныштық сәті

Келесі кезекте тыныштық сәтін бұзбай Ержанның өз отбасы жайлы дайындаған бейне материалын тамашалайық.

7. Тренинг Сиқырлы таяқша

Ортаға 4 отбасын шақырамыз

Кез келген парақты алып сөзді оқисыз да келесі отбасына бересіз олар отбасы болып әр жаман қылықтың бір жақсы жағын ойлап табу керек.

Мысалы :

Сараң---Үнемшіл

өтірік айту-----ренжітпеу үшін

Төбелесу-- біреуді қорғау

сабақтан қалу---балаға ие болу

Ұрысу-жаманнан сақтау

қорқу--өзін қорғау

Кек сақтау---ренжігенін білдіру

Ұшқыр ойларыңыз бен ұттқыр жауаптарыңыз үшін көп рахмет сіздерге.

8. Тренинг «Өтінемін» ойыны

Тағы да сіздерді ортаға шақырамыз.

Сіздермен бір ойын ойнап көрейік

«Өтінемін» ойыны

-Құрметті ата-аналар, сіздер қандай сиқырлы күші бар сөдерді білесіздер?

Рахмет, ғафу етіңіз. өтінемін

Мен сіздерге түрлі өтініш жасаймын, сіздер Егер мен «Өтінемін » деген сөзді айтсам, онда орындауларыңыз қажет, Егер мен «Өтінемін » деген сөзді айтпасам, онда орындамайсыздар.

-Секіріңіздер,

- өтінемін ,қол шапалақтаңыздар.

-оң аяқтарыңызды көтеріңіздер.

- өтімін, оң жақтағы көршіңізге қараңыз

-құлақтарыңызды ұстаңыздар.

-өтінемі, отбасы боп құшақтасыңыздар.

Рахмет,орындарыңызға жайғасуға болады.

9. Қысқа метражды фильмі

Келесі кезекте сыныбымыздың болашақ маманы, техниканың құлағында ойнайтын мырза жігіт Нұрзаттың сіздерге арнайы дайындаған қысқа метражды фильмі бар, соны ұсынамыз.

10.Тренинг «Жазбай танимын»

Барлығымыз ортаға шығып шеңбер жасайық. Құрметті аналар, бүгін біз ана мен бала арасында битти де болсын қарым -қатынастың жақындайына өз үлесімізді қостық деп есептейміз. Сіздерді арнайы шақырғандықтан бізде білім алып, тәрбиеленіп отырған көз қуаныштарыңыз-балаларыңызды көздеріңіз жұмулы болса да, жазбай танитындықтарыңызда көрсетсеңіздер.

-Құрметі ата-аналар, міне бүгінгі сіздерге арналған «Менің отбасым-менің байлығым » атты шарамыз аяқталып та қалды. бүгінгі сабақтан түйгендеріңіз, ұнаған жаттығулар, жұмыстар болса өз тілектеңізді білдіреміз десеңіздер сөз сіздерде.

Қолдарыңыздағы параққа ұсыныс, тілек жазуларыңызды сұраймыз.

Осындай қарбас шаруасы көп күннің арасынан уақыт тауып келгендеріңізге көптен көп рахмет. Келесі жүздескенше қош сау болыңыздар.

Атадан қалған асыл сөз

Мақсаты: Халқымыздың ата заманнан келе жатқан ұлттық мұрасының бірі ұлттық салт-дәстүр негізінде адамгершілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу. Ұлттық дүние таным негіздерін қалыптастыру. Бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру, сол сөздерден өнеге алуға баулу.

Көрнекілігі:Қанатты сөздер, мақал-мәтелдер. Ұлттық нақышты сөздер, сөзжұмбақ, ребус, ойын «Бой жазу», т.б. ойындар.
(«Ата толғауы» күйі жәймен ойнап тұрады.)
1-оқушы:
Ата салты - ардақты
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң
Тістерсің бір күн бармақты.

2-оқушы:
Көп жасаған қария
Ақылы теңіз - дария
Көп өнеге сөзі бар
Сөзі соқпақ, өзі нәр.
3-оқушы:Өмірде не жетім?
4-оқушы:
Өмірде тоғыз жетім бар.
Халқына сенімсіз болса - хан жетім.
Ханы ақылсыз болса - халқы жетім.
Кеңесшісі ақылсыз болса -әкім жетім.
Су жоқ құдық - жетім,
Ұлы жоқ әке - жетім.

Қызы жетесіз болса ана - жетім.
Шәкіртсіз ұстаз - жетім,
Ата-анасы жоқ бала жетім.
5-оқушы:Үйде кім, елде кім қадірлі?
6-оқушы:Үйде қонақ, қарт, бала қадірлі.
Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі.
7-оқушы:Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
8-оқушы:Әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек, Жоқты бар, ашты тоқ ететін де ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.
9-оқушы:Елді кім, үйді кім бүлдіреді?
10-оқушы: Елді өсекші бүлдіреді, үйді ақылсыз бала бүлдіреді.
Әкім ақылсыз болса - ел тозады, өсек әкімді өсірмейді. Үйдегі алтын қазық кім?
11-оқушы: Үйдегі алтын қазық - ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға үлгі, әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана ақылшың, әке қамқоршың.

Ойын: «Дауыссыз дыбыстарды қойып, сөздерді дұрыс оқу. Ребус шешу.
«Бой жазу» ойыны:
10. Кіші жүздің биі (Әйтеке), Орта жүздің, Ұлы жүздің биілерін атау.
11. Жұма күндері қазақтардың баратын жері (мешіт)
12. Сәті күн (сәрсенбі)
13. Аптаның қасиетті күні (Жұма)
12-оқушы:Адамға ақыл беретін кімдер?
13-оқушы:Ата-ана, ұстаз, дос. Ата-ана ақылын баласына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Адал дос ақылшың, ақылшы дос - жақының. Досы көптің табысы көп, табысы көптің жақыны көп.
Адамның ақылы қайда?

14-оқушы:
Ханның ақылы тағында,
Әкенің ақылы жанында.
Ғалымның ақылы басында,
Ананың ақылы жасында.
Жігіттің ақылы жақсылығында,
Ақымақтың ақылы кім көрінгеннің қалтасында.
Тәрбиеші: Күнделікті өмірде үлкен адамдардың айтып отыратын ырым мен тыйым сөздер жарысын өткізейік. Кім көп біледі, кімнің есінде қалғанын көрейік

1-оқушы: Отқа су құйма, түкірме. Себебі кезінде ата-аналарымыз отқа табынған. От өмір, тіршілік көзі саналған.
2-оқушы:Жыңғылмен тас қамшылама.
3-оқушы:Итке ожаумен ас құйма.
4-оқушы:Аққуды атпа.
(Осылайша балалар тыйым сөздер айтып жарысады)
«Қазақша» би.
Тәрбиеші: Ендігі кезекте біз ненің жақсы, ненің жаман екендігімен, қасиетті ұғымдармен танысуымыз керек. Бұл бөлім сайыс түрінде өтеді. Жерден ауыр не бар?

1-оқушы:Жерден ауыр - ақыл, білім.
Тәрбиеші:Судан терең не бар?
2-оқушы:Судан терең - оқу, ғылым.
Тәрбиеші:Оттан ыстық не бар?
3-оқушы:Оттан ыстық - адамның өмірі.
Тәрбиеші:Көктен биік не бар?
4-оқушы:Көктен биік - тәкәппардың көңілі.
Тәрбиеші:Алтын алаш деген не?
5-оқушы:Алтын алаш деген - Алаш ханның балалары: Қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, Өзбек, Түркімен, Жайылхан.
«Менің елім Қазақстан» әні орындалады.
Тәрбиеші:Ендігі сайысымызды мақал-мәтел айту түрінде жалғастырамыз. Мақалды бір оқушы бастауы керек, ол кімге доп берсе, сол оқушы мақалды жалғастыруы керек. Таңдап алынған мақалдар тіл, шешендік, ата-ана, ұл, қыз туралы айтылатын мақалдар.

1.Таппасаң сөздің жүйесін / отына өзің күйесің.
2.Ақылдың сөзі қысқа / көпке болар нұсқа.
3.Шешен сөз бастар / батыр қол бастар.
4.Қылыш жарасы бітеді / сөз жарсы бітпейді.
5.Көп ішінде сөйлеген / ойға салмай сөйлеген.
6.Көсемдіктің белгісі / шешендіктің белгісі.
7.Көп сөз - күміс / ас сөз алтын.
8.Жақсы жігіт аспандағы жұлдыз / Жақсы қыз жағадағы құндыз.
9.Әке көрген оқ жонар / шеше көрген тон пішер.
10.Өткір тіл дарын / ұзын тіл жауың.
11.Келісті сөз - күміс / жемісті жұмыс - алтын.
12.Тоқсан ауыз сөздің / тобықтай түйіні бар.
13.Тіл тас жарады / тас жармаса бас жарады.
14.Жігіт болсаң жеті елдің тілін біл / немесе жеті түрлі ғылым біл / допты тәрбиешіге қайтарып береді.

Тәрбиеші: Міне, балалар, сендер тәлім-тәрбие аларлықтай «Ақыл сөз, нақыл сөздер» өте көп екен. Сондықтан да үлкендердің әр сөзіне зер салып, әр сөзінің астарына үңіле білу керек. Әсіресе, тәрбиешілердің, мұғалімдердің әр сөзін ұғып, кәрі адамдардың ақылын естеріңе сақтағандарың жөн.





Алтын күз - 2012

Мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын күз - 2012» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екеніні оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.

Жоспары:

  1. Таныстыру (оқушылар өздерін жеке-жеке таныстырады)

  2. Күз тапсырмасына көркем сөз оқу (қатысушының екеуі де мәнерлеп оқуы керек)

  3. Өнер сайысы (екеуінің де өнері тамашаланады)

  4. Мерекелік дастархан мәзірі (күзгі өнімджерден үйден дайындап әкелуі керек)

  5. Үй тапсырмасы (күзгі жапырақтардан аппликация жасау)

  6. Сән үлгісі (өз шығармашылықтары)

  7. Білгенге-маржан (сұрақ-жауап)

  8. Қорытынды

Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар! «Арайлы алтын күз» атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер. Бәрекелді, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз-жазтра даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз- байлық, молшылық.

Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,

Көңілді серіппелі күйін ашсын.

Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,

Береке бірлікпенен ортақтассын.

Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!

Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!

Бүгінгі біздің бағдарламамызда:

Келтіретін ардайымсезім күйін,

Көресіздер қызықтың неше түрін

Әншінің анықтаған әнін естіп,

Көңіліңіз қалары хақ бір серпіліп.

Осылай бәрі-бәрі болып жатса,

Мақсатқа қалар едік біз де жетіп. Ал енді оқушылар бүгінгі алтын күзге қатысушы ханшалар мен ханзадаларды ортаға шақырайық.

Салқын сыз, дымқыл тұман соңына ерген,

Жылауық бұлттары бар қанат көрген.

Күз келді мезгілінде арқаланып,

Күн барма байлығын ол тегін берген!?

Біз оны күтіп жүр ек әуел баста-ақ,

Кеттік те қызу істі дереу бастап

Астық жеміс, мақтасын …. -бар байлығын

Алып қалдық еңбекке айырбастап. Нағыс сары алтындай сары күз-қыркүйек айы. Ол-еңбек айы. Күз маусымының екінші ай - қазан. Бұл ай - мереке басы. өйткені дихандар сабантой жасайды. Күздің соңғы айы-қараша. Қараша десе дегендей, айнала теп-тегіс сүреңсіз. Жапырағынан айрылған ағаш қара суыққа қалтырап, жүдеу далаға өң бере алмай селтиеді.

Күз мейрам құтты болсын баршаға,

Күздің сәні келіп қапты ортаға.

әділқазы алқалармен таныстырып,

кетейінші осы отырған баршаңа,-дей отырып құрметті көрермендер әдәлқазы алқаларымен таныстырып өтейін.

Қош келдіңіз көрермен,

«Күзгі бал» сын-кешіне

Отырыңыз қол соғып,

Шат күлкіге бөлене.

Көбейді құт-береке,

Астық толы қоймамыз

Құтты болсын мереке,

«Алтын күзді» тойлаймыз.

Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, «Арайлы алтын күз» атты сайысымыздың бірінші бөлімді таныстыруға кезек берейік. Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар біздің сұлу да сүйкімді ханшаларымыз бен салмақты да сымбатты ханзадаларымыз өздерін таныстырсын.

Күз келіп, хан мен ханшайым

Өткізді күзгі бал айын

Ханшайым тапқыр қыз болды,

Ағызар сөйлеп сөз майын

Ал ханымыз ақылды,

Барша жұртты шақырды

Би де билеп, ән айтты,

Қуаныштан шалқыды. Ханшаларымыз бен ханзадаларымызды танып білсек сайысымыздың екінші бөліміне кезек берейік.

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,

Хархандықты қазаққа дала берген секілді

Еркелікті, ерлікті желден алған секілді

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.,-деп Қадір Мырзалиев ағамыз жырлағандай, бүгінгі күзігі балл мерекемізді табиғатты аялау, табиғат сұлулығын сақтау тақырыптарымен ұштастырсақ артық айтпаған болар едік. Мұнда қатысушыларымыздың екеуі де күз тақырыбына көркем сөз оқиды. Құрметті әділқазылар алқасы оқу мәнеріне, сөйлесу шеберлігіне, жүріс-тұрысына да қарап отырыңыздар, бағалауға бұл да кіреді. әділ баға беретін әділқазылар алқасы сөзді сіздерге берсек, таныстыру бөлімінің бағасын берсеңіздер екен.

Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,

Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын

Ағашта жапырақтар сылдырлайды,

Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.

Сары алтын батсайыдай дала мидай,

Үйілген мая-мая қызыл мидай

Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,

Жайнайды жаратылысберген сыйдай,-деп Сәкен Сейфуллин ағамыз алтын күзді керемет шабытпен сары алтынға теңеп жырлаған екен. Қазақ өнер десе ішкен асын жерге қоятын халық қой. Ендеше, құрметті көрермендер

Асыл тастан, өнер жастан,

Шығады деп дарынды.

Халық айтса, қалт айтпас,

Әрқашанда нанымзы

Сол шындықты күнделікті,

Көріп жүрміз өмірден

Өнерімен танысайық,

Тілекші боп көңілден. Ортада сайыскерлеріміздің өнерлерін тамашалайық біздің мектептің ханшалары мен ханзадаларының арасында әншілер де, бишілерде бар екен. Олай болса, ардақты да, аяулы әділқазыларға жүгінейік. Көркем сөз оқу бөлімінің бағасын берсеңіздер екен.

Алтындай сылдырлайды күздің үні,

Жібектей майда шуақ алтын күні.

Биылғы мерекелі нұрлы күздің тамаша бірдей сұлу күн мен түні

Сондықтан биылғы күз мерекелі,

Байлығы өте-мөте берекелі

Мәз-мейрам барлық ұлт шат, байлығы мол,

Міне осы, шын бақытты ел екені,-деп ақын ағаларымыз тебірене жырлаған.

Көрсетеді өнер әр салада сайысып,

Қимылдары жүргендей бір жай ұшып

Мерекелік ас мәзірін жасапты,

Қыздарымыз бармақтары майысып. Келесі бөліміміз мерекелік дастарханмәзірі деп аталады. Мұнда сайыскерлеріміз күзгі өнімдерден салаттар дайындап әкелу керек болатын, олай болса, ханшаларымыз өз салаттарымен таныстырып өтсін. Саусағынан бал тамған ханшаларымыздың ас мәзірлерімен танысып болсақ, әділқазылар алқасынан өнер сайысының бағасын сұрасақ.

Қараңдаршы көз тоймас, күз деген бір жақсы уақыт

Ой да, қыр да, таудың іші,

Бір молшылық жатқан шалқып,

Ал, балалар, кім біледі,

Неге айтамыз «Алтын күз» деп?

«Алтын күз» деп, біз айтамыз сол үшін де,

Сары алтындай сары қауын,

Көп піскен соң бақ ішінде. Ал енді сайысымыздың бесінші бөліміне кезек берейік.

О заманда қазақ өнер сырын,

«Өнер жастан» жаныңдар

Шақырған сайыстарға бірі-бірін

Өнерпаздар - дарындар

Көрейік тамашалап, көрермендер,

Көрсетсін сайыскерлер өздер ідайындаған қолөнерін. «Үй тапсырмасы» бөліміде қатысушыларымыз күзгі жапырақтардан өз шығармашылықтары бойынша дайындап әкелген жапырақтарымен таныстырсын. Сүйкімді сайыскерлеріміздің қолөнерін тамашалап болсақ, әділ баға беретін әділқазылар алқасынан мерекелік дастархан мәзірінің бағасын көрсетсеңіздер екен

Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,

Әр сұлу әсем болар өз жанымен

Өз қолынан шығарған киім үлгісін

Сіздерге көрсетеді өз сәнімен,-дей келе келесі кезекте сән үлгісі.

Қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған киім үлгілерін көрсетеді.

Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық.

Сымбатты қыздарымыздың өз қолдарымен жасаған киім үлгілерін тамашалап болсақ, әділқазыларға сөз берсек, сайыскерлеріміздің жапырақтардан жасаған аппликацияларының бағасын көрсетсеңіздер екен.

Білім аққан сел дейді,

Бірақ оңай келмейді.

Ала білсең білім көп,

Ақыл ойға кел дейді

Білім ой мен арымыз,

Рухани ол ніріміз

Сайыскерлер сіздерге,

Қол соғамыз бәріміз!

Келесі бөліміміз «Білгенге маржан»деп аталады. Мұнда конверттегі сұрақтарға жауап берулеріңіз керек.

Қатысушылармыз өз тапқырлықтарын, шешендіктерін білдірсе, арайлы алтын күзіміздің жүлдегерлерін анықтайық. Ендеше кезекті әділқазылар алқасына сөз береміз. (жеңімпаз марапатталады)

Білім- теңіз, мектепті кеме дейміз,

Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,

Әдемі мен тәлімі үндесетін,

Жастарды болашаққа жетелейміз.

Жеңістер мен жеңілістен тұратын

Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.

Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар

Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,

Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,-деп отырып бүгінгі «Алтын күз - 2012» атты кешімізді аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше, достар!!!





Қыз сыны - 2013


Мақсаты:
1. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу.
2. Әр қыз баланы парасатты, жан - жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.
Байқаудың шарттары төмендегідей:
1. «Мен қазақтың қызымын» таныстыру
(қатысушылар өздерін осы сөзбен, өлеңмен, әнмен таныстырады)
2. «Қыз еркем - кестесімен көркем»
(Әр қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді)
3. «Қызды тәрбиелеген - ұлтты тәрбиелейді»
(Қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу)
4. «Өнер»
(Ән айту, би билеу, күй тарту)
5. «Сұлулық сыры»
(Музыка ырғағымен сәндік киім және шаш үлгісін көрсету)
6. «Зерделінің ойы озық»
(Лездік сұрақтарға жауап беру)
Әр сыныптан бір үміткерден қатысуы қажет.

Құрметті аналар, ұстаз аналар, бойжеткен арулар, бүлдіршін қыздар! Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын! Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, әдепті, инабатты жан елестейді. Бүгінде сол әдепті де әдемі, инабатты да мейірімді ару қыздарымыз сынға түскелі тұр. «Ару қыздар - 2012» байқауына қош келдіңіздер!.
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Рұқсат болса бастайық!

Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
(Арулар ортаға шығады)

Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.

Уа, арулар, арулар! Ешкімің жоқ алалар.
Ару болу үлкен сын, оны қазың бағалар. - деп әділ - қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. Тайпақова С.М. - мектеп директоры
2. Айтжанова З.Е. - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
3. Қалмағамбетов А.Е. - кәсіподақ комитетінің төрағасы
4. Табимбаева М.И. - технология пәні мұғалімі
5. Байқатов А.М. - бейнелеу өнері пәні мұғалімі
Жүргізуші:

Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен танысуға.

Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.
Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,
Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.

Байқаудың І кезеңі «Мен қазақтың қызымын».
Таныстыру бөлімі бойынша ару қыздарымыз өздерін осы сөзбен бастап, өлеңмен, әнмен таныстырады.
Әділ - қазылардан арулардың бағасын күтеміз
Өнері өрге жүзер, таңғалмаңыз!
Таланты талмай ұшар, таңғалмаңыз!
Таңғажайып әлемі - өнер аты,
Шарпып өтсін лебімен, таңғалмаңыз!
Аруларымыз көрермендерді қолөнерлерімен таңғалдыруға асығады.
Байқаудың ІІ кезеңі «Қыз еркем - кестесімен көркем»
Бұл кезеңде Әр ару қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді және қалай жасалғаны туралы әңгімелейді
Әділ - қазылардан арулардың бағасын күтеміз

Пір тұтқан адамдықты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған тамам жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты - дегендей Байқаудың ІІІ кезеңі «Қызды тәрбиелеген - ұлтты тәрбиелейді» деп аталады.
Бұл кезеңде қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу бойынша аруларымыз сынға түседі

1. «Қыздың жиған жүгіндей»
Бұл теңеу қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін көрсетеді. Өздеріне тән нәзіктілігімен, сүйкімділігімен, сыртқы және ішкі сымбаттылығымен ерекше екендігін айтқан

2.«Қыз өссе - елдің көркі, гүл өссе - жердің көркі»
Біздің халқымызда «қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады. Қыз баланы гүлге теңеп, көрікті болатынын аңғартады. «Елдің көркі» деп қыз баланың айрықша әдептілігіне көңіл бөліп, олардың жүрегін жылылыққа бөлеп, жандарын жаманшылықтан аластап өсірген.
Қыз баланың сүйкімділігінен, жанының нәзіктілігінен шыққан сөздер.

3.«Қызға қырық үйден тыйым»
Қыз бала тәрбиесіне ата-ана ғана емес, көрші-қолаң, туған-туыс, ауыл-аймақ болып сергектікпен қарайтын болған.
4.«Біреудің ала жібін аттама».
Қыз бала үшін өтірік айту, ұрлық істеу және қатыгездік, қулық-сұмдық деген жат қасиет екенін айтып, өтірік өрге бастырмайды, ешкімге қиянат жасама деп адалдыққа тәрбиелеп отырған. Тәрбиенің бұл түрінің әсері сол қыз баланың өмір жолын дұрыс таңдауына зор ықпалы болған.

5.« Шеше көрген тон пішер»
Халқымыз қыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Қыз балаға 5 - 6 жасынан-ақ апа-жеңгелері, шешесі мен әжесі үй шаруасын жүргізуді (үй сыпыру, төсек жинау, ыдыс-аяқ жуу, ас пісіру, мал сауу), ою ойып, өрнек, кесте тоқуды үйрете бастаған.
Қыз бала тәрбиесінде шешенің орнын ерекше бағалаған.
Қыз баланың әр іске талапты да алғырлығынан, өнер-білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөздер.
6. «Қыз жат жұртқа жаратылған»
Қыздарды тұрмыстық мүліктерді даярлауға: жүн түту, жіп иіру, шекпен тоқу, кесте тігу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, арқан есі, көрпе көктеу, т.б. өнерлерін қыз балалар бөгде босағаға бармай тұрып-ақ үйреткен. Осындай еңбекке баулу нәтижесінде жанұя алдындағы жауапкершілік сезімдеріне бойларын үйретіп, психологиялық жағынан отау тігуге даярлай бастаған.

7.«Қызым - үйде, қылығы - түзде»
Халқымыздың тәрбиесінде қыздардың ерсі қылықтары мен әрекеттеріне үлкендер тыйым жасап отырған, сыпайылыққа, жарасымды мінез-құлыққа тәрбиелеген. Дөрекілікке, менменшілдікке, әдепсіздікке барудан сақтап отырған.
Әділқазылардан арулардың бағасын күтеміз

Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік.

ІV кезең «Өнер» Бұл кезеңде арулардың өнері тамашаланады
(Ән айту, би билеу, күй тарту)
Әділ - қазылардан арулардың бағасын күтеміз

Адамның сыртқы түріне, киіміне қарап та қандай адам екендігін айыруға болады. Қазіргі талғамға, өзінің жас ерекшелігіне, эстетикалық талғамына сай жарасымды киінген, сыпайы да үлгілі қылығымен, мәдениеттілігімен ерекшеленген қыздарды көргенде көңілің толады. «Жастықтың өзі жастығымен әдемі» деген бар емес пе? Жас қыздардың өздері-ақ қырдың қызыл гүліндей әдемі ғой. Табиғат берген көркі - жастығынан артық не бар?
Қыздарға әсемдік жарасады,
Ай көркі биіктерге таласады.
Болмаса сұлу қыз, ару әйел
Табынып еркіндікпен санасады -деп, аруларымыз сәндік киім үлгісін көрсетсе

Сұлу қыздар, ару қыздар
Шашты кеспей күтіп оны қараңдар.
Қыздың көркі шаш екенін түсініп,
Өріп қойып шаш үлгісін жасаңдар, - деп аруларымыз шаш үлгісін көрсетеді. Олай болса «Сұлулық сыры» кезеңінде аруларымыз музыка ырғағымен сәндік киім және шаш үлгісін көрсету бойынша сынға түседі.

Әділ - қазылардан арулардың бағасын күтеміз
«Ә» дегенше соңғы сайысымызға да келіп жеттік. «Зерделінің ойы озық» - деп, аталатын бұл кезеңде. Әр аруға 10 сұрақтан қойылады. 1 минут ішінде 10 сұраққа жауап беруі тиіс. 1 дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
VI «Зерделінің ойы озық»
(Лездік сұрақтарға жауап беру)

1-ші арудың сұрақтары.
1. Қозы Көрпештің серігі? (Баян Сұлу)
2. Ананың анасы сізге кім болады? (Нағашы әже)
3. Еттен жасалатын тағам? (Бесбармақ).
4. Қазақстанның Президенті кім? (Н.Назарбаев)
5. Қазақстанның бұлбұл әншісі атағына ие болған әнші анамыз? (Б. Төлегенова).
6.Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан)
7. Білім, оқу, жазуды үйретуші адам? (Ұстаз).
8. «Фариза, Фаризажан Фариза қыз» кімнің өлеңі (Мұқағали)
9.Қошақанның анасы? (қой).
10. Қыз бала туралы бір мақал айтыңыз.

2-ші арудың сұрақтары.
1. Төлегеннің серігі? (Жібек)
2. Ананың сіңлісі сізге кім болады? (Нағашы апа)
3. Сүттен жасалатын тағам? (Көже, айран, ірімшік,қаймақ,май).
4. Аллада не жоқ? (бауыр)
5. Қазақстанның әйгілі ақыны, әрі жерлес анамыз? (А.Бақтыгереева).
6.Әйгілі күйші - анамыз? (Дина Нүрпейісова).
7. Науқас адамдарға көмек беруші, емдеуші адам? (Дәрігер).
8. Әнші Мадина … (Ералиева)
9.Тай, құлынның анасы? (Бие).
10. Ана туралы бір мақал айтыңыз.

3-ші арудың сұрақтары.
1. Еңліктің серігі? (Кебек)
2. Ананың қызы сізге кім болады? (әпке)
3. Қамырдан жасалатын тағам? (Бауырсақ, нан).
4. «Ана тілі - арың бұл»кімнің өлеңі? (Қ. Мырза Әли)
5. Қазақстандық әйгілі биші анамыз? (Ш. Жиенқұлова).
6.Абай Құнанбаевтың әжесі? ( Зере).
7. Ас пісіруші маман адам? (Аспаз).
8. Әнші Нағима… (Есқалиева)
9.Ботаның анасы? (түйе).
10. Бала туралы бір мақал айтыңыз.

4-ші арудың сұрақтары.
1. Мойынға тағатын әшекей бұйым (алқа)
2. Апа сіңлінің балалары (бөле)
3.Қазақ әйелдерінің сәндік әшекей бұйымдары? (сырға,білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қапсырма, шашбау, бойтұмар, түйреуіш, белбеу).
4. Ою өрнектің бір түрін ата? (қошқар мүйіз, арқар, сыңар, өркеш, төртқұлақ, түйетабан, қос алқа, сыңар).
5. Аққуда не жоқ? (сүт)
6.Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан).
7. «Мен қазақпын» поэмасының авторы (Ж.Молдағалиев)
8. Әнші Тамара… (Асар)
9.Ешкінің төлі ? (лақ).
10. Қыз туралы бір мақал айтыңыз.

5-ші арудың сұрақтары.
1. Сүттен жасалатын тағамдар (қымыз, шұбат, айран, қаймақ, май, сүзбе, көже, қойыртпақ, шалап, боза, іркіт, ірімшік, құрт, жент, малта)
2. Киелі құс (аққу)
3.Тігінші құралы ( ине)
4. «Үш бақытым» өлеңінің авторы кім? (Мұқағали)
5. Қазақтың діни мейрамы ( құрбан айт, ораза айт)
6. Тіршілік иелерінің моторы (жүрек)
7. Көздің суы (жас)
8. Ақ сүт берген аналардың анасы (әже)
9. Қобыландының жары ( Құртқа)
10. Ең зор байлық (денсаулық)

6-шы арудың сұрақтары.
1. Ас атасы (нан)
2. Анаңның бауырлары (нағашы)
3. «Бөбек» қорының президенті кім? (С.Назарбаева)
4. Жиреншенің әйелі (Қарашаш)
5. «Төрт ана» өлеңінің авторы кім? (М.Шаханов)
6. Киіз үй жиһазын ата (кебеже, абдыра, кереует, жастағыш,жүк аяқ, тұс киіз, кілем)
7. Жарға тұтылатын зат (кілем)
8. Жылқыда не жоқ (өт).
9. Әнші Роза … ( Рымбаева)
10. Тар қонышты, өкшесіз жеңіл аяқ киім (мәсі)

6-шы кезең бойынша аруларымыздың ұпайлары.
Енді әділқазы алқаларынан барлық ұпай сандарын санап, жеңімпаздарды анықтауларын сұраймыз. Ұпай сандары әзір болғанша кезекті әнге берелік.
«Қыздар - ай» әні. Орындайтын Жолдығулов Сырым
Қорытынды сөз әділқазы алқаларына беріледі, марапаттау рәсімі.

VII Қорытынды:
Қыз баланы ізетті, инабатты асыл жан етіп, ісіне көркі сай тәрбиелеу, қыз сыйлау халқымыздың қанына сіңген қасиет, олардың айналадағы адамдармен қарым - қатынас жасай білуіне көңіл бөле отырып, оларға нәзіктік пен сүйкімділік қасиеттерін бере білген.
«Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын,
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын» - дегендей, қыздарымыз апаларының өнегелі істерін өз бойларына дарытып өссе екен дейміз. Қыздарымыз ата-бабаларымыздың ықылым заманнан келе жатқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрып сөндірмей жалғастыратын өнерлі де ибалы боп өссе дейміз.
Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға рахмет айтамыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!













Жігіт сұлтаны - 2013


- Уа, халайық, халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Көңілді кеш жасайық
- Құрметті ұстаздар , оқушылар, ата-аналар сіздерді 3-4сынып оқушыларының арасында өтетін жігіт сұлтаны сайысын көруге шақырамыз.
- Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәдік шықты
Біліммен тапқырлықтың жырысыңдар
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты - дей келе әділ-қазылар алқасын сайлап алайық.
1...
2...
3...
Асқақтаған ән дайын
Күмбірлеген күй дайын
Ал, қанекей қырандар
Босқа қарап тұрмаңдар
Бастап жігіт өнерін
Алыстарға самғаңдар
(әділ-қазылар алдындағы белгіленген номерлерді таңдап алу)
-«Жігіт сұлтаны сайысымыз» 6 кезеңнен тұрады.
1-кезең Таныстыру
2-кезең Өз-өнерін көрсету
3-кезең Білімнің мініп кемесін
4-кезең Ойға шабуыл
5-кезең Үй тапсырмасы
6-кезңе Спорт - денсаулық кепілі
Сайыскерлеріміз дайын болса сайысымызды бастайық.
1-кезең Таныстыру
Жақсы адам кімге болсын болар пана
Мол оның тал бойында ақыл сана
Көркіне ақылыда сай келетін
Шақырайық Оңталапты енді ортаға

Қуантады білімімен Арсен
Қол соғып қарсы енді оны біз
Білімің берік болсын талабыңа
Бүгінгі қабыл болып тілегіміз

Өнерге жастайынан жақын туған
Қазақтың дарынының жолын қуған
Өз өнерін көрсетер Дамир жігіт
Өзгеге ісі өнеге, үлгі боп тұрған

Салт-дәстүрін бабалардың
Сақтап биік самғаймыз біз
Ата - әке ағалардың,
Нұрлы жолын жалғаймыз біз - деп ортаға Дамирді шақырамыз

Қыздарды сыйлай білетін
Жөн сөзді айта білетін
Қырандай алғыр,
Сұңқардай өр,
Достыққа адал ұлымыз Ғарифулла

Қорықпаймын дауылдан,
Қорықпаймын ауырдан
Өжет, өткір болсын деп
Атам қойған Ғалым деп

2-кезең Өз өнерін көрсету
3-кезең Білімнің мініп кемесін(тест сұрақтарына жауап беру)

4-кезең Ойға шабуыл
Жастықта әр тараптың басын шалсаң,
Қармақты тәуекел деп суға салсаң
Еңбегің еңбектенген кетпес зая
Міндетке бір жетесің ойыңа алсаң

5-кезең Үй тапсырмасы (өз қолдарынан жасаған қол өнер бұйымдарын көрсетіп, неден қалай жасағанын айтып береді.)

6-кезең Спорт - денсаулық кепілі(спорт түрін көсетеді)

Бойларыңда от бар екен байқадым
Жүректерде шоқ бар екен байқадым
Әрқашанда осы шоқты өшірмей
Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым
Келесі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
Қорытындылау.







Кел, Жаңа жыл!

1 - жүргізуші:
Бүгін бәрі өзгерек,
Жарқын күлкі, сөз бөлек
Тілек айтып, күттік біз,
«Кел, Жаңа жыл» төрле! - деп»
2 - жүргізуші:
Жаңа жылда жасарған
Жаңа шырша жас арман
Жалт - жалт етіп көрінер
Аппақ әлем құлпырған
Қымбатты бүгінгі жаңа жылдық кешімізге келген қонақтар!
1 - жүргізуші:
Армысыздар, бармысыздар құрметті халайық! Жылдағы дәстүрмен жаңа жылды думандатып, жырлатып қарсы алу үшін әсем шырша қасына жиналып қалыппыз. Қош келдіңіздер!
Екеуі бірге: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
2 - жүргізуші:
Құрметті қонақтар, сүйікті балалар! Жаңа жыл құтты болсын! Әр адам келер жылдан үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады.
1 - жүргізуші:
Міне, біздің асыға күткен жаңа жылымыз да табалдырықтан аттағалы тұр. Бәріңізге де жаңа жыл - бақыт жылы, бейбіт жыл болсын!
Осы кезде ортаға клоун шығады.
2 - жүргізуші:
Қанеки балалар, Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алайық!
Аяз ата мен Ақшақар келеді.
1 - жүргізуші:
Аяз ата, Ақшақар қош келдіңіздер! Біздің балалар сізді сыйлығы мол Аяз атаны асыға күтуде. Сіздерді көрмеген бір жылда сағынып қалдық. Сіздермен қауышу қуанышына ұл - қыздарыңыз ән - күй, биден шашу даярлап келіпті.
Ән: «Қош келдің, Жаңа жыл».
2 - жүргізуші:
Аяз ата! Көрдіңіз бе? Бүгін жаңа жылға жиналған балалардың бәрі көрікті, бәрі де көңілді. Осы тойдың «Ақ патшасы» өзіңіз Аяз ата. Асу - асу жерлерден шаршап келдіңіз, көңіл көтеріңіз, ән тыңдаңыз, балалардың биіне бірге билеңіз. Ендеше сыныбымыздың биші ұл - қыздарының жастар биін тамашалайық!
1 - жүргізуші:
Жеңісбек, өткен жылға өкпең жоқ шығар, 2012 жыл сені несімен қуантты?
2 - жүргізуші:
Әрине, өткен жылға өкпем жоқ, 2012 жыл біз үшін ерекше жыл болды. Себебі: ең басты жаңалық, біз бастауыш сыныпты ойдағыдай аяқтап, азамат атанып, жоғары бесінші сыныпқа өтіп, жаңа ұстазымыз Жанар апаймен табыстық.
1 - жүргізуші:
Ия, әрине ескі жыл біз үшін жаман болған жоқ. Ендеше алғысымызды айтып шығарып салу үшін ортаға Ескі жылды қошеметпен қарсы алайық!
Ескі жыл шығып: Балалар ортаға жаңа жылды алып келдім.
Қоштасады.
Жаңа жыл айтады. Осыдан соң музыка ойналып, ескі жылды шығарып салады.
2 - жүргізуші:
Аяз ата, келесі орындауда ән, «Туған жер».
1 - жүргізуші:
Аяз ата, келесі орындауда сыныбымыздың қыздарының «Үнді биін» қарсы алайық.
2 - жүргізуші:
Әсем екен әндері,
Әй - әй екен сөздері,
Шыршалары көк екен
Көңілдері тоқ екен
Мұндай жақсы балалар
Ай жұлдызға пара - пар
Бола қоймас бізге айып
Тақпақтарын тыңдайық.
Тақпақтар айту.
Аяз ата, келесі орындауда сыныбымыздың биші қыздарының биін тамашалайық. «Қызыл өрік». Қарсы алыңыздар!
1 - жүргізуші: Иманғали
Жаңа жылым - әсемсің
Гүл өндірер түзге де
Әр сәті бақ әкелсін
Ұстаздарым сізге де, - дей келе мерекелік құттықтау сөз кезегін сынып жетекшіміз Жанар апайға береміз.
Тілек айтылады және ата - аналармен ойын ойнау.
2 - жүргізуші: Жеңісбек
Біздерде ойын - сауық жалғасады
Тамаша күй тартылып, ән салады
Қошеметтеп, қол соғып отырайық
Ұмытарсыз жыл бойғы шаршағанды.
1 - жүргізуші: Иманғали
Ендеше, Жеңісбек, ортаға сыныбымыздың өнерлі баласы Батырбек Мұхтардың өнерін тамашалайық: Мультфильмнен көрініс.
2 - жүргізуші: Жеңісбек
Аяз ата, біздің балалардың билері, өнерлері сізге ұнап жатыр ма? Біздің балалардың бәрі өнерлі. Ортаға Аружан мен Әлияның орындауында «Ақжайнақ» әні.
1 - жүргізуші: Иманғали
Жеңісбек, біздің сыныптың ұлдарының да КВН көрсеткісі келіп тұр, тамашалап көрсек қайтеді.
2 - жүргізуші: Жеңісбек
Ендеше ортада сыныбымыздың ұлдарынан құралған әзілкештер тобы. Қарсы алайық! КВН: Иманғали, Әділет, Бақытқали.
1 - жүргізуші: Иманғали
Сүйсінтеді бишілердің қимылы
Шеттерінен жайнап тұрған қыр гүлі
Билерінен мін таппайсың бірде - бір
Құдайдың шын таңғажайып сыйлығы.
Ортада сыныбымыздың биші қыздары. Носса биі.
Ал, балалар, Аяз ата мен Ақшақарды шығарып салайық!
Иманғали, Жеңісбек:
Аяз ата, Ақшақар! Келесі жылы Жаңа жылға дейін сау болып тұрыңдар!
2 - жүргізуші: Жеңісбек
Кел жаңа жыл, жаңа жыл
Саған әзір жаңа жыр
Елге табыс, жақсылық
Ала келші жаңа жыл!
1 - жүргізуші: Иманғали
Құрметті қонақтар! Осымен жаңа жылдық думанды кешіміз аяқталды. Сау болыңыздар!





Ақ моншақты арулар

Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу.
Көрнекілігі: «Қыз-елдің көркі» (ұлттық киімді қыздардың суреттері), «Өнер таусылмас азық» (қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.
Жүргізуші: Құрметті аналар,біздің мектептің ұстаздары және байқауға қатысушы арулар! 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!
Жүргізуші: Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр,бақытты өмір,отбасыларына амандық пен қуаныш тілеймін!
Жүргізуші: Ал, бүгінгі қыздарымыздың өнерлері мен білімдерін байқау үшін «Ақ ару» атты конкурсымызды ашуға мектебіміздің тәрбие ісі меңгерушісі Жумагалиева Қ.Т. сөз берейік.
Жүргізуші: Олай болса бүгінгі «Көктем аруы» қыздар байқауын ашық деп жариялаймыз!
Жүргізуші:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
(Қыздарды таныстырып, ортаға шақыру)
Жүргізуші:
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!
1) ..................... қыз өнерлі
Бойға өнер жиған қыз.
2) ................... қыз білімді
Меңгерген бар ілімді
3) ........................ қыз елгезек
Алады тез тіліңді.
4)Ақша бетті ........................
Ұқсайды хор қызына
5) ........................... үлбіреп
Қос жанары мөлдіреп
6)........................ қыз шығады
Бұрымдары желбіреп.
7)Аққу құстай қанат қағып самғаған,
Адал жолмен арам іске бармаған.
Адамдықты жаны сүйген қашаннан,
.................... да қатарынан қалмаған.
8)Атыңнан айналайын ..................... деген,
Сенің ісіне жақсы баға берем.
Жеңіс туын тігерсің болашақта,
Үміті зор осы мектептің саған деген.
9) Білімді оқу озаты сыныптағы,
Талай қиын істерді құрықтады.
........................... алдында талай іс тұр,
Болашақта жандырар үміт отты.
10) - сыныпта оқитын,
Өрнектеп тоқыма тоқитын,
Ән айтып,би де билейтін.
.................. өнерлі қызымыз.

Жүргізуші:
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.
1. ...................................................................................................................
2. ...................................................................................................................
3. ....................................................................................................................
Ендігі сәтте бүгінгі байқауымыздың шарттарын атап өтейін.
1-шарт. «Сәлем - сөздің атасы» - деп аталады, әр ару өзін-өзі таныстырады. (5 мин)
2-шарт. «Өнерлі өрге жүзер», әр ару өз өнерлерін көрсетеді. (Барлық өнер түрлері жатады, оның ішінде ән, би, мәнерлеп оқу немесе қолөнерлер).
3-шарт. «Сәндік өнер», яғни бір қыз баланың шашын сәндейді де атын айтады.
4-шарт. «Кім жылдам?» (5 мин)
(Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді).
а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою)
б) Түйме қадау
в) 1 мин ішінде инежіпке бисер өткізу (кім көп тізіп шығады).
5-шарт. «Білімді мыңды жығар» әртүрлі сұрақтар беріледі.
Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда қош келдіңіздер деймін!
Жүргізуші:
Ақ арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға,
Қорықпастан сахнаға келіп жетті.
Әдеппен, ізетпен танысуға, - дей келе қыздарымыз өздерін таныстыруды бастасын. Ендеше І тур таныстыру.
5 А
5 Б
6 А
6 Б
7 А
7 Б
8 А
8 Б
9 Б
10 А
10 Б
11 А
11 Б
2 тур: Өз өнерін көрсету
Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал,сайысқа
Өнер көрсет,құрбылармен жарыс та.
3 тур: Сәндік өнер
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,-келесі сайысымыз шашқа сән жасау.
4 тур: «Кім жылдам»
(Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді).
а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою) 2 мин
б) Түйме қадау 2 мин
в) Инежіпке бисер өткізу (кім көп тізіп шығады). 1 мин
5 тур: «Сұрақ-жауап»
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ - жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты - дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап берейік. Қағаз жетонды бірінші көтерген және дұрыс жауап берген адамға 1 ұпай қойылады.
1. Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т.б.)
2. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)
3. Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)
4. Ою-өрнек түрлері нешеге бөлінеді. (4, жануар тектес, өсімдік тектес, геометриялық, космогониялық).
5. Химиялық талшықтар нешеге бөлінеді? (жасанды, синтетикалық)
6. Мал сүйегінен шығарылатын дәмі, иісі жоқ мөлдір тағам желімі, ұнтақ немесе сары түстес кесек түйіршіктер (желатин)
7. Киізге ою-өрнек басып жасалған кілемше (түскиіз)
8. Табиғи жүнді, түбітті неден алады? (қой, ешкі)
9. Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)
10. Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)
11. Тамақ әзірлеу өнері (кулинария)
12. Тігін машинасының әкесі кім? (Элиос Хоу)
13. Иық бұйымына жататын қазақтың ұлттық киімі (камзол)
14. Тағамның энергетикалық құндылығы немен өлшенеді? (каллория)
15. Шыт, атлас, жібек, бархыт, левисон (синтетика) т.б. (мата)
16. Қолдан тоқылған суретті-кілем (гобелен)
17. Тамақтан соң ауыз сүртуге арналған орамал. (салфетка)
18. Адам баласы тәуліктің қай мезгілінде жақсы тамақтану керек? (түсте)
19. Сумоншақтың орысша атауы (бисер)
20. Ұсақ моншақ қай елде алғаш пайда болған? (Египет)
21. Нанның кептірілген бөліктері (сухари)
22. Картоптан жасалған ботқа (пюре)
23. Шашқа тағатын әшекей (шашбау)
24. Бағалы металл (алтын)
25. Үйдегі машина, бірақ онымен ешқайда бара алмайсың. (кір жуатын машина, тігін машинасы)
26. Тістегі пломбаны тартып шығыратын кәмпит (ирис)
27. Мойынға тағатын әшекей (алқа)
28. Су моншақты(бисер) ең көп шығаратын ел (Жапония)
29. Қыздың бұрымы дегеніміз не? (өрілген шаш)
30. Жұма сайын пісірілуге тиіс мұсылман наны? (шелпек)

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Ал қазір әділқазылар алқасы арулардың ұпайларын есептегенше, көрермендермен ойын ойнайық!
Ал, көрермен, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық - дегендей бірнеше жұмбақтарды шешіп көрейік.
1. Құрғақ жерде сақтайсың
Онсыз тамақ татпайсың. (тұз)
2. Екі семсер айқасқан,
Оқта-текте шайқасқан. (қайшы)
3. Қимылдаса қос шебер, қыруар-қыруар іс өнер. (Қол)
4. Тұмсығы мықты, қыр мен ойды тегістеп шықты. (үтік)
5. Біреуге киін дейді, ал өзі киінбейді. (Тігін машинасы)
6. Аузынан ішкені мұрнынан шығады. (Шәйнек)
Биология: Таза табиғаттан алынатын талшық түрлері (мата, зығыр, жібек, жүн)
Қолөнер: Киіз үйдің жабдықтарын ата. (кереге, уық, шаңырақ, түндік, босаға)
География: Кофенің отаны. (Африка)
Сурет: Байлық пен молшылықты бейнелейтін ою-өрнек (қошқармүйіз)
География: Төрт түліктің киелісі - түйе малының шыққан жері. (Орта Азия, Қазақстан)
Сурет: Магиялық ою. (тұмарша)
Биология: Етте қандай дәрумендер тобы бар? (А,Д,ПП,В)
Медицина: Ұзақ уақыт толық құнды тамақтанбаудан, тамақта тиісті дәрумендердің болмауынан адам қандай ауруға ұшырайды? (авитаминоз)
Технология: Киімдегі қосымша пайдаланатын ұсақ бөлшектерді қалай атаймыз? (аксессуарлар).
Медицина: Тамақтың энергетикалық құндылығы немен өлшенеді? (каллория)
Физика: Тоқты өткізбейтін материалдарды ата. (пластмасса, фарфор, резеңке, құрғақ ағаш).
Геометрия: Ою-өрнекке түрлендірудің қай түрі қолданылады? (симметрия)
География: Елімізде мақта өсіретін бірден бір аймақ (ОҚО)
Медицина: Адам тамақтан улануда қандай ауруға ұшырайды? (интоксикация)
Ауыл шаруашылығы: Топырақтың құнарлылығын арттыруға қолданылатын заттар. (тыңайтқыштар)
География: Кестенің Отаны қай ел? (Қытай)
Медицина: Гемоглобин түзілуге қатысатын дәрумен. (ПП)
Сурет: «Дастархан» натюрмортының авторы кім? (А. Ғалымбаева)
Сызу: Заттың үлкен кішілігін білдіретін сан (масштаб)
Өнер: Өнер саласын зерттеген академиктің аты (Марғұлан)
Тарих: Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің бастапқы элементтері қай дәуірге жатады (тас дәуіріне)
Қорытынды: Енді әділқазылар алқасына сөз берейік.
Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз. Осындай іс-шараларға белсене араласып, ат салысып қатысқандарыңызға көп-көп рахмет, келесі кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын!









Қош келдің, Наурыз!

Мақсаттары:

Білімділік:

Оқушыларға Наурыз-жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру.

Дамытушылық:

Өлең, мақал-мәтелдер арқылы тілдік қорларын дамыту. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Тәрбиелік:

Ата-ана, оқушы, ұстаз, жұртшылық өкілдерін ынтымақтастандыру. Қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:

Қазақтың киіз үйі, жабдықтары, ұлттық киімдер, ұлттық тәрбие жөнінде нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, наурыз мерекесіне арналған қабырға газеті, көрме т.б.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Қош келдің Наурыз!, «Халық тәлімі-тәрбие бастауы», «Шаңырақ энциклопедиясы», «Ата мұраң-асыл қазына», «Салт дәстүрді білесің бе?» т.б. әдебиеттер, журналдар.

Барысы: а) Ұйымдастыру

ә) Тәрбие сағатының тақырыбын хабарлап, мақсатымен таныстыру.

І. Кіріспе сөз: Құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!

Осы бүгінгі жиналып отырғанымыз көктем мезгіліндегі қазақтың ұлы мейрамы Наурыз-яғни Жаңа жыл! Бұл туралы қазақтың мақалы да бар: «Орыста мейрам көп, қазақта айран көп». Жалпы мұсылман жұртына ортақ ораза, құрбан айттарын есептеменгенде, біздің қазақта жалғыз-ақ мейрам бар, ол-Наурыз. Қазақ халқы айранға бай болғанымен, мейрамға жарлы екендігі осыдан көрінеді.

Наурыз айының 22-інде күн мен түн теңеледі. Адамдар бір-бірін мерекемен құттықтайды. Жеті түрлі тағамнан наурыз көже пісіреді. Үлкен кісілер ақ тілек айтып, бата береді.

Енді, міне осы қуанышты күн, жаңа жылдарыңыз құтты болсын халайық. Әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе келсін!

Бастаушы: 1. Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпыраған.

Балғын шақты біз бақытты балалар!

2. Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би-биленіп, ән де бүгін шырқалар!

Күй: «Ата толғау» Н. Тілендиев.

«Наурыз-2008» - жаңа жыл (тышқан жылы келеді).

Наурыз тойы тамаша,

Наурыз тойы жаңаша.

Табиғат та тамаша,

Тамылжып тұр жараса.

Наурыз тойы салтанат,

Наурыз тойы мархабат.

Әр жүректен ән тарап,

Шаттанады шартарап.

Оқушылар: Қарсы алайық Наурызды (музыка тоқтайды).

Наурыз-қыз:

«Наурыз» қызбын.

Нөкерлерім қасымда.

Ұлыс күнге,

Жеттім міне асыға.

Келген жылым,

Жақсылыққа басташы.

Қуанышпен әр үйдің,

Босағасын атташы.

Келген жылым,

Шуағыңмен, тасып от.

Адамдарды бір-біріне ғашық ет.

Келген жылым,

Болсын дәйім бақытты.

Тыңдаңыздар енді халқым,

Жыл иесі тышқанды.

Тышқан: Мен тышқан, жыл алды бола білдім.

Жалғаймын доңыз жылдың жора күнін.

Келдім мен ақ тілекті жалау етіп,

2 «Б» сыныптың қонағымын.

Мен тышқанмын, жақсы оқудың жалауымын,

Өнегелі тәртіптің алауымын,

Бұл сыныптың, намысының бастауымын,

Бұл мектептің алға сүйрер тарауымын.

Бастаушы: Наурыз келсе,

Құт келгені халайық!

Есік ашып, шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық. (шашу шашылады)

(Ән. «Наурыз». Әні: М. Ілиясовтікі).

Бастаушы: Қымбатты қонақтар! Енді ортамызға ақ ниетпен, шын пейілмен, дархан көңіл жарқын ниемтімен Қызыр ата келеді. Кәне, қарсы алайық.

Бәрі: Қош келдіңіз, Қызыр ата! (Қызыр ата бата береді).

Ұрпақтардың бағы болсын,

Арайланған таңы болсын.

Ақ батамен қол жайғанның,

Тілегінің бәрі болсын!

Бастаушы: Уа, халайық, құлақ сал!!!

Жақсылыққа қашанда,

Жан баласы тоймаған,

Жаңа жылдың басы деп,

Жылда бізбен тойлаған.

Шашу шашып көл-көсір,

Көжесі қазанда қайнаған.

Оқушы: Әнге ырғағы жарасқан,

Асқар таудың шыңдары.

Ақ жаулықты аналар!

Оқушы: Ақ кимешегі наурыздың аппақ қарындай, ананың аппақ арындай әжеміз наурыз көже әкелді. Қош келдіңіз, әже!

Әже: Наурыз құтты болсын! Осы мейрам әр шаңыраққа бақыт, табыс, қуаныш әкелсін.

Ұлыс бақты болсын!

Әр күндерің жақсы болсын!

Ақ мол болсын!

Бәле жала жерге енсін!

Ұлыс бақты болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Оқушы: Шалқытып мерекеде ән салайық,

Би билеп, ән өнерге тамсанайық.

Аңызбен ертегімен бізге жатқан.

Құрметті қонақтарды қарсы алайық.

Оқушы: Жоғарыға шықсын қонақтар.

Келіп тұрған алыстан.

Құттықтайды сіздерді,

Наурызда бізбен қауышқан.

Оқушы: Ал, халайық тұрмайық.

Әндетейік шырқайық.

Ортамызды ашайық.

Думандатып би билеп,

Ән мен күйді төгілдіріп,

Інжі-маржан шашайық.

Жиналған жұрт таң қалсын,

Өнерден күмбез жасайық!

Би: «Қазақ биі» қыздар тобы.

Оқушы: Қыс өтіп, қар кетіп,

Шырайлы жаз жетіп,

Шаруаның кенелген,

Мейрамы ежелден.

Құтты болсын, Наурыз!

Жаңғырар дәстүр салтымның,

Көзелсін бұлақ жылғасы.

Қастерлі менің халқымның,

Мереке «Наурыз» жыл басы.

Күй: «Кеңес» күйі.

Осы кезде «Тазша бала» дорбасының ішінде нөмірленген асықты оқушыларға үлестіріп береді. Содан соң осы асықтың нөмірін атап, сұрақтар қояды. (сайыс түрінде өтеді).

Қошақан тобы: №1. Наурыз дегеніміз не?

№ 2. Наурыз туралы қандай мақал-мәтел білесің?

№3. Наурыз туралы ән немесе өлең айт.

№4. Жеті қазынаны ата.

№5. Жеті ата дегеніміз қандай ұғым? Атауларын ата.

Ботақан тобы: №1. Үш алысты ата.

№2. Үш арсыз не?

№3. Шұбат дегеніміз не? Ол қалай дайындалады?

№4. Төрт түлікке қандай жануарлар жатады? Аттарын ата.

№5. Наурыз көже дегеніміз не?

Бастаушы: Ән қосылсын әңіне,

Сән қосылсын сәңіне!

Ырысты боп жаңа жыл,

Бақ дарысын бәріңе!

Ой қосылып ойыңа,

Бой қосылсын бойыңа!

Аман -есен жетейік.

Келер Наурыз тойына!

Жеңіс тойы, жаса мәңгі!


Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деге сйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: үнтаспа, Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, гүлдер, шарлар.
Түрі: кездесу
Өтілу барысы: Бөлме ішін безендіру. Музыка ойнап тұрады.
Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетің батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес. Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22-де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9-мамырда бұға Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 61 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 66 жылдығы.

Үнтаспадан тыңдау: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 1941 жылы 22-маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын-қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.
Жүргізуші: Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.
Оқушы: Соғыс жалмап аға-іні бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы.

Жүргізуші: Осы соғыста Кеңес одағының басқа республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулыкүштердің және еңбек армиясының құрамында 1 млн 870 мың қазақстандықтар болған.
Ат ауыздығымен су ішкең, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты.
- Иә, кеудесін оққа төсеген қазақтың қарапайым қызы Мәншүк қас дұшпанынан елін қорғаған еді. Ол анасын, туған жерін қатты сағынғанда, қолы қалт босағанда анасына жазған сағыныш хаттары бір толастаған емес.

Мәншүктің хатын оқу. (оқушы)
«Әлия-Мәншүк» (тақпақ).
- Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте берді, күте берді.
Солдаттар жаралы майданнан оралады.
Ажал боп төнген жауына,
Дауылды көктің қыраны.
Оралды Алатауына,
Ерліктің өжет бір әні.
Таңғалтқан батырлықтарымен,
Тарланбоз батыр ағаларымыз.
Радио сөйлейді. 1945 жыл.

(Барлығы улап-шулайды, құшақтасады).
Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымың терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті.
(Ескерткіш. Ана гүл қояды. Екі қыз бала).
Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т.б. өз жерлестеріміз: Тулақбаев Арон ата, Аяпбергенов Қамеш ата.....
Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. 1 минут еске алу.
ЕШКІМ ДЕ, ЕШ НӘРСЕДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ.
ОТАН ҮШІН ЕРЛІКПЕН ҚАЗА ТАПҚАНДАР!











1-жүргізуші: Тындаңыздар! Тындаңыздар!

2-жүргізуші:

Армысыздар жиналған ата-ана, ұстаз

Той жиынсыз өмірдің мәні болмас

Арамыздан талпынып қақты қанат

11 жылда оң солын таныған жас

1-жүргізуші:

Бастайтын жолға сан тарап

Басталсын көне всалтанат

Дәл осы сәтті біздермен

Тойлайды бар ел шартарап

2-жүргізуші:

Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Қиындығы мен қызығы мол тағы бір оқу жылы артта қалды. Алда жайдары, жарқын жаз, көңілді демалыс, танымсыз еңбек тоқсаны. Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен "Соңғы қоңырау" түлектермен қоштасу мерекесімен құттықтаймыз.

2-жүргізуші: Салтанатты мерекеміздің құрметті қонақтарымен таныстырайық

1.

2.

....

2-жүргізуші:

Алдарында сан тарау жолдары тұр

Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр

Үлкен өмір есігін ашпақ,міне

КЕЛГЕН ҚАУЫМ, ҚОЛ СОҒЫП,ҚОЛДА БҮКІЛ

1-жүргізуші:

Ұрпағың мақтануға болса лайық

Біз бүгін мақтанайық жар салайық

Биылғы 11-ші жыл түлектерін

Құрметпенен қол соғып қарсы алайық

(Айнала әні әуенімен түлектер келеді)

2-жүргізуші: 11 сынып жетекшісі ...............

2- жүргізуші:2012-2013 оқу жылының "Сыңғырла тағы да соңғы қоңырау" атты салтанатты мерекемізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер (шапалақ)

1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына тік тұрыңдар! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы әкелінсін!

(әнұран орындалады, оқушылар қосылады)

2-жүргізуші:

Жолдайды мектеп мүдірі

Түлектерге ақ тілек

Өмір деген үлкен жолда

Ақ жол тілеп, бақ тілеп

Өмірде өшпейтін іс-балаға берген білімін, мейірімін, қамқор пейілің. Ол-болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрін мәңгілік деп алғашқы сөзді мектеп директоры ...................... беріледі.

( құттықтау , жетістіктер, ҰБТ-тілек, 1 сынып)

(Мақтау қағазы, марапаттау кезінде фанфары ойнау керек)

1-жүргізуші:

Ажырамай халықтан бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берелік құрметпенен өзіңізге,

Түлектерге арналсын тілегіңіз.

1-жүргізуші: Тілек сөз ...................... беріледі.

2-жүргізуші:

Ата-ана тәрбиелеп балапанын

Әлдилеп, аялаған алақанын

Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар

Ойлауменен алдағы бала қамын деп

Ата-аналар атынан тілек сөз ................... ағайға беріледі.

1-жүргізуші.

Әлі есімде әліппені ашқаным

Есімінді есте мәнгі сақтадым

Жүрегіме нұрын құйған жылылық

Көрген емес ешқашанда суынып деп

Түлектердің алғашқы ұстазы ................... сөз беріледі

2-жүргізуші:

Сыныпты келдің басқарып,

Көрмедің ойлап бас қамын.

Шәкірттер жатыр ұшқалы,

Өмір дегенін қас-қағым.

Бірге өткізген күндерін, қыс-жазында,

Жазып шықты қаншама іс-қазына.

Балапанын ұшырған ұясынан,

Сөз берейік жетекші ұстазына деп

Келесі сөз кезегін ұлағатты ұстаз, түлектердің сынып жетекшісі ...................... беріледі

1-жүргізуші: Түлектер! Сендерді бүгінгі мерекемен құттықтауға келген 1 сынып оқушыларына сөз кезегін береміз.

(1 сынып сөз сөйлейді)

1 сыныптың 11 сыныпқа арнауы.

Абзал жандар, биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.

Қуанышты жарқын тілек білдіріп,

Құттықтайды бірінші сынып баршаңды.

11 жыл бойы оқыған,

Ойға білім тоқыған.

Ағалар мен апалар,

Орындалды ойыңыз,

Құтты болсын тойыңыз.

............ аға, мен сіздей, (Әсет)

Спортшы боламын.

Барлық сайысқа қатысып,

Облыстан орын аламын.

Еш уақытта сенбіліктен қалмайсыз,

Еңбек десе құлшынып жайнайсыз.

Білемін мен, ................ аға өмірде,

Адалдықты, жақсылықты қолдайсыз.

............. аға , мен сізді сыйлаймын,

Өзіңізді қоштасуға қимаймын.

Оқуға түс, білім алып, еңбек қыл,

Тек жақсы сөз ертеңіне арнаймын.

............. аға, өзі қандай сымбатты,

Ұлы ғой анасының қымбатты.

Оқуға түсіп қуантыңыз бізді де,

Өміріңіз болсын ұзақ, айбатты.

.............. аға,

Қаржыгер болуды армандайсыз,

Ер жігіт боп бүгін сіз қалғандайсыз.

Мектеп берген білімнің арқасында,

Асқақтап болашаққа қол бұлғайсыз.

Білім, өнер, еңбек бәрі егіз,

Жана берсін әрқашан еңбегіңіз.

Еңбекқор деп атайды бәрі сізді,

Тек биіктен ................. аға көрініңіз.

Тәртіпті де, тіл алғыш,

............ ападай боламын.

Сабақтан себепсіз қалмаймын,

Салт - дәстүрлі сақтаймын.

Өзімнен кішкентайларға,

Мейіріммен қараймын.

................ апа мен сіздей,

Әдепті қыз боламын.

Бір мінезің бар сіздің аңқылдаған,

Орыс мектебінің қыздарына жарқылдаған.

Қанат қағып барасыз .................. аға,

Мақсатыңа жете біл армандаған.

Өзі қандай ұқыпты қарашы,

Ақтөбенің ол сүйкімді баласы.

Барлық іске тиянақты қарайды,

Мақтан етем мен ................. ағайды.

1 бала - Сіздерге жалын жүректен,

Айталық достық тілекпен.

Бәрі - Әрқашан сәтті жол болсын,

Сапарларыңыз оң болсын !

(Балауса әнін орындайды ......................... )

(1 -ші сынып оқушылары сыйлық береді)

1-жүргізуші:

Жүректері лүпіл қаққан,қимастық пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері араласқан,осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы,өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек,ендігі сөзді сендерге береміз.

(11 сынып орындарынан бастайды )

(Айнала - әуені 1-3 секунд ойнау)

Түлектер: Енді сіздердің назарлаңызға «Сыңғырла соңғы қоңырау» атты әуендік сәлемімізді ұсынамыз.

Алда қиын жол әлі

Алда мақсат,тілектер

Әр кеудеде соғады

Қоңырау үні сыңғырлап

Естілді жылы жаныма

Күлкідей әсем сыңғырлап

Бөбекті жиды маңына.

Әр жыл сайын қарулантын біліммен

Алға дәйім мені бастап өсірдің

Нәр аламын,аяулы ұстаз, үніңнен

Ардақтысың мектеп-алтын бесігім

Мектепке алғаш келгенде,

Мейірлі жандарды көргенде

Шарықтап биік қиялым,

Шаттанып шексіз сый алдым

Анадай ұстаз мектебім

Алғысым айтар көп менің.

Балапандай бауыр басқан ұяда,

Бірге өскен мектебіе жан қия ма?

Жолдама алып, болашаққа өзіңнен

Бірге жүрдік,11 жыл, бірге ойнадық,

Бірге оқыдық 11 жыл, бірге ойладық

Келді бүгін қоштасатын кезіміз,

Ақтық рет мектеп тойын тойладық.

Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілім

Мектеп, мектеп, шаттық толы өмірім

Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің

Мектеп, мектеп,ана болып та көріндің

Мектеппен бүгін қоштаспақ,

Қоштаспақ мәңгі сан түлек

Айтылып жатыр сан тілек

Егіле-берді сан жүрек

Барлығы отыр есіне а,н

Мектепте өткен жылдарды

Мініп алып бір-бірден

Білім деген тұлпарды

Өтті бізден бабалық

Өтті бізден шалалық

Тезге салды ұстаздар

Текті мінез-даналық

Ұсынғалы адалдық

Үйреткені адамдық

Бар ұстазға тілейміз

Бақыт, табыс,амандық.

Мейірге толы мектебі

Майқара ашқан құшағын

Балапаның боп мен сенің

Өзіңнен түлеп ұшамын

Сенен ыстық алтын ұя таппадым

Зінде өтті балғын бала шақтарым

Қоштасамын қимастықпен мен енді

Бетке алған соң балалақтың бақтарын

Мектебімнің басшысы да тірегі

Барлығы оны мейірбан деп біледі

Әрқашан да басшы демей ол өзін

Ортамызда күліп, ойнап жүреді

Құтты болсын, мейрамыңыз бүгінгі

Көріп жүрсін ауыл-елің нұрынды

Өзінізге бақыт тілеп өмірде

Сыйлаймыз, сізге осы гүлімізді.

............. "Ен ақылшы директор" номинациясымен марапатталды.

(фанфары ойнайды)

Орыс тілі, ағалшын тілі ортақ тіл деп білеміз

Бар ұстазға арналатын жыр егіз

Шәкірттердің сүйіктісі болсын деп

Ұстаздарым, сізге , айтамыз біз лебіз.

.................... "Ең қамқоршы оқу меңгерушісі" номинациясымен марапатталады.

.......... "Ең парасатты мұғалім" номинациясымен марапатталады

(фанфары ойнайды)

Түлектер:

Үйретесіз қартадан

Дала,қала жер шарынбарлық бала білсін деп

Бізде қанша ел барын

Еңбегіңіз еленіп

Жүрсін аға,апалар

Қуанышқа кенелтіп

Жүрсін сізді балалар.

......................... "Ең білімді сынып жетекшісі" номинациясымен марапатталады

(фанфары ойнау)

Селт етпейтін нық тұлғаң

Шындық мәнін ұқтырған

Түйілгенде қос қабақ

Кімді болсын ықтырған

Түлектерге біздердей

Жол сілтеңіз қашан да

Қалпыңызда тік тұрған.

...................... "Ең байсалды мұғалім" номинациясымен марапатталады

........................ "Ең инабатты мұғалім" номинациясымен марапатталады.

(фанфары ойнау)

Сырттан құр не десек те

Төселдірген есепке

Мына ән-сыйды түлектің

Алғысы деп есепте.

.............. "Ең жан-жақты мұғалім" номинациясымен марапатталады

.................... "Ең сымбатты мұғалім" номинациясымен марапатталады

(фанфары ойнау)

Білсін деп ана тілінде

Құштар боп өссін білімге

Деп әркез бірге жүресіз

Шәкіртпен бірге күлесіз

Еңбегің жансын әрқашан

Білсінші сізді жер үсті.

................... "Ең әділетті мұғалім" номинациясымен марапатталады.

(фанфары ойнау)

Бізге сіздей ұстаз беріп

Сізге біздей шәкірт берген

Еңбегіңіз біздер үшін

Көрінеді биіктен

Тілейміз ашық аспан, жарық ай

Ұстазым менің ............ ағай

...................... "Ең көңілді мұғалім" номинациясымен марапатталады

(фанфары ойнау)

Ән "Достарым" орындайтын ............................

(Мектеп аманатын тапсыру рәсімі оқиды)

Түлектер: Мектеп аманатын тапсыру рәсімі .............. пен аманат қабылдап алу құрметі 10-сыныптың оқушысы ............... беріледі

Түлектер:

Сіздерге бірінші аманат

Жан азығы адамның -ана тілі,

Тек сонымен ашылған дала гүлі.

Өнер алды -қызыл тіл дейді қазақ,

Бұл мәтелдің теренде мәңгі сыры.

Жас ұрпаққа жалынды,

Сөз маржанын дарытқан.

Абай, Пушкин жырымен,

Тіл арқылы табысқан.

Тілдің сырын меңгерген,

Тіл білуді жөн көрген.

Көсегесін көгертіп,

Ғажайып бір өң берген

Ел азаматы болыңдар.

10-сынып оқушысы:

Оқуды терең меңгеріп

Аманатты ақтаймыз

Мектепті үздік бітіріп

әдеп -салтты сақтаймыз- деп уәдемді беремін.

(ФАНФАРЫ )

БІЛІМ КІЛТІН ТАПСЫРУ САЛТАНАТЫ ............. МЕН БІЛІМ КІЛТІН ҚАБЫЛДАП АЛУ ҚҰРМЕТІ 1 СЫНЫПТЫҢ ОҚЫШЫСЫНА БЕРІЛЕДІ:

Түлектер:

Білімнің мына өмірде жеңгені көп

Білім қалар халқымның сенгені боп

Сондықтанда білім кілтін сендерге

Тапсырамыз ақ ниетпен сенеміз деп

(........... кілтті .............. береді) фанфары 1-2 секунд

1-сынып оқушысы:

Ұрпаққа кезенімен білім берген,

Алтын ұя мектеп қой елім сенген.

10 жыл бойы білімменен қанаттанып,

Аттанамыз бізде білім керуенімен

Түлектер:

Мерекеде басты қостық бәріміз

Жарасады әнімізбен сәніміз

Әуенімен тербелейік вальспен

Бірге толқып, әсем сазбен жанымыз.

(Қоштасу әнін қосу,.............. орындайды)

(ТҮЛЕКТЕР МЕКТЕП ВАЛЬСІНЕ ШАҚЫРАДЫ)

(вальстен кейін, 11 сынып оқушылары шар, жазу парағын, көгершін ұшыру)

2-жүргізуші: Құрметті түлектер! Көгершіндей қанаттарың талмай, биікке самғап ұша беріңдер!

2-жүргізуші:

Нағыз жүрек тебірентерлік сәт те келіп жетті. 11 жыл бойы әр сабақ арасында естіп, біліп достасқан әдемі қоңырау үні бітірушілер үшін соңғы рет соғылмақ

1-жүргізуші:

Қоңырау соғу рәсімі 11 сыныптың оқушысы ...............

мен 1 сыныптың оқушысы .............. беріледі

2-жүргізуші:

Күмбірле, қоңырау күмбірле

Аттансын түлектер жаңа өмірге.

1-жүргізуші:

Ұшырады мектебің өз қолыңнан

Көріне біл ғылымның сан қырынан

«Қайран, мынау қазақтың ұлы ғой»-деп

Көріне біл тұғырдан, биік шыңнан.

2-жүргізуші:

Қоштасады алтын ұя мектебің

Маңдайыңнан сипап өтер көктемің

«Сәт -сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз тілейміз біз армандарға жеткенін

Ұлттық біріңғай тестті табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!

1-жүргізуші: Ал енді түлектерді құрметпенен шығарып салайық

(қол шапалақ, фон "Той" әні)

1-жүрг,2-жүрг. Бірге: Үлкен өмірге аттаған қадамдарынна нұр жаусын, талаптарын оң болсын!

2-жүргізуші:

Осымен түлектеріміздің алтын ұя мектебімен қоштасуына арналған «Сыңғырла тағы да соңғы қоңырау» атты салтанатты мерекемізді жабуға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына тік тұрыңдар!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы әкетілсін!

2-жүргізуші: Оқушылар! Сіздерді көңілді демалыс, жайдары, жарқын жаз қарсы алуда. Жазғы демалысты көңілді өткізіп, денсаулықтарынды жақсартып, жаңа оқу жылында жаңа күш- жігермен алтын ұя мектептеріне оралуларына тілектеспіз

1-жүргізуші: Мектепке қарай қадамды 1 сынып оқушылары бастайды.

( Қазақстан әнін қосу)









Қазақстан - ортақ үйіміз

Мақсаты: Оқушылар қазіргі білім негізіндегі Қазақстан тарихының өркениет құндылықтарымен байланысын анықтай отырып жан - жақты білімін, ойлау өрісін, сөйлеу шешендігін шыңдау арқылы өз интеллектуалдық қабілетін арттыру.
Міндеттері:
- Қазақстан тарихы пәнінен білімдерін шыңдау;
- Сөйлеу шешендіктерін, ойлау өрісін, арттыру;
- Өз тарихын құрметтеуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Танымдық сайыс сабағы.(интелектуалдық сайыс)
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, әдебиет т. б
Ойынға қатысушылар: 10 сынып оқушылары 1 топ, 2 топ, 3 топ.
Әділқазылар алқасымен таныстыру.
Мұғалім: Армысыздар, қадірменді білім нәрімен сусындатқан ұстаздар қауымы, жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар, білімді, ақылды оқушылар!
Өз елін жанындай сүйген ардақты азамат Нұрсұлтан Назарбаевқа тағдыр бұдан жиырма жыл бұрын адамның түсіне де кірмейтін міндет ұсынды: жаңа тәуелсіз мемлекет құру мүмкіндігін алған Қазақстанның тұңғыш президенті оны алғырлықпен адал орындап шықты. Оның ең басты табыстарының бірі саяси тұрақтылықты сақтап нығайту, ұлтаралық, дінаралық, және азаматтық келісімге қол жеткізу болды.
Мемлекеттің бұрынғы бірінші басшыларының түсіне де кірмеген осыншама табысқа қол жеткізіп отырған Н. Назарбаев ең биік өкімет тұғырында бақытты адам ба? Деген сұраққа жауап беретін болсақ, біз бақытты деп ойлаймыз. Өз халқының қамын ойлап, тыным таппайтын адам ретінде ол қазақстандықтар бұдан әлдеқайда жақсы өмір сүруі керек деп есептейді. Олардың тұрмыстарын жақсартуға байланысты шаралар жоспарлы түрде жүргізіліп отырғанымен, бұдан да өркенді күндердің көп кешікпей туатынына сенімді. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев адамдар ешқандай қауіп - қатерсіз, мейлінше жайлы жағдайда өмір сүретін дүниежүзілік қауымдастыққа лайық XXI ғасырдың өркен жайған мемлекетін қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға бір жолата бел буған.
1 желтоқсан тұңғыш Президент күніне байланысты "Қазақстан біздің ортақ үйіміз" атты интеллектуалдық сайысты бастауға рұқсат етіңіздер.
Сан ғасырлар тарихынан кешегі,
Туған жердің шежіресі өседі,
Менің елім Қазақстан - Отаным,
Болашағы бізбен бірге өседі дей келе, бүгінгі сайысқа келген топтармен танысайық.
1 топ - топтың аты Астана, ұраны.....
2 топ - топтың аты Болашақ, ұраны.....
3 топ - топтың аты
Құрметті ойыншылар мен көрермендер келесі кезекте ойын кезеңдеріне тоқталайық.
1 кезең - "Кім білімді?"
2 кезең - "Кім жылдам?"
3 кезең - "Жорға"
4 кезең - "Егерде мен..."
1 кезеңде - "Кім білімді?" үй тапсырмасына "Н. Ә. Назарбаевтың білім саласына қосқан үлесі мен жетістіктерін атап өту.
3 топтан 3 оқушы шығып слайд көрсету арқылы қорғайды.
2 кезеңде - Кім жылдам? Ойын ережесі бойынша әр топтан 1 оқушы шығып
20 - ма сұраққа жауап береді. Әр оқушыға 2 минут уақыт кетеді
1 ұяшық
1. Көшпелілердің жазда мал жаю орындары ЖАЙЛАУ
2. "Тат" сөзінің мағынасы ҚҰЛ
3. Қарахан мемлекетінің астанасы БАЛАСАҒҰН
4. Бізге жазба деректерден белгілі сақ патшасы ТОМИРИС
5. Әл - Фараби (870 - 950 жж.) дүниеге келген қала ОТЫРАР
6. Отырар апаты болған жыл 1218
7. Ахмет Иассауи кесенесі кімнің бұйрығымен салынды? ӘМІР ТЕМІР
8. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі орналасқан қала? ТҮРКІСТАН
9. Х ғ. ислам дінін алғаш рет мемлекеттік дін деп жариялаған мемлекет ҚАРАХАН
10. Таза малмен айналысатын шаруашылық? КӨШПЕЛІ
11. Ұлы Отан соғысы аяқталды 1945ЖЫЛЫ
12. Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу ұсынысын қабылдаған патша АННА ИОАННОВНА
13. Абылай ханның өмір сүрген жылдары 1711 - 1781
14. Қазақ хандығының негізін қалаған хандар КЕРЕЙ МЕН ЖӘНІБЕК
15. 16 желтоқсан - ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
16. Тәуелсіз Қазақстанның Әнұранының жаңа мәтіні қабылданды? 1992 ЖЫЛЫ ЖЕЛТОҚСАНДА
17. Астана Ақмолаға көшірілді? 1997 ЖЫЛЫ
18. Астана қаласының 1998 жылға дейінгі атауы АҚМОЛА
19. 1993 ж. 28 қаңтарында қабылданған Конституциядағы қазақ тілінің мәртебесі МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ
20. 1999 ж. жарық көрген Н. Назарбаевтың еңбегі ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДА
Интеллектуалды сабақтың өткізілуі:
1 кезең - «Өзін - өзі таныстыру»
2 кезең - "Кім білімді?"
3 кезең - "Кім жылдам?"
4 кезең - "Жорға"
5 кезең - "Егерде мен..."2 кезеңде - "Кім білімді?" үй тапсырмасына "Н. Ә. Назарбаевтың білім саласына қосқан үлесі мен жетістіктерін атап өту.
3 кезеңде - Кім жылдам? Ойын ережесі бойынша әр топтан 1 оқушы шығып
20 - ма сұраққа жауап береді. Әр оқушыға 2 минут уақыт кетеді
1 ұяшық
21. Көшпелілердің жазда мал жаю орындары ЖАЙЛАУ
22. "Тат" сөзінің мағынасы ҚҰЛ
23. Қарахан мемлекетінің астанасы БАЛАСАҒҰН
24. Бізге жазба деректерден белгілі сақ патшасы ТОМИРИС
25. Әл - Фараби (870 - 950 жж.) дүниеге келген қала ОТЫРАР
26. Отырар апаты болған жыл 1218
27. Ахмет Иассауи кесенесі кімнің бұйрығымен салынды? ӘМІР ТЕМІР
28. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі орналасқан қала? ТҮРКІСТАН
29. Х ғ. ислам дінін алғаш рет мемлекеттік дін деп жариялаған мемлекет ҚАРАХАН
30. Таза малмен айналысатын шаруашылық? КӨШПЕЛІ
31. Ұлы Отан соғысы аяқталды 1945ЖЫЛЫ
32. Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу ұсынысын қабылдаған патша АННА ИОАННОВНА
33. Абылай ханның өмір сүрген жылдары 1711 - 1781
34. Қазақ хандығының негізін қалаған хандар КЕРЕЙ МЕН ЖӘНІБЕК
35. 16 желтоқсан - ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
36. Тәуелсіз Қазақстанның Әнұранының жаңа мәтіні қабылданды? 1992 ЖЫЛЫ ЖЕЛТОҚСАНДА
37. Астана Ақмолаға көшірілді? 1997 ЖЫЛЫ
38. Астана қаласының 1998 жылға дейінгі атауы АҚМОЛА
39. 1993 ж. 28 қаңтарында қабылданған Конституциядағы қазақ тілінің мәртебесі МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ
40. 1999 ж. жарық көрген Н. Назарбаевтың еңбегі ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДА
2 ұяшық
1. Көшпелілердің жылы қоралары бар тұрақтары ҚЫСТАУ
2. Үйсін тайпаларының мекендеген жері ЖЕТІСУ
3. Қарахан мемлекетінің астанасы БАЛАСАҒҰН
4. Әл - Фараби шығармаларын қай тілде жазған АРАБ
5. Атақты қобызшы Қорқыт ата күмбезі орналасқан ҚЫЗЫЛОРДА
6. Қазақ хандығының құрылған уақыты 1465 - 1466
7. "Жеті жарғы" заңдар жинағын жасауға қатысқан билер ТӨЛЕ, ҚЫЗЫБЕК. ӘЙТЕКЕ
8. Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған жыл 1731
9. 1837 - 1847 жж. болған ұлт - азаттық көтерілістің басшысы КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫ
10. Тәуке ханның заңдар жинағы ЖЕТІ ЖАРҒЫ
11. Ш. Уәлихановтың шын есімі МҰХАММЕД КАНАФИЯ
12. Абылай хан жерленген қала ТҮРКІСТАН
13. Абылай ханның бала кезіндегі лақап аты САБАЛАҚ
14. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына әсер еткен дарынды адам БҰҚАР ЖЫРАУ
15. Сталин қашан қайтыс болды? 1953
16. Н. Ә. Назарбаев бірінші рет ҚР Президенті болып қай уақытта сайланды 1991 ЖЫЛЫ 1 ЖЕЛТОҚСАНДА
17. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына қай жылы қабылданды? 1992 ЖЫЛЫ НАУРЫЗДА
18. ХІХ ғ. 60 жж. Верныйда тұрған ғалым, саяхатшы ШОҚАН
19. Ш. Уалиханов қағазға түсірген эпикалық шығарма МАНАС
20. Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы қашан қабылданды 1993 ЖЫЛЫ 28 ҚАҢТАРДА
3 ұяшық
1. Біздің заманымызға жеткен ежелгі мерекенің бірі? НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ
2. Сақтардың негізгі шаруашылығы? МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
3. Қарахан ханы Мұса Боғра 960 ж не істеді? ИСЛАМ ДІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ДЕП ЖАРИЯЛАДЫ
4. Х - ХІІ ғғ. Таразға жақын жерде салынған кесене АЙША БИБІ
5. Шыңғысхан қашан қайтыс болды 1227 ЖЫЛЫ
6. Қазақ хандығында жүзді кім басқарды? ХАН
7. Тәуке ханның заңдар жинағы ЖЕТІ ЖАРҒЫ
8. Монғол империясының негізін қалаған ШЫҢҒЫСХАН
9. XVII ғ. І жартысында қазақтардың Ресейге қосылуын ұйымдастырушы ӘБІЛҚАЙЫР
10. Ш. Уалихановтың туған жері ҚОСТАНАЙ ОБЛ, ҚҰСМҰРЫН
11. Белгілі ғалым, "Әлемнің екінші ұстазы" ӘЛ - ФАРАБИ
12. Екінші дүниежүзілік соғыс қашан басталды? 1939
13. Абылай қай жылы қайтыс болды? 1781
14. Е. Пугачев көтерілісіне қатысқан қазақ жүздері КІШІ ЖӘНЕ ОРТА
15. С. Датұлы бастаған көтерілісі созылды 14 ЖЫЛҒА
16. Шоқанның досы, көрнекті орыс жазушысы ДОСТАЕВСКИЙ
17. С. Датұлы көтерілісінің негізгі қозғаушы күші ШАРУАЛАР
18. Президент Назарбаевтың болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік сезіміміздің көрінісі деп бағалаған стратегиясы 2030 СТРАТЕГИЯСЫ
19. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды 1995 ЖЫЛЫ ТАМЫЗ
20. Н. Назарбаев 1960 ж. еңбек жолын жұмысшы болып бастаған қала ТЕМІРТАУ

4 кезең Жорға
Әр ұяшықтарға сұрақтар берілген. Ұяшықтардағы ұпай саны сұрақтардың аталуына байланысты төменгі сандағы ұяшықтарда жеңіл сұрақтар сандар өскен сайын сұрақтар қиындатылған. Ұяшықтар 10 нан 50 ұпайға дейін берілген.
1. Жолдауды кім жолдайды? Президент
2."Қазақстан - 2030" стратегиялық мемлекеттік даму бағдарламасын қай жылы ұсынды? 1997 жылы
3. 1997 ж - 2010 жылға дейін президент Қазақстан халқына қанша жолдау жіберді? 14
4."Дағдарыстан жаңару мен дамуға" жолдауы қай жылы жасалған? 2009 жылы
2010 жылғы жолдаудың атауы қандай? "Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері"
Қазіргі қолданыстағы конституция қай жылы, қай күні қабылданды? 1995 жылы 30 тамыз
Конституция қанша тарау, қанша баптан тұрады? 9 - бөлім, 98 - баптан тұрады
Парламент қанша палатадан тұрады? Атап айтыңыз 2 палата Сенат, Мәжіліс
Қазақстан Республикасына сәйкес заң шығару қызметін жоғарғы өкілетті органы қандай?
Парламент
Н. Ә. Назарбаев қай жылы дүниеге келді? 1940 жылы, 6 шілде
Н. Ә. Назарбаевтың туып өскен жерін атаңыз. Алматы облысы
Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті лауазымын ең алғаш рет қай жылы алды? 1990 жылы
Назарбаев университеті қай жылы ашылды? 2011 жылы
Астанадағы қазақ опера және балет театры кімнің атында?
 Күләш Байсейтова атында
 Астана қаласының әкімі? Иманғали Тасмағамбетов
 Астанада ОБСЕ саммиті қай жылы өтті? 2010 жылы
Астанадағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетің Н. Ә. Назарбаев қай жылы салтанатты түрде ашты? 1996ж
5 - кезең
Егер де мен ПРЕЗИДЕНТ болсам.
23. 11. 2012 ж. Күні 10 сынып оқушылары арасында «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз» атты интеллектуалды ойын сабағы өткізілді. Ойын 5 - кезеңнен тұрды. Әр сыныптан бір - бір топтан шықты. ( 3 сыныптан - 18 оқушы қатысты) 1 топ - Болашақ, 2 топ - Астана, 3 топ - Көшбасшы.
1 - кезең бойынша - әр топ өзін - өзі таныстырды. Әр топтың эмблемасы мен ұрандары айтылды.
2 - кезең бойынша - «Кім білімді?» Көшбасшы тобы Президентіміздің білім саласына қосқан үлестерін жақсы жеткізді.
3 - кезең бойынша - «Кім жылдам?» Әр топтан бір оқушыдан шығып жиырма сұраққа екі минут ішінде жауап беру тапсырылды. Астана тобы жақсы көрсеткіш көрсетті.
4 - кезең бойынша - «Жорға» Әр ұяшықта сұрақтар жазылған, оны - 10, 20, 30, 40, 50 ұпай сандарымен белгілеген. Жеңіске жеткен - Астана тобы
5 кезең бойынша - «Егер де мен президент болсам». Астана тобы жақсы көрсеткіш көрсетті.
Барлық оқушылар интеллектуалды ойынға жақсы қатысып, өздерін көрсете білді. Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолдары туралы толық мағлұмат алған. 1 - желтоқсан Президент күніне байланысты өткізілген іс-шараға оқушылардың барлығы өз үлестерін қосты.





Қоршаған ортаның экологиялық жайсыздығы

Кіріспе
Қоршаған ортаның ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың концентрациясының артуын, санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды концентрациядан артық болуы да жатады.
Ластануды жүйенің тепе-теңдігін бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады.
Ластану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі:
• Шығу тегі бойынша: табиғи және жасанды
• Пайда болу кезіне байланысты:
а) өндірістік,ауыл шаруашылық, транспорттық және т.б.
ә) нүктелік ( өнеркәсіп орнының құбыры ), обьектілі (өнеркәсіп орны) шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе ), рансгрессивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін)
• әсер ететін аумағына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті.
• Қоршаған ортаның элементтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера және оның әр түрлі құрам бөліктері, әлемдік мұхит, тұшы су, жер асты сулары,өзен сулары және т.б.
• әсер ететін жеріне байланысты: қала ортасы, ауыл шаруашылық ортасы, өнеркәсіп орындарының ішінде, пәтер ішінде т.б.
• әсер ету сипатына байланысты: химиялық (химиялық заттар мен элементтер), физикалық (радиоактивті, радиациялық жылулық, шу, электромагниттік), физико-химиялық (аэрозолдер), биологиялық (микробиологиялық және т.б.)
• әсер етудің периодтылығына байланысты: бірінші ретті (өнеркәсіп орындарының қалдықтары), екінші ретті (смогты құбылыстардың өнімдері)
• тұрақтылық дәрежесі бойынша: өте тұрақты 100-1000 жыл тұратын (азот, оттегі, аргон және басқа инертті газдар), 5-25 жыл (көмірқышқыл газы, метан, фреондар), тұрақсыз (су буы, көміртегі тотығы, күкіртті газ, күкіртсутек азоттың қостотығы, озон қабатындағы фреон)
Неғұрлым ластаушы зат тұрақты болса, оның қоршаған ортада жиналу эффекті жоғары. Кез келген ластаушы затты 3 параметрі бойынша бағалауға болады: қоршаған ортаға түсетін көлеміне,улылығына және тұрақтылық дәрежесіне қарай.

Қоршаған ортаның ластануы[1] - адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның ластануына алып келеді. Қоршаған ортаның ластануы кейде табиғат құбылыстары әсерінен, негізінен адам әрекетінен пайда болады. Қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топан су басу, өрт, т.б.), антропогендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан қалыптасады. Антропогендік ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады. Семей сынақ алаңында болған ядролық жарылыстар, Арал өңірінің экологиялық жағдайлары (қ. Арал экологиясы), т.б. қоршаған ортаға нұқсан келтірудің айқын мысалы болып саналады.

Көшеде тоқтап, құлақ салсаңыз МАЗ және ЗИЛ сияқты автокөліктердің дарылдаған дауысын және серіппелі темір есіктердің жабылған дауысын, ауладағы бала-шаға айқайын естисіз. Магнитофондар және теледидарлар, зауыттардағы цех станоктарының және машиналардың гүрсілі құлақ тұндырады. Осының барлығы күнделікті көрініс.
Уақыт ағымына, ғылым жетістігіне байланысты жаңа дыбыс құралдары жасалып, олардың күші өсті .
Ғылым және техника табыстарымен, қарқынымен урбанизациямен бірге шудың деңгейі де тоқтаусыз өсті.
Шу - үлкен санды қарапайым типті әртүрлі биіктер мен күштерден тұратын дұрыс емес, қалыпты емес дыбыстардың жиынтығы.
Шу - өркениетті заманымыздың өзіне тән өндірісінің шығыны, күн өткен сайын біздің өмірімізге кеңірек басып кіреді.
Зерттеу мақсаты : адам ағзасына шудың әсерінің қасиетін анықтау . Осы зерттеу мақсатына сәйкес келесі міндеттерді ұсынамын:
1) Шудың қайнар көздерін анықтау ;
2) Адам ағзасындағы шудың әсерін зерттеу ;
3) Адам ағзасындағы транспорттық шудың әсерін зерттеу ;
4) Халық денсаулығына қалалық көшедегі шудың ықпал жасауына талдау жүргізу.
5) Шумен күрес негізгі іс-шараларын ұйымдастыру.
Адамның қоршаған ортаға әсері ғылыми - техникалық алға басудың салдары. Ғасыр басынан дүниежүзілік өндірістік өнеркәсіптер 16 есе өсті, ол ғасыр аяғына қарай 1,5-3 есеге дейін өседі, бұл бұған дейінгі адамзат тарихындағы пайдаланылған шикізат шамасынан асады.
Шу мәселесі қазігі заманда төтенше де маңызды мағынаға ие болды. Ұзақ уақыт шу өркениеттің шарасыз жауыздығымен, техниканың қарқынды дамуының, автоматтандырудың, механикаландырудың, көлік өсу шегінің, техникалық алға басудың қосымша өнімі деп есептелді.
Шу - уақытша күрделі құрылымды және ағзаға ерекше әсер ететін қасиеттерімен акустикалық үйлесімсіз дыбыс.
Табиғатта шу пайда болу әдістеріне байланысты танылады:
1) қатты денелердің дірілдеуінен пайда болатын механикалық шу . Дірілдеуден пайда болған шу лайықты шарттары бар жағдайларда дыбыс болып сәулелеле шашырайды, сондықтан көп жағдайда шудың өзі естілмейді. Механикалық шу машиналармен және механизмдердің жұмыс істеуінен пайда болады.
2) Аэро немесе гидродинамикалық шу - газ қозғалысынан, бу немесе сұйықтықтың қысымының әсерінің нәтижесінде пайда болады.
3) Термиялық шу - газдардың тығыздыққа байланысты жанған кезінде пайда болады.
4) Кавитациялық шу - акустикалық кавитация кезінде дыбыс импульсының нәтижесінде туатын тамшылар мен қуыстардың және сұйықтықтың жарылунан пайда болады.
Шу тұрғын үйлерде сырттан кіретін шудан және ішкі шудан, санитарлық - техникалық, инженерлік - технологиялық құралдарда, тұрмыс құралдарында,музыкалық аспаптарда ойнағанда, адамдардың жылжуынан және жиһазды жылжытудан, әңгімелескенде, балалардың айқайларынан құралады.
Қаладағы шу " симфониясы " көптеген факторлардан түзіледі : темір жолдардың гүрсілінен және ұшақтардың гуілінен , құрылыс техникасының гүрілінен, зауыт цехтарының шуынан және тіпті тұрмыстық құралдарының шуынан - бір сөзбен айтқанда адамды қоршайтын барлық заттан тарайды.
Шудың ең қуатты аккордтары автокөлік қозғалысының дыбысы, оған жалпы фонда шудың 80% береді.
Қала тұрғындарын, әсіресе ірі қалаларда қалалық көліктердің шуы қатты алаңдатады: трамвайлар, автомобильдер, автобустар, мотоциклдер, мотороллерлер. Көп мөлшердегі шу, әсіресе, дизельді және жүк таситын машиналардан шығады.
Қалалық көлік саны толассыз өседі және өсуде . Таза техникалық проблемалардың шешімі туралы тек қана айтып кана қоймай, қазіргі заманға сай гүрсілі аз автомобильдерді таңдау қажетті деп санауымыз керек.
Соңғы он жылдықта шудың зиянды ықпалы жұмыс істеушілерге, дәл осылай халықтың басқа топтарына әсері өсті. Бұның себебі, техникалық алға басуындағы өндіріс процестерінің механикалануы, көліктің қуаттылығының артуында.
Тербелмелі қозғалыс көздерінің дыбыстық энергиясы қоршаған ортаға үзіліссіз түсуі мүмкін, мысалы , тоқыма станок жұмысы кезінде немесе оқтын-оқтын импульстер түрінде, пневматикалық аспапты қолданған жағдайда орын алады. Осыған байланысты шудың тұрақты және импульстік түрлерін ажыратады. Ағза үшін импульстік шу қауіпті.
Шудың адам ағзасына тигізетін әсері өзге өндірістік факторлармен үйлеседі: қанағатсыз микроклимат, улы заттар, ультродыбыстар, әсіресе, вибрациямен үйлесіп отырып шудың зиянды әсері: есту қабілетінің нашарлауына,жүйке жүйесіне, жүрек тамыр жүйесіне және т.б. жүйелерге кері әсер етеді.Бұл еңбек өнімділігінің төмендеуіне, өндірістік ақауларға алып келеді.
Шу - үлкен қалардың халқына кері әсер ететін негізгі факторлардың бірі.Шудың тұрақты әсері ашушаңдылықты жоғарылатады, шығармашылық әрекетті, еңбек өнімділігін және халықтың тынығу тиімділігін төмендетеді.Бүгінгі күнгі зерттеулер бойынша шудың жоғарғы қысымы көптеген аурулардың - жүрек тамыр, асқазан жүйке жүйесі ауруларын қоздырушы болып табылады.









Тілі басқа, тілегі бір…

Мақсаты: а. Білімділік: Мемлекеттік тілді жақсы меңгерген (класты) топты анықтау;

ә. Дамытушылық: Ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға үйрету.

б. Тәрбиелік: Қазақ тілі пәніне қызуғышылықтарын, мотивацияны ояту.

(Сайысқа 2 кластан алынған 2 топ, әр топта 5 оқушы қатысады. Әр топ өз бақтарын сынайды.)

- 1 вед -Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар, оқушылар мен қонақтар!Сіздерді Қазақстан халықтарының Тілдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

- Тіл мерекесі - барша қазақстандықтар үшін маңызды мен мәні бар айтулы мейрам.

- 2 вед - Добрый день, Уважаемые учителя и участники сегодняшней игры!Язык любого народа это бесспорное достояние и обязательное условие сохранения его традиций и культуры. Наше государство защищало и будет защищать неотъемленное право граждан любой национальности на развитие своего языка и культуры, традиций и обычаев

1 вед -Тәуелсіз еліміздің қоғамдық өмірінде өзгеше орны бар бұл атаулы күн -Қазақстанда тұратын барлық ұлттар өкілдерінің ана тілдеріне құрмет көрсететін ортақ мейрам.Еліміз бен тіліміздің тұғыры асқақтай берсің!

2 вед. -Каждый житель нашей страны отдает частичку своего национального богатства, а взамен получает нечто большее- искреннее уважение других наций и народностей, обретения уверенности в завтрашнем дне, поддержку и понимание!

1 вед Ана тілім -арайлы шапағатым,

Ана тілім- сәніммен салтанатым.

Ана-тілім-таудағы таза бұлақ,

Ана тілім-Мәңгілік махаббатым.

Анатілім- қазағым, қазақ тілім

«Жүзі басқа-жүрегі бір, тілі басқа-тілегі бір» атты білім сайысымыз ашық деп жариялаймыз!Бүгінгі ойынымыз негізінен 7 кезеңнен тұрады: 1 кезең. Таңыстыру, 2 кезең «Бәйге» 3 кезең."Тілдік лото" 4 кезең. "Кім жылдам"5 кезең«Жаңғырған салт-дәстүрлер» 6 кезең. «Тапқырлық» 7 кезең "Тіл кереметі"- қыскаша ғана таныстырып өттік, ал ендеше бастайық!

2 вед - Подожди,а кто же будет оценивать наших играков??????

- Әділ қазылар алқасы ғой!!!!!! әрине!

1___________________________________2___________________________________

- 2 вед - ал ендеше, бастайық! 1 кезең. «Таныстыру» 1 топ-8Б 2 топ 8 В / 5оқушыдан

1 В Ед - Өз тіліңді құрметте,- деп бабамыз тегін айтпаған еді. Қазақстанның ортақ жерінде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлт өкілдері, өздерінінің туған ана тілің, өз мәдениетін,тіпті ұлттық биін мәңгі жадында сақтап келер ұрпаққа сұра етеді. 2 кезең «Бәйге» деп аталады. Мұнда оқушылар берілген сұрақтарға қысқа, әрі нұсқа жауап берулері керек.

2 вед -Командам нужно будет на заданные вопросы отвечать быстро и конечно же правильно! Әділ қазылар алқасына сөз 3 кезең. "Тілдік лото". Конк.капит.

1 вед. - Қазақ халқының тілі әдеби өрнектерге толы бай тіл. Туған тілің білген, туған елінің тарихын,мәдениетін,салт-дәстүрін және жанымызды жібететін керемет әндерін біледі. Мейірбандылық ұзын сөз беріледі Әділ қазылар алқасына сөз

4 кезең Конк.капит.«Жаңғырған салт-дәстүрлер» деп аталады, яғни салт-дәстүрлерге байланысты сұрақтарға толық жауап беру керек. Берілген мақаладағы жасырын сөзді тауып, мақалды жалғастыру

1вед. - Біз келер ұрпаққа Отан,халық,тіл деген сөздерді жиі айтып тәрбиелесек,сонда әркім туған жердің қадірін түсініп,болашағымыз жарқын, ертеңіміз гүлді болмақ.

Сұрақтар: І топтың капитанына

1. Нағашы деген кім?

2. Тұсау кесу деген не?

3. Ұлттық киімдерді атап бер.

4. Бет ашар туралы не білесің?

5. Сырға салу деген не?

6.Ұлттық ойындарды атап бер.

7.Қандай туыстық атауларды білесің?

8.Ораза деген не?

ІІ топқа

1. Айт мейрамы туралы не білесің?

2. Құда, құдағи дегендер кімдер?

3. Ұлттық тағамдарды ата?

4. Шілдехана деген не?

5. Қымыз қалай жасалады?

6. Қандай салт-дәстүрлерді білесің?

7. Құда шақыру деген не?

8. Ақсүйек қандай ойын? Әділ қазылар алқасына сөз

5 кезең. . «Кім жылдам?» Сұрақтар:

1. А.Байтұрсынов кім? Ғалым,жазушы, ақын-аудармашы,аудармашы

2. Қазақ тілінде неше септік бар? 7

3. Ақмала облысының әкімінің толық аты-жөні кім?

4. Жүз жасаған ақын? Жамбыл

5. «Мұғалім» сөзінің синонимі? Ұстаз,оқытушы

6. Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді? қанша?неше?нешеу?

7. Тұрлаусыз мүшелерді ата? Анықтауыш,толықтауыш,пысықтауыш

8. М.Әуезов кім? Роман-эпопеясын ата. «Абай жолы»

9. Қазақ тілі қандай тіл? Мемлекеттік

10. «Ақылды» сөзінің түбірі? Ақыл

11. Абайдың қанша қара сөзі бар? 45

12. Ата Заң күні қашан? 30 тамыз күні

13. ҚР-ның астанасы қай қала? Астана

14 Жалғаудың неше түрі бар? 4 түрі

15 Қазақ халқының батыр қыздары кімдер? Әлия мен Мәншүк

16 Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды? 1991

17 Қазақ тілінен тән дыбыстар нешеу? 10

18 Тіл туралы Заң неше баптан тұрады? 4

19 Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? 3 қатаң, ұың, үнді

20 Қазақстан Республикасында Тілдер мерекесі қашан? 22 қыркүйек

21 Қазақстан жерінен өткен жол. «Жібек жолы»

22 «Қазақ вальсінің королі» атанған композитор кім? Шәмші Қалдаяков

23 Әнұранның авторларын атап бер. Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

24 ҚР-ның рәміздерін ата. Ту,елтаңба,әнұран

25 Әл-Фараби өмірге келген қала. Отырар

26 «Домбыра» өлеңін кім жазған? Ж.Жабаев?

27 Шахмат ойынына ұқсас қазақтың ұлттық ойыны. тоғыз құмалақ

28 Абайдың туған жылы. 1845-1904

29 «Ғ» қандай дыбыс? Дауыссыз ,ұяң

30 Қазақстанның Бас қаласы қай қала? Астана Әділ қазылар алқасына сөз

6 кезең. «Тапқырлық» Берілген мақаладағы жасырын сөзді тауып, мақалды жалғастыру. Дұрыс жауапқа 5 ұпай.

1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).

2. Шебердің қолы ортақ, шешеннің ... (тілі ортақ).

3. Тіл қылыштан ... (өткір).

4. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).

5. Тілден артық ... (қазына жоқ).

6. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі ... (ой өсіреді).

1 Өнер алды - ... (қызыл тіл).

2 Айтылған сөз - ... (атылған оқ).

3 Жылы-жылы сөйлесең, жылан ... (інінен шығады).

4 Басқа пәле - ... (тілден).

5 Білім кілті - ... (тіл).

6 Тілге құрмет - ... (елге құрмет). Әділ қазылар алқасына сөз

7 кезең «Тіл кереметі» әр ойыншы тілге байланысты бір-бір сөйлем айту керек .Бұл сөйлемдер қайталанбау керек. Әділ қазылар алқасына сөз

1 вед «Тіл - достықтың құралы» дегендей, туған жер,туған тіл адамға қандай ыстық, кандай қымбат.Әр ұлттар достығы мен тіліміз жасай берсін! Осымен Қазақстан халықтарының тілдер күніне арналған мерекелік ойынымыз аяқталды. Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!

2 вед. Уважаемые участники и гости игры! Мы искренне поздравляем всех вас с этим праздником и надеемся, что наши стремления будут едины и принесут будущему поколению достойную жизнь и процветание!



© 2010-2022