Тәрбие сағаты Тәуелсіз-елдің ұланымыз

Раздел Классному руководителю
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз-елдің ұланымыз.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Қазақ елінің жүріп өткен жолдарын, тәуелсіздік туы желбіреген жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерін айта отырып, оны мәңгі есте сақтау керектігін түсіндіру.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды Отанды сүюге, туған жерге сүйіспеншілігін арттыруға, саналылыққа, ұқыптылыққа, тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Нақыл сөз, жалаулар, суреттер, рәміздер, слайдтар.

Сабақтың барысы:

Мұғалім:

Гимнім жанұраным

Айтар әнім, сөйлер сөзім.

Туған жерім - сағынарым

Мәңгі бақи шырқалады,

Республикам гимні.

Гимн орындалады.

-Құрметті қонақтар, ұстаздар мен шәкірттер. Еліміздің ұлттық мерекесі.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 22 жылдық мерекесі таяп қалды. Осынау 22 жылда Отанымызда ғасырға бергісіз орасан зор тірліктер атқарылып, қыруар шаруа жүзеге асырылды. Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен, сол жолда талай боздақтарымыздың қаны төгілген қасиетті тәуелсіздігіміз нығайтылып, нарықты заман орнады. Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де, білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына аяқ басты. Олай болса, еңсесі биік еліміздің азаматтарын мерейлі мерекелерімен құттықтаймыз. Бүгін сіздердің алдарыңызда 3 «а» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен

«Тәуелсіз-елдің ұланымыз» атты тәрбие сағатымызды өткізгелі отырмыз.

Оқушы:1991 жылғы 1 желтоқсанда Бүкілхалықтық сайлау қорытындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның тұңғыш президенті болып сайланды.

Оқушы:Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,

Өмір жолы болған қиын бұралаң.

Қазағымды жарқын жолға бастады,

Елбасы боп сайланды да Нұр атам.

Оқушы:Биіктей бер Нұр ата,

Қыран қанат талмасын,

Қадірлемей тұра ма,

Халық сіздей тұлғасын.

Оқушы:Ел басқарған Нұрсұлтандай атам бар,

Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.

Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,

Ақ ниетті халық деген данам бар.

Оқушы:1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Тәуелсіздігі салтанатты түрде жарияланды.

Оқушы: Тәуелсіздік!

Тәуелсізбін мен бүгін,

Келді міне, азаттығым, теңдігім

Бостандықта байлығым мен елдігім,

Шешіл енді шерлі болған шерлі үнім.

Оқушы:Тәуелсіздік - ұраным,

Құсқа ұқсатам - қыраным,

Біз бақытты баламыз,

Тұғырлы етсек тұрағың.

Оқушы:Жүректен бейбіт жыр төгіп,

Бір болсын халқы бар елдің.

Жарқырай берсін нұр төгіп,

Сөнбесін күні әлемнің.

Оқушы:Егеменді ел болудың белгісі,

Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күні.

«Егемендік» деген сөзбен естілер,

Ата жұрттың арғысы мен бергісі.

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»

Мұғалім:Бүгін біздің еліміз - бүкіл әлем қауымдастығы мойындаған Тәуелсіз мемлекетпіз. Әр мемлекеттің өз заңы, өз президенті, өз рәміздері болады. Қандай да бір мемлекет болмасын,оның алғашқы қадамы, өз Туы, Елтаңбасы Гимнен басталуы керек. Бұл олардың ел Тәуелсіздігімен, егемендігінің белгісі болып табылады.

Рәміздер үш аймақтан тұрады.


Оқушы:Енді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туына назар аударайық. Көк жүзінде әлемге нұрын шашқан күн сәулесі, астында қияға қанат қаққан қыран. Қыран-тынынштықтың,берекелі өмірдің белгсі, ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады. Тудың авторы Шәкен Ниязбеков.

Оқушы:Жарасқан байрақтың мәні бар.

Көк аспан күн-қыран сәні бар,

Көк байрақ, ашық күн кеңесілі,

Алтын күн белгісі жеңістің.

Оқушы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясындашаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей таралып, уықтар шаншылған. Оны аңыз пырақтар көмкеріп тұр. Жоғарыда дәл ортада бес бұрышты жұлдыз бейнеленген. Қазақстан деген жазу бар. Авторы Жандарбек Мәлібекұлы.

Оқушы: Елтаңбасы елімнің,

Неткен көркем әдемі

Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспан әлемі.

Оқушы:1992 жылы 4 маусым Президент Н.Ә.Назарбаев ту шашағын сүйіп тұрып «Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз, мәңгі сөнбесін» -деді.

Оқушы:Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,

Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.

Қалай оның ен таңбасы болмайды.

Түлігіне дейін салса ен таңба.

Мұғалім:Еліміздің нышандарын бекіткен күні Нұрсұлтан атамыз тебірене былай деді:

«Ұлттық рухты осыншама кемел жеткізген Елтаңба әлемде сирек кездеседі десек артық болмас. Айбынымызды асырып, рухымызды аспандатар елтаңбамыз құтты болсын» - деді. Бұған бүкіл еліміз қуанды.

Оқушы: Мен қазақпын мың өліп,мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мың тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен күн тірілген.

Мен қазақпын биікпін байтақ елмін,

Қайта тудым өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім.

Оқушы: Көк байрақтың астында,көп ұлтты мемлекетімізді бейбітшілік жағдайда басқарып отырған Президентіміз Н.Ә.Назарбаев нені болса елмен бірге көремін, елмен бірге төземін, елмен бірге жеңемін - деді

Егемен болмай ел болмас,

Етек жеңі кең болмас,

Терезесі тең болмас,

Енді қазақ кем болмас

Мұғалім: Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиындықты бастан кешірді.

Екі жүз жылдай патшалы Ресейдің отары, ал соңғы 75 жылда кеңес мемлекетінің құрамында болып дербестікті де, тәуелсіздікті де мүлде жоғалтты.

Дербес, тәуелсіз ел болу деген қандай бақыт! Сан ғасырлар бойы халқымыздың басынан өткерген қиындықтары мен көрген қасіреті қаншама. 1937-1938 жылдардағы жазалау кезінде көптеген азаматтар жазықсыз, халық жауы атанып ату жазасына бұйырылды. Олар: Шәкәрім, Ахмет, Мағжан; Міржақып; Жүсіпбек, Бейібет, Ілияс.

Оқушы:Айтса нанар сенгіш халық едік қой.

Сенгіштіктен талай таяқ жедік қой.

Халқымыздың қамын жеген ұлдарын,

О ғаламат, халық жауы дедік қой.

Оқушы:Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік,

Жерге бақыт, елге бақыт тіледік.

Отан ана отқа күйіп жатқанда,

Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.

Оқушы: Соғыс жалмап, аға-іні бауырда,

Зар жылатып, тыныш жатқан ауылды,

Жалғызынан айырыпты ананы,

Әкесінен айырыпты баланы.

Мұғалім: 1941-1945 жылдардың қаралы оқтары қаншама қыршынды өмірден қиып әкетті. Ержүрек ұлдар мен қыздар отан қорғауға бір адамдай аттанды. Соғыста 100-ге тарта қазақ қаһармандарына айбарлы атақ берілді. Бауыржан Момышұлы, Төлеген Тоқтаров, Мәлік Ғабдуллин, Нүркен Әбдіров, Талғат Бигелдинов. Шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова.

Оқушы:Сол күндерді есіме мен көп алам,

Желтоқсанның он жетісі, Топ, Алаң,

Тоғышардың түсіне де кірмеген.

Басталды бір сұмдық, у-шу зобалаң.

Оқушы:Аяз қысып көкті қыста қаһарын,

Сиретпеді жастар бірақ қатарын

Қайдан білсін милиция-қорғаны,

Ұрып-соғып суық сумен - атарын.

Оқушы:Жалған емес, бұл шындық дастан әнім,

Бодандықтың ол бұзды тас қамалын,

Қайрат, Ербол, Сәбира, Ләззаттың

Қыршынынан кім қиды жас қанатын.

Оқушы:Қайдан білсін аңғал, албырт жастарым,

Сойыл күрек, жаратынын бастарын,

Шашатан сүйреп, әскер қорлап қыздарды.

Қойдай қамап, айдалаға тастарын.

«Желтоқсан желі» хор

Мұғалім:Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,

Қазағымның өркендеді елдегі,

Құрбан болған Тәуелсіздік жолында,

Атамдардың ұмытылмас ерлігі.

Туған елдің азаматтығы мен тәуелсіздік жолында Қайрат Рұсқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Спатаев сияқты көптеген қазақ жастары желтоқсан оқиғасы

Кезінде қайсарлық пен ерлік көрсетіп, құрбан болды.

Оқушы:Желтоқсан-заман толғағы байтақ даланың,

Шарпысқан сәті үміт пен күдік жаланың

Желтоқсан - Қайрат, Ләззать пенен Сәбира.

Құрбан болған жаланың

Оқушы:Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының бас қаһарманы Қайрат Рұсқұлбеков 22- жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы бостандығы, егемендігі үшін күресті.

Оқушы: Сол желтоқсан оқиғасы ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгенінің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық.

Мұғалім:Қатігездік жұдырығы түйіліп.

Қамшы үйірді жасқан жекіп бұйырып,

Желтоқсанда шықты үлкен алаңға,

Ата-баба аруағына сыйынып.

Тәуелсіздік алған 22 жыл ішінде қандай өзгерістер болды.

Оқушы:Осы жылы халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышта ерлік көрсетті.

Оқушы:Ғарышкерлер мекені.

Қазақ жері Байқоңыр

Қай жер саған жетеді

Ғажап жерім Байқоңыр.

Оқушы:1995 жылы 30 тамызда Ата заңымыз қабылданды. Ата заң деп - өзіміздің егемендік құқымызды негізге ала отырып іске асырулы айтады. Біз мектепке тегін білім алу құқұғын пайдаланамыз.

Оқушы:Қазақстан Республикасының жарлығымен 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының жаңа астанасы болып жарияланды.

Оқушы: ал Президентіміздің жарлығы 1998 жылдың 6 мамырында Ақмола қаласының аты Астана болып өзгертілді.

Оқушы:Шырқап көкке асқақ ән

Болашаққа бас қадам

Қазақ рухын биіктет

Ей,бас қала - Астанам

Жас Астанам-жас қалам

Тарихың бар ашпаған.

Ордасы бол ойшылдың

Ей, бас қалам - Астанам.

Оқушы:Жаса, жаса Астанам

Өркен. Жая бастаған

Болашақтың есігін,

Өз қолыңмен аш маған.

Мұғалім:Астана қаласында әсем ғимараттар;

Президенттік мәдени орталық, конгресс-хол, Гумилев атындағы Еуразиялық университет, пирамида, ертегі гүліне ұқсайтын Бәйтерек мұнарасы бой көтерді. Ол планетамыздағы ең әсем қалалардың бірі, сол себепті ЮНЕСКО «әлем қаласы» деген атақ берді.

Оқушы:Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл-қазақ тілі. 1997 жылы 11 шілде де Парламент «Тіл туралы» заң қабылдады.

Оқушы.Туған тілім - бабам тілі өз тілім,

Туған тілім - анам тілі өз тілім.

Туған тілім - далам тілі - өз тілім

Туған тілім - адам тілі өз тілім.

Оқушы:1997 жылы - Қазақстан 2030 стратегиясын паш етті.

Оқушы.2002 - Денсаулық жылы.

Оқушы: 2003-2005 ауыл жылы

Оқушы:2004 жылы Қазақстан Ресей жылы

Оқушы:2005 жыл - Дүние жүзі қазақтары үшін құрылтай болды.

Оқушы.2005 жыл 15 ақпан - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы жарияланды.

Оқушы:2007 жыл-қазақ тілі қолдау жылы

Оқушы:2008 жыл- Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болды.

Оқушы:2010 жылы Астанда Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммиті өтті. Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Н.Назарбаев саммитке қатысушы 73 ресми делегецияны қарсы алды. Астана декларациясы қабылданды.

Оқушы:

Қауіпсіздік, ынтымақты талап бір,

Бар жүрекке ізгілікті таратар.

Осы жайлы Астананың саммиті,

Астанаға әлем бүгін қарап тұр.

Алты құрлық алыс жақын қиырдан,

Алпыс елдің басшылары жиылған.

Дүрбелеңді дүйім дүние назары.

Бүгін біздің Астанаға бұрылған

Оқушы: Азияда

2011 жылдың басты додасы - Астана мен Алматы қалаларында VІІ қысқы Азия ойындарының Қазақстандық спортшылардың үлкен жеңісі мен аяқталғаны мәлім. Қазақстан спортшылары 32 алтын медаль, 21 күміс медаль, 17 қола медаль иеленді.

Азияда жарысына қатысқан спортшылар үшін сәтті аяқталды.

Оқушы:Достық пен ынтымақ мекені

Гүлденер халқымның ертеңі

Жасай бер, жері бай

Егемен еліме-ай

Жасай бер, жері бай

Тәуелсіз елім-ай

Оқушы:Армандарды жақындатып тым алыс

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс

Егемендік ел бақыты, ертеңі

О, Халайық құтты болсын қуаныш

1- оқушы:Той тойға ұлассын!

2-оқушы:Тәуелсіздігіміз баянды болғай

3-оқуыш:Ұзағынан сүйіндірсін

4-оқушы:Аршындай бер, адымдай бер Тәуелсіз Қазақстаным

5-оқушы:Елбасымыз былай деген. Бізге азат пен, арпалыспен келген. Тәуелсізідік тәуекелге түскен.

6-оқушы: сондықтан да біз ұлы ұғымдардың қадірінде, қасиетінде білеміз, бағалаймыз.

7-оқушы: Сондықтан да бұл бақытымыз баянды болғай, ұзағынан сүйіндіреді деп сенеміз.

Қорытынды-Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсізідігімен шын жүректен құттықтаймыз. Тәуелсіз еліміздің ынтымақ пен татулық бейбіт өмір мен тыныштық баянды болғай. Әр отбасында құт береке, қуанышты да бақытты өмір, дендеріңізге саулық тілейміз. Елдігіміздің айнасы - тәуелсіздігіміз жасай берсін!

Гимн орындалады.

© 2010-2022