Ашық тәрбие сағаты Қазақ халқының ерлік істері

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Тайынша қаласының №5 орта метебі» КММ

















Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Қазақ халқының ерлік істері»




Жауапты: Тілеутаева Б.И.

Сапиева А.А.



2015-2016 оқу жылы

Тайынша қаласы

№5 орта мектебі

6а, 6ә сыныптар

2015-2016 оқу жылы

Сапиева А.А., Тілеутаева Б.И.

Өткізілген күні: 01.09.2015жыл

Ерлік сабағының тақырыбы: «Қазақ халқының ерлік істері»

Мақсаты: патриоттық сезімін, елі үшін мақтанышын тәрбиелеу, шынайы патриоттың және Отан қорғаушының бейнесін қалыптастыру, оқушыларды елінің және өлкесінің тарихымен таныстыру; белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру. Балалардың эмоциялық әлемін адамгершілік әсерлермен байыту және адамгершілік сезімдерін қалыптастыру; оқушылардың моральдық дамуына және олардың шығармашылық қабілеттеріне ықпал ету.

Мақсатты топтар: 6 «А» және 6 «Ә» сыныптардың білім алушылары, ата-аналар, негізгі мектеп мұғалімдері.

Құралдар: берілген тақырып бойынша кітап көрмесі, сурет көрмесі, аудиоматериалдар, бейнематериалдар.

Әдісі: топтық жұмыс, сұрақ - жауап, пікірталас
Көрнекіліктері: слайд, суреттер

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталғанына 70 жыл өтіпті. Зарықтырып жеткен Жеңіс күнінің қадірі бәріміз үшін тым қымбат. Сұрапыл соғыс адамзаттың жүрегіне өшпес жара салды. Ауылда қалған кемпір-шал, бала-шаға зуылдаған оқ пен лапылдаған от-жалынның арасында жүрген бауырына, әкесіне, ағасына сеп болсын деп, бар күш қайратын жұмсады. Тылдағы әрбір күн соғысқа тең еді. Ардагер көрген зұлматты сен көрген жоқсың замандас, сол үшін оны құрметте!

ІІ. Негізгі бөлім.
Оқушыларды 3 - топқа бөлу. Әр қатарға қиылған қағазды тарату. Шыққан суреттен әр топтың аты шығады. (Мозайка)
1 - топ: Туған жер
2 - топ: Отан
3 - топ: Атамекен
Сайыстың шарттары:

  1. Жалпы сұрақтар.

  2. Көкпар.

  3. Мақал жарыс.

Әрбір Қазақстанның азаматы мақтанышпен Елтаңбаны, Әнұранды, Туды көтеруі керек. Әрбір азамат өз Отаны үшін еңбек етуге, жанын қиюға міндетті.»

Туған жердей жат жердің болмайтыны - ақиқат,

Оған көңілің ешқашан толмайтыны - ақиқат.

Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс

Өскен бағы болмаса, қонбайтыны - ақиқат, - деп сайысымызды

бастаймыз.

І тур. Жалпы сұрақтар

  1. Біз қандай мемлекетте өмір сүреміз?

а) Ресей ә) Қазақстан б) Қытай

  1. Мемлекетіміздің астанасы қай қала?

а) Алматы ә) Астана б) Шымкент

  1. 30 тамыз қандай күн?

а) Тұңғыш президент күні ә) Рәміздер күні б) Конституция күні

  1. Мемлекеттік рәміздерді атаңыз.

а) теңге, ақша ә) ту, елтаңба, әнұран б) тәуелсіздік, ата заң

  1. Тудың авторын атаңыз.

а) Шәкен Ниязбеков ә) Шәмші Қалдаяқов б) Жандарбек Мәлібеков

  1. Елтаңбаның авторы кім?

а) Шәкен Ниязбеков ә) Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов б) Жандарбек Мәлібеков

  1. Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған?

а) Шәкен Ниязбеков ә) Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов б) Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, Шәмші Қалдаяқов

  1. Қазақстан халқы Ассамблеясына неше жыл?

а) 10 ә) 20 б) 15

  1. Биыл Ұлы Жеңіске неше жыл?

а) 70 ә)60 б) 50

  1. Ата заңға неше жыл?

а)17 жыл ә) 18 жыл б) 20 жыл

ІІ тур. «Көкпар»

Тәуелсіз Қазақстан

  1. Еліміз өз тәуелсіздігін қашан ресми түрде жариялады?

1991 жылы 16 желтоқсанда

  1. Елімізде Мемлекеттік рәміздер күні қашан тойланады?

Төртінші маусым күні

  1. Ұлы Отан соғыс жылдары 1941-1945

  2. Еліміздің тәуелсіздігін бірінші болып таныған мемлекет

Түркия Республикасы

  1. Осынау сұрапыл соғыста майдан даласында жанкешті ғұмыр

кешкен батыр жүректі қазақ қыздары

Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова


Тұңғыш елбасы

  1. Тәуелсіз Қазақстандағы тұңғыш президенттік сайлау қашан

өтті? 1991 жылы 1 желтоқсан

  1. Елбасымыздың туған күні қашан? 1940 жыл 6 шілде

  2. Елбасы 1960 жылы қай қалада өзінің еңбек жолын металлургия

комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастады? Теміртау

  1. Елбасының анасының есімін атаңыздар Әлжан

  2. Елбасымыздың туған жері

Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы


Еуразия жүрегі - Астана

  1. Ақмола қаласы елбасы жарлығымен қай уақыттан бастап Астана

деп атала бастады? 1991 жылы 6 мамырда

  1. Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат.

Бәйтерек

  1. Дәстүрлі діни конфессия басшыларының жиналыстары өткен

Астана қаласындағы пирамида түріндегі ғимарат қалай аталады? Бейбітшілік пен келісім сарайы

  1. Астана қаласының қазіргі кездегі әкімі кім? И. Тасмағамбетов


Ата Заң

  1. Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы қашан

қабылданды? 1993 жылы 28 қаңтарда

  1. Қазіргі кездегі қолданыстағы Конституция қашан қабылданды?

1995 жылы 30 тамызда

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы неше бөлімнен, неше

баптан тұрады? Кіріспе, 9 бөлім, 98 баптан

  1. Конституция баптарындағы заң нормаларының сақталуын, өзге

заңдардың Конституцияға қайшы келмеуін қадағалайтын мемлекеттік орган Конституциялық Кеңес

ІІІ тур. «Мақал жарыс» Басы беріледі, соңын аяқтау


1. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.

2. Ел іші алтын бесік .

3. Отан - елдің анасы,
Ел ердің анасы.

4. Ер елінде,
Гүл жерінде.

5. Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.

6. Отан оттан басталады.

7. Туған жердің күні де ыстық,
Түні де ыстық.

8. Туған жердің ауасы да тәтті.

9. Құртақандай торғай да,
Өз ұясын қорғайды.

10. Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз елінде ұлтан бол.

11. Туған жердің қадірін
Шетте жүрсең білерсің.


Жеңімпаздарды анықтап, марапаттау.

Мұғалім:

Ұлы күндер тарихтың тізбегінде,

Жорық ізі кез келер іздегенге.

Майдангерлер есімі ұмыт болса,

Желісі жас пен қарттың үзілгені.

9 - мамыр күні Жеңіс күні желбірейді,

Әлемді қызғалдақтай нұрға бөлейді.

Тәрбие сағатын «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен қорытындылаймыз.

© 2010-2022