9 мамыр – Жеңіс күні

9 мамыр – Жеңіс күні. Мақсаты: 1. Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық тәрбие беру. 2.Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. 3. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу. Барысы: Бүгінгі  «9 мамыр – Жеңіс күні»  атты сынып сағатымыз бізге балалық шақ, бейбіт өмір әперген Ұлы Жеңіске арналады. Жыл сайын 9 мамыр күні адамдар ескерткіштер мен ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

9 мамыр - Жеңіс күні.

Мақсаты: 1. Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық тәрбие беру.
2.Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту.
3. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

Барысы:
Мұғалім: Балалар, бүгінгі «9 мамыр - Жеңіс күні» атты сынып сағатымыз бізге балалық шақ, бейбіт өмір әперген Ұлы Жеңіске арналады.
Жыл сайын 9 мамыр күні адамдар ескерткіштер мен обелисклерге барады.
Олар жауынгерлердің тас мүсініне айналған бейнелеріне гүл шоғын койып, батырлар есімін еске алады.

1 оқушы: Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамды.
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталды.
2 оқушы: Отаным еркелеймін енді кімге,
Өзіңмен нені болса көрем бірге.
Қалайша қабырғама батпас менің,
Басыңа қатер бұлты төнген күнде.

Мұғалім: Біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ. Әрбір көктем бізді ойша сонау ұмытылмас, әрі көптен күткен 1945 жылдың 9 мамырына қайта оралтады.
Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырды, қай күні.
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғына.
( бір минут үнсіздік)
1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайлап келе жатқан кезде фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды.
3 оқушы: Ойлап-ойлап тұрдым көп
Сұрақ қойдым білгім кеп:
- Қуанышты мереке -
Жеңіс күні қай күн деп?
Атамнан да сұрадым,
Әкемнен де сұрадым,
Ағамнан да сұрадым,
Анамнан да сұрадым.
Тосты бәрі құлағын:
- Дұрыс, - десті сұрағың. -
Бейбіт күннің бәрі де
Жеңіс күні, шырағым!
Мұғалім: Өз халқының батырлығын әлемге әйгілі еткен қазақтың Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағуловадай батыр қыздары туралы ақиқат пен аңыз халыққа кең таралды.
4 оқушы: Сонау жылы жер-көкті,
Соғыс бұлты торлаған.
Сонда Мәншүк апамыз
Жаудан елді қорғаған.
Мұғалім: Мәншүк 1922 жылы дүниеге келген. Шын аты Мәнсия. Анасы еркелетіп Моншақ деп кеткен. Әкесі дәрігер болған. Мәншүк соғысқа өз еркімен аттанады. Мәншүк ол кезде небары 19 жаста болған. Елін жаудан қорғаймын деп шепке сұранып пулеметші болады. Өзі қорғаған Невель қаласында Мәншүкке ескерткіш қойылған.
5 оқушы: Айтамыз біз өлең ғып,
Айтамыз біз жыр етіп.
Әлия апай ерлігі
Ұмытылмас мәңгілік.
Мұғалім: Әлия 1924 жылы Қобда ауданы Көкбұлақ деген жерде туған. Екі жасында жетім қалып, Әубәкір деген ағасы өз тәрбиесіне алады. Кейін ағасы Ленинград қаласына көшіп келеді де, Әлия сол қалада оқиды. Отбасының жағдайына байланысты Әлия кейін балалар үйінде тәрбиеленеді. Соғыс басталғанда ол 17 жаста еді. Сол кезде майданға өзі сұранып, атқыштар даярлайтын бөлімді бітіреді.
Зымырап жылдар өтеді,
Жанымыз жауға ызалы.
Соғыста өлген атаны
Бөбегім сен де ұмытпа.
- Ал, сендер Отанның қадірін білетін боларсыңдар?!
Хормен: Біз Отанымызды мақтан етіп, сүюге, қорғауға ант етеміз.
Мұғалім: Рақмет.
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»

© 2010-2022