«Ұстаз – ұлы тұлға» ұстаздарға арналған іс-шара

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицей


Ұстаздар күніне арналған мектепішілік іс-шара


Тақырыбы:

«Ұстаз - ұлы тұлға»



11 «Б» сыныптары








Сынып жетекшісі: Теңсел Үміткер









2014-2015 оқу жылы


«Ұстаз - ұлы тұлға»

Данияр:Армысыздар, құрметті көрермендер! «Мектеп студиясына» қош келдіңіздер! Бүгінгі көңіл күйлеріңіз қалай? Бүгінгі қонақтарды қарсы алуға дайынбыз ба?

Дана:Ендеше қонақтарды қарсы алайық. Мектеп студиясында «Біздің аяулыда, асыл, ардақты да байсалды және жоғары мәртебелі Ұстаздар қауымы». Қошеметпен қарсы алайық .

Данияр: Алдарыңызда Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің ұстаздары және бүгінгі студияның құрметті қонақтары ардагер ұстаздар.

Дана: Бүгінгі 11 сынып оқушылары мен «ЖасҰлан» ұйымының ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан «Ұстаз - ұлы тұлға» атты мерекелік жиынды бастауға рұқсат етіңіздер.

Данияр:

Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.
Дана:

Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сендерде Ұлы Отанның болашағы
Данияр: Ендеше, құрметті ұстаздар қолдарыңыздағы рұқсат қағаздарыңыздың түстері бойынша сіздерді орындарыңызға жайғасуларыңызды өтінеміз.

(би )

Дана: Данияр, бүгінгі «Мектеп студиясын» жүргізетін жүргізушілерімізді шақырмаймыз ба?

Данияр: Иә, Дана, шақырайық! Ендеше «Мектеп студиясының» жүргізушілері Серікбол Ақерке және Нұрбақыт Есенжол.

Ақерке: Есенжол, біз мұғалімдерімізді не себеппен түстер бойынша топқа бөлгенімізді түсіндіре кетпейміз бе?

Есенжол: Жарайды, түсіндіре кетейін. Ендеше, экранға назар аударыңыздар.

Қызыл түс адамның энергияға толы екенін көрсетеді. Өмірлік күшті, белсенділікті, нәтиже, сәттілікке қол жеткізу үшін барлық мүмкін болған талпынысты, бейімділікті, албырттықты, жеңіске деген жігерді, құлшынысты білдіреді. Бұл түсті таңдағандар - кез келген қиындыққа мойынсұнбайтын, күрескер, батыл адамдар. Адамның өмірге деген талпынысын күшейтеді. Бұл түсті таңдайтын адамдар күшті, қайсар болып келеді. Кей жағдайда кек қайтаруы да мүмкін. Әдетте, бұл түс ашық мінезді адамдарға тән.Қызыл түсті: қызығушылық тудырғыңыз келсе, арманыңызды іске асырғыңыз келсе, қорқыныш пен үрейден қорғанғыңыз келсе таңдаңыз.

Көк түс - жан тыныштығын, молшылықты, татулықты білдіреді. Ол адамдар мен қоғамды байланыстыратын негізгі дәнекер іспетті, бірлік, көпшілдік сезімнің, сенімнің түсі. Сондай-ақ, көк түсті ұнататындар өкпелегіш, сары уайымға салынғыш болып келеді. Көк түсті таңдағандар - тыныш ортаны, мазасыздық пен сотқарлықтан, келіспеушіліктен алыс болуды қалайтындар. Олар бір-біріне деген сенімді қалайды және өзгелердің де оларға сенуіне әбден болады. Егер сіз біртоға, ешкімнің қолы жеткізсіз көрінгіңіз келсе, көк түсті киім таңдаңыз.

Күлгін түс - адамның тілегені мен қиялындағысы ақиқатқа айналады деген үміттің нышаны. Асыл арман мен көркем қиялдың түсі. Бұл түсті таңдағандар тек өзгелерді таң қалдырғысы немесе сүйсіндіргісі келмейді, өзін де таң қалдырғандығын қалайды. Оларға әлем сиқырлы, бар нәрсеге қол жеткізуге болатындай болып көрінеді. Егер ол Сізге ұнаса, күлгін түсті ұйықтайтын бөлмеге қолдануға болады. Ол әсіресе сары түспен үйлескенде романтикалық сезімдер тудырады.

Қызғылт сары түс - бостандықты қажет ететін түс. Адамдардың байқалмайтын қабілеттерін арттырады. Депрессия, қорқыныш билеп жүрген адамдардың көңіл-күйін жайландырады. Қызғылт сары түс киген адамдар өркөкірек, тәуелсіз болып келеді. Әрдайым танымал болуға ұмтылады.Бұл түсті адамдар көп келіп кететін, араласатын ортада қолданған жөн. Бұндай жерде адамдар бір-біріне ашық, мейірімді болады. Егер әрдайым, көңілді, жас көрінгіңіз келсе, қызғылт сары түсті киім сатып алуға дүкенге жүгіріңіз.Егер Сізге қонақ жиі келетін болса, және Сіз олардың тезірек кеткенін қаласаңыз, ауыз үйге қызғылт сары түсқағаз жабыстырыңыз.

Ақерке: Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі - Ұстаз.
Есенжол: Дұрыс айтасың, Ақерке, «Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.

Ақерке: Иә, Есенжол. Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз. Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Есенжол:Қадірлі ұстаздар, Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.
Ақерке: Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін.
Есенжол, Ақерке: Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз.
Есенжол: Олай болса бүгінгі мерекеге арналған алғашқы құттықтау сөз сөйлеу үшін студия төріне мектеп басшысы Кенжебаев Дәуренбек Мейрамұлын және мектебіміздің ардагер ұстазы ...................................... шақырамыз.

Ақерке: Құрметті көрермен, біз студияда тікелей эфирде жұмыс істеп отырғанымызды естеріңізге сала кетейік. Бағдарлама барысында хабаласуға болады. Телефонымыз экранда жазулы : 2-34-98 (тікелей эфир).

Есенжол, маған жаңа ғана әріптестерім бүгінгі студияға ұстаздарды құттықтау үшін жас бүлдіршіндер келіп тұрғандығын хабарлады.
Есенжол:Ендеше, сол кішкентай бүлдіршіндерімізді студияға төріне шақырамыз.

(тақпақтар)

Ақерке: Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.
Есенжол: Иә, ол - ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі - ұлы еңбек.

Ақерке:Студиямызға жан-жақтан әнші, биші, өнерлі оқушыларымыз ұстаздарына деген өнерлерін көрсету үшін жиналып жатқан көрінеді. Олай болса, студияға ардагер ұстаздарға арнап, ән айтуға келіп тұрған әнші қызымыз Кенжебек Аяулымның орындауында «Жақсы көрем, апам менен атамды» әнін қабыл алыңыздар.
Есенжол:Рахмет, Аяулым!Құрметті қонақтар, құрметті достар, біз келген қонақтармен міндетті түрде ойын ойнайтын боламыз, Сіздер қарсы болмасаңыздар.Ендеше, ортаға әртүрлі ойындар ғылымының докторы Султанбеков Санат пен көмекшісі Қайыржан Балжанды шақырамын.

(Ойын№1)

Ақерке:«Мектеп - білім тірегі, ұстаз - оның жүрегі» - деп ғұлама ағаларымыз айтқандай, Есенжол,менің ойымша, кез - келген адам ұстаз бола алмайды.
Есенжол: Олай ойлауыңның себебі неде?
Ақерке: Себебі ұстаздық - өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді.
Есенжол:Шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт.
Ақерке: «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
Есенжол:

Ұстаз деген - жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген - анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың

Ақерке:

Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып,
Ұстаз деген - ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік!

Есенжол: Студиямызға сіздерді құттықтап келіп тұрған әнші қызымызды қарсы алыңыздар,

« ..........................................» әні, орындайтын Сағадиева Саида
Ақерке:
Есенжол, ұстаздық ету - уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау - деген екен ғұлама ағаларымыз.
Есенжол: Дұрыс айтасың, Ақерке.Алтын уақыттарын сарп қылып, ұстаздық еңбегін шыңдау барысында көмегін аямай, балаларды білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымыздың еңбегі зор.
Ақерке: Есенжол, студия қонақтарыментағыда біройын ойнамаймызба?

Есенжол:Ойнасақ ойнайық, сіздердің қошеметтеріңізбен ойындар ғылымының докторы Султанбеков Санат пен Қайыржан Балжанды студия төріне шақырайық.

(Ойын №2)

Ақерке:Ұрпақ тәрбиесі - ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.

Есенжол: Ақерке, тағы да бір хабарлама келіп түскен сияқты(алло, алло, ..., иә, иә келіңіздер)Келесі тамашалайтындарыңыз, КТК-дан үзінді. Студия төрінде 11сынып оқушылары.

Ақерке:

Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын.
Есенжол:

Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың бүгін тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.
Студия төрінде жас әрі дарынды әншіміз Иманкулов Әділдің орындауында «..................................» әні

Ақерке: (алло, алло, бишілер ма хабарласып жатқан? Иә, иә,..

Әр таңды бақытпенен атырамыз

Өнерлі ой көгінде бақылаңыз

Қошеметпен студия төріне

Мың бұралған бишілерді шақырамыз

Би №2

Есенжол: Ақерке, әріптестеріміздің хабарлауынша, бүгінгі бағдарламамызда бізге берілген уақытымыз мәреге жетуге аз қалған сияқты. Біздің ойындар ғылымының докторлары да хабарласуда, бір ойындары бар екен. Ендеше студия төріне ойындар ғылымының докторы Санат пен Балжанды студияға шақырайық.

(Ойын № 3)

Ақерке:

Мектеп үйім, ұстаздарым ата - анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырлары сан тарапқа тараған.
Есенжол:

Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімімен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!
Ән: Ұстазым, 11 сынып оқушылары

Ақерке:, Есенжол, білесің ба, мен ортаға біздің басы-қасымызда ақыл-кеңесін беріп, көмектесуге әрдайым дайын тұратын, мектебіміздің тәлімгері Шолпан апайды ортаға шақырғым келіп тұр.

Есенжол:Студия төрінде, мектеп тәлімгеріШолпан апай, сөз кезегі сізде.

Ақерке:Құрметті, ұстаздар және бүгінгі студиямыздың құрметті қонақтары ардагер ұстаздар, көрермендерБүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз - ұлы тұлға» атты мерекелік бағдарламамызды жабық деп жариялаймыз.
Есенжол: Уақыттарыңызды бөліп, студиямызға келіп, көңіл қойып тыңдағандарыңызға

Барлығы: көп-көп рахмет!

© 2010-2022