Сабақ жоспары: Қараша желтоқсан сол бір екі ай 6-сынып

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



«Бекітемін»

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Т.Оспанов

Тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары: Қ.Аюпова, Е.Ахметов

16.11.2015 ж

Мадалиева Махаббат

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Тақырыбы: «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай»

Сыныбы: 6 «б»
Мақсаты:
А) білімділік: оқушыларды өлеңнің шығу тарихымен таныстыру, өлеңнің мазмұнымен, тақырыбымен, идеясымен таныстыру, Абайдың реалист ақын екеніні таныту;
Ә) дамытушылық: оқушыларды өз ойын дәлелді жетізе білуге төселдіру, өлең құрылысына талдай білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін арттыру;
Б) тәрбиелік: оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды таныту;
Түрі: аралас сабақ;
Әдісі: пікір алмасу, мәнерлеп оқу, талдау;
Көрнекіліктер: палакат, портреттер, теледидар материалдары;
Барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі;
2 Үй тапсырмасын сұрау:
1-топ

1.Абайдың мұражайы қай жерде? (Жидебайда, Семейде),
2.Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы,қай жерде басылып шықты? (1909ж. Петербург)
3.Абайдың қоңыраулы балуан атанған атасы. (Ырғызбай)
4.Абай ең алғаш дәріс алған татар молдасы.(Ғабитхан)
5.Абайдың жеті атасын атаңыз. (құнанбай - Өскенбай - Ырғызбай - Айдос - Томан - Тобықты - Арғын)
6.Абайдың үш поэмасы. «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі».
7.Абайдың атақты ертекшісі. (Баймағанбет)

2-топ

1. Абайдың ең момын, жуас атасы (Айдос)
2. Абайдың руы. (Тобықты)
3. Абайдың неше күйі бар? ( «Май түні», «Желдірме», «Торжорға»)
4. Абайдың атақты әншісі.(Әлмағанбет)
5. «Медғат-Қасым» поэмасын Абайдың қай баласы жазған? (мағауия)
6. Табиғат лмрмкасының ішіндегі ең алғашқы жазылған өлеңі.(«Жаз», 1886 ж.)
7. Құнанбай қайда мешіт салдырды? (Қарқаралы)

3-топ

1.Абайдың талантты скрипкашысы кім болған? (Мұқа)
2.Абайдфң алғашқы өлеңдері кімнің атынан шықты? (Көкбай)
3.Абайдың «Ей сорлы заман, менен аяған қай қастығың қалды… Мен ішпеген у бар ма! ...» деген тарихи сөзі қандай оқиғаға байланысты айтылған? (мағауияның өлімі)
4.Абай ел билеу ісіне неше жасынан бастап араласты? (13 жасынан)
5.Абайдың баласы Әбдірахманның қайтыс болған жылы. (1895 ж.)
6.Абайдың орыс досы. (Михаэлис)
3 Жаңа тақырып:
І Кіріспе сұрақтар:

Абай. Абай. ұлы Абай, дана Абай,
Дана Абайым - қасқайған нән қарағай.
Қазағымның бұйырыпты бағына
Ғасырда бір туылатын дарам-ай.

Ұлы Абайым, саңылағым нар тұлға,
Өшпестей ғып із қалдырдың артыңда.
Табиғаттың сан қырынан жүрекке
Орнықтырып ұялатты жыр тұлғаң!

Абайдың табиғат лирикасына жататын қандай өлеңдерін білесіңдер?
«Күз», «Қыс», «Жазғытұры» өлеңдерінен үзінділер айтқызу; әндерін тыңдау;

ІІ Біздің бүгінгі өткелі отырған өлеңіміз де табиғат лирикасына жатады. Өлең 1888 жылы жазылған. Әрқайсысы 4 тармақтан, 9 шумақтан тұрады. Бұл - Абайдың табиғат лирикасының ішіндегі таңдаулы шығармаларының бірі. Көшпелі қазақ аулының әлеуметтік жіктелісін, тұрмыс айырмашылығын анық көрсеткен мазмұны терең, көркемдігі жоғары, идеясы биік өлең.
Енді алдымен осы өлеңнің шығу тарихына үңіліп көрейік.
Қазақ халқының маңдайына біткен екі ұлы есім бар. Олар - дана Абай, дара Мұхтар. Ұлтымыздың қадірлі де қасиетті тұмарына арналған «Абай жолы» роман эпопеясы арқылы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, мінез ерекшелігі бүкіл дүние жүзіне әйгілі болды. Абай есімі әлемнің әр түпкіріне тарады. Дара Абай арқылы Мұхтардың есімі аңызға айналғаны баршамызға аян. Енді сол «Абай жолының» беттеріне назар аударылық.
Күзектің суық сұрқыл жүдеу бір күні Абай Тәкежан аулының үстінен түседі. Ол екі жұмыспен келген еді. Бірі - Семейтаудағы Бура жоқшыларының жұмысы. Бірі - Тәкежан мен Жігітек арасындағы қыстаудағы шабындық жөнінде туындап жатқан жаңа даудың жайы. Үй иесімен қабағы келіспеген Абай ас піскенше сыртқа шығып кетеді. Абай жүдеу кедей өмірінің тұрмысын көрді.
Енді осы көрініс өлең жолдарымен қалай өрілген екен?
1 Кедейдің жүдеу өмірі;
2 Қара қи;
3 Жалшы ұлының күйі;
Көшпелі елдің шаруашылық әрекеті, тіршілік тәсілі, табиғат қабағын баққан мінезі салған жерден аңғарылады. Көп нәрсенің түп қазығы өріске, жер жағдайына байланған, өмір сүру, тіршілік кешу, жан бағы - бәрі де осыған келіп тіреледі. Ақын күн суып, ауа райы бұзылып, қысқа аяқ басқан шаруашылыққа қолайсыз бір шақтағы қалт-құлт еткен ауыл өмірінің суретін реалистік дәлдікпен, нақты адамдар тұлғасы арқылы алдыңа тартады. Табиғат суреті мен адамдар қимылы жымдаса бейнеленген.
ІІІ Біздің халықтың жаз жайлауға, күз күзеуге, қыс қыстауға көшіп отырғаны белгілі. Мал шаруашылығы, әрине, осындай өмірді талап етеді. Әсіресе, мал үшін қаһарлы қыс өте ауыр әрі жайсыз. Мына бір бейнетаспадан осыған көз жеткізейік.
Көзінің ағы мен қарасы сияқты әрбіріміздің жеке өз пікіріміз бар. Мына шумаққа назар аударайық.
Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай,
Қыстың басы бірі ерте, біреуі жай.
Ерте барсам жерімді жеп қоям деп
Ықтырмамен күзеуде отрар бай, - деген жолдардағы Тәкежанның бұл ісіне баға беріп көрейік. Егеменді ел ертеңі еркін ойлы азаматтар екенін естен шығармайық.



Тәкежан

Ұқыпты Қайырымсыз
Үнемшіл Сараң
Жинақы Қонақжай емес
Ертеңгі күнін ойлайды Кедей еңбегін бағаламайды
Бүгінгі заман да осына талап етеді. Өзінің үнемшілдігімен, ұқыптылығымен, жинақылығымен ертеңгі күннің қамын жеп, белгілі бір кәсіп иесі болса, қоғам да байиды. Елбасымыз үш жылды «Ауыл жылы» деп жариялап отырған белгілі. Еліміз 2030 жылға қарай шын мәнінде өркениетті елге айналары хақ. Әрине, адамгершіліктен де асып кетпеуіміз керек. Қайырымдылық жасап, әлсізге көмек көрсету - әр адамның борышы.
ІV Ертеңгі күннің қамын жеп, үнем жасап, қыстауға қонбай, күзеуде, ықтырмада отырған бай, мал бағып, далада жүрген кедей жылынуға отын таба алмай бүрсең қағып, тоңған иін жылытып, шекпен тігіп отрған байғұс әйел - осының бәрі көшпелі қазақ аулының тұтас бейнесіне айналған. Ұлы ақын, ұлы суретші Абай назарында бәрі бар. Бір-біріне қарама-қарсы суреттер.
V Ай аттары. Қараша - бұл айда мал семіреді. Ертеде салық малы осы айда жиналатын болған. Оны халық «қаражшы» деп атаған, яғни, қаражат жинаушы. Қарашада жер оты азайып, тақырланып, суыйды. Қара жердегі суықты «қара суық» деп атаған. Жұрт қыс қамын аяқтап болады. Желтоқсан - «жел» мен «тоқсан» деген сөздің қосындысынан шыққан. Яғни үш ай желді, боран деген ұғымды білдіреді. Ежелгі түріктер бұл айды «жел айы» деп атаған. Қыс күшіне еніп, боран болады.
Осы жерде перфокарталармен жұмыс жасаймын.

Абайдың табиғат лирикасына арналған перфокарта

















өлеңі Жаз Қыс Жаздыгүн шілде болғанда Желсіз түнде жарық ай Күз Көлеңке басын ұзартып Жазғытұры
1 Күңгірт көңілім сырласар
Сұрғылт тартқан бейуаққа,
2 Жоғары-төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап.
3 Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
4 Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
5 Көрінбей жердің, топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.
6 Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.





















VІІ Сабақты бекіту:
1 «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай» өлеңі қандай лирикаға жатады?
2 Өлең қандай оқиғаға байланысты жазылған?
3 Өлеңде бір-біріне қарама-қарсы тип өкілдерінің тұрмысы қалай суреттелген?

















4 Шығармашылық тапсырма: сурет салу, өлең шығару, шағын шығарма
Оқушылар білімін бағалау.

© 2010-2022