Сөз сазы мәнерлеп оқу сайысы

   «Сүйемін туған тілді, анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім. Шыр етіп жерге түскен минутымнан, Құлағыма сіңірген таныс үнін» - дей келе  «Ана – тілім ажарым, асыл қазынам» атты тіл айлығы шеңберінде ұйымдастырылып отырған «Сөз сазы» мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен студенттер. Сайысымыз үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім- поэзиялық шығармадан үзінді, екінші бөлім-прозалық шығармадан үзінді,үшінші бөлім Абай қарасөздерін оқу.      «Қазақ тілі аса бай,икемді ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Барысы.

«Сүйемін туған тілді, анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін» - дей келе «Ана - тілім ажарым, асыл қазынам» атты тіл айлығы шеңберінде ұйымдастырылып отырған «Сөз сазы» мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен студенттер. Сайысымыз үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім- поэзиялық шығармадан үзінді, екінші бөлім-прозалық шығармадан үзінді,үшінші бөлім Абай қарасөздерін оқу.

«Қазақ тілі аса бай,икемді тіл,қалай исең,солай иіле береді.Орамын бұрамын тауып,қисынын,орайын келтіріп пайдалансаң,бұл тілмен сурет салуға,тас қашап,ағаш,текемет оюға болады-ау.Бұл тілден шай тамады десе де сияр. Халықтың тіліне,жырына құлақ салсаң,небір алуа-шекер балдай татитын нәріне,әріне әсте тоймайсың.Ғашықпын қазақ тіліне»- деп Нұртас Оңдасынов айтқан екен.

Ал Бауыржан Момышұлы атамыз болса, «Тіл байлығы,тіл тазалығы - ұлт қасиетінің,салт-санасының негізгі өнеге, нағыз белгісі... Тіл байлығы елдің елдігін-жұртшылығын, ғылыми әдебиетін,өнеркәсібін,мәдениетін,қоғамдық құрылысын,салт-санасының,жауынгерлік дәстүрінің,мұрасының қай дәрежеде екенін көрсететін сөзсіз дәлелі,мөлшері» - деген екен.

Олай болса, Заула, заула, заула тіл

Халқымның көңілін аула тіл, - деп сайысымыздың бірінші бөлімі Поэзиялық шығармадан үзінді оқуды бастайық.

1.Хабиева Гүлфара 2бКШК тобы «Тіл туралы баллада»

2.Набиғалиев Мұратхан 1вКШК тобы М.Жұмабаев «Ана тілім»

3.Рахымова Айкөркем 1вКШК тобы М.Шаханов «Ғашықтық ғаламаты»

4.Ержігітова Гүлден 1бКШК тобы өз туындысы «Ана»

5.Досқалиева Шынар 1бКДО тобы Қ.Мырзалиев «Қазақ пен қонақ»

6.Қансултанова Назгүл 1бКШО тобы Ш.Орынбаева «Студенттер»

7.Альпенова Жұлдыз 1гКДО тобы М.Шаханов «Әке үкімі»

8.Қаресова Айдана 1вКДО тобы Т.Айбергенов «Ана»

9.Жумагулова Іңкәр 3бКШК тобы Ж.Молдағалиев «Мен қазақпын».

Жақсы сөзді ел жаттар,

Ел жаттар сөзде салмақ бар - деп Жамбыл бабамыз айтқандай, сайысымыздың екінші бөлімі Прозалық шығармадан үзіндіге кезек берейік.

1.Хабиева Гүлфара 2бКШК тобы М.Мақатаев «Әже»

2.Набиғалиев Мұратхан 1вКШК тобы С.Мұқанов «Өмір мектебі»

3.Рахымова Айкөркем 1вКШК тобы Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн»

4.Ержігітова Гүлден 1бКШК тобы Т.Ахтанов «Шырағың сөнбесін»

5.Досқалиева Шынар 1бКДО тобы Қ.Қазиев «Менің шешем»

6.Қансултанова Назгүл 1бКШО тобы Ғ.Мүсірепов «Кездеспей кеткен бір бейне»

7.Альпенова Жұлдыз 1гКДО тобы Ғ.Мүсірепов «Ұлпан»

8.Қаресова Айдана 1вКДО тобы Қ.Қазиев «Менің шешем»

9.Жумагулова Іңкәр 3бКШК тобы С.Торайғыров «Қамар сұлу»

«Абай - дана, Абай - дара қазақта» - демекші үшінші бөлім Абайдың қарасөздерінен үзінді оқуды бастаймыз.

1.Хабиева Гүлфара 2бКШК тобы 31-қарасөз

2.Набиғалиев Мұратхан 1вКШК тобы 17-қарасөз

3.Рахымова Айкөркем 1вКШК тобы 5-қарасөз

4.Ержігітова Гүлден 1бКШК тобы 22-қарасөз

5.Досқалиева Шынар 1бКДО тобы 19-қарасөз

6.Қансултанова Назгүл 1бКШО тобы 23-қарасөз

7.Альпенова Жұлдыз 1гКДО тобы 19-қарасөз

8.Қаресова Айдана 1вКДО тобы 16-қарасөз

9.Жумагулова Іңкәр 3бКШК тобы 45-қарасөз.

Қатысушыларды марапаттау, аталым бойынша иегерлерді анықтау үшін қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы оқытушыларына сөз беріледі.

Жүзімнің нәрлі сабағындай,

Тіліңді мәпелей біл ала қылмай.

Аямай арам шөбін отап отыр,

Таза сақтап көзіңнің жанарындай - деп, бүгінгі сайысымызды қорытындылаймыз.









Сөз сазы мәнерлеп оқу сайысы

Сөз сазы мәнерлеп оқу сайысыСөз сазы мәнерлеп оқу сайысы







Сөз сазы мәнерлеп оқу сайысыСөз сазы мәнерлеп оқу сайысы

Сөз сазы мәнерлеп оқу сайысы

Сөз сазы мәнерлеп оқу сайысы

Орал гуманитарлық-техникалық коледжі







Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы







«Сөз сазы» мәнерлеп оқу сайысы





Өткізген: Зайнуллина А.Т.







Орал-2013жыл.



© 2010-2022