Баяндама: Біздің болашағымыз - салауатты ұрпақ

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Біздің болашағымыз - салауатты ұрпақ

Кез келген елдің болашағы - оның халқының денсаулығына байланысты екендігі - дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Еліміздің басты бағыттарының бірі - салауатты өмір салты. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ел дамуының ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» стратегиясында халық денсаулығын сақтау мәселесін басты бағдар ретінде қарастырғаны барша Қазақстандыққа аян. Яғни, мемлекетттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңірудің де маңызы зор.

Балалар болашағымыз, ұрпақ жалғастырушы. Сондықтан да, ата-ана үшін баласының денсаулығы өте маңызды. Адам денсаулығы - қоғам байлығы.

Қазіргі кезде балалардың денсаулығының нашарлауы да байқалады.Барлығымызға ой салатын мәселенің бірі- орта экологиясының бұзылуы, бала денсаулығына кейбір технологияның және басқа факторлардың әсер етуі болып отыр, осындай әсер салдары адамның физиологиялық, психологиялық және адамгершілік қасиеттері мен денсаулығының бұзылуына әкеліп соғады. Көпшілік жағдайларда адамның осындай әсерлер кезінде өзін-өзі дұрыс ұстай алмау жағдайларынан болады. Содан барып өз денсаулығы, орта және өсіп келе жатқан жасөспірім денсаулығына қолайсыз жағдайлар туады. Атап айтсақ: ішімдіктерді, есірткілік және токсикалық заттарды пайдалану,темекі шегу, насыбай ату тб. Сондай-ақ жасөспірімнің күнделікті күн тәртібін дұрыс құрмау, демалыс уақытын дұрыс пайдаланбау, таза ауада дем алмау, ой және дене еңбегінен кейін ағзасын дұрыс дем алдырмау, уақытында және дұрыс тамақтанбау,психологиялық жүктеменің шектен тыс көбеюі немесе стресс жағдайынан шыға алмаут.б барлығы кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Күнделікті теледидар алдында, компьютер мониторының алдында шектен тыс көп отыру- балалардың тек психологиясына ғана әсер етіп қана қоймай, көз ауруларына, күні кешке дейін құлақтарына іліп алып жүретін арзанқолды магнитофон ызыңы- құлақ, бас ауруына, аз қозғалу немесе гиподинамия- жүрек, қан, жүйке ауруларына, дұрыс тамақтанбау- ас қорыту жүйесінің түрлі ауруына әкеп соғып жатыр. Оқушы денсаулығын сақтау жолында тұрған ең басты мәселе- оларды салауатты өмір сүруге және оны сақтау және нығайту жолдарын білу.Қорыта айтқанда, бүгінгі таңдағы еліміздегі мектептердің әлеуметтік міндеті жас ұрпаққа сапалы білім, баланың саулығын сақтап, саналы тәрбие беру. Олардың әрқайсысына өмірден өз жолын табуға көмектесуді негізгі мақсат еткені абзал. Халқымыздың тәлім-тәрбиелік мұрасын, салт-дәстүрін пайдалана отырып, «баланы-жастан»демекші, дені сау, сана-сезімі терең, ақыл ойы зерек ұрпақ тәрбиелеу, баланы бесігінен жақсы әдетке баулу әр ата- ананың міндеті. Оқушының денсаулығына зиян келтірмей, қайта оны сақтауды, нығайтуды білім беру арқылы үйретіп, оқушының өз денсаулығына жауапкершілігін арттыру мұғалімнің міндеті. «Біздің бақытымыздың оннан тоғызы-денсаулық», «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл-үшеуімен бақытты болады өмір» Ендеше отбасы, мектеп және қоғамның игілікті болашақ жолындағы өзара ынтымақтастығы күннен -күнге арта беруі тиіс.

«Денсаулық-зор байлық »деген мақал тегін айтылмаған.Адамның басты байлығы-денсаулық. Денсаулық-адамға Табиғаттың берген ең ұлы құндылығы. Денсаулықты әртүрлі тәсілдермен сақтап, нығайтуға болады. Әркім өз денсаулығына ерекше мән беруі қажет. Өз денсаулығыңа жауапкершілікпен қарап, салауатты өмір салтын сақтау қажет.

Оқушылардың бойында салауатты өмір салты мотивизациясын дұрыс қалыптастыра білу мұғалімдер мен ата-аналардың қосылып жүргізілген шараларына байланысты болмақ. Өйткені, бірінші тәрбиенің ошағы-отбасында, екінші-мектепте болғандықтан, ата-ана мен мектеп, яғни мұғалімдер мен жұртшылық тығыз байланыста болуы қажет.

ХХІ ғасыр адамына денсаулықты қалыптастыруға үйрену қажет. Валеологиялық мәдениетті қалыптастыру өсіп келе жатқан ұрпақта денсаулықтың мәдениетін қалыптастыру мақсатына жетудің басты шарты.
Салауаттану - тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым.
Әлеумет себепші болған аурулар санының өсуіне, адамның әлеуметтік биологиялық мәні арасындағы қарама - қайшылықтардың шиеленісуіне байланысты - салауаттанудың пайда болуы заңдылық. Салауаттану ғылымы аурудың алғашқы алдын алу әдіснамасын, денсаулықты сақтау және нығайту амалдары мен әдістерін зерттейтін салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми негізі болып табылады.
Салауаттанудың ролі - адамның ішкі биологиялық табиғатымен, өзін қоршаған тірі және өлі табиғатпен өзара әсері сапасын өзгерту, кикілжіңнің көзін жою болып табылады. Салауаттану ғылымы "қалай денсаулықты сақтаудың" ұстанымдары мен тетіктерін зерттейді. Салауаттану нысаны, біріншіден - дені сау адам, екіншіден - оны қоршағандардың барлығы және денсаулыққа әрекет етуші факторлар, үшіншіден - аурудың пайда болу себептері, организмнің дені сау күйге оралу тетігі, қорғануға бейімделу тетіктері, төртіншіден - сақтандыру және сауықтыру шаралары болып табылады.
Сонымен, жоғарыда айтылған мәліметтерден әркімнің өзінің денсаулығының нашарлауына өзі кінәлі екенін көруге болады. Ауруды ағзаға жолатпау, адамның өз қолында. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті.

Салауаттану дегеніміз не?
«Салауаттану» орыстың «валеология» сөзінен шыққан. Ол денсаулық ғылымы деген мағынаны білдіреді. Бұл ғылым қалай салауатты болудың, денсаулықты сақтаудың жолдарын үйретеді. Ол қоршаған ортаның зиянды әсерінен, түрлі аурулардан сақтануға көмектеседі. Денсаулықты сақтау үшін мыналарды орындауың қажет:
• жеке бас гигиенасын сақта;
• күн тәртібін орында;
• денешынықтырумен айналыс;
• дұрыс тамақтан
• ағзаңды шыңда
• белсенді және көңілді бол.

Денсаулық - біздің басты байлығымыз. Өз денсаулығын сақтау - әр адамның парызы.
Дұрыс тамақтану
Ағзаны шынықтыру
Гигиенаны сақтау
Денсаулыққа зиянды заттар
Дұрыс тамақтанудың 10 кеңесі
1) Суды аш қарынға ішіңіз
2) Ыстық шайды ас қабылдау кезінде ішіңіз
3) «Күніне бір алма сізді барлық дерттерден қорғайды» дейді ұлттық даналық
4) Иммунитетті күшейтіңіз
5) Асты дұрыс қабылдаңыз
6) Кейбір өнімдерді қабылдауды шектеңіздер
7) Барлық аурулар тістерден
8) Тамақты жақсылап шайнаңыз
9) Өз салмағыңызды қадағалап жүріңіз
10) Салауатты өмір сүру салты - ұзақ өмір сүрудің жолы!
Тағамды ластандыратын бактерияларды жұқтырмау үшін:
1) Қолыңызды жуыңыз, жемістер мен көкөністерді жуыңыз.
2) Сатып алу, тамақ әзірлеу және сақтау кезінде шикі, пісірілген және пайдалануға дайын тағамдарды бір - бірінен бөлек ұстаңыздар.
3) Микроорганизмдерді жою үшін тамақ əзірлеу кезінде оларды қауіпсіз температураға дейін қыздырыңыздар.
4) Жылдам бұзылатын тамақтарды тоңазытқышта сақтаңыздар.
5) Мыналарды пайдаланудан алшақ болыңыздар:
• шикі (пастерленбеген) сүттен және құрамына пастерленбеген сүт кіретін тағамдардан;
• шикі не шала пісірілген жұмыртқалардан, құрамына шикі жұмыртқа кіретін тағамдардан
• шикі немесе шала піскен еттерден, тауық етінен;
• пастерленбеген шырыннан.

© 2010-2022