Сыныптан тыс іс-шара Менің болашақ мамандығым

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныптан тыс іс-шара Менің болашақ мамандығымСыныптан тыс іс-шара Менің болашақ мамандығымСыныптан тыс іс-шара Менің болашақ мамандығымСыныптан тыс іс-шара Менің болашақ мамандығымСыныптан тыс іс-шара Менің болашақ мамандығымСыныптан тыс іс-шара Менің болашақ мамандығымМенің болашақ мамандығым

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың білім шыңына талпынуда алғашқы қадам жасаулары үшін бойларында қандай қасиеттер болуы керек, неге бейімделу керктігі жайлы ойларын білу, ой бөлісу.

Дамытушылық: Жеке тұлғаның сапалық қасиеттерін арттыру, жеке тұлға қалыптастыру бағытында дүниетанымын кеңейту.

Тәрбиелілік: Оқушыларды терең білім алу жолында үздіксіз еңбектенуге, Отансүйгіштікке, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз мамандығын дұрыс таңдай білуіне дұрыс бағыт-бағдар беру.

Көрнекілігі: Қанатты сөздер, қима қағаздар, слайдтар.

Мұғалім сөзі:

Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгін баршамыз 5 «А» сыныбының «Менің болашақ мамандығым» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатында жиналып отырмыз. Тәрбие сағаты дөңгелек үстел түрінде өтеді. Тәрбие сағатының негізі мақсаты бүгінгі мектеп оқушыларының білім шыңына талпынудағы алғашқы қадам жасаулары үшін бойларында қандай асыл қасиеттер болуы керек, қандай мамандыққа бейімделулері керектігі жайлы ой бөлісу. Әрбіреуіңнің алдарыңа қойған басты мақсаттары бар, бұл - білім шыңына талпыну, жүректеріңмен қалаған мамандықтарыңның иесі болып, өз елінің ертеңі, тірегі болу. Маман даярлау мәселесі қай кезеңде болсын, қай мемлекетте болсын өзекті мәселелердің бірі.

Қазіргі таңда мамандық таңдау кешегі күнге қарағанда әлдеқайда қиын. Өйткені, заман сұранысына байланысты көптеген жаңа мамандықтар ашылып, даярлануда. Көпшілік, соның бірін білсе, бірін білмей жатады. Солардың ішінде өзгеріссіз қалған мұғалім, оқытушы мамандығы, қашанда сұранысқа ие, сондықтан да өмірлік мамандықтар қатарынан орын алады

Іргелі іс - ізденістен туындар,

Бар ізгілік - тек білімнен алынар

Білімменен өмірге жол салынар - дегендей әр адам ең алдымен орта білім (мектепте) алады, одан кейін таңдаған кәсіби мамандықтарына қарай арнаулы орта білім мен жоғары білім алады.

Оқушылар! Осылардың ішіндегі қайталанбайтыны әрі қызықтысы да алдағы сендердің 11 жыл бойына мектеп партасында отырып алатын білімдерің! Білім негізі бастауыш сыныптан қаланып, әрі қарай толыға түсетіні белгілі, әрі ол қайталанбайды да.

Балалар! Өмірде мынандай екі қағида болатын 1-сі мамандық таңдаудан қателеспе, 2-сі өмірлік жар таңдаудан қателеспеу. Бүгінде де заман талабына сай, «Өмір бойына білім алу» әрбір Қазақстандықтың жеке кредосына айналу керектігі Елбасымыздың биылғы «Болашақтың іргетасын бірге қалаймыз» атты Жолдауында айтылып отыр, бүгінде өз жүрек қалауларыңмен бір ғана емес, бірнеше мамандықтың иесі болуларыңа болады.

  • Қандай маман иесі болсаң да адам деген атаққа лайық болуларың керек. Ол үшін адам бойындағы асыл қасиеттерді жоғалтпауымыз керек. Қандай асыл қасиеттер болуы керек деп ойлайсыңдар? Шыдамдылық, шыншылдық, отансүйгіштік, сыйластық, адамгершілік, еңбекқорлық, қайырымдылық, мәдениеттілік!

  • Сендерге қандай мамандық ұнайды? Неге?

1 - кезең «Менің ой - пікірім!» Әр оқушы әр мамандық жайлы пікір алысады. Әр мамандықтың ерекшелігін атап өтеді. Бір - біріне сұрақ қою арқылы өз пікілерімен алмасады.

  1. Сендерге қандай мамандық ұнайды? Неге?

  2. Мамандықтың қандай салаларын білесіңдер, сендер қай саланы таңдар едіңдер, және ойларыңды дәлелдеңдер.

  3. Қыз баланың және ұл баланың қандай мамандықты таңдағаны дұрыс деп ойлайсыңдар? Неліктен олай ойлайсыңдар, ойларыңды дәлелдеңдер

  4. Өздерің қандай мамандықты қалар едіңдер?

  5. Оқушылар, адам өмірінде неге мамандықты ауыстыруы мүмкін? (мамандығы бойынша жұмыс таба алмауы мүмкін, жұмысы ұнамауы мүмкін, қиыншылықтарына төзе алмауы мүмкін, асығыс таңдауы мүмкін, ұжыммен келіспеушілік туындауы мүмкін, өз мамандығын дұрыс меңгермеуі мүмкін т.б)

2 - кезең «Ойлан да тап!»

Берілген жұмбақтардың жауатарын тап (слайд)

Айлар бойы жүзедi,

Жердi көрмей жүредi.

Ақ жал таумен алысқан,

Адамды кiм бiледi?

Өрнектеп, сәндеп,

Тiгiстерiн бүгетiн.

Солпысын жөндеп,

Кiм көйлек тiгедi?

Қалпағы ақ қарасаң,

Дәрiгер емес, бiрақ ол.

Дәм мәзiрiн қаласаң,

Алға ұсынып тұрады ол.

Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,

Ысқырығы күшті адам.

3 - кезең «Өнерлі маман»

Әр оқушы дайындап келген өлең шумақтары мен эсселарын оқиды, таныстырып өтеді.

4 - кезең «Мен мамандық иесімін»

Қалаған мамандыққа ие болу үшін сенің ойынша қандай негізгі талаптар керек?

Менің болашақ

мамандығым

5

4

3

2

1

Сынып сағатымыздың қорытынды бөліміне де келіп жеттік.

Қорытынды бөліміміз «Армандарға жетсек деген тілекпен» деп аталады.

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,

Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,

Үлкен болып қалу үшін ғаламда,

Үлкен арман керек екен адамға -деп Мұхтар Шаханов жырлағандай, әр шәкірттің жүрегінде «Үлкен арман-тілегі бар». Сол тілектеріңізді алдарыңыздағы парақшаларға жазып, құпия түрде «Тілек сандықшасына» саламыз және бәріне «Мен болашақта қандай маман боламын?» деген сауал қоя отырып, еркін микрафон ұсынамын.

Осымен тәрбие сағатымызды қортындылай отырып, сіздерге айтарым: білім шыңына деген қанаттарыңды қатайтамын десеңдер - уақытты мазмұнды ұйымдастырып, күндеріңді бос өткізбей дайындық жасап, ата-аналарыңның, ұстаздарыңның айтқанын мұқият тыңдаңдар! Сендер бүгінгі шәкірт - мектеп түлегі болса, Егемен еліміздің ертеңгі болашағысыңдар! Алдағы үлкен сыннан сүрінбей өтіп, жүрегімен қалаған мамандығының иесі болып, өмірден өз орындарыңды табуларыңа тілектеспін! Және де сендерге мынадай естеліктер ұсынсам деймін.

Талмасын қанат,сөнбесін үміт,

Армандар алға жалғансын.

Соқса да дауыл,өрт болып өмір

Қанаттар балғын талмасын

© 2010-2022