Мектептің тәрбие үдерісіндегі тәлімгерлік

Раздел Классному руководителю
Класс 12 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

21.11.2014

Коучинг:Бекбауов Нурбек

семинар

Семинардың тақырыбы

«Мектептің тәрбие үдерісіндегі тәлімгерлік»

Мақсаты

Күн тәртібі

Әріптестерге бағдарлама бойынша теориялық мағлұмат беру, кеңесу, әріптестердің жаңа әдіс-тәсілдерге көзқарастарын көру. Мектептің тәрбие жұмысындағы тәлімгерлікке жетекші етуге бағыттау;

Оқыту семинарының барысында Үшінші (негізгі) деңгейлік 3 айлық курс бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, мастер-кластар жүргізу.

1*Теориялық бөлім:

бағдарлама идеяларын ашып көрсету, түсіндіру.

2*Практикалық бөлім:

Топқа бөлу стратегиясын түсіндіру

*Рефлексия: Екі жұлдыз, бір тілек әдісі бойынша семинарға баға беру

Мұғалім іс-әрекеті

Әріптестердің іс-әрекеті

1

Кіріспе сөз. Тақырыппен таныстыру

2

«Мұғалім не үшін өзгеру керек?» -ой салу, әріптестердің жауабын күту.

Сұраққа толық-қанды жауап беру.

3

«Мұғалімдер неліктен өзгеру керек» үлестірме қағаз тарату

Мұғалімнің берген үлестірме парағымен өз ойларын салыстыру

4

«Болашақтың мектебі» үзінді бейне материал көрсету «Мир меняется»

Бейне материал бойынша негізгі ойды түйіп алу

5

І. Теориялық бөлім:

бағдарлама идеяларын ашып көрсету, түсіндіру. Қысқаша тоқталу

Бағдарламаның идеяларын талдау, білімге деген көзқарасты өзгерту керектігін, заман талаптарының күшеюі туралы ой қозғау, талдау.

6

ІІ. Практикалық бөлім:

Топқа бөлу стратегиясын түсіндіру. Суреттік мозайкамен бөліну

Ата-ана, мұғалім, мектеп топтарына бөліну.

7

Топ ережесін айқындау

Бірлесе отырып топ ережелерін анықтау, белгілеу.

8.

Топтың атына сәйкес ұранын анықтау.

Мұғалімдер тобы: «Мұғалім мектептің ұйтқысы, негізгі қозғау механизмі»

Сынып жетекшілер тобы: «Мектептің жүрегі баланың ұжымдық ұстазы»

Мектеп тобы: «Мектеп-кеме, білім-теңіз, теңізде жүзіп жүрген кеменің үнемі жолы болғай»

9

Мағынаны ашу, сыни көзқарас қалыптастыру 1. «Мінсіз...» (мінсіз сынып жетекшісі, мұғалім және мінсіз мектеп бейнесін көрсету»

2. Уақытылы және өзекті: сынып жетекшілерінің қызметін бағалау өлшемдері

3. «СЕРГІТУ» ТРЕНИНГІ

4. Сынып жетекшілердің қиындықтан шығуын қалай түсінеміз не істеу керек? Мекттептегі тәрбие үдерісіндегі тәлімгерлікті қалай жоспарлаймыз?

Флипчартта мінсіз «бейнесін» кескіндеу, қорғау.

Кесте толтыру ой-бөлісу;

--------------------------

Постер қорғау

10.

Қорытындылау: Сухомлинский сөзі: "Мұғалімдік мамандық - бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер - ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады" Барлық өмірлік іске сәттілік тілейміз! Слайдпен көрсету

Қорытынды ой: әріптестердің сөзі


11

Рефлексия: Екі жұлдыз, бір тілек әдісі бойынша семинарға баға беру ; Эдвард де Боно "6 ойлау шляпасы"

Стикерлерді толтырып, тақтада тұрған тілектер мен ұсыныстар кітабына жабыстырады.

12

Қосымша материалдар

Бейнефильм «Әлем өзгереді, біз де өзгереміз», топқа бөлу парақтары, «тілектер мен ұсыныстар» кітабы.



© 2010-2022