Ұстаз аты-биік әрі, мәңгілік. .. тәрбие сағаты

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


№ 249 мектеп-лицей




















«Ұстаз аты-биік,әрі мәңгілік...»








Сынып: 5 «А»

Сынып жетекшісі: Наурызова Гүлжан



















2015-2016 оқу жылы


Күні:


Мақсаты: оқушылардың бойына ұстаз деген ерекше жылы сезім қалыптастыру. Оқушыны ұстазды құрметтеуге, сыйлауға, қадірлеуге, ұстаз еңбегін бағалай білуге үйрету. Адамгершілікке, кішіпейілділікке, ұстазға құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Көрнектілігі: гүлдер, шарлар, нақыл сөздер, DVD колонка, компьютер, домбыра, қобыз, баян

Формасы: мерекелік кеш


Би: «Ерке сылқым» күйіне қойылған қазақ биімен кешті ашамыз


1 - жүргізуші:

Ұстаз деген - ұлағаттың шайыры,

Қадірінің тиетұғын қайыры.

Ұстаз деген - шуағы мол шапағат,

Шаршамайтын, шалдықпайтын, тәйірі


2 - жүргізуші:

Ұстаз деген - ұстаз болып туғандар,

Ұлылықты ұлықтаған имандар.

Ұрпағының ертеңіне жол ашып,

Өмірінің әр шақтарын қиғандар.


1 - жүргізуші : Армысыздар,ұлт ұрандарына ұлылықты ұғындыруға ұмтылған асыл ұстаздар!

2 - жүргізуші: Бармысыздар,ғибратты ғақлияның меруерт моншағын тізген қымбатты ұстаздар!

3 - жүргізуші: Саламатсыздар ма,ұлт зердесінің заңғарына айналған білім ордамыздың аяулы ұстаздары!

1 - жүргізуші: Сіздерді бүгінгі мерейлі мерекемен шын жүректен

Хор: құттықтаймыз!

1 - жүргізуші:

Той басталды бүгін бізде халайық,

Ақ тілекпен алға қадам басайық

Келіп жеткен Ұстаздар күнінде,

Биде билеп,әннен шашу шашайық


2 - жүргізуші: Бүгінгі айтулы мерекеде ұстаздар қауымын тағы да құттықтай келе «Мереке» әнін жолдайын.

3 - жүргізуші: Жарайсың, Ұлту. Дауысың қандай керемет еді


Франковский

Бүгін - шәкіртке білім нәрін себуші,ғазиз жандардың шаттыққа кенелген күні!

Бүгін - бала жанының бағбаны,жүрегі мейірімге толы ұстаздарымыздың тамаша күні!

Бүгін - шәкірттердің ұстаздарға деген ыстық ықыласын білдіретін ғажайып күні!

Қымбатты біздің алтын ұстаздар,

Асыл ұстаздар,

Аяулы ұстаздар

Хор: мерекелеріңіз құтты болсын!

Ұстаз деген - жарық күні ғаламның

Ұстаз деген - анасы ол адамның

Ұстаз деген - ұлылардың ұлысы

Хор: Қасиетіне бас иеміз мәңгілік

1 жүргізуші: Ұстаздар мерекесіне орай ұйымдастырылған бүгінгі мерекелік кешіміздің сыйлы қонағы аяулы ана, асыл әже, бармағынан бал тамған аспазшы Күләш апай біздің ортамызда.

2 жүргізуші: Күләш апай, «Қос тойың қабат келсін дегендей» Ұстаздар мерекесі күнімен қатарлас 1

қазан қарттар күні болса, осы айдың 20-сы аспазшылар күні екен. Сізді алда келе жатқан мерекеңізбен құттықтаймын!


3-жүргізуші: Асылхан мен Қуаныш сіздің аналық жүрегіңізге «Анашым» әнін арнайды.


орындайтындар: Айдарбай Асылхан, Амангелді Қуаныш


І жүргізуші: Ал мен «өнер» сыныбы атанып, өнер көгінде қанаттары талмай жүрген сыныптас достарымды мерейлі мерекемен қатарлас келген халықаралық музыка күнімен құттықтаймын!

2 жүргізуші: Біздің сыныпта өнерді бағындырып келе жатқан талант иелері жетерлік.

3 жүргізуші: Ең алғаш қаламмен бірге домбыра ұстап, музыканың құдіретін түсінген Ғани мен Аделде күйден шашу шашып, өз өнерлерін көрсету үшін ортаға шақырамыз


Күй: Қазанғаптың күйі «Шынаяқ тастар» орындайтындар: Амит Адель, Ғани Қанат


3 жүргізуші: Жарайсыңдар! Өнерлерін өрге жүзсін!

Не болды Ұлту ойланып кетіпсің ғой?

2 жүргізуші: Домбырада күй тыңдасам, ішкі жан дүнием рахаттанып бір демалып қаламын.


1 жүргізуші: Күләш апай, өткен жолыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өзіңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер. Ең алғашқы ұстазың есіңізде ме? Сіздің ойыңызша, ұстазға тән қасиет кез келген адам бойында кездесе ме?

1 жүргізуші: Рахмет, апай


1 жүргізуші: Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі болғандықтан айтылар жыр,шырқалар ән тек ұстаздарға арналмақ.

3 жүргізуші: Дұрыс айтасың Қанат, мен ұстаздарға деген ризашылығымды,ыстық ықыласымды білдіру үшін ,осы күнді асыға күттім.

2 жүргізуші: Олай болса, Зульфира сенің ұстаздарға арнаған өзіңнің жүрек жарды жырың бар шығар тыңдап көрелік.

3 жүргізуші: Қымбатты асыл ұстаздар сіздерге арнаған арнауымды қабыл алыңыздар!


Ұстазға арнау (оқитын Құдайберген Зульфира)


3 жүргізуші: Достар,егерде мен суретші болсам,ең әсем бейнені ұстаздарға арнар едім.

2 жүргізуші: Шіркін, егерде мен сәулетші болсам, ең көрікті ғимаратты ұстаздарға салар едім.

1 жүргізуші: Ал, егерде мен әнші болсам,шырқалар әсем әнді тек ұстаздарға шырқар едім. Сөзімнің дәлелі ретінде бүгінгі айтулы мерекеде ұстаздар қауымына әсем әнімді арнаймын


Ән: «Земля моя» орындайтын: Ғани Қанат


3 жүргізуші: Рахмет, Қанат. Өнердің биік белесіне көріне бер

І жүргізуші: Зульфира, Ұлту мен біздің сыныптың мың бұралған биші қыздарының билеген билеріңе тәнтімін. Қимылдарың қандай керемет еді. Адамды баурап,еріксіз билетеді екен.

2 жүргізуші: Иә, біздің сыныптың биші қыздарына жету қайда...


Би : твист


І жүргізуші: Біз Қорқыт бабамыздың әруағы қолдап,киесі дарыған ән мен жырдың ордасы қасиетті шаңырақта білім алудамыз.

2 жүргізуші: Дұрыс айтасың, ұлы дала дүбірін шанағына сыйғызып, өр бабамның сарынын қияғына қондырған , екі дүниенің елшісіндей болған қобыз біздің төрімізде.

3 жүргізуші: Біздің Жанерке қобыз құдіретін терең сезініп,өнер киесіне бас иіп, тағзым етіп келеді.

І жүргізуші: Олай болса, қобыздың үнін тыңбап, бір сәт сырлы әлемнің тұңғиығына бірге шомайықшы


Лайбай Жанерке қобыз аспабының орындауында шығарма


2 жүргізуші: рахмет, Жанерке! Қобыздың сарынымен кие дарысын!


3- Жүргізуші: «Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.

1-жүргізуші: Ендеше сыныптың шәкірттері асыл ұстазына деген жылы лебізі мен шәкірттік асқақ махаббатын Рамазан мен Бабабек әсем әнімен жеткізгісі келеді екен.

Ән: «Ұстазым» әні орындайтындар: Самалұлы Рамазан, Адилбаев Бабабек


2-жүргіуші: үнді биі орындайтын: сыныптың бір топ биші қыздары


1-жүргізуші: Күләш апай, менің білуімше апай сіз дайындаған астың дәмі тіл үйіреді деседі. Бармағыңыздың қандай сиқыры бар? Құпиясы болмаса сырыңызбен бөліссек

2 жүргізуші: Рахмет, апай! Қолыңыз дерт көрмесін!

3- жүргізуші: Келесі шырқалар әсем ән Күләш апайға және барша ұстаздарға арналады

Ән: «Ариайдай» орындайтын Мұратова Бекзат


3-жүргіуші: Біле білсеңдер,біздің мектебіміздің іші алтын ұстаздар мен алтын шәкірттерге толы. Өнер көгінде,білім бәйгесінде биіктерден көрініп жүрген шәкірттерді тәрбиелеп жүрген ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін.

2-Жүргізуші: Біз Ұстаз туралы қанша мақтау мадақ сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Олай болса,қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған алғысын,ыстық ықыласын өлең-шумақтары арқылы білдіреді. Ендеше кезек берелік.

Өлең оқу: Айдарбай Асылған, Есет Жансая


3-жүргіуші: Күләш апай, мерекелік кештегі әсеріңіз, қандай көңіл күйдесіз? Сіздің алдыңызда болашақта елдің елдігін танытып,ұлылыққа ұмтылған ұрпақ тұр. Осы жас өркенге өзіңіздің ақ тілегіңіз бен батаңызды білдірсеңіз

1 жүргізуші: Рахмет, ыстық лебіңізге. Айтылған тілектеріңіз қабыл болғай! Алтын уақытыңызды бөліп келгеніңізге алғысымыз шексіз. Жылы жүзіңізден нұр кетпесін.

Хор: «Ұстазым менің ұстазым»


1-жүргізуші: Шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыр, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір ұстаздар төл мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!!!

.3- Жүргізуші:Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз

2-жүргізуші: Бүгінгі мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Жақсы күнде жолыққанша қош сау болыңыздар!


































(2 қонаққа сұрақ: «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қатар қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз? Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немес бір жағдай болды ма? Сіздерге көп рахмет, аяулы да мейірбан ұстаздар)









Күләш апай мына қоржынды сыныптағы барлық оқушылардың жүрек жарды ақ тілегі ақтарылған

Осы қоржынды біз ержеткен шақта арман тілектеріміздің куәгері болғайсыз деге нниетпен табыс етеміз.










© 2010-2022