План по казакскому языку Өрелі ісімен өрнектелген өмір

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

План по казакскому языку Өрелі ісімен өрнектелген өмірПлан по казакскому языку Өрелі ісімен өрнектелген өмірПлан по казакскому языку Өрелі ісімен өрнектелген өмірПлан по казакскому языку Өрелі ісімен өрнектелген өмірПлан по казакскому языку Өрелі ісімен өрнектелген өмірПлан по казакскому языку Өрелі ісімен өрнектелген өмірПлан по казакскому языку Өрелі ісімен өрнектелген өмірПлан по казакскому языку Өрелі ісімен өрнектелген өмірПлан по казакскому языку Өрелі ісімен өрнектелген өмірПлан по казакскому языку Өрелі ісімен өрнектелген өмірПлан по казакскому языку Өрелі ісімен өрнектелген өмірПлан по казакскому языку Өрелі ісімен өрнектелген өмірПлан по казакскому языку Өрелі ісімен өрнектелген өмірПлан по казакскому языку Өрелі ісімен өрнектелген өмірПлан по казакскому языку Өрелі ісімен өрнектелген өмірПлан по казакскому языку Өрелі ісімен өрнектелген өмірПлан по казакскому языку Өрелі ісімен өрнектелген өмірПлан по казакскому языку Өрелі ісімен өрнектелген өмірПлан по казакскому языку Өрелі ісімен өрнектелген өмірПлан по казакскому языку Өрелі ісімен өрнектелген өмірӨрелі ісімен өрнектелген өмір

(Абдан атаның 95 жылдық мерей тойы )

Мақсаты: Абдан атаның өмір жолының тәрбиелік мәнін түсіндіру

Көрнекіліктер,құрал- жабдықтар: компьютер, Microsoft PowerPoint презентациясы

Сабақтың түрі: Өнегелі өмірден үлгі алу .

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сыни тұрғысынан ойлау. Ой шақыру, пікірлесу, топтастыру стратегиясы.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Абдан ата!Дидарыңыз жарық күн,

Ерлігіңді ұрпағыңа таныттың.

Саясаттың дауылына сынбаған,

Өзіңіз ғой бәйтерегі тарихтың.

Ғұмыр кешпей қара бастың қамы үшін,

Қорғадыңыз ел мен жердің намысын.

Тарих өзі таразылар,танытар,

Ұлы қазақ Төлеповтің сан ісін.

Өрелі ісімен өрнектелген Төлепов Абдан атамыздың ерлігін елге өнеге,еңбегі ұрпаққа тәрбие болар Ұлы Отан соғысының ардагері,Қазығұрттың Құрметті азаматының 95 жылдық мерей тойына хош келдіңіздер!

Барлықтарыңызды көктем айындағы өткен ең шырайлы мерекелермен шын жүректен құттықтаймыз.Биыл Қазақ Хандығының 550 жылдығын тойлаудамыз.Ұлы Жеңістің 70

жылдық, ҚР Конституциямызға 20 жыл толып отыр.Атамыздың 95 жылдық мерей тойы осы мерекелермен тұспа тұс келіп отыр.

Ұмытылмайтын,ескірмейтін тарихи оқиғалар болады.Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетінің куәгері ,қан майдандағы ерлік қимылдары үшін І дәрежелі «Отан соғысы» ордені мен «Жауынгерлік ерлігі үшін»және басқа көптеген төсбелгілердің иегері Абдан атамыз бен елге танымал қазыналы қарттарымыздың, бабаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан да ұмытпақ емес. 1 минуттық еске алу .

Сыныбымыздың үздік оқушылары Амангелді Еркебұлан,Асанова Ұлжалғастың аталарына арналған жыр шашуын қабыл алыңыздар.

«Балауса »бишілер тобын қарсы алайық.Жетекшісі:Оразова Гулнара.

Кешегі сәби балаңыз,

Жарады міне,қараңыз.

Ғылым,білім жолына,

Енді қайық саламыз.

Қайсыбір адамдарда ешкімнің еншісіне бұйыра бермейтін арқалы қасиеті болады.

Ол -дарын!Бұл қасиет ананың құрсағында жатқанда-ақ дариды,яғни дарын адамның маңдайына Алланың жазып қойған «Үздік дипломы». Осындай туа біткен дарын иелерінің бірі,қазақтың қарапайым баласы Абданнан да көріне білді.

Атамыздың балалық шағынан көрініс.

Хор «Ел қорғауға әзірміз»

Сыныбымыздың үздік оқушысы:Құдайберген Бақдәулет

1941 жылы 22-маусымда қанқұйлы фашизмнің қара бұлттай қаптаған қолы Кеңес Одағына соғыс ашты.Бұл соғысқа Қазақстаннан 1 196 164 адам қатысты.

«Жауынгер Абдан» көріністі қабыл алыңыздар.

«Мен соғысты жек көрем» әдеби монтаж.Сыныбымыздың үздіе оқушылары Абай Асем,Құдайберген Бақдәулет,Қалдыбай Айдана Амангелді Еркебұлан.

Батырлық,ерлік қазақтың қанында бар. «Тегінде бар тек жатпас» деген,Төлептің ұрпағы небір үлгілерін көрсетті.Сұм соғыста жеңіске жету жолында жауға қарсы ұмтылған Абдан атаның есімі мәңгі ұмытылмайды.

Жаралғандай жалыннан,

Жайсан батыр Ата Абдан.

Естігенде есімін,

Жау есінен жаңылған.

Бұзып жарып қоршауды,

Жолсыз жерден жол салды.

Достары түгіл ерлігін

Қасы да естіп тамсанды.

Бұл соғыс азамат баласы үшін өте зор қырғын майдан болды.Бүгінгі деректерге сүйенсек:бұл соғыста қаза болғандар 56 млн.оның ішінде отандастарымыз 20 млн. Астам құрбан болған деген бар.Соғыс тек қасірет әкелді.

Жауынгер Абдан соғыстан оралады.

1945 жылы 9-мамырында бүкіл адамзат аңсаған 1418 күнге созылған соғыс Жеңіспен бітті.

«Жеңіс туралы » әдеби монтаж.

Ән

Би «Сарбаздар»орындайтын қыздар тобы.

Асанова Ұлжалғас «Ұстаз»жырын қабыл алыңыздар.

«Ұстаз Абдан» көрініс

«Дана Абдан»бейнероликті тамашалау.

«Жақсының аты өлмейді»демекші Абдан атамыздың ерлігін насихаттауға арналған естелікті қабыл алыңыздар.Асанова Ұлжалғас,Шмадияр Жабайхан,Исақ Бейбіт.

Оқушыларымыздың шығармаларын сіздерге ұсынамыз.

«Аталар өсиеті»сахналық көрініс.

Хор «Өнер қарлығаштары»

Би 2 «В»сынып оқушылары

Абдан ата сыныбында төрт жыл білім алған шәкірттердің өздерінен кейін қадам басып келе жатқан болашақ

Қорытынды: Абдан ата есімі сақталады,

Жыр болып жүректерде жатталады.

Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,

Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.

«Болашақ»мектеп гимназиясының директоры Нұрқұл Жанат Қаныбекқызына сөз тізгінін берейік.

«Артында баласы қалды,көзі қалды де,

Сөзі қалса,өзі қалды де»дегендей атамның өзі де,көзі де арамызда.Қызы Анапия Абданқызы мен үлкен ұлы Әнуар Абданұлына сөз кезегін берейік.

Осындай ерліктің ерен үлгісін көрсетіп,артына өшпес із қалдырған Абдан атаның ісін ұмытпай тарихымызда жаңғыртып отыру-бүгінгі ұрпақтың парызы.Елім деп туған Абдан атаның есімі қаншама ғасыр өтсе де ел есінде мәңгі сақталары сөзсіз.Осымен Абдан атаның 95 жылдығына арналған «Өрелі ісімен өрнектелген өмір»атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Рефлексия

Сынып жетекшісі Байжарқынова Шарипа Абдешқызы





















Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Психологиялық икем.

Күн көзіндей күлімдеп,

Көңілді болып жүрейік.

Қазіргі болар сабаққа

Жүректен ақ жол тілейік!

2. Бақылау күнделігімен жұмыс.

Аурайының температурасы +15С, жауын-шашын жоқ, аспан ашық.

(бақылау күнделіктеріне белгілеу.)

ІІ. І. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен сабақтарға байланысты тест сұрақтарына жауап беру.

1 сұрақ. Қазақстан Республикасының рәміздерін белгіле:

а) Орден, медаль, теңге

в) Ту, Елтаңба, Әнұран

с) Мөр, жұлдызша, жалау

2 сұрақ. Әнұраннның сөзін жазғандар...

а) Шәкен Ниязбеков, Нұрсұлтан Назарбаев

в) Шота Уалиханов, Нұрсұлтан Назарбаев

с) Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

3 сұрақ. Тудың авторы...

а) Жандарбек Мәлібеков

в) Шәмші Қалдаяқов

с) Шәкен Ниязбеков

4 сұрақ. Әнұранның музыкасын жазған....

а) Шота Уалиханов

в) Шәмші Қалдаяқов

с) Нұрсұлтан Назарбаев

5 сұрақ. ҚР- сы Конституциясының нешінші бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі" деп көрсетілген?

а) 7- бабында

в) 8 -бабында

с) 3- бабында

6 сұрақ. Қазақстан Республикасының Парламенті «Тіл туралы » Заңды қашан қабылдаған?

а) 1992 жылы 4 маусым

в) 1997 жылы 11 шілде

с) 1991 жылы 16 желтоқсан

7 сұрақ. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-....

а) орыс тілі

в) ана тілі

с) қазақ тілі

8 сұрақ. Қазақстан Республикасының ұлтаралық қарым-қатынас тілі-...

а) орыс тілі

в)мемлекеттік тіл

с) қазақ тілі

ІІ.ІІ. Өзіңді өзің тексер:

а

в

с

1 сұрақ


+



а

в

с

2 сұрақ



+


а

в

с

3 сұрақ



+


а

в

с

4 сұрақ


+



а

в

с

5 сұрақ

+




а

в

с

6 сұрақ


+



а

в

с

7 сұрақ



+


а

в

с

8 сұрақ

+



8 сұрақ- «5»

7-6 сұрақ- «4»

5-3 сұрақ- «3»

1-2 сұрақ- «2»

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық. Ребусты шеш.

( қар уық лақ Ы күшік тер)

-Қарулы Күштер.

-Дұрыс. Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Егеменді ел қорғаны-Қарулы Күштер»

- Қарулы Күштер дегенді қалай түсінесіңдер?

- Әскер, Отанға қызымет ететін жауынгерлер.

-Әр мемлекеттің Қарулы Күштері болады.

-Қарулы Күштер не үшін керек деп ойлайсыңдар?

- Елді, жерді, Отанды қорғау үшін.

ІV. Жаңа сабақ.

1. Әр мемлекеттің өзінің - Қарулы Күштері болады. Республика Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы- Президент. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің

Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н.Ә. Назарбаев. Президент Қарулы Күштердің жоғарғы қолбасшыларын қызметке тағайындайды. Қазақстан Қарулы Күштерінің жоғарғы қолбасшысы Әділбек Жақсыбеков

План по казакскому языку Өрелі ісімен өрнектелген өмір2.

Әскери теңіз

Президенттік гвардия

Әсекри әуе

Құрылық


V. Сергіту сәті. Ән тыңдау. Сарбаздар (қимыл жасау, бір орында адымдау)

VІ. Ой шақыру. Қаздауысты Қазыбек би:

Біз, қазақ-мал баққан елміз,

Ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз.

Басымыздан құт-береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз,

Басымыздан сөз асырмаған елміз.

Достықты сақтай білген елміз.

Дәм-тұзды ақтай білген елміз. Осы нақыл сөзден ойға не түйдіңдер?

-Қазақ халқы достықты, бейбітшілікті жақтайтын ел, басқа елдермен жауласпаған, егер жау шапса аянбай елді қорғай білетін елміз деген.

VІІ. Оқулықпен жұмыс.1.Өздіктерінен оқу.

2. Топпен жұмыс.

Ойларын топтастыру.

І тап. ІІ топ.

Қазақ хандығы тұсындағы қазақ батырлары

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандық батырлар





2. Оқулық суреттерімен жұмыс.

Талған Бигелдинов, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова.

Ұшқыш пулеметші мерген


  • Оларды біз қай уақыттарда еске алып, ескерткіштерге гүл шоқтарын қоямыз?

  • 9 мамыр -Жеңіс күні.

VІІІ. Қорытынды.

  1. ҚР Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы кім?

  2. ҚР Қарулы Күштердің жоғарғы қолбасшысы кім?

  3. Қазақстанның Қарулы Күштерін ата

  4. Президенттің тікелей өз қамқорлығындағы әскер тобы қалай аталады?

  5. Қарулы Күштер мерекесі қай күні аталып өтіледі?

  6. 9 мамыр- Жеңіс күні деп неге белгіленген ?

ІХ. Үйге тапсырма. Мәтінді түсініп оқу. Батыр,ерлік туралы мақал -мәтел жазу.

«Отанды қорғау-басты парызың» ой толғау жазу.(жоғары деңгей оқушылары)

Х. Бағалау.

© 2010-2022