Мамандық таңдаудың бір жолы-кәсіби бағдар беру

Раздел Классному руководителю
Класс 9 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мамандық таңдаудың бір жолы- кәсіби бағдар беру.

Ж.Аймауытов: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл - жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе», - дейді. Рас, жас жеткіншек тек өз жүрек қалауымен ғана таңдаған мамандықтың шебері бола алады, яғни мамандық таңдау - жай ғана оқып, диплом ала салу емес, өмірлік жолыңды айқындау. Бірақ кейбір ата-ана, туған-туыс оған мән бермей, жеткіншектің көңілі қаламаған мамандыққа еріксіз апарады. Оның нәтижесі қандай? Олардың бірі - оқудан шықса, бірі - қаламаған мамандығы бойынша ілініп-салынып жұмыс істеп жүреді. Осы орайда қазіргі мектеп оқушыларына мамандық таңдауда кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарын жандандыруды қолға алу қажет.

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжде мектеп оқушыларына болашақ мамандығын таңдау үшін кәсіби бағдар беру колледж директоры, п.ғ.д., профессор Ш.Х.Құрманалинаның басшылығымен жоспарлы түрде жолға қойылған. Директордың ОӨЖЖ орынбасары М.С.Мұқашевтың ұйымдастыруымен педагогика, психология кафедрасы оқытушылары «Мамандық - өмірлік таңдау» тақырыбында кәсіптік бағдар беру үшін қалалық мектептерге "Ашық есік" күнін ұйымдастырды. Шараның мақсаты: оқушыларға болашақ мамандығын таңдауға көмектесу, мұғалімдік мамандықтың ерекшелігін біліктілігіне қарай ұғындыру, қызмет мазмұнын, жеке тұлғаны қалыптастыру бағыттарымен таныстыру. Оқушылардың болашақта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу.

Шараға қаладағы №1, №19, №23, №36 мектептен 52 оқушы мен мұғалімдері қатысты. Кафедра оқытушылары Р.М.Ғалымова, В.А.Даулетова, А.Б.Сарсенғалиева,Л.С.Есеновалар ғасырдан аса колледж тарихымен, студенттер мен оқытушылар жетістіктерімен, ғылыми-әдістемелік жұмыстар мазмұнымен, заман талабына сай ақпараттық, мультимедиялық құралдармен жабдықталған оқу кабинеттері мен шеберхана залдарымен таныстырды. Келген қонақтар мен 9-11 сынып оқушыларына қошемет көрсетіліп, шара өз жалғасын тапты.

Шара Атақты ғұлама Әл - Фарабидің

Ісім оңсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз.

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз - деп айтқан сөзімен басталды.

Әлемде сан мыңдаған мамандық бар екенін және жыл сайын оған жаңа түрлері қосылып сұранысқа ие болатыны айтылды. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы не білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтар қою арқылы оларға ой тасталды.

Шараға педагогика, психология кафедрасының оқытушылары, колледж түлектері Р.С.Калмурзина, А.Б.Сарсенгалиева,Ж.М. Сахипова, А.Ж. Отарбай, А.М. Сагидулина, А.У.Кидришева Г.С.Нұрашева және кафедра меңгерушілері қатысты.

Жас түлектерден -«Өркен» ҚББ орталығының педагог-ұйымдастырушысы Нарымбаева Мадина қатысып, оқушыларды өз шеберлігімен бір серпілтіп тастады.

Кешегі студент, бүгінгі маман иелеріне өз мамандығы туралы ой бөлісті. .Колледж жанындағы «Жайық Жастары» педагогикалық отряд мүшелері оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруда шығармашылық жұмыстарын көрсетті.

Шараның қорытынды бөлімінде талапкерлерге сауалнама ұсынылды.

Сауалнама қорытындысы бойынша студенттердің мамандықтарға деген сұраныстары мен қызығушылықтары болғаны анықталды. Олар Мұғалімнің қоғамда үлгілі, беделді болатынына көңіл бөлген.( 65пайызды көрсетіп отыр). Мамандық туралы колледжден келген оқытушылардан көбірек мәлімет алғанын жазған.(41 пайыз)

"Бастауыш білім беру"мамандығына оқушылардың 14 пайызы, бейнелеу өнері (10 пайыз) мен технология (12пайыз) мамандығына көбірек ниет білдірген. Біздің колледждің беделі жоғары екені оқушылардың өз жауаптарынан табылғаны бізді қуантты. Шараға қатысқан оқушылар мен ұстаздарға ойын өткізіліп, алғыс айтылды. №1, №19, №23, №36, мектеп мұғалімдері (№36 Джумагалиева Б.Г., №1 Гумарова Д.К.) шара соңында сөз алып, колледж ұжымына ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты.

Мамандық таңдаудың бір жолы- кәсіби бағдар беру. Мамандық таңдаудың бір жолы- кәсіби бағдар беру.Мамандық таңдаудың бір жолы- кәсіби бағдар беру.

Мамандық таңдаудың бір жолы- кәсіби бағдар беру.Мамандық таңдаудың бір жолы- кәсіби бағдар беру.Мамандық таңдаудың бір жолы- кәсіби бағдар беру.

Мамандық таңдаудың бір жолы- кәсіби бағдар беру.Мамандық таңдаудың бір жолы- кәсіби бағдар беру.Мамандық таңдаудың бір жолы- кәсіби бағдар беру.

Мамандық таңдаудың бір жолы- кәсіби бағдар беру. Мамандық таңдаудың бір жолы- кәсіби бағдар беру.Мамандық таңдаудың бір жолы- кәсіби бағдар беру.




Мамандық таңдаудың бір жолы- кәсіби бағдар беру.Мамандық таңдаудың бір жолы- кәсіби бағдар беру.Мамандық таңдаудың бір жолы- кәсіби бағдар беру.

Г.С.Нұрашева-педагогика, психология кафедрасының меңгерушісі.

© 2010-2022