Білгірлер сайысы сыныптан тыс

Раздел Классному руководителю
Класс 3 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар

Мақсаты: Оқушылардың жан-жақты ойлануын, ізденуін,

оқығанын есте сақтауын, іс-жүзінде қолдана білуге

және балалардың қабілетін, логикалық ойлауын тексеру.

Пәнаралық байланысты нығайта отырып алған

білімдерін тиянақтау, оқушылардың білім сапасын

тексеру.

Сабақтың көрнекілігі: шар, нақыл сөздер.

Сабақтың барысы


  1. Ұйымдастыру. Оқушыларды екі топқа бөлемін.

І. Тапқырлар тобы.

ІІ. Алғырлар тобы.

  1. Бәйге

  2. Полиглот

  3. Тамаша төрттік

  4. Кім тапқыр.

Әділқазылар:

Тапқырлар тобының әнұраны: «Тәуелсіз елдің тірегі оқу мен білімнің

тереңдігімен өлшенеді.»

Алғырлар тобының ұраны: « Бірлік болмай тірлік болмас.»

Мұғалім: Білім дегеніміз - күш,

Күш дегеніміз - білім.

Білімді болу ең алдымен адам болу деген сөз.Білім туралы ұлы ғұламалар не дейді.Алдымен соған тоқталып өтейік.

  1. Білімді болу деген сөздің мағынасы белгісіз нәрсені ашуға

қабілетті деген ұғым.

/Әл-Фараби/

  1. Білім артық. Білімді көп жинасаң, оны қанша заман сақтасаң да іріп-

шірімейді. Ал дүние мүлікті көп жинасаң, оның азабы көп болады.

  1. Білім артық. Білім сені асырайды, ал дүниені сен асырайсың.

  2. Білім артық. Өйткені білімің көп болса, досың көп болады, ал дүниең

көп болса дұшпаның көп болады.

  1. Білім артық. Білімді іздей берсең толып көбейеді, ал жинаған дүниеңді

жарата берсең азайып құриды.

  1. Білім артық. Білімің көп болса сені құрметтейді, сыйлайды, ал

байлығың көп болса оған қызғанышпен қарайды.

Мұғалім: Ғылымның сырын ұғына,

Ұқыптылық пен зеректік.

Жеткізер сендей өренді,

Шығарар білім шыңына.- деп сайысымызды бастайық.


  1. Бәйге (сұрақ-жауап)

Әр топқа 10 сұрақтан.

Тапқырлар тобына:

  1. Қазақтың атақты үш биін ата?

  2. Өз елінің бостандығы мен теңдігін аңсаған, тарихта аты өшпес із

қалдырған құрбандарды ата.

  1. Абайдың әжесінің аты кім?

  2. Асар деген не?

  3. Қазақтың салт-дәстүрін ата.

  4. Жігіттің неше жұрты бар?

  5. Желтоқсан оқиғасы қашан болды?

  6. Тұңғыш қазақтың ғарышкері кім?

  7. Ата заңымыз қашан қабылданды?

  8. Діни мерекелерді ата?

Алғырлар тобына:

  1. Қазақ батырларын ата.

  2. Тәуелсіздік жолында құрбан болған аға,әпкелерді ата.

  3. Абайдың атасының аты кім?

  4. Ерулік деген не?

  5. Қазақтың ұлттық тағамын ата.

  6. Қонақтың түрін ата?

  7. Еліміз Тәуелсіздігін қашан алды?

  8. Биыл Тәуелсіздігімізге неше жыл.

  9. Әнұранның сөзін жазған кім?

10.Ұлттық мерекені ата.

ІІ. Полиглот (көп тілді маман)


  1. Үйі-жайын күзетіп,

Адамдарға ереді.

Көрген жайды тездетіп,

Үйге хабар береді. (ит-собака)

  1. Қос мүйізді, сақалы бар,

Жұмсақ түбіт шапаны бар. (ешкі- козел)

  1. Қыста бір рет келеді,

Жазда жоғалып кетеді. (аяз ата - дед мороз)

  1. Қызыл- жасыл құлпырады бақшада,

Хош иісін таратады жан-жаққа. (гүл- цветок)

  1. Ағаштан ол түспейді,

Түссе қайтіп мінбейді. (жапырақ- листья)

  1. Аласа ғана бойы бар,

Тоғыз қабат тоны бар. (пияз- лук)

  1. Алма дерсің сыртына қарап,

Жүгері дерсің ішіне қарап. (анар- гранат)

  1. Ішіне мұз қатқан,

Өзін-өзі мұздатқан. (тоңазтқыш- холодилник)

  1. Қанаты бар талмаған,

Аспанда ұшып самғаған.

Жауы шыбын шіркейді,

Табиғатты ол қорғаған. (құс- птица)

10.Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды. ( күн - солнце)

ІІІ. Тамаша төрттік.

2

4

3

1

қазақ тілі ана тілі математика дүниетану

Қазақ тілі

  1. Сөйлем неден жасалады?

  2. Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?

  3. біріккен сөз деген не?

  4. Сөйлемнің біріңғай мүшелері деген не?

  5. Қандай су жәндігі ит пен балықтан тұрады?

Ана тілі

  1. Қазына көтерген бала кім ?

  2. Қызыл жебе кітабы кім туралы жазылған ?

  3. Сәулелі жұлдыз іздеген кім?

  4. Әліппенің атасы кім?

Математика

  1. Қосудың заңдылықтарын ата?

  2. Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?

  3. Текшенің көлемін қалай табамыз?

  4. Қашықтық пен жылдамдық белгілі болған жағдайда уақытты қалай

табамыз?

  1. Алма ағашында 10 алма, үйеңкі ағашында 5 алма артық өсіп тұр.

Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр?

Дүниетану

  1. Жер көлемі жағынан еліміз нешінші орында.

  2. Қазақстан Республикасының көршілерін ата.

  3. Судың үш күйін ата.

  4. Отбасының иесі кім?

  5. Пайдалы қазба түрлерін ата.

ІV. Кім тапқыр

  1. Мақал құрау

Кітап, еңбек, батыр, гүл ерлік.

Бала, ақыл ,дос, базар, білім.

30

20

10

10

30

20

20

10

30

Сөзжұмбақ шешу.

Хор «Атамекен.»

Надек орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі















Білекті бірді жығар,

білімді мыңды жығар















А.Қ.Қалиева

2016 жыл

© 2010-2022