«Қазақстан 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»

Күні: 01.09.2014.               1-сынып       Толегенова А.М. Тақырыбы: «Қазақстан 2050:бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» Мақсаты: Оқушыларға отан , еліміздің мемлекеттік рәміздерін туралы түсінік беру. Отанды қорғауға, құрметтеуге, ана тілін сүюге, қастерлеуге, үлкенді сыйлауға, талмай білім алуға, әдептілікке, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Көрнекілігі:Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері. Әдіс - тәсілдері: түсіндіру - көрсету, сұрақ - жауап, дидактикалық ойынд...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 01.09.2014. 1-сынып Толегенова А.М.

Тақырыбы: «Қазақстан 2050:бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ»

Мақсаты: Оқушыларға отан , еліміздің мемлекеттік рәміздерін туралы түсінік беру. Отанды қорғауға, құрметтеуге, ана тілін сүюге, қастерлеуге, үлкенді сыйлауға, талмай білім алуға, әдептілікке, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері.

Әдіс - тәсілдері: түсіндіру - көрсету, сұрақ - жауап, дидактикалық ойындар

Тәрбие сағатының барысы:

- Құрметті бірінші сынып оқушылары! Бүгінгі білім күні құтты болсын! Бүгін сендер мектеп табалдырығын алғаш аттап, білім жолына келдіңдер. Сендер алтын ұя мектептеріңнен білім алып, биік - биік асуларға жетулеріңе тілектеспін!

1.Ұйымдастыру кезеңі. «Достық шеңбері»

Дөңгеленіп тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Қол ұстасып бәріміз,

Ақ тілекті жолдайық.

Қайырлы күн достарым!

Достарымды көргенде

Қуана қарсы аламын

Сәлем! Сәлем! Сәлем!

2.Қызығушылықты ояту:

«Сәлемдесу» ойыны.Ойын мақсаты: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту,амандасу салтымен таныстыру.

Мұғалім: -Балалар, сендер амандасу салтын білесіңдер ме?Өздерің қалай амандасасыңдар?

Қазір біз әр түрлі амандасу түрімен танысамыз.Алақанмен,жұдырықпен,аяқпен,төс қағыстырып,қол беріп т,б амандасу үлгілерін қимылмен көрсету.

Мұғалім: -Мектепте қалай амандасу керек?

Хормен: Сәлеметсіз бе?

Оқушылармен танысу: Шеңбер бойы тұрған оқушылар өз аты -жөнін айтып,тілек тілейді.

Мұғалім: -Бүгіннен бастап сендер «Оқушы» атандыңдар.Және бір-біріңмен дос боласыңдар.Өзіңнің досың көп болу үшін,өзің дос бола білуің керек.

3.Жаңа сабақ.

Сабақтын тақырыбын хабарлап, мақсатын айту: - Бүгін балалар, Отан туралы, халқымыз туралы, ел туралы айтамыз. Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Қазақстан 2050:бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» деп аталады.

Ой қозғау: Балалар, мен сендерге сұрақ қойғым келіп тұр. «Отан» деген сөзді естігенде не ойларыңа келеді? Отан ол не?

Оқушылардың ойын тыңдау,оқушылардың жауабын толықтырып өлең шумақтарымен Отан сөзінің мағынасын ашу.

1-оқушы: Темірлан

Көп аузынан түспейтін

Отан деген немене?

Оның тұлға түс кейпін,

Достым, білгің келе ме?

Отан - сенің ата-анаң,

Отан - досың, бауырың,

Отан - өлкең, астанаң

Отан - аудан ауылың.

2-оқушы:Асылбек

Кіндік қаным тамған жерім,

Қазақстан туған жерім.

Біздер үшін өз өмірін,

Ата - бабам қиған жерім.

3-оқушы:Гүлім

Отаным менің туған жерім екен,

Таулары көкке таласқан.

Отан деген ол менің,

Кең - байтақ далам екен.

4-оқушы:Ерсайын

Назарбаев - басшысы,

Елі - оның қосшысы.

Тоғызыншы орын алатын,

Әлемнің ең жаршысы.

5-оқушы:Маржан

Мыңдаған халықты,

Баурап алған Қазақстан!

Бес елменен шектесіп,

Асқақтаған Қазақстан!

6-оқушы:Ерсін

Жер қойнауы бай мекен,

Осындай ел бар ма екен?!

Дүниенің жүзінде,

Тату - тәтті ел екен!

- Біз қандай мемлекетте тұрамыз? /ҚР картасы/

-ҚР қандай қалаларын білесіңдер? Атап беріңдерші.

- Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? /Астана суреті/

- Кім Астанаға барды? Астана қандай қала?

- ҚР рәміздерін кім біледі? /ҚР рәміздері/

- ҚР туында не суреттелген? Ол нені білдіреді?

- Елтаңбада не суреттелген?

Мұғалім:-Жер бетіндегі мемлекет атаулының қай - қайсысының мемлекеттік белгісі рәміздері бар. Тәуелсіз мемлекеттің елдігін танытатын айрықша мәнділері рәміздеріміз - Елтаңба, Ту, Гимн. 1992 жыл 4 -маусым - тарихи күн. Сол кезде Республика Жоғары Кеңесі тәуелсіз ҚР-ның мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті.

Ту ортасында күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран, Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн шұғыла, қыран, өрнек бейнесі алтын түстес. Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады. Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш - бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.

Рефлексия. «Бүгінгі сабақ ұнадыма? Бүгінгі сабақта біз не үйрендік?» сұрақтарын қойып, оқушы ойын тыңдау.



© 2010-2022