Конспект урока «Әдебиет білгірі»

"Описание материала: і пәні  бойынша викториналық сұрақтарға жауап алу арқылы білімді, алғыр және үздік оқушыны анықтау. Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру.Қазіргі ғылыми білім негізінде дүниежүзінің өркениет құндылықтарымен қарулануға ниеттерін қалыптастыру. Оқушылардың жан –Қиял ғажайып ертегілеріне қандай ертегілер жатады ? А. Түлкі мен қоян   Ә. Аяз би   Б. Алтын сақа Аңыз әңгімелердің кейіпкерлері кімдер ? А.  Қарапайым адамдар   Ә. Қожанасыр   Б. Батырлар Қазақ әдебиетінде өшпестей із қалдырған, аққан жұлдыздай жарқ етіп сөнген ғалым кім ? А. С.Торайғыров     Ә. Ш.Уалиханов  ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

10 «Б» сыныбы оқушылары қатысты

«Әдебиет білгірі» танымдық ойыны

Іс шараның мақсаты :

  1. Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру, білімдерін көтеру.

  2. Сынып оқушыларының білімі мен алғырлығын анықтау мақсатында қазақ әдебиеті пәні бойынша викториналық сұрақтарға жауап алу арқылы білімді, алғыр және үздік оқушыны анықтау.

  3. Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру.Қазіргі ғылыми білім негізінде дүниежүзінің өркениет құндылықтарымен қарулануға ниеттерін қалыптастыру. Оқушылардың жан -жақты білімін дамыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау.

Барысы : Кіріспе сөз.

-Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие-тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға сол - алда,-дегендей ой мен білім жарысына қош келдіңіздер! Сайыскерлермен таныс болыңдар.

1.2.3.4.5.6.7.8.9.10. Ойынымызды бастамас бұрын бүгінгі ойынға төрелік жасайтын әділ қазылар алқасын сайлаймыз. Әділ қазылар алқасының төрағасы :

1._______________________ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

2._____________________________қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

3._____________________________қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

І кезең. «БӘЙГЕ» деп аталады

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар

Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз - дей келе біз келесі кезең БӘЙГЕ кезеңін бастайық. Он адам қатысады.

Конспект урока «Әдебиет білгірі»Конспект урока «Әдебиет білгірі»Конспект урока «Әдебиет білгірі»

  1. Жүргізуші қатысушыларға қарапайым сұрақтар қояды, әр сауалға жауаптың үш нұсқасы ұсынылады.

  2. Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 10 ұпайдан иеленеді.

  3. Жауапқа он бес секунд уақыт беріледі, одан кейінгі жауаптар қабылданбайды.

1. Ауыз әдебиетінің бір түрі әдет ғұрыпқа байланысты туған жырлардың түрлерін ата А. Төрт түлік мал туралы жырлар Ә. Наурыз жырлары Б. «Жар жар», «Бесік жыры»

  1. Қиял ғажайып ертегілеріне қандай ертегілер жатады ?

А. Түлкі мен қоян Ә. Аяз би Б. Алтын сақа

  1. Аңыз әңгімелердің кейіпкерлері кімдер ?

А. Қарапайым адамдар Ә. Қожанасыр Б. Батырлар

  1. Қазақ әдебиетінде өшпестей із қалдырған, аққан жұлдыздай жарқ етіп сөнген ғалым кім ?

А. С.Торайғыров Ә. Ш.Уалиханов Б. А.Байтұрсынов

  1. «Қазақ» газетінің бас редакторы болып қызмет атқарған және осы аталған газетте «Қазақтың бас ақыны» тақырыбында мақала жазған ақын, ғалым, қоғам қайраткері ?

А. А.Байтұрсынов Ә. А.Құнанбаев Б. М.Дулатов

  1. Қазақ әдебиетіндегі роман жанрының негізін салған Міржақып Дулатов еді, оның алғашқы романы қалай аталады ?

А. «Қамар сұлу» Ә. «Бақытсыз Жамал» Б. «Қалың мал»

  1. Қос ғашықтың мұңын, қуанышын жырлайтын жырларды әдебиетте қалай атаймыз ?

А. Батырлар жыры Ә. Лиро эпостық жырлар Б. Шешендік сөздер

  1. Кейіпкерлері елін сыртқы жаулардан қорғайды, елінің тәуелсіздігі үшін күреседі. Мұндай кейіпкерлер қандай жырларда кездеседі ?

А. Эпостық жырлар Ә. Лиро эпостық жырлар Б. Поэмалар

  1. Қазақтың Абайын күллі әлемге танытқан классик жазушы кім ?

А. М.МАҒАУИН Ә. М.ӘУЕЗОВ Б. М.ДУЛАТОВ

  1. «Шортанбай Қанай ұлы, Дулат Бабатайұлы, М.Өтемісұлы сынды ақындар әдебиеттің қай дәуіріне жатады ?

А. ХІХ ғ.бірінші жартысы Ә. ХІХ ғас.ІІ жартысы Б. ХХ ғасыр

Ұпай саны аз екі оқушы ойыннан шығады.

«Бәйге» кезеңінен кейін ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығады.

ІІ КЕЗЕҢ. «Ғажайып сегіздік» Сегіз ұяшық беріледі. Әр ұяшықта сұрақтар сурет түрінде немесе арнайы сұрақтар түрінде құрылған. Ұпайы аз оқушы бастайды. Әр сұрақтың жауабына 10 балдан беріледі.

Конспект урока «Әдебиет білгірі»Конспект урока «Әдебиет білгірі»Конспект урока «Әдебиет білгірі»Конспект урока «Әдебиет білгірі»Конспект урока «Әдебиет білгірі»

Конспект урока «Әдебиет білгірі»Конспект урока «Әдебиет білгірі»Конспект урока «Әдебиет білгірі»

1 - cурет «Әке мен бала» Ы.Алтынсарин

2 - сурет Құман Тастамбеков пен Меруерт Өтекешова

3 - сурет. Әдеби ертегі суреті «Толағай»

4 -сурет. Асан мен үсен суреті бойынша жұмыс

5 - сурет. Билердің суреттері бойынша сұрақ

6 - сурет. Жанды сұрақ (жауабы : 1909 ж «Маса» Орынборда. 1911ж «Қырық мысал» С.Петербург)

7 - сурет. Ғабит Мүсірепов

8 - сурет. Арнайы сұрақ

Ұпай саны аз 2 оқушы кетіп, келесі турға, 6 оқушы қалады.

ІІІ кезең. «ДОДА»

Мәңгі бақи есте қалар

Ғажайып бір сайыс болсын

Білімдірек шәкірт озар

Қиынырақ сұрақ болсын,- деп біз енді сайысымыздың келесі кезеңіне келдік.

А

50

40

30

20

10

Абай Құнанбаевлты адам қатысады. Бірінші турда жиналған ұпай екінші турда сақталады. Екінші турда 5 әдебиет өкілдерінен құралған ұяшықтар таңдалып, сұрақтар қойылады.
1. Қатысушыларға 6 тақырып ұсынылады. Белгіленген блок бойынша ойыншы тақырыпты өзі таңдайды. Таңдау кезегі ойыншының бірінші турда алған орнына сәйкес жүзеге асырылады. Бірінші (соңғы) орын алған ойыншы бірінші болып таңдайды, әрі қарай осылай кезекпен кете береді.
2. Әр тақырыптың ішінде бес сұрақ болады, сұраққа дұрыс жауап берген ойыншының бірінші турда жинаған ұпай санына өзі таңдаған ұяшықтағы балдан қосылып отырады.
3. Жауап ауызша беріледі.
4. Екі тур барысында барынша көп ұпай жинаған үш ойыншы үшінші турға шығады

50

40

30

20

10

Ыбырай Алтынсарин

50

40

30

20

10

Шоқан Уәлиханов

550

40

30

20

10

Сәкен Сейфуллин

50

40

30

20

10

Мағжан Жұмабаев

Абай Құнанбаев туралы сұрақтар :

10 - Абайдың шын аты кім ? (Ибраһим)

20 - Абайдың туған жеріндегі таудың аты ? (Шыңғыстау)

30 - Абайдың шыққан руы ? (Тобықты руы)

40 - Александар Македонский туралы жазған поэмасы қалай аталады ? (Ескендір)

50 - Әкесі Абайды 9 жасында қандай медресеге оқуға береді ? (Семей. «Ахмет Риза»)

Ыбырай Алтынсарин туралы сұрақтар :

10 - Ыбырай Алтынсариннің жазған оқулығы қалай аталады ?

20 - Ыбырай кімнің тәрбиесінде болған ?

30 - Ы.Алтынсарин алғаш қай жылы, қай жерде мектеп ашты ? (Торғай 1864ж)

40 - Ы.Алтынсариннің үш жолаушы туралы әңгімесі қалай аталады ? (Таза бұлақ)

50 - Ы.Алтынсарин қыздар мектебін қай қаладан ашты ? (Ырғызда)

Шоқан Уәлиханов туралы сұрақтар :

10 - Шоқанның шын аты кім ? (Мухамедқанафия)

20 - Шоқан қай жерде дүниеге келген жері (Қостанай обл.Құсмұрын бекеті)

30 - Шоқан зерттеген «Манас» жыры қай елдің туындысы (Қырғыз)

40 - Шоқан Уәлиханов қай ханның ұрпағы ? (Абылай хан)

50 - «Корпуста ой өрісі, білімі жағынан Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын басып озып отырды.иОл сондай қабілетті еді, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да білім, идея жағынан басып озды» деп пікір білдірген орыс досы кім ? (Г.Н.Потанин)

Сәкен Сейфуллин туралы сұрақтар :

10 - Сәкен Сейфуллинің шын есімі (Садуақас)

20 - Сәкен Сейфуллинің туған жері (Қарағанды обл.Жаңаарқа ауданы)

30 - Махаббат символына айналған құс туралы жазған поэмасы қалай аталады ? (Аққудың айрылуы)

40 - С.Сейфуллиннің алғашқы өлеңдер жинағы қалай аталады ?

(«Өткен күндер»)

50 - Сәкеннің тарихи -мемуарлық романы қалай аталады ?

(«Тар жол тайғақ кешу»)

Мағжан Жұмабаев туралы сұрақтар :

10 - Мағжан Жұмабаев қай жерде дүниеге келген ? (СҚО Баянауыл ауданы)

20 - Сезімге толы сұлулық, әсемдік тақырыбындағы өлеңі қалай аталады ? (Сен сұлу)

30 - М.Жұмабаев орыс тілін кімнен үйренген ? (М.Дулатовтан)

40 - Баян, Ноян деген кейіпкерлер Мағжанның қай поэмасының кейіпкерлері? (Батыр Баян)

50 - 1911-12 жж қай қалада, қандай медреседе оқиды. (Уфа. «Ғалия» медресесі)

ІV кезең. «Төрт адым» бұл кезеңде оқушыларға ақындардың өлең шумақтары ұсынылады авторларын табулары керек.

Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Ерлердің ісі бітер ме ?!

Тауды екіге жарасың,

Тастың қашап арасын.
Кесіп өтіп кезеңді,

Аягөз қайда барасың ?...

Мынау заман қай заман?

Азулыға бар заман,

Азусызға тар заман...

Зарлығының белгісі -

Бір-бірлерін күндеген,

Жай - жайына жүрмеген.

Мұның өзі - тар заман,-

Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыс келсін айналасы

Махамбет Өтемісұлы

Дулат Бабатайұлы

Шортанбай Қанайұлы

Абай Құнанбаев





V кезең. «Сәйкестендір»

Конспект урока «Әдебиет білгірі»

Мұғалім сөзі:

Бойларыңда от бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым.

Әрқашанда осы өнерді сөндірмей,

Біліміңмен шарықтай бер әрдайым.

Бүгінгі шара өз мәресіне жетті. Жеңімпаз оқушыны тыңдау үшін сөз қазылар алқасында.

Ойын соңында ұпай саны ең жоғары оқушы «Әдебиет білгірі» атағына ие болады. Жеңіске жеткен оқушыларды марапаттаймыз.



© 2010-2022