Бастауышпен қоштасу (4 сынып)

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Павлодар облысы,Баянауыл ауданы Сұлужон жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Б.Қосдаулетова

Бастауыш сыныппен қоштасу

Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті бастауыш!» Мақсаты:1.Оқушыларға білімнің сара жолы мектептен басталатынын ұғындыру арқылы білімге оқуға, білімді болуға деген құштарлықтарын арттыру. 2.Оқушылардың шығармашылығын, белсенділігін арттыра отырып,бір-біріне деген достық, жолдастық көмек көрсету сезімдерін нығайту. 3.Алтын ұя мектебін, ұстаздарын құрметтеуге , үлкендердің еңбегін бағалай білуге, ата-анасының, елінің адал ұл-қызы болуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: интерактивті тақтада жазылған тақырып, нақыл сөздер. Суреттер, шарлар, сынып өмірінен жасалған слайдтар. Сабақтың түрі: тәрбие сағаты. Сабақтың барысы: Мұғалім :Қош келіпсіздер құрметті ата-аналар, ұлағатты ұстаздар, қадірменді қонақтар! Бүгінгі күн осында жиналған бәріміз үшін ерекше, әрі қуанышты күн. Осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын алғаш ашқан кішкене бүлдіршіндеріміз міне қанаттарын қатайтып, бастауыш сынып сатысынан орта буын сатысына ұшқалы тұр. Құрметті қауым бастауышпен қоштасқалы тұрған түлектерді қошеметпен ортаға шақырайық. Жеміске құты толама, Бір-бірлеп теріп алмасаң. Білімде сондай шырағым, Біртіндеп сіңер бойыңа. Ұғып ал білім боларын, Шамшырағың жолыңда, - дей келе, шәкірттеріме тілерім жарқын болашақ, дені сау өмір. Сендер тәуелсіз елдің азаматысыңдар. Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ екенін өздерің жақсы білесіңдер.Әлі де білімдеріңді кеңейтуге қажымай, талмай көп еңбектену керексіңдер... Ендігі сөз кезегі өздеріңе сүйкімді оқушыларым. 1-жүргізуші: Бүгін біз сауатымызды ашып білім негізін қалаған бастауыш мектебімізбен, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымды танытқан алғашқ ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз. Ендеше, бүгінгі кешке қош келдіңіздер! 2- жүргізуші: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз 4 жыл бойы білім нәрімен сусындатып,бізге көп нәрсені үйретті . Сондықтан да біз алғашқы ұстазымызға бас иіп, бәріміз мың алғыс айтамыз. 1-оқушы:Арманым болып аңсаған, Мәңгілік қалдың мекендеп.

Өзіңізге арнап ән салам, Ардақтап сізді өтем де. 2-оқушы:Есімде ерен ұстазым, Шашымнан сипап өткенің. Аянбай бізге қыс-жазы, Молынан мейір төккенің. 3-оқушы:Балғын шақта келіп едім, Бал қызыққа еніп едім. Тағдырымның билігін де, Сеніп саған беріп едім. 4-оқушы: Жүзің жылы, құшағы кең, Сенен түлеп ұшамын мен. Өзің берген біліміңмен, Биіктерге шығамын мен. «Мектебім» әні орындалады. 1-жүргізуші: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән-мағына, құдіретті күш, қасиетті ұғым жатыр десеңші.Мұғалім - мектептің жүрегі, жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білім мен тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес.Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі күш. Сондықтан ұстаздың еңбегі - ұлы еңбек. 2- жүргізуші: Ұстаз ақылдың, үлкен ұстамдылықтың, мейірімділіктің, биік адамгершілік көзқарастың иесі. Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім, Басталған ақ батаңнан жас талабым. Ұғындым ұлылықтың, даналықтың, Ұстаздың ұлағатынан басталатын. «Ұстазым» әні орындалады. 5-оқушы:Мектебім мереке ән бердің, Өзіңнен арайлы таң көрдім. Асылын үйреттің жалықпай, Әр түрлі қызықты пәндердің. 6-оқушы:Оқытты ұстаз анамыз, Өсті білім санамыз. Білгіш ер боп өсетін, Біз бақытты баламыз. Бойымызда бұла күш, Еркін өскен ұланбыз. Оқу білім үйреткен, Ұстаздарға мың алғыс. Оқшылар шығармшылығы. Сынып оқушылары әр тақырыпқа шығарған өздерінің өлеңдерін кезектесіп жатқа оқиды. «Елім менің» әні орындалады. 1-жүргізуші: Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің болашағы бүгіннен басталады» днген үндеуінде біздерге үміт артып отыр. Қазақстанды Орта Азия барысына айналдыру үшін жасалған Елбасымыздың «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы - тарихи құжат. Бұл өте құнды, болашақты болжаған бағдарлама. - Біздер 2030-шы жылы неше жаста боламыз? 2- жүргізуші: - 2030 жылы 25 жаста боламыз ғой.Біздер болашаққа бүгін де оқу оқып өз үлесімізді қосып, еңбек етіп отырмыз. Өйткені мемлекеттің бәсекеге қабілетті болуы білімді жастарға байланысты. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы берекелі істер ұйтқысы.Соның бірі үш тілді меңгеру. Біз өзіміздің ана тілімізбен бірге орыс және ағылшын тілдерінде қатар меңгерудеміз. Ш.Смаханұлының «Су мен балық» мысалын оқу, орыс тілінде «Улыбка» әні және ағылшын тілінде «» әні орындалады. 7-оқушы: Сонымен бірге денешынықтыру, өзін-өзі тану,экономика пәндерінен дәріс ала отырып, би, домбыра үйірмелеріне де қатысып өнерімізбен қөрермендерімізді тәнті етіп жүрген жайымыз бар. Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын, Ұстаз-ғалым толастатпас мәңгі ісін. Тыншымайтын асыл жандар аяулы, Тындаңыздар шәкірттердің алғысын. Хормен: Рахмет сіздерге! 8-оқушы: Рахмет ата-анаға, Тең көрер мені данаға. Өздеріндей қамқор жан, Табылмас әрбір балаға. «Апатайым анашым» әні орындалады. 2-жүргізуші: Ұрпақтарға бақыт жолын аңсаған, Тілейтұғын әрқашанда бақ саған. Тіршіліктің тынысы мен ажары Ата-анам, ұстаздарым - теңдесі жоқ жақсы адам. Көрініс. Ата-аналардың қатысуымен А.Сейдімбектің «Бақ, Дәулет және Аман» шығармасынан үзінді қою. 1-жүргізуші: Сынып өміріне шолу жасайық. (Интербелсенді тақтадан көрсету) «Әкеме» әні орындалады. Мұғалім: Ақыл-ойын жаңғыртып, Бастауышпен қоштасқан. Өсті бойың,ойларың, Құтты болсын тойларың! - Осымен біздің тәрбие сағатымыз аяқталды. Осы жылдар бойы бала тәриесіне атсалысып,әрдайым менің жанымнан табылып, көмектерін аямаған ата-аналар сіздерге айтар алғысым шексіз.Балаларымыз тек білім мен өнердің биік белестерінен көрінсін. Қол соғып оқушыларымызды бәріміз құттықтап қояйық. «Бала тілегі» әні орындалады. Қонақтарға сөз.



© 2010-2022