Сынып сағаты 5 сыныпқа Тәуелсіздік күні

Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін:

Мектеп директоры Меркер Н.А


Сынып сағаты

Тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстан»

5 - сынып


Сынып жетекшісі: Жалғасбаева С.К.




Свободный орта мектебі

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстан»
Сабақтың дамытушылығы: Жас жеткіншектерді еліміздің тәуелсіз алғалы жеткен
табыстарымен таныстырып, білімдерін нығайту.

Сабақтың білімділігі: жас ұрпақты Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға,өзге ұлт өкілдерімен тату болуға,құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың тәрбиелігі: Отанын құрметтей білетін, болашақта Қазақстанды өркендетуге өз үлесітерін қосатыназамат тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Туған жер туралы қанатты сөздер. «Туған ел-тұғырың, Көк туың қыдырың», «Туған жер-алтын бесігің». «Отан үшін күрес-ерге тиген үлес».

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
II.Ұлттардың таныстыруы .
III.Мақал-мәтел жарысы
IV.Өз шығармашылығым.
V.Ой толғау.Бұл қай ұлт?
VI.Суреттер сөйлейді .
VII.Қазақстан - ортақ үйіміз
Қазақстан Республикасының әнұраны ойнайды.
Сәлеметсіздер ме, оқушылар, ұстаздар!
Бүгінгі біздің «Қазақстан халқы ассамблеясы жылы »- деп аталатын мәдени - мектеп ішілік тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Жаса елім, жаса достық бірлікпен,
Көштен қалма, қалма және тірліктен.
Елім менің - Қазақстан Отаным,
Алға өрле үшінші мың жылдықпен
Тек достықпен, өзгеде ел - халықпен - деп бүгінгі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар өздерінің осындай кең байтақ қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл өтсе де, қазақ халқының осынша кең пейіл, қонақжай екендігіне көз жеткізді. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені - Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
Қасиетті қазақ жерін тең бесік етіп бейбітшілікке бөлеген Қазақстан халқы Ассамблеясы биыл 20 жыл толды. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - ХХІ ғасырдың ең басты заңы - татулық дейді.Ал сіздер осы бейбітшілік,татулық жайлы өз ойларыңызды айтып көріңдерші.
Бүгінгі біздің 5- сынып оқушыларымен бірге ұйымдастырып отырған тәрбие сағатымызда, оқушыларымыз қарай үш топқа бөлініп, үш түрлі ұлттың өнерімен, халқымен, салтымен, ұлттық тағамымен өнер көрсете отырып, сайысқа түспекші. Тапсырмалардың барлығы да тақырыпқа қатысты беріледі.Әр тапсырмамен сайыс кезінде танысып отырасыздар. Бүгінгі сайыстың 1 - ші кезеңінде ортадағы халықтар өздерін таныстырып өтсін.
Алғашқы топ:
Мінезі бар салмақты,
Алғашқы топ «Қазақты»
Қарсы аламыз бәріміз,
«Қазақ» деген халықты.
Ортада «Қазақтар» тобы өздерінің таныстыруларымен.
Жүргізуші:
Көршімізді сыйлаймыз,
Қонақ келсе қимаймыз,
Қасымызға алып - ап,
100 күндетіп тойлаймыз,- дей келе ортағы «Орыстар» тобының таныстыруын тыңдайық.
Жүргізуші:
Ортада «Татарлар» өздерінің таныстыруларымен.
1-топ. «Достық» Орыстар
2-топ. «Ынтымақ» Татарлар
3-топ. «Бірлік» Қазақтар
2. -Балалар, әрбір ұлт өзінің тілін, мәдениетін, әдеп- ғұрпын, салт- дәстүрін жоғалтпауы керек. Осы мақсатта Қазақстанда өмір сүріп жатқа барлық халықтардың Ассамблеясы құрылған болатын. Ассамблея- ұйым, мәдени орталық деген сөз. Ондай мәдени орталықта ұлттар өздерінің озық дәстүрлерін, мерекелерін, ұлттық киімдерін, ұлттық тағамдарын насихаттап отырады.
Енді Қазақстандағы кейбір халықтардың ұлттық мерекелерімен,тағамдарымен,дәстүрлерімен танысайық.
3.Мақал - мәтел жарысы. «Мақал айтсаң - жол көрсеттің, мәтел айтсаң - жанымды жайландырдың» демекші, мақал - мәтел айтып жарысайық. Үш топқа үш тақырып беріледі.
1. Достық, татулық.
2. Отан, туған жер.
3. Еңбек, еңбексүйгіштік.
Осы үш тақырыпқа қатысты мақал - мәтелдер айтып жарысады.
4.Өз шығармашылығым.Бұл сайыста үш топ өз ойларынан шығарған татулыққа бірлікке байланысты өз өлеңдерін оқып жарысады.
5. Ой толғау ! Бұл қай ұлт ? Әр топқа әр 4 ұлт өкілінен көрсетіледі .
6.Суреттер бойынша өз ойларын айтады .
7.Қазақстан - ортақ үйіміз. Үнтаспада баяу музыка қойылады. Мұғалімнің айтқан сөздерін көз алдына елестетіп және әңгіме барысын сезінуге тырысады.
- Біз барлығымыз ыңғайланып отырайық. Көзімізді жұмсақ та болады. Өзімізді «Достық пен бірліктің» елінде жүрміз деп елестетейік. Бұл елде үлкендерді құрметтеп, кішілерге қамқорлық жасайтын, Отанын сүйетін, жүректері мейірім мен сүйіспеншілікке толы, денсаулығы мықты, ер жүрек адамдар мекен етеді. Солардың ішіндегі ең қадірлі адамдар әрине біздің әрқайсымыздың ата - анамыз, ең сүйкімді де қылықтысы әрине біздің кішкентай бауырларымыз. Олар қашан да бір - біріне көмек көрсетуден, қамқорлық жасаудан шаршамайды. Біз барлығымыз осындай достық пен бірлік елінде өмір сүріп жатқанымызға қуануымыз керек.
Енді бұрынғы қалпымызға түсіп, көзімізді ашайық. Тақтада Қазақстан картасы тұрады. - Бұл қандай ел ? Ол біздің Қазақстан.
9.Қорытынды :
Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызда халықтар достығы туралы, бірлік туралы әңгіме қозғадық. Қазақстанда барлық ұлт өкілдері тату-тәтті , достықта өмір сүріп жатыр екен. Отан, достық, бейбітшілік деген киелі ұғымдарды тек біздер ғана емес, басқа да халықтар өз тілінде айтып бейбіт өмір сүруге шақырады. Балалар "Отан, достық, бейбітшілік" деген сөздерді әр ұлт өз тілінде айтып, шар, гүлдермен ортаға шығады.
Біз көппіз және бәріміз - бір Елміз, бір халықпыз..
Біз бәріміз бір атаның - қазақ халқының ұлымыз.
Бәріміздің де туған жеріміз біреу - ол қасиетті қазақ даласы.
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - тәуелсіз Қазақстан.
Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.

Сынып сағаты 5 сыныпқа Тәуелсіздік күні

Сынып сағаты 5 сыныпқа Тәуелсіздік күні


© 2010-2022