Астана – мерейім, мәртебем, беделім

«Астана – мерейім, мәртебем, беделім»  Мақсаты: Астана қаласы туралы терең түсінік беру.   Кіріспе сөз. 1998 жылы Елордамыз Алматы қаласынан Ақмолаға ауысып, аты Астана деп өзгертілді. Астана қаласы Қазақстанның солтүстігінде Ақмола облысының жерінде орналасқан. Қазақстанның астанасы Еуразияның тап ортасынан орын тепкен. Мұның өзі мемлекетіміздің әлемдегі елдердің баршасымен ашық та, достастық қарым-қаытнасты қалайтындығының символы іспетті.       Астанам – Сарыарқаның биігісің       Азия құрлығ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Астана - мерейім, мәртебем, беделім»

Мақсаты: Астана қаласы туралы терең түсінік беру.

Кіріспе сөз.

1998 жылы Елордамыз Алматы қаласынан Ақмолаға ауысып, аты Астана деп өзгертілді. Астана қаласы Қазақстанның солтүстігінде Ақмола облысының жерінде орналасқан. Қазақстанның астанасы Еуразияның тап ортасынан орын тепкен. Мұның өзі мемлекетіміздің әлемдегі елдердің баршасымен ашық та, достастық қарым-қаытнасты қалайтындығының символы іспетті.

Астанам - Сарыарқаның биігісің

Азия құрлығының кіндігісің

Батырдай жорықтарды қол бастаған

Баста елді қазағымның бірлігі үшін

Астанам - Сарыарқаның төсіңдесің

Ел естен өткен күнін өшірмесін

Бауырға бас шеттегі қандастарды

Оралған Отанына көшін көрсін

Айналасын мәуе баққа байтақ жерім

Қазағым, бостандықты қайта көрдің

Желбіреп кең байрағыңкең өлкемде

Әлемге таныта бер қазақ елін

Аңыз қала - Астана! Жазда төсін салмай сүйген, қыста ақ боран ойнаған Сарыарқаның жазирасында аспандаған, асқақтаған ертегі елесіндегі Елордамыз - мәңгілік мақтанышымыз. Күннен-күнге көркейе түскен келбеті көз алғысыз.

Бүгінгі Астана - еліміздің қарыштап алға басуының түп қайнары екені ғаламға әйгілі. Астана - ол біздің ұлттық мақтанышымыз, мемелекетіміздің, халқымыздың ең жақсы жағын көрсететін айнасы.

Жасыл орман жан-жағы

Қызғалдақты белдер

Ерейменнің таулары

Қорғалжынның көлдері.

Емін-еркін құшады

Сарыарқаның төсін күн

Қара өткелді құшағы

Оң жағасы Есілдің

Аруындай арқаның

Әсем сұлу - Астана

Жібімейді басқаға.

«Асқақтай бер, Астана» әні орындалады.

Әр топқа тапсырма тарату. Ойлануға 2 минут беру.

І топқа:

1. Біз қай мемелекетте тұрамыз?

2.ҚРқандай мемлекет?

3. ҚР қай жылы өз тәуелсіздігін жариялады?

4. Отан туралы мақал айту.

ІІ топқа:

1. Ана тілі деп қандай тілді айтамыз?

2. Ана тілін біз қалай біле бастаймыз?

3. Сауатты деп қандай адамдарды айтамыз?

4. Ана тілі туралы мақалдар айту.

ІІІ топқа:

1. Елбасы Н.Ә.Назарбаев тұңғыш президенті болып қай жылы сайланды?

2. Бас қала қай қала?

3. Қазақ тілі мемелекеттік тіл деп қайда жазылған?

4. Туған жер туралы мақал айту.

Блиц-турнир сұрақтар:

  1. Астана туралы қандай фильм түсірілді? / «Астана- махаббатым менің»/

  2. Астана қаласының жоспарын алғаш рет бас жоспарын құрған әйгілі жапон сәулетшісі кім? / Кисе Курокава/

  3. Қазіргі кезде Астана қаласының тұрғындарының саны қанша адамға жетті? /700 мыңдай адам/

  4. «Хан шатыры» сауда және ойын-сауық орталығы жобасының авторы кім? /ағылшындық Норман Фостер/

  5. Қай жылы Ақмола қаласының атауы Астана болып жарияланды? /6 мамыр, 1998ж/

  6. Қазіргі Астана қаласының орны ежелгі кезде қалай аталған? /Бозоқ қаласы/

Қоырытынды:

Астана - тәуелсіз елеміздің бойтұмары, халқымыздың мақтанышы. Жыл сайын мерейлі мерекені жарқын көңіл-күймен атап өтеміз. Өз болашақтарымызды ару шаһардың ертеңімен, оның гүлденіп көркеюімен байланыстырамыз.

Өркенде, өрлей бер, төрлей бер, арайлы ақ орда Астана!

«Таң қылған әсем назарын

Елордам - асқақ ажарың» атты тақырыпта сурет салып келуге.

© 2010-2022