Сыныптан тыс іс шара Ғажайып алаң

Раздел Классному руководителю
Класс 10 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Заградовка орт мектебі















«Ғажайып алаң» интеллектуалдық ойын

(9-11 сынып оқушылары үшін)





Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғаліміТыштыкаева А.К.

















«Ғажайып алаң» интеллектуалдық ойыны

  1. Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
    Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! «Ғажайып алаң» атты 9-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиет пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!


Ақыл - тон, аңдығанға тозбайтұғын,
Білім - кен, қанша болса азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын,- деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, білімдік сайысқа белсене, құлшына араласатын 1 жұп сайыскерлерімізді таныстырып өтейін.

1 - жұп сұрағы: Қазақ халқының салты бойынша қонақтың бірнеше тұрі болады, мына тақташада сол түрлердің бірі жасырылған соны табыңыздар.

Қ ы д ы р м а 7 әріп

2-жұп:Сайыскерлерімізді таныстырып өтейін

2 жұп сұрағы

''Ердің құны болса да, Алдыңа келіп қалған соң, Қол қусырып барған соң, Аса кеш те, қоя бер,'' бұл жыр жолдары қай жыраудікі Асан қайғы 9 әріп

3-жұп:Сайыскерлерімізді таныстырып өтейін

3 жұп сұрағы Қазақтың әйгілі ақыны, Батыс Қазақстандағы21 ғасырда болған көтеріліс басшыларының бірі. Белгілі жазушы Ә.Әлімжанов ол туралы кітап жазды. Ол кім? Кітаптың атын атаңдар. Сырым батыр 10 әріп

Финалшылар:

Сұрағы: Жасырылған жұмбақ.

Бір атым бар,

Құлын болып тумаған

Бір атым бар

Құнан болып өспеген. Велосипед 9 әріп





.

Жүргізуші:

Судай тасып, әр биік белден асқан,

Дүниеге сан алуан өнер шашқан.

Білім алып, ғылымның жолын қуған,

Әрбір шәкірт өмірде өрге басқан.

Ортаға ақтық ойынды ойнауға финалистімізді шақырамыз.

Ыбырай Алтынсарин қазақ әдебиетінің атасы екенін барлығы біледі, алғаш әліпбиді құрастырған да сол. Ауылда қазақ балаларына мектеп ашқан да сол. Қысқ әңгімелерді жазуға шыңдалып, көптеген әңгімелерді дүниеге әкелді . Енді сол әңгімелердің ішінен отырықшылыққа, үгіттеген әңгімесін табыңыз.

« Қыпшақ Сейітқұл» 6-8 әріп

Жүргізуші:

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену жалықпау - дей отырып «Ғажайып алаң» ойынымызды аяқтаймыз. Келіп қатысқандарыңыз үшін Рахмет!

.





© 2010-2022