Барлық ұлттың балаларының Отаны - Қазақстан (9 сынып)

Раздел Классному руководителю
Класс 9 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Барлық ұлттың балаларының Отаны - Қазақстан (9 сынып)

Шахта орта мектебі








Барлық балалардың Отаны - Қазақстан

(тәрбие сағаты)




Самарғалиева Г.

2015 жыл ақпан




Тәрбие сағатының тақырыбы: Барлық балалардың Отаны------ Қазақстан

Өткізілген мерзімі: 2015 ж. Ақпан

Қатысқан оқуылар саны: 21

Тәрбие сағатының мақсаты:

Білімділік мақсаты: Оқушыларға туған өлке,оның байлығы,онда мекендейтін алуан түрлі ұлттар туралы түсінік беру;оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып,табиғаты тамаша жерлермен таныстыру.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды басқа ұлттарды сыйлауға тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: Болашақта осы айтылған іс - шараларды жүзеге асыру.

Көрнекілігі: Қазақстан картасы, табиғат көріністерінен суреттер, Қазақстан халықтары туралы кітаптар, оқушылардың шығармашылық бұрышы/альбом, буклеттер/.

Шар, фотосуреттермен безендіріледі.

1-бөлім. Кіріспе.

Мұғалім:

«Барлық балалардың Отаны - Қазақстан». Әрине, біз бүгінгі тәрбие сағатымызды осылай бастауымыз «Халықтар достығы» күніне арналмақ. Кейінгі 10 жылдықтар Қазақстанда ұлттық мәдениетті қалыптастыру, этностардың ұлттық сана-сезімін жоғарлату негізінде өтуде. 1999 жылдағы санақ бойынша Қазақстанда 130-дан астам ұлттар мекен етеді екен. Сонымен қатар, олардың әрқайсысының қайталанбас діни және материалды мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі бар.

Бүгінгі таңда «Көп ұлтты Қазақстан» деген термин азаматтық жағдай, құқықтық және жалпы мәдениеттіліктің ұйытқысы болуда. Ал, «Халық» деген сөз «ұлт» немесе «этнос» деген мағынаны береді. Қазақстан халықтарының өмірі дәл осы ұғымда өтуде.

Қазақстанда ұлттарды біріктіру саясаты алға басып, Қазақстан ұлттар Ассамблеясы құрылып, өз шығармашылығын арттырып келеді. «Арыс» атты қоғамдық қоры репрессияға ұшыраған Қазақстан интеллигенттерінің мұрасын зерттеуде. Аталмыш қор 1998 жылы «Қазақстанға аударылған халықтар» атты кітабында Кеңес Одағы кезіндегі Қазақстанға жер аударылып келген неміс, кәріс, поляк, Солтүстік кавказ халықтарының сталиндік қатыгез мерзіммен өз туған елдерінен қуылғанын айтады. «Этникалық проблематика» тақырыбында 1999 жылы О.Дымованың «Қазақстан жерінің жылуы» атты кітабы шығарылып, онда ұлттық саясаттың өзекті мәселелері сөз болған. Яғни этникалық диаспораларының тарихи-этнографиялық аспектілерін талдайды. Сонымен қатар, алғаш рет 2003 жылы «Қазақстан халықтары» атты анықтамалық энциклопедия шығарылып, онда Қазақстанда тұратын 125 этностың /ұлт/ этнологиясы, демографиясы, тарихы, лингвистикасы, этносаясаты т.б. мәліметтері қамтылған.

2-бөлім.

Қазақстан Республикасы туралы жалпы мағлұмат.

1-Нұршат:

Қазақстан Республикасының аббревиатурасы - ҚР/РК/КZ

Географиялық жағдайы - Еуразиялық континент, Орталық Азия. Жер көлемі 2 724,9 мың шақырымды алып жатыр. Жер көлемі бойынша Еуразиялық құрлықта Ресей, Қытай, Үндістаннан кейін 4-орын алады. Республика территориясы 3 мың шақырым батыстағы Каспийден шығыстағы Алтай тауларына дейін және 1600 шақырым солтүстіктегі Батыс Сібірден оңтүстіктегі Тянь- Шань тауларына дейін созылып жатыр.

2-Жасұлан:

Мемлекеттік шекарасының жалпы ұзындығы 15 мың шақырым, оның 12 мың шақырымы құрлықпен, ал 3 мың шақырымы Арал, Каспий теңіздерімен өтеді. Қазақстан ең ұзын шекараны Ресеймен - 6846 шақырым, одан кейін Өзбекстан - 2203 шақырым, Қытай - 1533 шақырым, Қырғызстан - 1051 шақырым, Түрікменстан - 379 шақырымды алып жатыр. Әлемдік теңіздерге шықпайтын ішкі құрлықты мемлекет.

Астанасы - Астана қаласы /10.12.1997ж./. Астанаға «Арнайы экономикалық аймақ» статусы берілген.

Табиғи ресурстары:

Көмірсутегі шикізаты, таскөмір, темір рудасы, марганец, хром рудасы, никель, кобальт, мыс, молибден, свинец, цинк, боксит, алтын және уран.

3-Ақтілек:

Ең биік тау шыңдары:

Хан-Тенгри шыңы /Сарыжаз/ - 6995 метр

Талғар шыңы /Іле Алатауы/ - 4973 м

Ишанбұлақ тауы /Күнгей Алатау/- 4647 м

Бесбасқан тауы /Жетісу Алатауы / -4622 м

Металлург тауы /Іле Алатауы/ - 4600 м

Мұзтау шыңы/Алтай тауы / - 4506 м

Манас шыңы/ Талас шатқалы/ - 4482 м

Ашутөр тауы/ Теріскей Алатауы/ - 4427 м

Мұзтау тауы/ Жетісу Алатауы/ - 4370 м

Комсомол шыңы/ Іле Алатауы/ - 4330 м

Ішкі сулары:

Қазақстанда 48 мыңнан астам көлемі жағынан әр түрлі көлдер, 7 мыңнан астам өзендер бар.

4-Диас:

Ең үлкен көлдер:

Каспий көлі - 374 мың

Арал көлі - 46,64 мың

Балқаш көлі - 18,2 мың шақырым

Ең ұзын өзендер:

Ертіс - 4248, Ешім - 2450, Орал - 2428, Сырдария - 2219 шақырым.

Әкімшілік -территориялық бөлігі: 14 облыс, 86 қала, 160 аудан, 241 қала типті ауылдар, 2049 ауыл.

Ең үлкен облыс - Қарағанды (428 мың шақырым)

Ең үлкен қала - Алматы, халқы - 1136,1 мың адам

3-бөлім.

Қазақстан халықтарының Ассамблеясы.

5-Әсел:

Қазақстан халықтарының Ассамблеясы Президенттің жарлығы бойынша 1995 жылы 1 наурызда құрылған. Ассамблеяның төрағасы Қазақстан Республикасының Президенті. Ассамблея мүшелерінің ұсынысы бойынша төрағаның 2 орынбасары бар.

Ассамблеяның негізгі шығармашылық жұмыстары мыналарды қамтиды:

  • Қоғамдағы бір қалыптылықты ұстау үшін ұлтаралық достық келісімді сақтау;

  • Қазақстан еліндегі халықтардың достастығын мемлекеттік саясатпен ұштастыру;

  • Демократияға және өркениетке негізделген азаматтардың саяси мәдениетін қалыптастыру;

  • Мемлекеттік ұлттық саясаттың жүргізуі бойынша көптеген ұлттардың тіркелуін қамтамасыз ету;

  • Ұлтаралық әлеуметтік қақтығыс болған жағдайда бірыңғай шешім табуды қарастыру.

Ассамблея негізі осы Қазақстанда тұрып жатқан халықтардың мәдени орталықтарын және сол ұлттардың арасындағы ақсақалдар ұйымын қалыптастырып, жұмыстарын бір жүйеге келтіріп отырады.

Ассамблея құрылғаннан бастап Қазақстанда неміс тілінде «Саран» педагогикалық колледжі, ұйғыр тілінде «Жаркент» педагогикалық колледжі, Көкшетау университетінде поляк тілі оқытылуда, Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ неміс журналистерін дайындап, Жүргенов атындағы көркем -театр институтында ұйғыр , неміс тілінде актерлер дайындалуда. М.Әуезов атындағы мемлекеттік университетінде 1994 жылдан бастап, өзбек тілі мен әдебиеті мамандығы дайындалуда.

6-Нұрзат:

Қазіргі таңда 3 мың орыс тілі мұғалімі, 2014 неміс тілі мұғалімі, 220 кәріс тілі мұғалімі, 156 өзбек тілі мұғалімі, 100 түрік тілі, 80 поляк тілі, т.б. тілдер мұғалімдері дайындалуда.

1990 жылы басталған халықтардың ұлттық салт-дәстүрлерін қалыптастыру жұмысына байланысты Қазақстанның түпкір-түкпірінде 352 бөлімшелері бар 27 республикалық және аймақтық ұлттық мәдени бірлестіктері ашылды.

Алғаш рет республикалық көлемде кәріс, неміс, поляк, ұйғырлардың съездері болды. Татарлар мен башкирлердің құрылтайы, өзбек, ұйғыр, түрік, дүнген, күрт, кәріс, немістердің мәдени фестивальдары болып, онда олардың мәдениет күндері белгіленген. Республикада 373 музыкалық, 41 көркем, 97 ұлттық өнер мектептері бар.

7-Эльмира:

Осы Ассамблеяның ұйымдастыруымен 2001 жылы алғаш рет «Достық» атты қоғамдық -саяси журнал шыға бастады.

Міне, шаралардың арқасында көп ұлтты Қазақстан халқының экономикасы жақсарып, халық саны өсіп, түнгі ұйқылары тыныш болуда.

Әрине, бұның бәрі біріншіден, қазақ халқының жылы жүзді, қонақжайлы екенін, екіншіден, Елбасымыздың саясаты екенін айтып кетсек артық болмас еді.

Сондықтан да барлығымыз «Барлық ұлттың балаларының Отаны - Қазақстан» деп айта аламыз.

4-бөлім.

Қазақстан халықтары.

8-Берекет:

Қазақстанда басында айтып өткендей 130-дан астам ұлт бар. Олар абазиндерден басталып, жапондармен аяқталады.

Қазақстан халықтарының санын пайызға шағып, стенд арқылы көрсетіледі.

Сонымен, оқушылар 125 ұлтты толық атымен айтып, Қазақстанда қанша халық тұратынын және олардың негізгі мекен-жайын айтып, тілі мен дінін таныстырып өтеді.

9-Пәкизат:

Мысалы: Румындар негізгі аты - Ромын, халық саны - 549 адам, тұрғылықты жері - Румыния, тілі - румын, діні - проваславия.

Орыстар негізгі аты -русы -сканнавы, халық саны -4 479 620 адам, тұрғылықты жері - Ресей Федерациясы, тілі - орыс,діні - проваславие, т.с.с.

Қорытынды:

Мұғалім: Ал, құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Бүгінге біздің «Барлық ұлттың балаларының Отаны-Қазақстан» атты тәрбие сағатымыз аяқталып келеді.

Сол себепті қорыта айтар болсам, Қазақстанның байлығы алуан түрлі, табиғаты өте керемет. Сондықтан да болар осы жүзден астам халық бір жерден тамағын тауып, тату - тәтті өмір сүріп жатқаны.

Иә, Қазақстан біздің еліміз, туған жеріміз. Біз әрқашан Қазақстан жерінде және қазақ болып туылғанымызға қуанып, оны мақтан тұтамыз. Ата-бабаларымыз өсиет етіп кеткендей басқа ұлттарды құрметтеп, олардың мәдениетіне, салт-дәстүріне жақсы көзқараспен қарауымыз керек.

Алдағы біздің мақсатымыз - осы айтылған іс-шараларды тек айтып, талдап қана қоймай, іс жүзінде, практикалық түрде жүзеге асыруымыз керек. Ол үшін бірінші болып өзімізден бастаймыз.

Сонымен, тәрбие сағатын еліміздің Әнұранымен аяқтасақ деймін. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет. Сау саламат болыңыздар.


© 2010-2022