Анаға қарап қыз өсер! Ашық тәрбие сағаты

 Оқушыларға 8 наурыз туралы түсінік беру. Балаларды барлық аналарды құрметтеп,оларға деген сүйіспеншілікке баулу,ана еңбегін ардақтап, құрметтей білуге тәрбиелеу. Оқушылардың логикалық ой-өрісін,тіл байлығын,сөздік қорын,ойлау қабілетін дамыту. Көктемнің алғашқы мерекесімен аналарды, әжелерді, қыздарды ұстаздар қауымын құттықтау.Дендеріне саулық, отбасыларына бақыт тілейік! Аналарымыз еш уақытта қартаймасын! Анаға қарап қыздар бой түзесін! Біз ғана емес                 Қадір тұтқан балалар      ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Анаға қарап қыз өсер!

Мақсаты: оқушыларға 8 наурыз туралы түсінік беру. Балаларды барлық аналарға деген сүйіспеншілікке баулу,ана еңбегін ардақтап,құрметтей білуге тәрбиелеу.Оқушылардың логикалық ой-өрісін,тіл байлығын,сөздік қорын,ойлау қабілетін дамыту.

Түрі: ашық тәрбие сағаты.

Көрнекілігі: нақыл сөздер,шарлар,гүлдер.

Барысы

І Ұйымдастыру бөлімі

Кіріспе сөз.

-Құрметті асыл аналар,қадірлі әжелер,қызғалдақ қыздар бүгінгі «Анаға қарап қыз өсер» атты тәрбие сағатын сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.Көктемнің алғашқы мерекесі баршаңызға құтты болсын! Жанұяларыңызға бақыт сыйлап,көктем нұрын шашсын!

Бүгінгі тәрбие сағаты 2 бөлімнен тұрады.

  1. Әдеби музыкалық сәлем.

  2. «Анаға қарап қыз өсер» атты сайыс.

1-оқушы: Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық!

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын шашайық!

2-оқушы: Сендерден өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті аналар!

Ән: «Құттықтаймын мама!»

3-оқушы: Біз ғана емес

Қадір тұтқан балалар

Аналардан туған небір даналар

Ана деген тіршіліктің тірегі

Армысыздар, қасиетті аналар!

4-оқушы: Аналардың ақ сүтінен нәр алған,

Аналардың үмітінен жаралған.

Сәби едік,енді міне ер жеттік

Жүректерде биік мақсат,көп арман.

5-оқушы: Менің әжем,бұл-әжем

Айтқан сөзі дәл әжем

Аман болса көреді

Қызығымды әлі әжем.

6-оқушы: Баланың да тірегі,

Ананың да тірегі

Шаншымасын ешқашан

Аналардың жүрегі.

7-оқушы: Әлпештеген баласын

Ана-бақыт,ана-күн

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын.

8-оқушы: Айтсаң болды тіл алам

Әйбат мамам,ай мамам

Сені көрсем қуанам

Сен керексің қайда да.

9-оқушы: Достықты біз ойлаймыз

Бірге күліп ойнаймыз

Қыздарды да құттықтап

Мерекесін тойлаймыз.

Бәрі: Ана-біздің күніміз,

Ана-біздің гүліміз.

Ұландарды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»

Мұғалім:

-Бүгінгі «Анаға қарап қыз өсер» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Уа,ардақты аналар мен пәк қыздар

Бүгін біздер жарысайық

Өзгелермен бақ сынасып

Белсенділік танытайық,

Сайыстың шартымен таныстыру.

Әділ қазы алқасымен таныстыру.

1.Таныстыру.

Өнер қуып аналар өтер деймін

Қызымен мұратына жетер деймін

Бұл сайыста аналар кезектесіп

Таныстырып өздерін өтер деймін.

2.Сұрақ-жауап.

Кім жүйрік,сұраққа жауап берейікші.

3.Өнер көрсету.

Ал,кімнің өнері бар қаншалықты

Би билеп,ал біреуі ән салыпты

Өнерлі өрге жүзер байқауында

Қол соғып,барша халық тамсаныпты.

4.Ас-адамның арқауы.

Аналарымыз қыздарымен бірге аспаздық шеберліктерін көрсетеді.

5. Шаш сәндеу,сән үлгісін көрсету.

Қыздарға әсемдік жарасады.

Ай-көркі биіктетер аласаны

Болмаса ару қыз,сұлу ана

Табынып әркімде санасады.

Әділ қазы алқасына сөз беру.

Сайыс қорытындысын шығарып,марапаттау.

Мұғалім сөзі: Жеңістеріңіз құтты болсын,құрметті аналар! Әрдайым балаға деген мейірімдеріңіз ортаймасын. Көрермен қауым,уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет!

© 2010-2022