Внекласные мероприятия на тему Логика әлемінде. Қызықты жаттығулар

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Логика әлемінде. Қызықты жаттығулар.

(Сыныптан тыс жұмыс)

Р.Ж.Бексолтанова

Қайыңды негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі


Сабақ мақсаты: 1.Оқушыларды логикалық тапсырмаларды шеше білуге үйрету.

2. Өз бетімен және бірлесіп жұмыс істей білуге, өзара сыйластыққа, татулыққа, бір біріне көмек көрсете білуге баулу. Туған жерге деген сүйіспеншілікте- рін ояту

3Логикалық ойлауын дамыта, жетілдіре түсу.

Көрнекілік: суреттер, тапсырмалар жазылған қима қағаздар мен беттер, қоржын, сұрақтар жазылып салынған кішкене бөшкелер, картоннан қиылған себет, шелек

Әдіс тәсілдер: ойын, сұрақ жауап, көрнекілік,

Сабақ барысы: І. Кіріспе. Сәлемдесу, психологиялық ахуал туғызу.

« Кешлі, достым, айналайын,

Құшақтайын, аймалайын!»

Шаяхметов Арнұрдың «Парктер шеруі-2011» аудандық сайысына қатысқан «Туған жердің көрікті жерлері» жобасы көрсетіледі.

ІІ.«Ой ашар» «Бүлдірген теру» ойыны, барлығы 21 сұрақ, әр дұрыс жауап бір ұпай, оқушылар дұрыс жауаптары үшін бүлдіргендерін себеттеріне жинайды.

1.Сәуле мектепке дейінгі жолды 15 минут жүреді. Егер сол жолды шешесі екеуі жүрсе неше минут жүрер еді?

2.Үш ұлдың әрқасысының екі қарындасы бар. Бұл отбасында неше бала бар?

3.Қарындасы 4 жаста, ағасы 6 жаста. Қарындасы 6 жасқа толғанда, ағасы неше жаста болады?

4.Жарты балық 50 тиын тұрады. 13 бүтін балық неше теңге тұрады?

5.Қақпаның төменгі жағынан мысықтың 8 аяғы көрініп тұр. Қақпаның ішінде неше мысық жүр?

6.Ұзын жіпті 7 рет қиғанда неше бөлік шығады?

7.Бір рет кесу үшін неше рет өлшеу керек?

8.Қай ай «к» әрпіне аяқталады?

9.Үш пар жегілген ат 12км/сағ жылдамдықпен шапты. Әр аттың жылдамдығы қандай?

10.Атқа 50кг қант артылған, есекке 50кг мақта артылған. Қайсысының жүгі ауыр?

11.Төрт тышқанның неше құлағы бар?

12.Үй мен мектептің ортасында не бар?

13.Әсеттің бірнеше жаңғағы бар, Думанда одан 2 есе аз. Екеуінің жаңғағы барлығы- 6. Әр балада неше жаңғақтан бар?

14.Құстар ұшатын ауа кеңістігі не деп аталады?

15.Ауладағы тауықтардың аяғы 10. Аулада неше тауық жүр?

16.Өзін өзі үлкейте алатын үй құсы?

17.Қасқыр ешкінің неше лағын жемекші болды?

18.Үстел теңселмей тұру үшін неше аяқ жеткілікті?

19.Терезенің ауа кіріп тұру үшін ашылатын бөлігі?

20.Мыстан кемпірдің көлігі?

21. 20 жастағы адам осыдан 8 жыл бұрын неше жаста болған?

ІІІ. «Жолды тап» /Қарақат бұтасына бірнеше жолдың қайсысы тура апаратынын тапқызу/

Сергіту сәті

(Қоржынның сұрақтары)

1.Біздің ауданымызда табиғатты қорғау үшін не құрылған?

2.Катонқарағай мемлекеттік Ұлттық табиғи паркі қашан құрылған?

3.Біздің ауылдың бұрынғы аты қандай?

4.Ауыл маңындағы жер атаулары?

5.Ауыл жанындағы тау «Грива» деп неге аталған?

6.Қарақат туралы не білесің?

7.Ауыл жанынан ағып жатқан өзен суы қандай су?

IV. «Қарақат жинау» /топтық жұмыс, әр топ қарақат бұтасына ілінген сандарды таңдайды, сол санмен нөмірленген тапсырмаларды орындайды. Дұрыс жауапқа топтың барлық мүшесіне бір ұпайдан беріледі/

1 Изограф. Жазу арқылы сурет /лампа, сумка/

Внекласные мероприятия на тему Логика әлемінде.Қызықты жаттығуларВнекласные мероприятия на тему Логика әлемінде.Қызықты жаттығуларВнекласные мероприятия на тему Логика әлемінде.Қызықты жаттығулар

Внекласные мероприятия на тему Логика әлемінде.Қызықты жаттығуларВнекласные мероприятия на тему Логика әлемінде.Қызықты жаттығуларВнекласные мероприятия на тему Логика әлемінде.Қызықты жаттығуларВнекласные мероприятия на тему Логика әлемінде.Қызықты жаттығуларВнекласные мероприятия на тему Логика әлемінде.Қызықты жаттығуларВнекласные мероприятия на тему Логика әлемінде.Қызықты жаттығуларВнекласные мероприятия на тему Логика әлемінде.Қызықты жаттығуларВнекласные мероприятия на тему Логика әлемінде.Қызықты жаттығуларВнекласные мероприятия на тему Логика әлемінде.Қызықты жаттығуларВнекласные мероприятия на тему Логика әлемінде.Қызықты жаттығуларВнекласные мероприятия на тему Логика әлемінде.Қызықты жаттығуларВнекласные мероприятия на тему Логика әлемінде.Қызықты жаттығуларВнекласные мероприятия на тему Логика әлемінде.Қызықты жаттығуларВнекласные мероприятия на тему Логика әлемінде.Қызықты жаттығуларВнекласные мероприятия на тему Логика әлемінде.Қызықты жаттығулар

Внекласные мероприятия на тему Логика әлемінде.Қызықты жаттығуларВнекласные мероприятия на тему Логика әлемінде.Қызықты жаттығуларВнекласные мероприятия на тему Логика әлемінде.Қызықты жаттығуларВнекласные мероприятия на тему Логика әлемінде.Қызықты жаттығулар

Внекласные мероприятия на тему Логика әлемінде.Қызықты жаттығуларВнекласные мероприятия на тему Логика әлемінде.Қызықты жаттығулар

Внекласные мероприятия на тему Логика әлемінде.Қызықты жаттығуларВнекласные мероприятия на тему Логика әлемінде.Қызықты жаттығуларВнекласные мероприятия на тему Логика әлемінде.Қызықты жаттығуларВнекласные мероприятия на тему Логика әлемінде.Қызықты жаттығулар

Внекласные мероприятия на тему Логика әлемінде.Қызықты жаттығуларВнекласные мероприятия на тему Логика әлемінде.Қызықты жаттығуларВнекласные мероприятия на тему Логика әлемінде.Қызықты жаттығуларВнекласные мероприятия на тему Логика әлемінде.Қызықты жаттығулар

2 Ыдыстар сынығын тап. /бір ыдыстың жанындағы бірнеше сынықтардың қайсысы ыдыс сынығына дәл келетінін тапқызу/

3 Біз келесі баратын жерімізге дейін қанша жанармай қажет? (әр торкөз жарты литр)

Внекласные мероприятия на тему Логика әлемінде.Қызықты жаттығулар









Внекласные мероприятия на тему Логика әлемінде.Қызықты жаттығулар

4 Айырмашылығын тап. /екі бірдей суреттен айырмашылықтарын тапқызу/

V. Экономикалық есеп: «Гриваның» үстіне шықсақ Айдос пен Ердос қой жайып жүр екен. Айдос айтты: Сен маған бір қой берсең менің қойларым сенікінен 2 есе артық болады. Сонда Ердос оған былай деп жауап берді: Жоқ, сен маған бір қой бер. Сонда екеуіміздің қойларымыз бірдей болады. Айдос пен Ердостың әрқайсысында неше қойдан бар?

VI. Қорытынды.

Шаяхметова Шырынның «Парктер шеруі-2011» аудандық сайысында туған өлке туралы жүлделі ІІІ орын алған жобасы көрсетіледі.

Қонақтармен қоштасу.

Шығыс Қазақстан облысы,

Катонқарағай ауданы

Қайыңды негізгі орта мектебі










Ана - тіршілік тірегі

Р.Ж.Бексолтанова

Қайыңды негізгі орта мектебінің бастауыш мұғалімі

Сабақ мақсаты: Ананың өмірдегі қоғамдық орнын, қадір қасиетін оқушылар санасына ұялата отырып, ананы сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу және шығармашылық қабілеттерін жетілдіре түсу.

Көрнекілігі: Аналар туралы нақыл сөздер, батыр қыздар, атақты әйелдер суреттері

Барысы: І.Кіріспе сөз: - Құрметті оқушылар, ұстаздар! Біздің бүгінгі «Ана - тіршілік тірегі» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын. Бұл сабақ мынандай бөлімнен тұрады: а) 8-Наурыз - Халықаралық әйелдер күні

ә) Ана - біздің күніміз

б) Ән-биім өзіңе арналады

в) Ананың сезімі құдіретті

г) Халық даналығы

д) Құтты болсын мерекең!

ІІ. а) 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күнінің мерекеленуі туралы қысқаша әңгімелеу

ә) Ана кім? Біз неге оны күнге теңейміз? Ана туралы өлеңдер оқыту

Досжан: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген - бәйтерегі өмірдің,

Ана деген - алтан қазық, алтын бақ.

Ескендір: Ана деген - асыл жандар болаттай,

Ана деген - мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар, қадірлей біл Ананы,

Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.

Сезім: Ана - жүрек, жүректі құдіретте,

Ана - тірек, тіректі құрметте.

Ана - шыңың, шыңыңа сағынып жет,

Ана - күнің, күніңе табынып өт.

Шахназ: Асыл анам - алтын жан, асқар тауым,

Арайланып алдымнан атқан таңым.

Әлпештедің, әлдилеп аяладың,

Әр кеш менің - ән-күйім, сая бағым.

-Анаға арнап небір жақсы сөз айтсақ та, оған арнап қанша ән, би орындасақ та еш артық емес. Сынып қыздары сіздерге арнап қазақ биін орындап берсін, тамашалаңыздар. (Би орындалады)

-Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезіміне арналған көріністі назарларыңызға ұсынамыз. (көрініс «Ана мен бала»)

-Ендігі кезекті халық даналығына берейік.

Ана жақсылығын ауырсаң білерсің,

Анасын сүйгеннің баласын сүй.

Ананың сүті - бал,

Баланың тілі - бал.

Атадан -- өсиет,

Анадан - қасиет.

Адамда не қасиет болса, бәрі күннің көзі мен ананың сүтінен алынған қасиет.

Анасын сыйламағанды адал деме,

Ұстазын сыйламағанды адам деме.

-Ана тіршілктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Өмірде анаға деген сағыныш, оның ыстық мейірімге толы жылы құшағын аңсамайтын адам бола қоймас. Ана жүрегі, ана махаббаты әр перзент үшін қымбат. Сондықтан ананы әр уақытта ардақ тұтуымыз керек. Балалардың аналар мерекесіне арнаған өлеңдерін тыңдайық.

Шахназ: (А.Бақтыгереева «Анаға сыйлаймыз»)

Көктемде көңілді,

Құстар кеп жатқанда.

Құлпыртып өңірді,

Гүл ектік бақтарға.

Гүл ектік аулаға,

Көктемде көңілді.

Бақта да, бауда да,

Ақ гүлдер өрілді.

Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір-бірден

Анаға сыйлаймыз.

Досжан: (М.Хакімжанова «Апама»)

Әлпештеген, аялаған,

Ақ сүт берген апатайым.

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын.

Сезім: (І.Мәмбетов «Жақсы көрем»)

Жақсы көрем апамды,

Жүрем ылғи бірге еріп.

Тауға мені апарды,

Талай қайттық гүл теріп.

Алтын апам ол менің,

Мені жақсы көреді.

Үйретеді өлеңін,

Ертегі айтып береді.

- Барлықтарыңызды 8 Наурыз мейрамымен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт тілейміз. Мына әнді қабыл алыңыздар!

(М.Мақатаев «Құттықтаймын, мама, туған күніңмен» әні орындалады)

-Осымен тәрбие сағатымыз осымен аяқталды. Тыңдағандарыңызға көп рахмет!

Катонқарағай ауданы

Қайыңды негізгі орта мектебі

© 2010-2022