Внеклассная работа на тему Қазақстан жолы!

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:

« Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат,бір мүде,бір болашақ»

Қазақстан халқының көп ұлтты ел екені жайында мәлімет беру. 1.Туған елдің туының астында бірігіп,туған жердің тағдырын биік етуге баулу. 2. Балаларды азаматтыларды отан сүйгіштікке,зиялы бірлікке,мемлекеттік рәсімдер мен салтты дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу. Көрнеклігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы,Елтаңбасы, Гимн. Н.Ә.Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер,Қазақстан туралы әндер. Сабақ барысы : І. Ұйымдастыру. ІІ. Кіріспе әңгіме Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кездерді бастан кешірді.мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.17 қаңтар күні «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде,бір болашақ» атты жолдауын жариялады. Елбасымыз биылғы дәстүрлі «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде,бір болашақ» атты жолдауында жарқын болашаққа айқара жол ашты. Ондағы ең өзекті мәселенің бірі, бірегей қазақ тілімен 2025 жылы латын әліпбесіне көшу жайы көпшілікті ерекше қуанышқа бөледі. Тәуелсіз ұлт болудың ежелгі шарттары: өзіне тән тілі, сенетін діні, салт-дәстүрі, жазуы, басқа ерекшеліктері болу. Енді Жолдауда айтылған өркениетті дамыған 30 елдің қатарына жету бағыт-бағдарына ілесу, үлес қосу ісі тұр алдымызда. «Ұлт денсаулығы-біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы-Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз.

«Бір халық»-бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,

«Бір ел», бұл-барлығымыз үшін ортақ Отан.

«Бір тағдыр», бұл-біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!

Міне, қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Елбасымыздың биылғы жолдауында алдымен мемлекетіміздің, ұлттық экономикамыздың, азамматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы сөз болды. - Қазақтың ежелгісі мен кешегісін еске алсақ андай бұралаңды жолдардан өтіп,қалай ел болғанымызды көзге елестете аламыз ба? Салтымыздың арғы - бергі тарихы,тағдырын бізге нені нұсқап,нені мағлұм етеді. Бір сәт халық туралы ойланып жүріп, өткен тайғақты,тастақты жолдарына үңілсек,сан - сауал туындайды.Қазақ деген сабырлы еліміз.Санымыз бірде өсіп,бірде кеміп әр ғасырда әрқалай сый - сыбаға еншілеп келе жатсақта - ұлтпыз. «Мың өліп,мың тірілген» қазақ деген ел - ол біз боламыз. Қазақ ұлты - қашанда даланың қоңыр желіндей аңқыған ұлы жердің кемеңгер ұлы. Біздің мақтан тұтар тіліміз,дініміз,Отанымыз бар. V. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050 :«Бір мақсат , бір мүде ,бір тағдыр» атты тақырыппен өткен қазақстан халқы жолдауынан қасиетті қазақ жеріне татулықтың талбесігі етіп,бейбітшілікке бөленген қазақ халқы жылдан жылға көркейіп келеді. Ел тәуелсіздігінің ең жауапты кезеңінде бірлігіміздің бастауы болсын деп қолымызбен құрған Ассамблеяның дүниеге келгеніне 19 жыл.Осы аралықта ол өзінің өміршеңдігі көрсетіп,біздің қоғамның ажырамас бөлігіне айналды.Елдіктің өлшемі,тұрақтылықтың тұтқасы болды.қазақ халқы Ассамблеясының мерейтойлық 20 - шы сессиясын «Бір мақсат, бір мүде, бір болашақ» деп атаудың үлкен мәні бар.Кезінде тағдыр жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен еді.Бүгінде олар тегі басқа болғанымен теңдігі бір,қаны бөлек болғанымен жаны бір,арманы ортақ халыққа айналды.Туған елдің туының астында бірігіп,туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді.Осылай елдігіміздің ертеңі ошақтың үш тоғаны сияқты «Бір мақсат , бір мүде, бір болашақ» деген үш сөзге сыйып тұр. Бірлігі берекелі,тірлігі мерекелі,ынтымағы жарасқан елдің ғана ары - несібесі мол болмақ. Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша,мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес. Халқымыз «Тар жерде табысқан,кең жерде келіседі» демейтін бе еді? Тар замандарда қазақ құшағына алған өзге ұлт өкілдері бүгінде өз бауырымыз атанып,бізбен бір халыққа айналды. Қазақстан - біздің жеріміз,біз өз жеріміздің перзентіміз.Ол енді ұрпақтарымыздың жері болмақ Біз өз жеріміздегі бейбіт өмір үшін жауаптымыз.Тәуелсіздік жылдар ішінде қазақстандағы Тілдердің,мәдениеттер мен салт - дәстүрлердің этностық көптүрлілігі сенімді үндестікке ие болды.Біздің асыл мұратымыз - Тәуелсіздік,бірлік,келісім және өркендеу. Қазақстан - бұл біртұтас жер,біртұтас халық,біртұтас болашақ.Бұл сессия бүкіл қазақстандықтардың игілігі жолындағы жаңа жұмыстар үшін жақсы бастау. Халық бірлігін бүкіл күш - жігермен бекемдеу қажет. Сондықтан да біз - бір халықпыз- бір елміз - бір тағдырмыз!

Қорытынды: Отан жайлы мақал-мәтелдерге тоқталу. «Атамекен» әнін хормен орындау Мен 21-ғасыр Қазақстанның «Алтын ғасыры» боларына сенеміз. Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болды. Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі деп атануға лайық. Ол үшін білімді де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу ұстаздардың міндеті. Елбасының мақсатына қол жеткізуге барлығымыз атсалысуымыз керек. Себебі барлығымыз Қазақстан азаматымыз.





© 2010-2022