«Жаңа Жыл мен Наурыз айтысы»

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!  Босқа қарап тұрмаңыздар.  Наурыз тойы басталды.  Көргендер де армандар,  Көрмегендер де армандар,  Қызықтан тыс қалмаңдар!    Басталды! Басталды! 31-желтоқсан Жаңа Жыл мерекесі мен 22-наурыз Ұлыстың Үлы Күні мерекелерінің арасында айтыс басталды! -Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!  Ұлы айтыс басталды.  Наурыз туын көтеріп,  Жар салайық әлемге.  Көрмегендер көріңдер,  Естімегендер естіңдер  Шақырамыз бәріңді. Күміс көмей, жез таңдай шешендер  Қара қылды қақ жарған көсемдер,  Он саусағы алтын шеберлер,  Бәрің де сынға түсіңдер.  Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар,  Озып шыққан дүлдүлге  Үлкен-үлкен сый бар!
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жаңа Жыл-Наурыз айтысы

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар.
Наурыз тойы басталды.
Көргендер де армандар,
Көрмегендер де армандар,
Қызықтан тыс қалмаңдар!

Басталды! Басталды! 31-желтоқсан Жаңа Жыл мерекесі мен 22-наурыз Ұлыстың Үлы Күні мерекелерінің арасында айтыс басталды!

-Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Ұлы айтыс басталды.
Наурыз туын көтеріп,
Жар салайық әлемге.
Көрмегендер көріңдер,
Естімегендер естіңдер
Шақырамыз бәріңді.

Күміс көмей, жез таңдай шешендер
Қара қылды қақ жарған көсемдер,
Он саусағы алтын шеберлер,
Бәрің де сынға түсіңдер.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар,
Озып шыққан дүлдүлге
Үлкен-үлкен сый бар!


Ж: Мейрамды бастар алдында ,
Қариялардан бата алсақ ,
Жолы болар бұл істің.

Ж: Иә, дұрыс айтасың.
Ұлыс күні қазан толса ,
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алса ,
Сонда ғана жол болар.

Қыдыр ата:
Жаңа жыл бақыт жылы болсын,
Күніміз ұлысты болсын.
Жеріміз ырысты болсын
Дастарқаның мол болсын
Абыройың зор болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлысты бақты болсын
Қайда барса жол болсын!
Еліміз, жеріміз тыныш болсын!
Тәуелсіздігіміз берік болсын!
Қазақстан Республикасы бәсекеге қабілетті
50 елдің бірі болсын!

Әумин

1-әже -Қашанда Құт-Береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу-салты елімнің.
Уа, халайық, теріп ал мәмпәсиді,
Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін
2-әже -Шашу!Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат, жинап ал несібеңді,
Ризығың болсын көл-көсір.
Әжелер шашу шашады.

1-жүргізуші: Уа халайық, халайық! Сахнаның төріне айтыскерлерімізді шақырып, өнерін тамашалайық.

Айтыс жүргізушісі: Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар. Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!

Бүгін айтысқа түскелі отырған Жаңа Жыл мен Наурыз мерекелерін қарсы алыңыздар! Бірінші айтыскеріміз- Жаңа Жыл мерекесі.

Бүгін сізге жырдан алқа тағайық,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жыл, құтты болсын қадамың.

Екінші айтыскеріміз- Ұлыстың Ұлы Күні -Наурыз мерекесі.

Қош келдің, Наурыз!

Арман тойы ананың

Қуанышы ғаламның,

Құтты болсын қадамың!

Сені тойлап қарсы алып,

Қол соғады барша жұрт.


А Й Т Ы С


Жаңа жыл:

Армысыздар, аға-іні, бауырларым,

Қарындастар, әпке деген қауымдарым

Жарқын жүзді ұстаздарым, армысыңдар,

Наурыз - тойға хош келіпсіз барлығың да!

Есте қалсын мерекелік сәтті күнің,

Тойлайық біз Наурыз-тойдың бар шаттығын

Билеңіздер,ойнаңыздар сіз куанып,

Біз ашайық той-думанның ақ сандығын

Келдің бе, Әз Наурызым - Жаңа күнім!

Оятып бәйшешекті - дала күнім.

Көп болса қандай жақсы болар еді,

Жүректі жадыратар жаңалығың.

Әз Наурыз келген болсаң төкші нұрды,

Естіртпе сен әзірше әнді мұңды.

Бағзыдан әдетіміз бойға сіңген,

Күтетін зор үміттен Жаңа жылды.

Наурыз:

Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,

Нарына нарық заман мінгескен ел.

Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,

Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.

Су жылтырап бүршік ашқан-ай жас талдан,

Бу бұрқырап қатып қалған оу тастардан.

Күн күркіреп, жасын ойнап көк аспаннан,

Бар тіршілік мен Наурыздан басталған!

Ел де тыныш! Жер де тыныш - бұл күні,

Көреміз-ау тек қуаныш пен күлкіні.

Табысқан жұрт таныс тауып ай жатады,

Жамалғандай жүректердің жыртығы!

Жат болып бұрын басы еш қосылмай,

Жүрген жандар таныс тапса - жан досындай.

Ол - осынау Наурыздың арқасы ғой! -

«Ұлыс күннің» шапағаты дәл осындай!

Жаңа жыл:

Қайнарындай қалың қуат, қайраттың,

Сен келдің де ғаламшарды гүл жайнаттың.

Тіршілікке тіл бітіріп сен өзгеше,

Дүниенің бұлбұлдарын оу сайраттың.

Наурыз бұрыңғыдай көркің бар ма?

Қызығың жоқ кейінгі толқындарға.

Заманнан қалып кеткен мерекесің,

Сен кімге керек едің мен тұрғанда.

Наурыз:

Жүрердей Аяз атаны әулие ғып,

Жаңа жылда немене бар киелік.

Қазақ қашан түсінер бұл мейрамның,

Еш мәні жоқ екенін тәрбиелік. хәләуләйлім

Өз жайыңмен жүрсеңші Жаңа жылым,

Біреудің аттамағын ала жібін.

Табиғаттық заңдылық тамырына,

Қол сұғып жатқаныңа наразымын.

Наурыз - ол ұсақтықтан арылуың,

Халықтың бірлігінің мығымдығы.

Күдіктің безбеніне тартылмайтын,

Қазақи Ата дәстүр Ұлылығы. х

Жаңа жыл:

Адам көп маңайымда топырлаған,

Менде салют қалмайды атылмаған.

Мен көңілді мереке болғаннан соң,

Бүкіл әлем қызығып отыр маған.

Даладан ағаш кесіп, гүлді үземін,

Ол ағашқа ойыншық ілгіземін.

Мені жақсы көретін адамдарды,

Шыршаны шыр айналып жүргіземін. х

Жаңа жыл келсе халық қуанады,

Есінен бар нәрсені шығарады.

Мейрам күні барша жұрт салют атып,

Ойына келген ісін қыла алады.

Ол күні көп балалар бас қосады,

Салютпен,фейервергпен достасады.

Қызығып ойнайтыны соншалықты,

Көзі шығып кеткенше от шашады. х

Наурыз дайындығын бос қамдайды.

Бәрібір сенің ісің қош болмайды.

Киіз үй тігіп қойды дегенменен,

Ешкім сені дұрыстап еске алмайды. х

Наурыз:

Жаңа жыл бізді қайда бұрып жатыр,

Ар жағын оның кімдер ұғып жатыр?

Науырызда егілген ағаштарды,

Жаңа жылда балталап қырып жатыр. х

Наурызда жан қала ма қуанбаған,

Барлығы бір-біріне жыр арнаған.

Қайдағы аяз атаға мұқтаж болмай,

Тілектерін сұрайды бір Алладан. х

Ауысар кезегімен заман деген,

Жақсы жолдас болмайды жаманменен.

Қазақтар да тойлайды мен Наурызды,

Ат айналып қазығын табар деген.

Наурызда күн менен түн теңеледі,

Қала, дала шуаққа бөленеді.

Қыс өткен соң барлығы табиғаттың,

Көктем келген уақытта көгереді. х

Алмасақ та сыйды біз Санта-Клаустан,

Кезеңде шаттанамыз жыл ауысқан.

араздасқан адамдар табысады,

Жүздері бал-бұл жанып қуаныштан. х

Жаңа жыл:

Мен өстіп өңіріңнен өтсем екен,

Кететін уақытым жетсе бекем.

Қазағым, Наурызыңмен жағаласпай,

Күнтізбеңнен сызылып кетсем екен.

Наурыз менің елімнің берекесі,

Жаңа жылы қазақтың мерекесі.

Шаңырағы биіктеп күнге жақын,

Ұлаңғайыр керілсін керегесі. х

Шат күлкіге шомылып замандары,

Бақыт кешсін ғайыптан адамдары.

Әрбір жанның арманы орындалып,

Сәтті болсын биылғы қадамдары.

Ел-жұртымның тілеуін тілесейік,

Жаңа жылда қалайық бір есейіп. х

Наурыз:

Сен бізге құт болып кел, бақ болып кел,

Адалға ақиқатқа жақ болып кел.

Жамандық, қасіреттен ауылы алыс,

Жыл болшы бетегіне шаттық ерер.

Жаңа жылға жаңа тілек біз тілейік,

Ескі жылдың қадірін де біз білейік

Алдағы жыл орындалсын армандарың,

Барлығымыз аман-есен боп жүрейік!


Айтыс жүргізушісі: Айтыскер мерекелерімізге үлкен алғыс. Әділқазы алқаларының шешімімен жеңісті достыққа, бірлікке, татулыққа береміз. Мерекелеріңіз құтты болсын, ағайын!
1-жүргізуші: Ұлыс бақты болсын !
2-жүргізуші: Әр күніміз жақсы болсын !
1-жүргізуші: Достығымыз берік болсын !
2-жүргізуші: Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын!
1-жүргізуші Келер жылға дейін сау болыңыздар!



© 2010-2022