Ауғаныстан-жүректегі жара тәрбие сағаты

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Ауғаныстан - жүректегі жара»

Сабақтың мақсаты:

Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу;

Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгіұрпаққа үлгі ете

отырып, жастарды Отан сүйгіштікке, ерлікке баулу;

Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету.

Көрнекілік: слайд-шоу

Сабақтың барысы:

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ауған соғысы туралы: « Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?» - деген ойлы сөзі бар

1989 жылы, Ақпан айының 15-де талай аналарды перзеттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы да «Ауған соғысы» аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Өйткені бұл соғыста өрімдей жас жігіттер жазықсыздан-жазықсыз құрбан болды. Бүгінгі жастар сол кездегі жігіттердің Отан алдындағы борышын адал орындағандарын ұқсын, олардың патриоттық сезімінен тағылым алсын деген мақсатпен жыл сайын түрлі деңгейдегі көрмелер, әдеби кештер, мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, көз көргендермен кездесулер өткізіледі.

Биылғы жылы Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл толып отыр. Ауған соғысының қанды қырғынынан аман -есен оралғанымен, жандары жаралы 18 мың 360 қазақстандық ардагер ортамызда жүр. Олардың дұшпан оғынан қаза тапқан майдандас достарын соңғы сапарға шығарып салып тұрып, көздері жасқа, жүректері мұңға толған шақтары көп. Сонда да ата-баба рухына дақ түсірмей елге абыроймен оралды. Майдан даласында жанқиярлық пен қаһармандығы үшін он мыңдаған Қазақстандық орден-медалдармен марапатталды.

Ауғанстан соғысы тарихына қысқаша мәлімет:
1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды. 1979 жылы кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстанға кіріп, 10 жылға жуық соғыс жүргізді. Оған 22 мың қазақстандық қатысты. Ауғанстан соғысы (1979 -1989 ж.) Кеңес үкіметінің Қарулы күштері үшін, соның ішінде қазақстандық жауынгерлер үшін КОКП ОК Саяси бюросының Ю.Андропов, Д.Устинов, А.Громыко, Л.Брежнев сияқты санаулы ғана мүшелерінің аяқ астынан құпия түрде қабылдаған шұғыл шешімінен басталды.


Сол кезде Ауғанстанда билікке таласқан ресми үкімет пен оппозиция (моджахедтер) арасында қарулы қақтығыстар басталған болатын. Күрестің басты мақсаты Ауғанстан жерінде толықтай саяси бақылау жүргізу болды. КСРО Саяси Бюросы КСРО-ның ықпалын кеңейту мақсатында Ауғанстанға қол үшін беріп, сыртқы агрессиядан қорғау керек деген шешімге келеді. Сөйтіп, Ауған елін басқарып отырған шах Хафизулла Аминді алып тастап, орнына Бабрак Кармальді отырғызу туралы идеясын күш көрсету арқылы жүзеге асырды. Осылайша Кеңес Одағының әскерлері ұзақ жылдарға жалғасқан қарулы қақтығыстардың қақ ортасынан бір-ақ шықты.


Қазақ тарихындағы көп соғыстың бірегейі- ауған соғысы. Бұл соғыс әлі күнге тарих дәптерінен өзінің тиісті бағасын ала алмай жүр. Ауған даласында қан төккен кеңес әскерлерінің қатарында, бауырлас елдің бірі саналған Қазақстаннан қазақстандық сарбаздар да болды. Жат жерде соғысқан 900-дей жауынгерлердің барлығы кебенек киіп аттанғанымен, кебін, мырыш табытпен елге оралғандары аз емес.
Ауған соғысы кезіндегі қазақстандық жауынгерлердің ерлігі, қажыр-қайраты, олардың бір-біріне деген достық және бауырмалдық көмегі, от пен оқтың ортасындағы жан кешті тағдыры бүгінгі жастарымызға үлгі-өнеге болғандай.
110 айға созылған Ауған соғысында қайтып оралмаған жалпы адам шығыны- 14453-ке
жетті.



Батыс Қазақстан облысынан КСРО Қарулы Күштері қатарына алынып, ауған-кеңес соғысында қаза тапқан жауынгерлер. Олар:

С.П.Алексеев (1960-1980),
Н.П.Антипов (1961-1980),
А.В.Вербицкий (1961-1980),
А.В.Емельянов (1960-1980),
Л.В.Куриленко (1961-1980),
Ж.Қ.Сейтекенов (1961-1980),
Н.Б.Тлеулин (1960-1980),
В.Д.Храмов (1959-1980),
Г.Ж.Величко (1962-1981),
А.Қ.Ғұсманов (1960-1981),
Т.С.Замалютдинов (1960-1981),
А.П.Лукин (1962-1981),
В.А.Сорокин (1958-1981),


О.В.Чегуров (1955-1981),
У.Н.Базарбаев (1963-1982),
С.Б.Берекетов (1961-1982),
С.Е.Изотов (1962-1982),

А.В.Кочкин (1962-1982),
Т.Ғ.Сұханқұлов (1962-1982),
В.Е.Карпов (1964-1983),
Ю.Н.Савенков (1962-1983),
В.А.Чернухин (1962-1983),
З.М.Жиеналиев (1964-1984),
В.В.Береговой (1942-1985),
М.Х.Тасболатов (1951-1985),
Р.Ж.Чикибаев (1966-1986).

Жалт ете қап оқ жаудан ұшқан,

Сен құлаган көлбетіп таулы алыстан.

Елестейсің көзіме қасірет боп

Қайғам да сен мәңгілік- Ауғаныстан!

О, олардың көз жасының татымын

Татып көрсен ойланар ең пақырым

Халық болып ешқашанда оңбайды

Жылатқан ел ақыны мен батырын



Қорытынды.

1979-89 жылдарда, яғни 10 жылға жуық созылған бұл соғыста көптеген отбасының шаңырағы шайқалды. Қайсыбір ана жалғыз боздағынан айырылды, кейбір әйел жесір, кейбір бала әкесіз, кейбір отбасы панасыз қалды. Енді ғана азамат атанып әскер атанып әскер қатарына алынған қаншама жігіттеріміз ауған даласында жан тапсырды. Ал кейбір жауынгерлер із-түзсіз жоғалып кетті. Аяқ-қолдан айырылып қан төгіп мүгедек болғандар қаншама!
Ауған соғысы- жүректе жазылмайтын, тарихта ерекше орын алатын беттер...
Әр халықтың, әр адамның қасиетті борышы- Отаны үшін жанын пида қылған азаматтарын мәңгі есте сақтап, құрметтеу, жас ұрпаққа отан сүйгіштіктің үлгісі ретінде насихаттау екенін ешқашан ұмытпайық.




© 2010-2022