Жолдауға арналаған тәрбиелік шара

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қазақстан жолы 2050: Бір мақсат, Бір Мүдде, Бір болашақ». Тәрбие сағатының мақсаты:Білім күні мерекесіне орайластыра отырып Қазақстан – 2050 Стратегиясының мән-маңызын түсіндіру, Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Тәрбие сағатының көрнекілігі: Интерактивті тақтадан - Қазақ елі суреттерін тақырыпқа сай көрсету.  І. Қызығушылықты ояту «Миға шабуыл» -    ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»

Жолдауға арналаған тәрбиелік шара


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қазақстан жолы 2050: Бір мақсат, Бір Мүдде, Бір болашақ».
Тәрбие сағатының мақсаты: Білім күні мерекесіне орайластыра отырып Қазақстан - 2050 Стратегиясының мән-маңызын түсіндіру, Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Интерактивті тақтадан - Қазақ елі суреттерін тақырыпқа сай көрсету.

І. Қызығушылықты ояту
«Миға шабуыл» -


Жолдауға арналаған тәрбиелік шара

Балалар, мына суретке назар аударайықшы. Бұл ненің суреті деп ойлайсыздар? (оқушылардың жауабы тыңдалады)

-Бұрын бұл суретті көрдіңдер ме?

-Қайдан көрдіңдер?

-Бұл неге ұқсайды?

-Бүгінгі сабаққа бұл суреттің қатысы бар ма, қалай ойлайсыздар?

Енді мына суреттерге назар аударайық. Не көрдіңдер? Қандай тұжырым жасауға болады? (оқушы өз ойын айтады)

Жолдауға арналаған тәрбиелік шараЖолдауға арналаған тәрбиелік шара

Мұғалім: Барлығыңның жауаптарыңыз дұрыс. Бұл белгілерде мемлекеттіліктің түпкі негіздері көрсетілген: Мемлекеттік Елтаңба, шаңырақ, киіз үйдің жиналатын керегесі, сайын даладағы күн шұғыласы, тұңғиық теңіздің тереңдігі, туысқан аға-іні мен ана-сіңлілердің, әке мен баланың, елдің бүкіл тұрғындарының бір-бірінің қолын қысуы. Белгінің маңыздылығы - бірлікте, демек, қуаттылықта. 2050 Стратегиясының жаңа логотипі - бірлік тоғысы. Ол қазақ ұғымындағы бірігу мен тұтастық белгісін білдіретін заттардың жарасымынан көрініс беретін үйлесім мен бірлесу идеясын көрсетеді. Жолдауға арналаған тәрбиелік шара

Логотипке негіз болған бірінші нәрсе - шаңырақ. Оның кескінін елтаңбадан таба аламыз. Шаңырақ - аспан белгісі, отбасы, ошақ қасындағы туған аспанның кішкентай бөлігі. Біздің аспанымыз - біреу, ортақ үйіміз Қазақстан - біреу, ортақ ұлттық идеямыз - 2050 Стратегиясы - біреу.
Есімізге түсірейікші, шаңырақ сөзінің түбірі «шаң» - «күн» сөзінен шыққан. Сондықтан да бұл сөзді бір аспан мен күн астында бейбітшілікпен және келісіммен өмір сүріп жатқан қазақстандықтар бірлік белгісі деп қабылдайды.
2050 Стратегиясының жаңа логотипінде қазақ киіз үйінің жеңіл де нық негізі саналатын керегені де көруге болады.
Үйдің негізі кереге болса, бізді біріктіретін негіз - Стратегия.
Сондай-ақ бір-бірімен қабаттаса келген сызықтардан біз байланыстардың беріктігін, мызғымас достықты және түсіністікті көре аламыз. Ол ағалар мен әпкелердің, әкелер мен балалардың, еліміздегі барлық адамдардың қол алысуын білдіріп тұр. Сондықтан біріге, бірлесе отырып, қазақстандықтар алға қойылған мақсаттарды орындай алады және елді даму мен дәулеттіліктің жаңа деңгейіне шығара алады.
Бұл белгілерде мемлекеттіліктің түпкі негіздері көрсетілген: Мемлекеттік Елтаңба, шаңырақ, киіз үйдің жиналатын керегесі, сайын даладағы күн шұғыласы, тұңғиық теңіздің тереңдігі, туысқан аға-іні мен ана сіңлілердің, әке мен баланың, елдің бүкіл тұрғындарының бір-бірінің қолын қысуы.Белгінің маңыздылығы - бірлікте, демек, қуаттылықта.

Ал бүгінгі біздің тақырыбымызға тағы бір рет қарайықшы. Жыл сайын Қазақстан халқына арналған Мемлекет басшысының Жолдауы елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін одан әрі жақсартуға бағытталған Басты құжат болып есептеледі. Биыл Елбасы 17 қаңтар күні «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауын жариялады. . Жолдау арқылы Елбасы алдағы жылдарға мемлекеттік стратегиялық маңызы бар жоспар құрып, нақты бағдарлама жасайды, бүкіл халықтың алдына биік мақсаттар қояды, үлкен міндеттер жүктейді. «Мәңгілік ел» - Елбасының биылғы 17 қаңтарда жасаған Жолдауының түпкі идеясы. - Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты кезекті Жолдауы отандастарымызды тағы бір серпілтіп тастады. Аталмыш Жолдаудың өзіндік ерекшелігі бар. Бұл Жолдау - еліміздің дамыған отыз елдің қатарына кіру жолындағы міндеттер мен тапсырмаларды айқындап берді. (слайд арқылы жолдауды таныстырады)
ІІ. Мағынаны ажырату

Мұғалім: Жолдауда Н.Ә. Назарбаев былай деген еді:

«Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар...»

Бұл үшін біз не істеуіміз керек? Осының жауабын өздерің Жолдаудан оқып өз ойларыңды айтып көріңіздер ( Әр топқа Жолдаудың көшірмесі беріледі)

Жолдауға арналаған тәрбиелік шара

Әр топта талқыланып, топ басшылары өз пікірлерін қорытындылайды.

ІІІ. Ой толғау
« Эссе жазу» - Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы туралы менің ойым.

Мұғалімнің қорытындысы:

«…Ендігі ұрпақ - Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы - Мәңгілік Ел! - дейді Елбасы. - Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары - «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек…»
Міне, Елбасы дәл осындай бір мақсат, бір мүддемен бір болашақты көздесек қана Қазақ елі - Мәңгілік ел болып қалатынымызды айтады.











© 2010-2022