Открытый классный час Желтоқсан жаңғырығы

  Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгендігімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын көрерменге жете ұғындыру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту.Кіріспе сөз: Отанды сүюге, құрметтеуге, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым-желтоқсан»


Мақсаты:

Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгендігімізді. Осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын көрерменге жете ұғындыру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
Отанды сүюге, құрметтеуге, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.
1-жүргізуші :

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар. Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Ар-намысым, қасіретім; мақтанышым-желтоқсан» атты кешімізді бастаймыз.
2-жүргізуші

Тәуелсіздіктің түп тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта қоймас. Десек те 1986-ның қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек.
1-жүргізуші:

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рұсқұлбеков, Ербол Сапатаев, Лаззат Асанова және т.б. апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.
1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
Қазіргі бұл күн қазақ халқы үшін үлы күн әрі қайғылы, әрі бақытты күн. Бұл 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділітсіз көтерілістің бірі. Енді міне осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апайларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.

Осы желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп, орынымыздан тұрып бір минут еске алайық !
Бір минут үнсіздік.

Рахмет!

Музыка ойнайды.
Алема:

Желтоқсанда.
Алматыда, Ақ қарда
Алма бақтар ақ қырауға батқанда,
Күңірене күн күркіреп тау жатқан.
Жайдың оты жалаң қақты шатқалда

Кім көріпті о заманда, бұл заман,
Найзағайды көк аязға құлаған.
Кеуделерде-үрей бәрі ұялады,
Болсайшы аман, мына ғалам, дін аман.
Бұрын көктің көкірегін тілгілеп,
Найзағайлар от билігін тұр билеп,
Ақ боранда құтырады ит деуші еді,
Алматының иттері ұлып, үрді кеп.
Диана:

Желтоқсанда шындақ жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның!
Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің.
Уақытымның талабында дөп келсе де ұраның.
Уақытыңның әділетсіз соққысынан құладың.
"Нашақор" деп, "маскүнем" деп айыпталдың, ұланым!
Алишер:

Жанымыз жомарт қазақпыз.
Мәңгүрт боп кете жаздаппыз.
Қосайық басты, бауырлар,
Жанайық жансақ маздап біз.
Жаныбек:

Желтоқсан-сен еркіндіктің ұраны,
Желтоқсан-сен азаттықтың жыр-әні.
Ұмытпайды сені мәңгі ұланың,
Желтоқсан-болашағы елімнің.
Ажар:

Өгей қозы біз болдық елімізге,
Келімсектер шықты ғой төбемізге...
Күңірену, айқайдан құлақ тұнды,
Көзге жас ап аналар жылап тұрды.

Ерасыл:

Бұл тарих шындықтарды електейді,
Десең дағы керексіз, керек мейлі.
"Желтоқсан" деген сөзді естігенде
Көз алдыңда сол күндер елестейді.

Арслан:
Қыстың қалай қанқызыл таңғы нұры,

Бүр жаратын гүлдердің мәңгі ұрығы.

Күйдіргідей кеудені күйдіреді,

Жүректегі желтоқсан жанғырығы.
Алишер:
Естен кетпес аяусыз ұрғандары,
Қазаққа неше айла құрғандары.
Қайрат сында елімнің ұл-қыздары
Желтоқсанның кезінде құрбандары.

Арина:

Ерлігіңе қуанам да, сүйінем,

Қайрат аға рухыңа мен иілем.

Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,

Әділ жанның қазасына күйінем

Әлем:

Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өрендер ақталады.
Ер намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады .

Зейін:

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула! Лаула! Желтоқсанның мұзға жанған алауы!
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы!
1-жүргізуші:

Желтоқсан оқиғасы ХХ ғасырдағы ұлт - азаттық қозғалыстың ұлы белесі ретінде тарихтың төрінен орын алды .

Желтоқсан оқиғасының құрбандары Ләззат Асанова, Сәбира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаевтардың қатарында жас өмірін жалау еткен қазақтың, қайсар ұлы Қайрат Рысқұлбеков халқымыздың ұлттық батыры ретінде өз есімін ел жадына мәнгілік жазып кетті.

2-жүргізуші:

Желтоқсанның жан түршігер күндері

Жалдап әскер аяушылық білмеді.

Бұрымынан сүйреп ару қыздарды

Ал ұлдарды тоғытқан жер түрме еді.

1-жүргізуші:

Бұрқ етіп қазақ баласы,
Кеудеде өршіп наласы.
Алаңға қарай ағылды,
Таусылып барлық шарасы.
(Желтоқсан күндерiнен көрiнiс)

.

Күй ойнайды

Тергеуші: Ал бала ерте бастан ескертіп қояйын.Мен не айтсам соны мақұлдап қол қойып бересің.Бұл бір.Ереуілге қатысқан көз таныс,сырт таныс білетін балалардың бәрін тізіп жазып бересің.Бұл екі. Ұқтың ба?

Қ.Рысқұлбеков үндемейді.

Тергеуші:Өз елімізді өзіміз басқаратын құққа жетейік деп ұран көтеріп ,желпілдеп алаңға шыққандарың рас па?

Қайрат: Рас.

Тергеуші: Астанада пәтер іздеп қаңғып жүрген, жұмыс таба алмай ,өз жерінде қажетсіз қоқыс болып теперіш көрген қазақ жастары дедіңдер ме?

Қайрат: Дедік.

Тергеуші: Үкімет басшысы қазақ болсын деп қыр көрсеттіңдер ме?

Қайрат: көрсеттік.

Тергеуші: Мә, саған ұран көтерген. Мә, саған қыр көрсеткен. (ұрады).Үкімет басшылығына таласатын сен кім едің, басыңды алып жүре алмай, өле алмай жүріп. Қол қой мына қағазға!

Қайрат: Ол қағазға қол қоя алмаймын.

Тергеуші: Неге қол қоймайсың?

Қайрат: Мені алаңға шық деп ешкім үгіттеген жоқ. Қазақ қыздарын шашынан сүйреп, таяқтап сабап жатыр деген хабарды естіген соң жатаханада шыдай алмай үкімет үйінің алдына өзім бардым.

Дауыс: Қайрат Рысқұлбеков қазақ хаһарманы. Қайратты үлкен қылмыскер деп тауып, 1987 жылы 1- қаңтар күні Көктеректе нағашыларының үйінде ұйықтап жатқанда ұстап әкеткен. Оған Савицкийді өлтірді деген айып тағылып, ауыр жазаға - өлім жазасына кескен. Қайрат 21 жасында 21 күн сот алдында нақақтан шырылдап, Семей түрмесінің 21- камерасында 21- мамыр күні қапылыста қайтыс болды.(1988).

1992 жылы 21 ақпанда ақталды.

Қайрат:

Күнәдан таза басым бар,
21-де жасым бар.
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең алыңдар
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар.
Ән: "Желтоқсан желі".

Монолог оқу . Аяулым

1-жүргізуші:

Сәл аялдап тағзым етпей бұл алаңнан өтпендер ,
Желтоқсанда ызғарықтан тітіркеніп көк пен жер
Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер ,
Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер ,
Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен дер ,
Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер .

Желтоқсан оқиғасы туралы бейнекөрініс
1-жүргізуші

Мен-қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен-қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге, қайта келдім.
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.
Ұлы аманат етейін еркіндікті,
Ел құлдықты білмесін жер кіндікте.
Аңсаймын мен сенемін туады ертең.
"Қазақ болу" зор бақыт дер күн тіпті.
Би:
Ән: "Қара бауыр қасқалдақ".
1-жүргізуші:

Қазақ халқының көкірегінде шер болып қатқан, туған жерінен, елінен, жұртынан айырылып, ен далада жосып «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезеңін басынан өткерген шақта бір қарт баласына:
Сен ғанасың, құлыным, сен ғанасың,
Мен де көпке бармаспын сен қаласың.
Ойран болған орданың орнына кеп,
Отау тігіп, оттарын сен жағарсың - деген екен. Бүгінгі таңда сол қарттың баласы болмасада ұрпағы егеменді ел болып, сол ойран болған орданың орнында отау тігіп, отын жағып, түтінін түтетіп отыр. Ендігі тілегіміз тәуелсіздігіміздің туын көкке көтерер, еліміздің көк байрағын желбіретер, ата - бабаларымыздың асыл мұраттарын асқақтатар бүгінгі жас ұрпақ, ертеңгі еліміздің тізгінін ұстар жастарымыз өз жерімізді, өз елімізді қадірлеуге, сүюге тиіс екендігін естен шығармаса екен дейміз.

2-жүргізуші:

Ақталды боздақтардың ақ талабы,
Әділ іс әрқашанда ақталады.
Елі үшін жанын қиған асыл жандар
Ел есінде мәңгілік сақталады.

Хор «Егемен елім»

© 2010-2022