Доклад на тему Дуальное обучение

Білім алушыларды сыни тұрғыдан ойлауға тәрбиелеу жоспарын құрыңыз.   Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім керек. Себебі Тәуелсіз Қазақстанның бәсекеге қаблетті 50 елдің қатарына терезесін тең ететін – білім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу өрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары зерттелініп, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірбиесі зерттеліп мектеп өміріне енуде. Жаңа технологияны меңгер... Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» - деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, ойнату әдісім деп қарамай, олардың мінез – құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған.  Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: білім алушылар мен тәрбиеленушілер, педагог қыметкерлер мен ересектер арасында әр түрлі: ұлттық ойындар, спорттық жарыстар, семинарлар, конференциялар сондай – ақ, іс – шара...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ӨРЛЕУ «БАҰО» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ «АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»

Шелек политехникалық колледжі











Өзіндік жұмыс













Тақырыбы: Білім алушыларды сыни тұрғыдан ойлауға тәрбиелеу жоспарын құрыңыз.













Орындаған: Турганова Г.К.

Шелек политехникалық колледжі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Білім алушыларды сыни тұрғыдан ойлауға тәрбиелеу жоспарын құрыңыз.

Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім керек. Себебі Тәуелсіз Қазақстанның бәсекеге қаблетті 50 елдің қатарына терезесін тең ететін - білім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу өрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары зерттелініп, жаңашыл педагогтардың іс - тәжірбиесі зерттеліп мектеп өміріне енуде. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан - жақтылығы, білімділігі қажет. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Білім және Ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде: «Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болуы керек. Ол үшін жаңа формацияның педагогі қажет» деген.

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» - деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, ойнату әдісім деп қарамай, олардың мінез - құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: білім алушылар мен тәрбиеленушілер, педагог қыметкерлер мен ересектер арасында әр түрлі: ұлттық ойындар, спорттық жарыстар, семинарлар, конференциялар сондай - ақ, іс - шаралар ұйымдастыру және өткізу көрсетілген. Демек, қазақтың ұлттық ойындары сауықтық жағынан ғана емес, ол - өнер, ол - салт - дәстүр, ол - спорт, ол - шаруашылық тәжірибелік маңызы бар тәрбие құралы.
Ұлттық ойындардың адамға тигізетін пайдасын халық ертеден - ақ білген. Ойындар атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып, халықтың дәстүрлі шаруашылық, мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі әрі көрінісі болған. Қазақтың ұлттық ойындары жүгіру, секіру, логикалық ойлау элементтеріне бай. Ойындар жас ағзаның дұрыс та сергек өсуінің көзі және ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, шапшаңдықты сонымен қатар, мінез - құлық ерекшеліктерін, білек - күшін, дененің сомданып шынығуын қалыптастырады. Сондықтан ұлттық ойындарды оқу - тәрбие үдерісінде пайдалану қоғамымыздың ұлттық идеологиясын нығайтудағы өзекті мәсеелелердің бірі. Оқу - тәрбие үрдісінде осындай әдісті қолдану үшін, мұғалім алдымен өзі оқып, біліп, зерттеп, тиімділерін оқытып осының бәрін өзінің шеберлігіне сай жеткізе білуі керек. Мұғалімнің ерекшелігі соны таңдай білуінде. Себебі, бір технологияның өзі қолдану әдіс - тәсіліне, шеберлігіне қарай жүзеге асады.

Қазіргі кезде ұстаздар қауымының көпшілігінің пайдаланып жүрген оқытудың жаңа технологияларының бірі - оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Аталмыш технологияның негізгі мақсаты - ашық қоғам азаматын тәрбиелеу.

І. Сыни ойлау

  1. Өзіндік және жеке ойлау болып табылады (тәуелсіз ойлау);

  2. Ақпарат - сыни тұрғыдан ойлаудың соңғы емес бастапқы сатысы болып табылады;

  3. Сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып шешімін табуды қажет етітін мәселеден басталады.

Жобаның негізгі - оқушы. Ол басты тұлға, әрекет етуші. Мұғалім - бағыттаушы. Бастауыш сынып оқушылар үшін маңызы:

- сұрақ қоя білуге;

- пікірлесуге;

- тең құқылы диалог жүргізуге;

- белгілі тақырып бойынша ақпарат таба білуге үйренеді.

Себебі бұл әдісте талданып отырған мәселе бойынша әрбір оқушы өз топшалауын, өз пайымдауын білдіреді, өзіндік дәлелдер келтіреді, басқалардың ой түйіндерін сынайды, олардың мәнді - мағналы жақтары жөнінде өз пікірін, өз тоқтамын тұжырымдайды. Бұл әдіс шәкірттерге де, оқытушыларға да үлкен жауапкершілікті жүктейді. Оқыту әдістерін жетілдіруге, дамытуға, олардың тиімділігін арттыруға көмекеседі.

Шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қаблеттерін дамытуға арналған оқытудың әдіс - тәсілдері білім алушыларға құбылыстардың себептерін толық ұғынуға, ережелер мен заңдылықтардың сырларын терең түсінуге, олардың ғылыми білімдегі орнын аңғаруға қолайлы жағдаяаттар жасайды.
Бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Ұлттық ойндар арқылы бала қазақ халқының кәсібін, салт - дәстүрін тани, біліп қана қоймай ойындардағы іс - әрекеттерге еліктейді.
Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы туралы Мағжан Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінен бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары халық ойындарының балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, өткен ұрпақтың дәстүрі мен салтын құрметтеп, адамдардың ойы мен іс - әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық, адамгершілік ой талабының өсуіне, оның атқаратын қызметін жоғары бағалаған.
Ұлы ғалым, философ Әбу Насыр Әл - Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі», - деген екен. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл - әрекеті ойын арқылы байқалады, сондықтан да оның мәні де ерекше болып табылады.
Ұлттық сананы қалыптастыру негізі оқу орындарындағы тәрбие болып саналады. Оқушылар бойына ұмыт, жат болған ұлттық нышандарды қалыптастыру мақсатында олардың қызығушылығын оятудың негізгі көзі ұлттық ойындарды сабақ барысында қолдану.
Егер мұғалім сабағын ерекше тартымды, оқушының бәріне де түсінікті етіп өткіземін десе, ең әуелі оқушылардың сол сабаққа деген қызығушылығын оята білуі керек. Шәкірт қызығушылығын сабақта дамытып тәрбиелеуде мұғалімнің сабақты әр алуан түрде, жаңа технологиямен өтуінің маңызы зор. Адамның қызығушылығы сан алуан болуы мүмкін бірақ, оқушы ойын баласы болғандықтан ол ойын сабақтарға қызығушылықпен қарайды және белсенді қатысады.
Бүгінгі таңдағы білім беру - өсіп келе жатқан ұрпақтың ақыл-ойы мен дамуының, мәдениетінің деңгейін анықтаушы фактор. Мемлекетіміздің елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай, экономиканың қарқынды дамуы үшін қазіргі нарық қатынасы талаптарына жауап бере алатын, сыни ойлана алатын, шығармашыл адамдар қажет.
Еліміз өркениеттілікке ұмтылып отырған кезде ойыма еріксіз мына сөздер оралады: «Өркениеттіліктің басты міндеті - адамды ойлай білуге үйрету» (Эдисон).
Ал ой жоқ жерде жүйелі сөйлеу жоқ. Олай болса ойлауға үйрете отырып бала тілін дамытуға жол саламыз.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні балаға халықтық тәрбие берудің таптырмас құралы деп айта аламын, себебі қазақ тілі мен әдебиеті халқымыздың асыл қазынасының өзі емес пе?! Олай болса сол тілді үйрету, жаңдандыру жолдары талапқа сай, бәсекеге қабілетті білім беру. Оның бастамасы мынадан басталмақ.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» (СТО) технологиясының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Сыни тұрғыдан ойлау көңілге қонымды дәлелге ұмтылады. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам мәселені шешудің жолын өзі іздеп табады да сол шешімдерді саналы дәлелдермен нақтылай түседі. Болашақта өмірдің түрлі де қилы оқиғаларынан шешім тауып шығатын азаматты мектеп қабырғасынан тәрбиелеуіміз керек.
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың
1. өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу
2. ұқсас құбылыстардың арасынан тиімдісін таңдай білу
3. проблеманы шеше білу
4. пікірталасты жүргізе білу қабілеті қалыптасады
Сын тұрғысынан ойлаудың 3 кезеңіндегі
І. Қызығушылықты ояту
ІІ. Мағынаны ажырату
ІІІ. Ойтолғаныс фразалары бойынша іске асады.
Тақырыппен танысу, мағынаны түсінуді ұйымдастыруда кемшіліктерді болдырмаудың бірден - бір кепілі оқушылар бұл кестені толтыруында мұғалім алдындағы оқушылардың тақырыпты қалайша меңгергенін біліп, толықтырып отырады

«V» - «білемін»;
« - » - «білмеймін»;
« + » - «мен үшін жаңалық»;
« ? » - «мені таңқалдырады»
Оқушылар арасында оқуға жеңіл - желпі қарау салдары болмайды себебі, мұғалім алдында олардың білімді меңгерген кестесі жатады.
Ұлттық ойындарға - деген қызығушылығын арттырып, сол ойнаған ойынының шартына талдау жасай отырып - мағынаны ажыратып, өзінің алған әсерін, түйіндеген ойын - ойтолғаныс арқылы беріп отырады.
Ұлттық ойындарға сүйіспеншілігін арттыру және дамыту, ойлау және шығармашылық қабілеттерін, қиялын, есте сақтау қабілетін дамыту және пікірін қалыптастыру, ойын еркін жеткізуін мадақтау, бір - бірімен ынтымақтастықты дамытуға көмектесу, сауатты сөйлеуге дағдыландыруды мақсат етемін.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында 6 сыныпта «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойынын өткен кезде осы СТО технологиясының бірнеше стратегияларын пайдалану арқылы оқушылардың ойынды қызыға оқығанының және ойнағанының куәсі болдым. Мысалы оқушылар Тоғызқұмалақ пен дойбы ойынын салыстыра отырып ВЕНН диаграммасын, ДЖИГСО, әлемді шарлау стратегиялары, ойыннның шарттарын қызығушылықпен орындады.
«Қыз қуу» ұлттық ойынын өткенде Кубизм әдісінің маңызы зор деп ойлаймын.

Себебі, 1.Суреттеп беріңіз

2. Салыстырыңыз

3. Зерттеңіз

4. Қолданыңыз

5.Ойынды елестетіңіз,

6. Талдаңыз деген кубиктің 6 жағы ойынды жан - жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын оқыту стратегиясы.
«Ұлттық спорт ойындары түрлері» оқыту барысында

І.ой шақыру бөлімінде «Ұлттық спорт» сөзінің сырына үңілсек,

ІІ.топтастыру бөлімінде «Ұлттық спорт ойындары түрлері» туралы оқушылардың еркін ойлауға және тақырыпты салыстырмалы спорт ойындарымен ашық талқылауға бағытталған стратегия екенін көреміз.

ІІІ.5 жолдан тұратын қорытындылау - Сэнкуэн стратегиясы ақпаратты түйіндеп айту, терең ойды, қысқа сөзбен қамтиды. Оқушылар өз ойлары мен байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта біліп, өзара алмасады. Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды немесе «Эссе жазу, бес жол өлең», т. б. стратегияларды қолданып тәсілдерін қолданып қорытындылайды.
«Асық ойнау» тақырыбы бойынша.
Бұл кезеңде оқушының тақырып туралы не білетіндігі анықталады, белсенділігі арттырады, оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын ояту стратегияларының бірін қолданып, қызықты сұрақтар қою арқылы оқушыларды жаңа сабаққа қызығушылығын арттырамын.
Бұл жерде дәстүрлі әдістердегі «Кім кезекші?», «Сабақта кім жоқ, неге жоқ?»
Сыныпты топқа бөліп отырғызу. Әр топтың топ жетекшілерін щқушылар өздері дауысқа салу арқылы тағайындайды. Қызығушылықтарын арттыру мақсатында сайыс түрінде өткізу. «Қайталау - оқу анасы» болғандықтан өткен сабақтарға шолу жасау. Бұл сабақта ВЕНН диаграммасын, божау әдістерін қолданған тиімді. 5 жолдан тұратын қорытындылау. Оқушының ойлауымен қатар жазу процессі іске асады.
Мысалы;
1. Ұлттық ойын
2. жылдамдық, тапқырлық
3. жүгіру, секіру, лақтыру
4. Ұлттық ойындарды ойнаймыз
5. Ұлттық ойындар - халқымыздың салт - дәстүрі.
Оқушы жаңа ақпаратты бұрынғы білімімен ұштастыра түседі.
Бұл кезеңді іске асыру үшін бірнеше тәсілдер бар. Олар: болжау кестесі, ойлан, жұптас, ортаға сал, сұрақ қоя білуді, өзара оқыту т. б. Осы әдіс - тәсілдерді қолдану кезеңді ең тамаша кезеңге, яғни оқушының өздігінен білім алу, өзін - өзі өзектілендіру, танымдық қабілеттерінің даму, шығармашылық іс - әрекетінің ояну, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады.
Осы сабақ барысында бұрынғыдай емес, өз еріктерімен қажеттілік ретінде қызығып оқыды, ойнады, есте сақтады. «Спорт - денсаулық кепілі» өткен сабақпен жеңіл әрі толық байланыс болды; жеке өзі үшін емес, топпен жұмыс жүргізе бастады; кез - келген оқиғаның астарына ой жүгірту керек екенін сезіне бастады; ойындардың ерекшеліктерін басқа ойындармен салыстыра отырып мәнін ашуға тырысатын болды, халқымыздың негізгі кәсібін біле бастады; өз пікірін ашық түрде қорғап, жеңілден ауырға өтуге тиімді жол іздей бастады. Оқытудың тиімді және тиімсіз жақтарын анықтау және «оқу мен жазу процесін бала үшін актуалдандыру» жұмысын жолға қоюда іс - әрекетінің бұл түрі көп көмектесті. Бұрын сонды оқуға ынтасы төмен оқушылардың ойын мен еркін сөйлеу арқылы қызығушылықтары артып белсене жұмыс жасады.
Стратегияларды ендіре жүріп, ұлттық ойындарды талдау, ойнату барысында Блум сұрақтарын сараптау, салыстыру, жинақтау жұмыстарының маңыздылығына көз жеткізуге болады.
Мұғалімнің негізгі міндеті - оқушылармен қарым - қатынас, оқушылардың өзара түсінуі, ұжымдасуы, оларға шығармашылық үшін жағдай жасау, еркіндік беру.
Мақсатым: оқушылар ұлттық ойындар туралы алған ақпараттарын өздігінше игеріп, өз өміріне жарата алатын әмбебап тәсілдерді үйренуі керек. Білім алу оқушы тұрғысынан белсенді процесс болуы қажет, тек белсенді түрде жұмыс жасай отырып, ол қандайда болмасын білімді игереді. Сын тұрғысынан ойлау әдісін ұлттық ойындармен сабақтастыру әрбір оқушыны терең ойланып, философиялық тұжырым жасауға бағыттайды. Өмірде ең керекті білік пен дағды - қоғамда қарым - қатынас құра білу, басқа адамдармен тіл табысу екендігін ескере отырып, әр сабақта оқушы оқытудың басқа да қатысушылармен (оқушылар мен ұстаздар) араласып коммуникативтік қарым - қатынас процесінің белсенді мүшесіне айналады, әрі ұжымда, қоғамда, әлеуметте қалайша өзара байланыс құру мәселесі төңірегінде ойланады.
Сабақ жоспарын жасау кезіңде мұғалімнің сынып оқушыларының белсенділігін, жас ерекшелігін және психологиялық жай - күйлерін ескергені жөн. Мектеп психологының көмегімен және «Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы орта білім берудің жалпыға бірдей міндетті стандарты» жобасына сүйене отырып, құзіреттіліктің критерийлерін анықтап, сынып оқушыларының оқу жылының басындағы құзіреттілігінің қалыптасу деңгейінің көрсеткіштерін белгілеп алу. Ақпараттық құзіреттілігін тест және жеке тұлғаның ақпаратпен өздігінен жұмыс істеп, талдай алу қабілетін тексеру барысында анықталады. Проблемаларды шешу құзіреттілігі байқау, бақылау, сауал-сұрақ әдістері, ата-анамен байланыс жұмыстары арқылы белгіленіп алынады. Коммуникативтік құзіреттілігін оқушылардың жазбаша жұмыстары мен құжаттарды тексеру, интервью әдісі арқылы жоғары, орта, төмен деңгейдегі оқушыларды анықтап алынады. Оқушылардың құзіреттілік қалыптасуы қорытындысын ескере отырып, құзіреттіліктерін дамыту мақсатында жұмыс жүргізу жоспарланады. Мұндай сабақтардың дәстүрлі сабақтардан өзгешелігі де - осында. Сабақ кезінде мұғалім назарынан тыс қалатын оқушы болмайды. СТО әдістерін ұлттық ойындармен сабақтастыру мұғалімнің кәсіби, адамгершілік, рухани, адамзаттық және басқа да адами келбетінің шеберлігіне байланысты.Ұлттық ойындармен сабақтастыра жүргізудің берері көп.
«Сыни тұрғыдан ойлау» жобасын сабақтарда және тәрбие үрдісінде жүйелі түрде қолданып, төмендегі шаралардың орындалуы ескеріледі:
Үш қатарда екі-екіден тізіліп отыратын өзгермейтін отыру қалпы мұнда жоқ:
- жұппен жұмыс;
- топпен жұмыс;
- 3,4 тен отыру;
- әркім өз көзқарасын қорғау үшін бұрыштарға бөлініп тұру;
- қабырғаға қарап тұру.

Сынып бөлмесіндегі өзгерістер:
- қағидалар
- идеялар тақтасы
- ең үздік сұрақтар тақтасы
- пікір бұрышы
- үздік шығармашылық жұмыстар тобы.
Мұғалім ретінде менің тұратын орнымның да мәні зор екенін түсінемін. Топтың атынан шыққан оқушы сөйлегенде, мұғалімнің үстелінің қасыңда тұрсам, маған қарап сөйлейді, сондықтан оқушылардың қасында боламын, ол бізге қарап сөйлейді. «Маған айт», «Мен солай дедім» сияқты тіркестерін қолданбауға тырысамын. «Бізге айт», «Ортаға сал», «Дұрыс айтасын, дәлелде» тіркестерін пайдаланамын. Оқушының «Менің пікірім былай», «Менің ойымша» деген тұжырымдамасын қолдаймын. Аралық тексеру қорытындысында оқу жылының басымен салыстырғанда оқушылардың құзіреттілік қалыптасу дәрежесінің қарқынды дами бастағаны байқалды. Оқушы ролінің өзгеруі төмендегідей болды:
- оқушы танымдық іс-әрекет иесі;
- өзінің даму аймағын кеңейтуші;
- оқыту процесінің белсенді мүшесі;
- өзіндік ой-пікірі бар, сыншыл көзқарас, әділ пікір иесі;
- өзін-өзі тануға әрекет жасайтын тұлға;
- жоғары деңгейлі сұрақтар иесі;
- эксперт рөлін еркін атқарушы;
- бірін-бірі, өзін, тобын, топ жұмысын бағалай алушы;
- ойының дамуын қадағалай алады;
- алдағы қадамдарын болжап, мақсатты айқын қоя біледі.
Егеменді елімізде әр азамат халқымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрыпын, ұлттық нышандарын білуі тиіс. Қарым - қатынасқа түскен ортасында ұлттық нышандар туралы әңгіме қозғалса кідірмей білімін көрсететін, бәсекеге қабілетті жас ұрпақ тәрбиелеуіміз керек.
Осылай ізденіп, талмай еңбектенудің белгілі бір нәтижеге жеткізетіні анық. Сондықтан халқымыздың мол мұрасын көзіміздің қарашығындай сақтап, ұрпағымызға бере білейік.



Пайдаланылған әдебиеттер
1. Керімбаева Р.Қ. п.ғ.к. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты «Ойын түрлері және оның ерекшеліктері»
2. Марғұлан Ә. «Ежелгі жыр, аңыздар» Алматы. Жазушы, 1985.
3. ЖарықбаевҚ., Қалиев С. «Қазақ тәлім - тәрбиесі» алматы. Санат. 1995.
4. Бастауыш мектеп 2004 жылғы №6
5. Байтұрсынов А. «Тіл тағлымы» А,1992



© 2010-2022