План урока воспитательных работ на тему Құстар біздің досымыз

Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Құстар біздің досымыз

  • Абдираимов Эргаш

Тақырыбы: Құстар - біздің досымыз
Мақсаты: Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұмат беру. Негізінен оларға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу. Әсем құстармен таныстыру. Міне мынау көңілді көктемде құстардың оралуын, олардың азайып кеткенін хабардар ету. Оқушылардың құстар туралы ой өрістерін, түсініктерін дамыту. Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге баулу.

Көрнекіліктер: Альбом, суреттер, плакаттар. АКТ
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру
2. Келген қонақтармен танысу
3. Тәрбие сағатын ашу
4. Қорытындылау
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!
Сіздерді көктем мерекесімен құттықтаймыз. Міне, көктем жыршысы құстар келе бастады.
Біздің халқымыз кең далада, табиғат құстары бай далада өскен. Бүгінгі «Құстар - біздің досымыз» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.
(2 - оқушы қысқаша баяндама оқиды)

1 - оқушы: 1927 жылының көктемінде жас натуралистердің Қ. А. Тимирязев атындағы орталық биостанциясында бүлдіршіндердің құстарға арналған тұңғыш мерекесі - құстар күні өткізілді. Бұл мерекеге алдын - ала әзірленіп, құстарға ұя жасайды, плакат, ұран жазады, қабырға газеттерін шығарады, құс маскаларын дайындайды. Табиғатта да адам өмірінде де құстардың мәні өте зор. Құстар әуезді әсем сайрағыштығымен, сымбатты да сұлу, алуан түрлі сыртқы көрінісімен ормандарды, саябақтарды, шалғындарды және табиғаттың сәнін келтіру арқылы адамдарды эстетикалық ләззатқа бөлейді.

2 - оқушы: Адам құстарды спортқа және әр түрлі мақсатта қолға үйретіп, баптайды. Құстар атаулының бәрі пайдалы. Құстардың - қайсысын болса да қорғау керек. Құстардың саябаққа, бау бақшаға, егістіктер мен бақтарға үйірілуіне мүмкіндік жасап, ұсақ құстарға қыста жем шашар, жазда ұялағыш үйшіктер дайындау арқылы қамқорлық жасау - табиғатты көркейтіп, құстарды аялай білудің негізгі шарты, Құстардың ұясын бұзып жұмыртқасын жарудан аулақ болыңдар.
Мұғалім: Құстардың адам өміріндегі маңызы туралы қазақ халқының тамаша мақал - мәтелдері қаншама десеңші! Мақал - мәтелдер халықтық педагогиканың үлкен бір арнасы. Сол мақал - мәтелдерге зер салайық:
1 - оқушы:
Ақсұңқар - құстың баласы
алдына қоймай жем жемес.
2 - оқушы:
Аққу құссыз - көл жетім,
айтылмаған сөз жетім.
3 - оқушы:
Өлеңге енсе - сөз сұлу,
аққу жүзсе - көл сұлу.

5 - оқушы:
Бұлбұлға бау жақсы,
Кекілікке тау жақсы.
Ер жігітке бәрінен,
Туып - өскен ел жақсы.
6 - оқушы:
Аққу құсқа оқ тисе, қанатын суға тидірмес.
Ер жігітке оқ тисе, қиналғанын білдірмес.
Мұғалім: Құстар адам өміріне сән - салтанат беріп, әсем сазды үнімен жанды рақатқа бөлейді. Сондықтан, атадан балаға мұра болып келе жатқан халық шығармашылығында адам бойындағы ең сұлу ерекшеліктерді құстарға теңеп, «аққу мойын», «қасы қарлығаштың қанатындай», «бүркіт тұмсық», «қаз дауысты»т. б. деп сипаттаса, «Қарлығаш», «Сандуғаш», «Бүркітбай» деп балаларына ат берген.
Оқушылар хормен:
Құстар - біздің досымыз,
Шырқап әнге қосамыз.
Құстар - біздің досымыз,
Көктем сайын тосамыз.

Нұр: Жыл құстары келді деп,
Балдырғандар мәз болды.
Қос қанаты желпілдеп,
Көлге үйрек - қаз қонды

Ақниет: Құстар тойын құттықтап,
Қуанамыз қолдаймыз.
Ұя жасап құттықтап,
Біз оларды қорғаймыз.
оқушы: Жылы шуағымен гүл өсірген,
Жыл құстарын ілестірген,
Көрікті көктем келді.
(осы кезде Көктем келеді).

оқушы: Сағынышпен жеткен,
Қуана бер көктем.
Жайнап нұрлы гүлің,
Басқар құстар күнін.

Көктем: Сәлем достар аман ба?
Мынау бейбіт заманда.
Шат шадыман көктеммін,
Шаттық болсын әманда.

Ән құстарым үніммен,
Сән құстарым гүліммен.
Қуантамын бәріңді,
Құт - береке күніммен.

(Ортаға құстың ұясын оқушылар алып шығады). Көктемге сәлем береді.

Бағлан: Сәлем елдің көктемі,
Әлем енді көктеді
Құрметпенен бас идік.
Құстарына көктемгі.

Көктем: Рахмет, балалар,
Сендерде ой - сана бар.
Бау - бақшаның дұшпанын,
Бастырмады құстарым.

Кербез құстар әнімен,
Келді міне сәнімен.
Балапандар биіне,
Қол соғайық сүйсіне.

Ортаға балапандар билеп шығады.
Мұғалім: Ал балалар қандай жыл құстарын білесіңдер? (Барқылдақ, торғай, суық торғай, бозторғай, қарлығаш, шымшық, көкек, қара торғай т. б. )

- Оларды не үшін жыл құстары дейміз? (Олар алысқа ұша алады. Суық түсісімен алыс жақтарға ұшып кетеді де көктемде біздің жаққа тіршілік етуге қайтып оралып, ұя салады, балапан шығарады)
- Қыстап қалатын құстарды білесіңдер ме?(ұзақ қарға, тоқылдақ, сауысқан, сары шымшық, көгершін)

- Дұрыс. Олар ешқайда кетпейді. Жыл бойы біздің жақта тіршілік етеді. Бұл құстар суыққа төзімді келеді. Қандай аяз болса да өз қоректерін тауып жейді екен
Мұғалім: Енді балалар, құстар жөнінде викторина сұрақтарына жауап берейік.
1. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (Бүркіт)
2. Қандай құс хат тасушы атанған? (Көгершін)
3. Қандай құста мүлде ұя болмайды? (Көкек)
Мұғалім: Құстарға арналған көптеген жұмбақтар да бар. Енді осындай біраз жұмбақ шешіп көрелік.
Ауылда, қалада мекені,
Жолаушы жүрсек шығарып салады.
Алдыңнан шығады
Жаныңды еркелетеді. (Қарлығаш)
Көктемде құстар қайтқанда,
Ең алдымен келетін.
Өзіміз күтіп алатын,
Ұя жасап беретін,
Бұл қандай құс, балалар? (Қараторғай)

Маң - маң басқан жүрісі,
Барлық құстың ірісі.
Қашанда құстай ұшпайды,
Қуғанын бірақ ұстайды. (Түйеқұс)

Өзі сақ, өзі ұсақ,
Шықылдақтап тұрмайды.
Құйрығы ұзын, өзі ала,
Бұл қандай құс? (Сауысқан)

Көңілдің көркі сән екен,
Ұшқанда сазды ән екен.
Айқындар оны байқаған,
Адамдар оны сақтаған.
Бұл қандай құс? (Аққу)

Ақ сарайын талқандап,
Шықты біреу талтаңдап. (Балапан)
Ән: "Ақ көгершін "
1. Ақ көгершін, көгершін,
Қолғанат құс сен едің.
Бар кезіп қайт ел үшін,
Кең дүниенің көлемін...
Әділеттің құсы деп,
Көз алмастан жалықпай.
Бақыт болып қоншы деп,
Ұшырамын қолымнан.

Қ - сы
Ел тілегін алып ұш,
Адам заттың бағына.
Бұлт қанатын жарып ұш,
Мұхиттың арғы жағына

2. Сеннен көзін алмайды,
Ақ қанатың талмайды.
Әділетінен жаралған,
Тыныш бейбіт өмірдің.

Белгісі боп қанат қақ,
Әлемге ортақ көңілдің,
Қайт шыңына қонақтап.

Мұғалім: Міне, құрметті қонақтар осымен құстарға арналған " Құстар - біздің досымыз"атты тәрбие сағатымыз аяқталды

Құстар біздің досымыз

  • Кулай

  • 21 ақпан 2014

  • 5965

  • 0

  • 0

Тақырыбы: Құстар біздің досымыз
Оқу іс - әрекетінің мақсаты:
а)Балалардың жыл бойы алған білімдерін пысықтау, ойлау қабілеттерін есте сақтау дағдысын бекіту.
ә) оқушылардың дыбыс, әріп, сөз, сөйлем туралы түсінігі, сандардың құрамына байланысты білімдерін қалыптастыру.
б) жалпы құстар туралы олардың тіршілігі мен пайдасы туралы мағұлмат беру.
в) құстарды қорғауға қамқоршы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу. г) балалардың белсенділігін, қызығушылығын, сөздік қорын, ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелілігі: Отанын, жерін, орманын, табиғатты қорғауға баулу. Уақытты тиімді пайдалануға, бос уақытын дұрыс ұйымдастыра білуге, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Түрі: қорытынды сабақ.
Әдісі: дәстүрлі, сұрақ - жауап, жұмбақтар шешкізу, таратпа материалдармен жұмыс жасау.
Көрнекілігі: құстардың суреттері, буклет, альбом, таблица, текшелер, әр балаға таратпа материалдар, сөз жұмбақ. Құстардың дауысы жазылған үн таспа.
1. Ұйымдастыру кезеңі;
Психологиялық сәт. Нұр құшып алапты
Арайлап таң атты
Жарқырап күніміз
Жер көкті оятты
Қайырлы таң қонақтар.
2. Кіріспе сөз.
Бүгінгі сабағымыз қорытынды сабақ ретінде өтіледі. Сондықтан барлығымыз ұқыпты, жауапкершілікпен қатысайық.
- Балалар бізді не қоршап тұр?
- Табиғат жер ана қоршап тұр.
- Тірі табиғатқа нелер жатады?
- Адамдар, жануарлар, құстар, өсімдіктер, балықтар.
Табиғат туралы.
Сүйейік табиғатты аялайық
Бізде одан жақсылықты аямайық
Анадай табиғаттың аясында
Жадырап жас балаша дем алайық.
Үн таспадан құстардың дыбысын тыңдату.
Дыбыс, әріп туралы ұғым.
Сұрақтар, тапсырмалар.
1) Дыбыстар нешеге бөлінеді?
2) Таблитцамен жұмыс.
3) Сөз құрау. Отан, ана, сабақ, құстар.
Сөйлем түрлері, мысалдар келтіру.
4) Таратпа материалдар
А) Буын: Қар - лы - ғаш, ша - ға - ла, қа - ра - тор - ғай, то - қыл - дақ.
Ә) буындарды қосу
Б) әріптерді қосу.
Сергіту: Қанат жаям жалма - жан
Талпынғандай ұшуға
Иіліп келіп қол созам
Аяғымның ұшына
5)- Құстар туралы не білеміз?
Табиғатты құрайтын бөліктердің бірі - құстар. Адамдар ежелден - ақ құстарға әуес. Оларға деген сүйіспеншілігі шексіз болған. Ең жақсы көретін адамды құсқа теңеу арқылы, өз ықыласын көпке аян еткен. Құстар бау - бақшаның әні емшісі. Құстар біздің досымыз.
Құстардың қандай пайдасы бар?
Олар ағашты, жердегі зиянды құрттарды жейді. Құстан ән салып көңілімізді көтереді. Олар бақтың сәні.
6)- Негізі құстар нешеге бөлінеді?
1. Жыл құстары, үй құстары, тұз құстары.
2. Көктемде бірінші келетін құстар.
Нәузек қарлығаш, көкек, қараторғай.
3. Қыстап қалатын құстар.
Қарға кептер сауысқан шымшық
7) Мақал - мәтел, өлең - шумақтар.
Аққу құстың патшасы
Тең келмейді басқасы.
Балық ілгіш шағала
Көк теңізді жағала
Аққуды атпа, досыңды сатпа
Қарға, қарғаның көзін шұқымас.
Қуаныш сыйлап көңілге
Даланың сансыз торғайды
Күнімен мөлдір көгімде
Әндетіп тұрса болғаны.
Құс сұлуы аққуым
Табиғат көркем сыйлаған
Мылтығын кезеп еш мерген
Атуға көзі қимаған
Әлемге мәлім елімнің
Тоқылдақ толы орманы
Ажарын ашып елімнің
Тербеліп тұрса болғаны.
Құстың ұясын бұзба
Сергіту сәті
8) Викториналық сұрақтар.
1. Тал басында бір үй бар Ұя.
2. Хат тасушы құс Көгершін
3 Қай құста мүлде ұя болмайды Көкек
4 Аң аулайтын құс Бүркіт
5 Торғайдың жүрегі минутына неше рет соғады. 960 рет
6. Балабақшаға ауласына қанша ұя жасадық 3ұя
9. Математика сабағынан бірнеше тапсырмалар
1. 1 - 10 аралығындағы санды тура, кері санау
2. Жұп тақ сандарды ата
3. Бірлік, ондық санды ажырату.
4. Геометриялық пішінді орналастыру.
4. көршісін тап.
6. Есептер шығару
7. Санамақ
10. Суретпен жұмыс.
11. Текст оқыту.
12. Сөз жұмбақ шешу.
Қорытынды.

Құстар - біздің досымыз

  • Бактыгул

  • 18 қаңтар 2012

  • 79859

  • 0

  • 0

Тақырыбы: «Құстар - біздің досымыз!»
Мақсаты:
А) Құстар, соның ішінде жыл құстары туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау.
Ә) Құстар туралы жұмбақтар шешу арқылы қызығушылығын арттыру, құстар бағына саяхаттауды техникалық құрылғылардың көмегімен тамашалай отырып құстарды қорғауға деген сезімін арттыруға жетелеу.
Б) Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, яғни құстарды қорғауға, оларға тиіспеуге, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, буклеттер «Құстар - біздің досымыз!», нақыл сөздер.
Әдісі: әдеби - монтаж, түсіндіру, ойын.

Жүрісі:
1 - бөлім «Құстар - біздің досымыз!»
2 - бөлім «Құстарға ұя жасайық!» ойыны (Жұмбақтар шешу)
3 - бөлім Ертегілер елінде
4 - бөлім «Артық болмас білгенің» (Халық болжамдары)
5 - бөлім «Оқушы шығармашылығы»

1 - жүргізуші
Құрметті ұстаздар, ата - аналар. Қадірменді достар! Хош келдіңіздер!
Сіздерді көңілдеріңізге жылы шуақ ұялатар көктем мерекесімен құттықтаймыз!

Құстар, құстар келеді
Жерді шуға бөледі
Көктем келді деп бізге
Жақсы хабар береді.

Ән құрадым әніммен
Сән құрадым гүліммен
Қуантамын бәріңді
Құт - береке күнімен
2 - жүргізуші
Сіздерді көктем мерекесіне орай ұйымдастырылған «Құстар - біздің досымыз» атты тәрбиелік шараны тамашалауға шақырамыз.

Сәлем достар аман ба?
Мынау бейбіт заманда
Шат -- шадыман көктемің
Шаттық болсын қашанда

Бейне көктем жырлары
Сағынышпен жеткен
Құстардың әуенімен
Қуанта бер көктем
1 - оқушы
Елімізде 500 - ге жуық құстың түрі бар. Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды. Сондықтан олар табиғат емшілері.
2 - оқушы
Олар тіршілік иелері. Олар ұрпақ өрбітеді. Балапандарын қанаттандырып, жауларынан қорғайды.
3 - оқушы
Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені табиғатты құлпыртып,
адамдардың көңіл - күйін көтереді. Құстардың түрлері өте көп. Оның ішінде жыл құстары туралы әңгімелесек.
4 - оқушы
Жыл құстары дегеніміз - Салқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар. Ол құстарға көкек, қарлығаш, аққу, қараторғай, бұлбұл, тоқылдақ, үйрек, қаз, тырна.
5 - оқушы.
Құстар туған жерге топ - тобымен ұшып келіп жатыр. Олар жолда талай қиындықтарды бастан кешіреді. Биік асулардан асады. Өздерінің таныс жолдарынан адаспаған.
6 - оқушы
Жыл құстарының кейбірінің тіршілік қамы туралы әңгімелейік. Мысалы: қарлығаш - адамға дос. Ол өзінің ұясын үйдің, ауланың айналасына салады. Оның өз әні бар. әні құлаққа жағымды.
7 - оқушы
Қарлығаш адамға саулық, жақсылық тілеп жүретін және қауіп қатерден қорғап жүреді. Үй салуды да адамдар қарлығаштан үйренген.
8 - оқушы
Қарлығашпын мен
Адамның тұрағымын
Мекен етіп тұрамын
Тазалаймын үй - ішін
Ел аузында мақтаулы
Тазалықшымын төселген
9 - оқушы
Қараторғай - өзі кішкентай, өте пайдалы құс. Орман қорғаушысы. Ауылға қараторғай келісімен күннің көзі ашылып, күн жылынады. Қараторғайды әнге қосып, шырқаған.
10 - оқушы
Мен қараторғаймын
Шегірткедей жұртыңды
Қырғи болып қиямын
Егістікке жайылымға
Қорғаушы боп тұрамын
Жәндіктерді зиянды
Құртатұғын батырмын
Дайындайтын ұямды
Достарға келе жатырмын
11 - оқушы
Құс сұлуы аққумын
Табиғат көркін сыйлаған
Мылтығын кезеп еш мерген
Атуға көзі қимаған.
Сұлулықты паш етіп
Жырлаған талай ақындар
Нәзік үнді, көл көркі
Құс патшасы мен болам
12 - оқушы
Аққу - 30 - 40 жыл өмір сүреді. Ол көрсе көз тоймайтын сұлу құс. Халық аңызына сүйенсек жылан да аққу жұмыртқасына тиіспеген, адамдар да аққуды атпаған. Ол киелі құс. Қазақ сұлу қыздарын аққуға теңеген.
13 - оқушы
Халық көктем келсе көкек келді дейді. Осы бір құстың аты неге ең тамаша ай атына теңеу келеді екен. Не деген ғажап, көкек деген. Өйткені көкек көктем келе салысымен көкек, көкек деп ән салады. Сондықтан сәуір айы көкек айы деп аталған.
14 - оқушы
Жаршысымын көктемнің
Көкек дейді мені жұрт
Өз атын айтар құс менмін.
Көктемді күтсең мені күт.
15 - оқушы
Мен еркін бақытты бұлбұлмын
Бұлағын тасытқан ән - жырдың
Тамаша тамылжып шырқаймын
Шаттығын тауыса алмай әр күннің
16 - оқушы
Тоқылдақты халық орман емшісі деп атайды. Ол ағашты зиянды құрт - құмырсқадан тазартады.
17 - оқушы
Құртты іздеп ініне
Қарағайды үңгіген
Тоқылдақ құс дәрігер
Қашан да ол әбігер
18 - оқушы
Қазақ халқы құстарды ерекше бағалаған. Шебер әншісін - бұлбұлға теңеген. Азаматын - сұңқарға, сұлуын - аққуға, ез жігітін - жапалаққа теңеген.

2 - бөлім Жұмбақтар шешу
Туысы дейді құстардың
Інісі дейді тышқанның
Тышқан да емес, құс та емес
Екеуінен де тыс қалдым
(Жапалақ)

Қызығып әр адам
Ұстап ап даладан
Жүнімен жұлып ап
Бесікке қадаған
Бұл қай құс?
(үкі)

Қашаудай мықты тұмсығым
Бәсеке тігем бұл шыным
Құрт, қоңыз, аулап жарысам
Орман дәрігері боп табылам
(Тоқылдақ)

Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай
Ұшса оқтай зулайды
Көктен жұлдыз аққандай
(Қарылғаш)

Биікке салған ағаш үй
Сол ғой оның мекені
Жаздай сайран салып ап
Қыста алысқа кетеді
(Қараторғай)

Он екі айдың біреуі
Сірә оның атында
Өзге ұяға із тастап
Мен деп жар сап жүреді
(Көкек)

3 - бөлім «Ертегілер елінде»
(Интерактивті тақтадан көрсету арқылы ертегіні рольге бөліп айту)

4 - бөлім «Халық болжамдары»
1 - жүргізуші
Халқымыз құстардың келуіне, кетуіне қарап болжамдар жасаған. Енді солардың біразына тоқтала кетейік.

Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, ал төмен ұшса жаңбыр жауады.
Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса, су тасқыны болады.
Жаңбыр жауарда қарғалар у - да шу болады.
Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады.
Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.
Шағала келсе сең бұзылады.
Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте келеді.

5 - бөлім «Оқушы шығармашылығы»
(Оқушылардың өздері дайындаған өздері салған суреттері)
6 - бөлім Қорытынды

Құстар қайтып барады.

Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып
Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып
Зымырайды менің бала кезімдей
Бір жалт етіп өте шыққан 2 сезімдей

Құстар, құстар сызылтып ән салады
Сол әнімен тербетеді даланы
Ал, адамдар күліп бастап өмірін
Кетерінде жылай да алмай 2 қалады

Біздің жаққа бауыр басып кеткен бе?
Тамаша әнмен келіп еді көктемде
Өскен жерге сыймай кетіп барады
Өскен жерін қимай кетіп 2 барады





© 2010-2022