Желтоқсан - Тәуелсіздіктің ұлы рухы сценарий

Тәуелсіздік-  ең  басты  құндылығымыз. Тәуелсіздік  күні  еліміздің  барлық  азаматтары  үшін  орны  ерекше  мереке  деп  білеміз,  себебі, осынау  жүрек  жарды  қуанышқа  толы  күнді  ата-бабаларымыз  ғасырлар  бойы армандап,  күтумен  өтті.  Елімізде  болған  ұлы  оқиғалардың  бірі  желтоқсан  оқиғасында  ұлттық  намысқа  араша  боп,  қыршын  кеткен  Қайрат  Рысқұлбеков,  Сабира  Мұхамеджанова, Ербол  Сыпатаев,  Ләззат  Асанова  секілді   аға-апаларымыздың ерліктерін  мәңгі  есте  сақтаймыз. (...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Желтоқсан - Тәуелсіздіктің ұлы рухы сценарий



Тоқмансай негізгі мектебі







Дайындаған Куржинбаева К.С



2013-2014 О/Ж









Желтоқсан-Тәуелсіздіктің ұлы рухы.

1-жүргізуші Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар ! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 22-жылдығына арналған «Желтоқсан - Тәуелсіздіктің ұлы рухы» атты мерекелік кешімізге хош келдіңіздер!

Желтоқсан - Тәуелсіздіктің ұлы рухы сценарий

Тәуелсіздік- ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрек жарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Елімізде болған ұлы оқиғалардың бірі желтоқсан оқиғасында ұлттық намысқа араша боп, қыршын кеткен Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова секілді аға-апаларымыздың ерліктерін мәңгі есте сақтаймыз.

( Жұмаш Кенебаевтың өлеңін тыңдау )

Еліміздің тәуелсіздігін аңсап кеткен құрбандарымызды бір минут еске алайық.

2-жүргізуші Рахмет. «Орнында бар оңалар» демекші, асыл ерлеріміздің арқасында «Қазақстан егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. Көп ұлтты осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген,өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

1-жүргізуші Қазақпын,еңселі елмін егеменді,

Кеңейттің кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Танытты тепе -тең деп тереземді.

Қазақпын қойнауы- құт, жері- дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәріне айтам.

Ән: «Жаса, Қазақстан» орындайтын 9 - сынып оқушылары.

2-жүргізуші Желтоқсан - заман толғағы байтақ даланың,

Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың.

Желтоқсан - Қайрат, Ләззат,Сабира

Құрбаны болған жаланың

Ал қоғамның адамнан барма асылы,

Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,

Бұғаудағы боздақтары кете барды

Бірі атылып , ал бірі дарға асылып

4- сынып оқушысы: Темирзакова Жасмин «Тәу етерім - Тәуелсіздік» атты өлеңді оқып береді.

Желтоқсан - Тәуелсіздіктің ұлы рухы сценарий

1-жүргізуші Барлық ұлттың басын қосты бұл достық

Ұлы достық

Нұрлы достық

Күн достық

Достық деген қасиетті ұранға

Кең даланың жүрегі де ұн қосты

Биші қыздар биімен де үн қосты

«Би» 8-9 сынып қыздарының биін қабыл алыңыздар.

Желтоқсан - Тәуелсіздіктің ұлы рухы сценарий

2-жүргізуші Қасиетті Қазақстан мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім, жерім, Отаным-бақ дәулетім,

Болашағым, өнер-білім, өркенім.

1-сынып оқушыларының монтажын қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма

Туған тілім шұбарланба, жарқыра

Тарихымызда таланттылар көбейсін

Бас иемін ата-баба рухына

«КВН» 7-сынып ұлдарын қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші Бойымда бұлақ жатыр бұрқырап

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап

Тілейтінім барша жұртқа бір ғана

Ырыс , бақыт , татулық пен ынтымақ.

5- сынып оқушыларының орындауында «Отаным» әні.

Желтоқсан - Тәуелсіздіктің ұлы рухы сценарий

1-жүргізуші Үлгі бізге аталардың ерлігі

Ұлағатты өнегесі еңбегі

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі

6-сынып оқушыларының орындауында «Әлия» әні.

Желтоқсан - Тәуелсіздіктің ұлы рухы сценарий

2-жүргізуші Ту тігілді халқымның бүгін бағына

Жас өрендер желбіретіп нық ұста

Ғасырларға жалғастырып ерлікті

Дақ түсірме ата-баба рухына

2-сынып оқушыларының монтажын қабыл алыңыздар

Желтоқсан - Тәуелсіздіктің ұлы рухы сценарий

1-жүргізуші Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан елім менің

5-сыныптың көрінісін тамашалаңыздар

2-жүргізуші Қазақ елім !

Туды жастық дәуірің

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын

Тәуелсіздік құтты болсын , қымбаттым

Тәуелсіздік құтты болсын, алыбым!

3- сынып оқушысы Тулеуова Асылжанның биін қабыл алыңыздар

1-жүргізуші Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан жүректі ұғысқан.

Ата - бабам аңсап өткен бақытым,

Айналайын,Қазақстан - Гүлстан!

Изтлеуова Райымгүлдің орындауында ән «Қазақ елі»

2-жүргізуші Армандарды жақындатып тым алыс

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс

Егемендік - ел бақыты , ертеңі

О, халайық ! Құтты болсын қуаныш!

4- сынып оқушыларының көрінісін тамашалаңыз

Желтоқсан - Тәуелсіздіктің ұлы рухы сценарий1-жүргізуші Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп

Тыңдаймын тыным алмай, жанып-күйіп

Өмірдің сырын ашып жүрегіме

Музыканың әміріне басымды иіп

Күй «Айжан қыз» орындайтын 9-сынып оқушылары

Желтоқсан - Тәуелсіздіктің ұлы рухы сценарий

2-жүргізуші Сол күндер ғой жүректің аңсағаны

Соған шөлдеп , шөліркеп тамсанады

Өкініш пе , білмеймін қуаныш па

Өз-өзінен жүрегім ән салады

7-сынып қыздарының орындауында «Кең дала» әні

Желтоқсан - Тәуелсіздіктің ұлы рухы сценарий

1-жүргізуші Намысының шырағы да Желтоқсан

Сұрқай өмір сынағы да Желтоқсан

Жігіттердің ұраны да Желтоқсан

Жаңа күннің шуағы да Желтоқсан

2-жүргізуші Желтоқсан - майдан жанжалы деме көшенің

Желтоқсан - зары боздағын көмген шешенің

Сызылған қанмен Желтоқсан ұлы шекара

Бүгінгі мен кешенің

Ән «Оналтыншы желтоқсан» хор

Желтоқсан - Тәуелсіздіктің ұлы рухы сценарий

1-2-жүргізуші

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік ағайын! «Желтоқсан-Тәуелсіздіктің ұлы рухы» атты мерекелік концертімізге келгендеріңе көп-көп рахмет.



© 2010-2022