Тәрбие сағаты Өмір сабақтары

Раздел Классному руководителю
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты Өмір сабақтарыТақырыбы: Өмір сабақтары
Мақсаты: Оқушылардың өмірге деген құштарлықтарын, қызығушылықтарын ояту. Өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салу, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей білуге, бағалауға тәрбиелеу. Өмірден өз орындарын табуға, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету.
Өтілу түрі: Ойталқы.
Көрнекіліктер: өмір туралы өлең шумақтары.(слайд беттерінде)

Тәрбие сағатының жүрісі:
1.«Мен өзімді.... таныстырғым келеді»
Оқушылар өздерінің атына сын есім немесе зат есім қосып таныстыруы керек.
Мысалы: «Мен жаңашыл Жамилямын»... Мен суретші Сайынмын... т. б
2. Оқушыларға түрлі - түсті қағаздардан жасалған гүл беріледі.
Сол берілген гүлдер бойынша оқушыларды топқа отырғызу.
1. қызыл (гүл)
2. Қызғылт сары (гүл)

Айгерим: Өмір деген тұрмайды, бір арнада
Су сияқты ағып жатқан жылғада.
Адамдар, өмір үшін күресіңдер,
Уақыт мәңгі тұрмайды бір орнында.

Ақжунус:Уақыт, сынап сияқты жылжып жатыр
Күн артынан күн өтіп сырғып жатыр
Адамдар уақытпенен санасады
Бәрі асығыс, арпалыс, жарысады.

Сакен:Өмір мәнін түсінбейді ұқпайды
Пенделіктің аясынан шықпайды
О, пенделер аялайтын өмірді
Бес күн жалған, мәңгі орнында тұрмайды
Қонақпыз біз өмірдегі бес күндік
Аялайық, өзімізді өмірлік!
3. Тақтадан бейнебаян көрсетіледі. Бәріміз мұқият бейнебаянды тамашалайық.
Мұғалім сөзі: Оқушылар бейнебаянда не көрдіңдер? Қандай тақырыпқа жазылған?
4. Сұрақтарға өз пікіріңді білдір.
Өмір дегеніміз не?
Өмір қаншалықты қызық?
Өмір мәні неде?
Өмір несімен қымбат?
Сіздерден мәнді де, маңызы бар, әдемі оймен, көркем тілмен өрнектелген
пікірлеріңізді күтемін.
Әр топта отырған оқушылар өз пікірлерін білдіреді. Тақырыптың
мазмұнын ашады.
5. Топтас, ойлан, талқыла.
а) Постер қорғау
1 - топ. Өмірде ешқашан оралмайтын 3 нәрсе.
2 - топ. Өмірде адамды құртатын 3 нәрсе.
Оқушыларға плакат беріледі, сурет салу арқылы ойын жеткізеді.

В) Сөз жұмбақ шешу
6. Қорытынды:
Шыдамдыны мына өмір ұнатады,
Бірде қуантып, бірде жылатады,
Сүріндіріп кейде сені құлатады.
Жылатып тұрып жұбатады
Дұшпандарға кейде сені сынатады,
Қатал тағдыр бірақ та шыдатады,
Мына өмір сендер үшін қымбат әлі,- демекші өмір жолы сан тарау, қия шатқал, қия шың.
Сол жолдан адаспай өтіп арман - мақсаттарыңыздың орындалуын тілей отырып бүгінгі тәрбиелік шарамызды «Өміріңе немқұрайлы қарама» әнімен аяқтайық.

Тыңда, досым, мен айтайын от тілек,
Дүниеден кетті бай да, өтті бек.
Өміріңе немқұрайлы қарама
Дәулетіңмен тұрсаң-дағы көк тіреп.

Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,
Зерлі шапан киінсең де жақұттан.
Өміріңе немқұрайлы қарама
Шақша басың айналса да бақыттан.

Қайырмасы:

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
Кенелсең де, досым, қанша шаттыққа,
Өміріңе немқұрайлы қарама.

Тұсау салып, бастатқызбай көш дара,
Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос таба.
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.

Сын сағатта сақтау үшін өз басын
Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың.
Өмірңе немқұрайлы қарама
Айдын көлге айналса да көз жасың.

Қайырмасы:

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
Қанша азап көрсең-дағы, бауырым,
Өміріңе немқұрайлы қарама.
Бүгінгі тәрбие сағатынан қандай әсер алдың?
Стиктерге жазып тілек білдіріп, тақтадағы смайликтерге жабыстырайық.







Өндіріс орта мектебі







Тақырыбы: Өмір сабақтары



Өткізген: Амантаева М.К



2015-2016 оқу жылы

© 2010-2022