Жүйрік болсаң озып көр. .. !

Тақырыбы: «Жүйрік болсаң озып көр...» Мақсаты:  «Жастардың арасынан шығармашыл талантты тұлғаларды байқау, олардың бойында отансүйгіштік тәрбие қалыптастыру, туған жерді қадірлеуге, сүюге үйрету». Өту барысы: «Испан биі» (жетекшісі Борзикова Ирина Валерьевна) Мөлдір: Армысыздар ағайын, құрбы құрдас!                Бармысыздар жаннкүйір әз қауымдас                Бүгінгі кеш сайыстты біз бастайық                Сайыста көңілменен қол соғалық                Біздерде ойын сауық басталады           ...   Альбина:Алдарыңызда, қарсы алыңыздар!!! Режиссура бөлімі І курс Табылдиев Райымбек   Мөлдір:Қазақ ұлттық аспаптары бөлімі І курс  Тұрғынғали Мұхит   Альбина:Оркестірлік бөлім  ІІкурс Суюгалиев Сатжан Мөлдір:Би өнері бөлімі ІІІ курс Томанов Жеткерген   Альбина:  Дизайн бөлімі ІІ курс Хаметов Салық   Мөлдір: Ендеше кезеңдерді әділ бағалау үшін әділ қазылар алқасымен таныстыра кетейік: 1.       Бижанов Мәди Жумабаевич  - дене шынықтыру пәні мұғалімі 2.       Айтқали Тілекбай Салауұлы -  алғашқы ә...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Жүйрік болсаң озып көр...»

Мақсаты: «Жастардың арасынан шығармашыл талантты тұлғаларды байқау, олардың бойында отансүйгіштік тәрбие қалыптастыру, туған жерді қадірлеуге, сүюге үйрету».

Өту барысы:

«Испан биі» (жетекшісі Борзикова Ирина Валерьевна)

Мөлдір: Армысыздар ағайын, құрбы құрдас!

Бармысыздар жаннкүйір әз қауымдас

Бүгінгі кеш сайыстты біз бастайық

Сайыста көңілменен қол соғалық

Біздерде ойын сауық басталады

Тамаша күй тартылып, ән салады

Альбина: Бағына бақытты елдің туған ұлан,

Бойына бар асылды жиған ұлан

Қазақтың қасиетті жігіттері

Жанына нұр дарыған, жыр дарыған

Дария ой даналардан бата алғандар

Айнымас алмас қылыш атанғандар

Қазақтың қасиетті жігіттері

Халқына қалған болған қаһармандар

Мөлдір: Сайыс десе таза біздің арымыз

Жалындайды сайысқанда жанымыз

Сайысатын жігіттерді бүгінгі

Қарсы алайық қошыметпен бәріміз

Жүйрік болсаң озып көр...!

Альбина:Алдарыңызда, қарсы алыңыздар!!!

Режиссура бөлімі І курс Табылдиев Райымбек

Мөлдір:Қазақ ұлттық аспаптары бөлімі І курс Тұрғынғали Мұхит

Альбина:Оркестірлік бөлім ІІкурс Суюгалиев Сатжан

Мөлдір:Би өнері бөлімі ІІІ курс Томанов Жеткерген

Альбина: Дизайн бөлімі ІІ курс Хаметов Салық

Мөлдір: Ендеше кезеңдерді әділ бағалау үшін әділ қазылар алқасымен таныстыра кетейік:

  1. Бижанов Мәди Жумабаевич - дене шынықтыру пәні мұғалімі

  2. Айтқали Тілекбай Салауұлы - алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі

  3. Тулеушов Думан Талгатович - филисофия пәні мұғалімі

  4. Бақтығалиев Қайырбек Меңдіғалиұлы - дене шынықтыру пәні мұғалімі

Альбина: Сайыскерлерімізбен таныстық, әділ қазыларымызбен де таныстық, ал енді, Мөлдір

жүйріктен жүйрік озар жарысқанда дегендей сайыс кезеңдерімен де таныстырыпкетейік.

Мөлдір: 1- ші кезең ол «Ел іші өнер кеніші» деп аталады. Мында әр сайыскер өз өнерлерін көрсетеді. Ал 2 ші кезең «Сұрақ бізден, жауап сізден» деп аталады мұнда. Слайдта көрсетілген сұрақтарға жауап беру керек.

Альбина: 3 ші кезеңге. «Кім шапшаң?»

4 кезеңге келетін болсақ «Күш атасын танымас» деп аталады. Бұл кезеңде спорттық жарыс болады, яғни гир көтеру, тұлғаны көтеру

Жүйрік болсаң озып көр...!Жүйрік болсаң озып көр...!

Мөлдір: «Қазақта жігіттерді былай деп атаған!

Көсем жігіт - ел басқаратын жігіт

Шешен жігіт- дау шешетін жігіт

Батыр жігіт - еліне қамқор жігіт

Сері жігіт - аттын жүйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, мың құбылтып ән салып, күмбірлетіп күй тартатын өнерлі жігіт. Олай болса сері жігіттеріміздің өнерін тамашалайық.

1кезең

Альбина: Ал ендеше сайысымыздың бірінші бөлімін бастайық!!

Алғашқы болып өнер көрсететін «Режиссура» бөлімі І курс студенті Табылдиев Райымбекті қошеметпен ортамызға шақырайық.

Мөлдір: келесі болып сахнаға өз өнерін паш ететін «Қазақ ұлттық аспаптары» бөлімі І курс студенті Тұрғынғали Мұхит.

Альбина: «Оркестірлік бөлім» ІІ курс студенті Суюгалиев Сатжан

Мөлдір: «Би өнері» бөлімі ІІІ курс студенті Томанов Жеткерген

Альбина: «Дизайн» бөлімі ІІ курс студенті Хаметов Салық

Альбина: жігіттер керемет өнер көрсетті емес пе, ия Мөлдір?

Мөлдір: Әрине, оны көрермендеріміздің қошеметтерімен білуге болады.

ҚОШЕМЕЕЕЕТ!!!

Альбина: Көрермендерге ұнаған, ал әділ қазылар алқасына ұнады ма, пікірлеріңізді айта кетсеңіздер

2 кезең

Мөлдір: «Сұрақ бізден, жауап сізден» атты сайысымыздың келесі бөліміне кезек береміз. Білімдерін тексереміз.

Альбина: Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,

Келді кезек тапқырлықты танытар

Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей

Жүлде сенде,қуана бер күлімде- деп сайыскерлерімізді ортаға шақырайық

Слайдтан оқу

3кезеңАйтқали Тілекбай Салауұлы алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі жүргізеді.

4кезеңБижанов Мәди Жумабаевич дене шынықтыру пәні мұғалімі жүргізеді.

Мөлдір: Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне тірелер болсақ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.

Альбина: Осымен «Жүйрік болсан озып көр» атты парасатты жігіттер сайысы мәреге жетті. Қатысушылар қатысқандарыңызға, көрермендер келгендеріңізге КӨП - КӨП РАХМЕТ!! КЕЛЕСІ КЕЗДЕЗКЕНШЕ!!



© 2010-2022